Қазіргі замандағы экономикалық теория

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 00:11, реферат

Краткое описание

Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуілді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты болу қатынастарын да қарастырады.

Содержание

Кіріспе 2
Қазіргі замандағы экономикалық теория 2
Экономикалық теорияның пәні 3
Экономикалық саясат принциптері, мақсаттары, қайшылықтары 4
Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері 9
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 13

Вложенные файлы: 1 файл

Экономикалық теория.doc

— 104.50 Кб (Скачать файл)

1. Экономикалық саясат  әрқашан да екі фактордың: шаруашылық  жағдайының тоқтаусыз өзгеруі  және экономикалық сана мен  ойлау деңгейінің ықпалында болады. Осы факторлар өзара байланысты  келеді, сонымен бірге, олар шартты түрде бір-біріне тәуелсіз болады.

2. Дамыған елдерде қалыптасқан  тәжірибе көрсеткендей, экономикалық  саясаттың тиімділігі сол елдің  нақты жағдайына неғұрлым жақын  жасалса, соғұрлым жоғары болады  екен. Экономикалық саясат елдегі  саяси күштердің арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпы экономикалық және жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болады екен.

3. Экономикалық саясат елдің  саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады.

         Экономикалық саясат субъектілері

Бұрынғы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас. Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады. Осы саяси-экономикалық субъектілердің іс-әрекеттік сипаттары әр түрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйене алды, олардың заң қабылдау билігі жоқ.

Мемлекет экономикалық саясат субъектісі ретінде.

Мемлекеттің билігі елдегі әр түрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономиканың мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы – үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне бөліп береді.

 Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдық-саяси типіне байланысты. Соңғысы федерациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш субъектілік деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.

Батыстың құқықтық жүйесі жағдайында мемлекетке жақын тағы да бірталай құрылымдар қызмет атқарады және олар да экономикалық саясаттың  субъектілері ретінде танылады. Оларға «қоғамдық-праволық» деп аталатын мәртебесі бар құрылымдар жатады. Олар жеке меншік фирмалар сияқты толық ерікті емес, сонымен қатар, мемлекеттің басқару аппараты құрамына да кірмейді. Оларға мемлекеттік басқару құрылымдарының құзырынан белгілі бір қызмет түрлері алынып берілген. Мысалы, ГФР-да осындай құрылымдар қатарында аймақтық (регионалдық) сақтандыру басқармалары, жергілікті емдеу мекемелерінің касса (төлем төлеу) жүйелері бар; Швейцария – қоғамдық транпортты қолдау агенттігі, өрт қауіпсіздігін сақтау ұйымдары бар.

Осындай институционалдық ұйымдар мемлекет пен жеке сектор арасындағы аралық орындарды иеленеді. Олар экономиканың жеке меншік секторы мемлекеттің тікелей және белсенді реттеу рөліне қарсы болатындығына байланысты құрылған. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу механизмінде олардың атқаратын қызметтері шектеулі.

Экономикалық  саясаттың мемлекеттік емес субъектілері.

Оларға белгілі бір  әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін  және қорғайтын әр түрлі бірлестіктер жатады. Бұл, ең алдымен, кәсіподақтар және кәсіпкерлердің әртүрлі одақтары.

Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының рөлі, өзінің маңыздылығы бойынша, мемлекеттік буындардың рөлінен кем емес. Мұның себебі – белгілі топтардың экономикалық саясатты анықтап, оны жүргізетін билік құрылымдарына салмақ салып, тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде. Жеке меншік экономика секторының мүдделері мен мемлекет арсында ашық айтыстар жиі болып тұрады. Олардың әрқайсысы өз мүддесін экономикалық саясатта іске асыруға ұмтылады. Бұл тартыста мемлекеттің жағдайы әрқашан өзгелерден артық бола бермейді. Кәсіпкерлер одақтары қоғамдағы өздерінің атақ-беделін, тамыр-таныстық байланыстарын астыртын жұмсап және реклама, газеттер мен телевидение арқылы мамандардың жеке пікірлерін тез әрі кең түрде таратып, өз мүдделеріне сәйкес қоғамдық пікір қалыптастырып, жалпы мемлекеттік саясатқа күшті ықпал жасайды.

Мемлекет пен жеке экономиркалық одақтардың мүдделерін келістіру нұсқаларының бірі – белгілі  қызметтік міндеттерді шешу құқығын  осы одақтарға бөліп беру. Мысалы, Батыс Европа елдерінде ауыл шаруашылық одақтарына аграрлық саясатты нақты  іске асыру міндеті жүктелген.

Экономикалық саясатты жүргізу процесіне тікелей қатысатын  мемлекеттік институттар мен  экономикалық одақтардан басқа, саяси-экономикалық шешімдердің қабылдануына жанама ықпал  жасайтын қоғамдық құрылымдар мен ұйымдады да айтуға болады. Бұл жерде саяси ұйымдар, партиялар, ақпарат құралдары, қоғамда белгілі және беделді тұлғалар, сарапшылық кеңестер және қоғамдық пікір туралы сөз қозғалып отыр. Осы субъектілердің экономикалық саясатқа ықпал жасау сипаты мемлекеттің саяси құрылымына, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты келеді.

Сонымен, «экономикалық  саясат» ұғымы «мемлекеттік реттеу»  ұғымынан кеңдеу. Экономикалық саясатты жүргізу барысында, мемлекет оның бастаушысы және негізгі орындаушысы ретінде  қатар көрінеді. Дамыған елдердің тәжіребесі көрсеткендей, жалпы экономикалық реттеудің жемісті болуы мемлекеттің тоталитарлығында емес, керісінше, өткізіліп отырған саясатқа мүмкін болғанша қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың өкілдерін тартып, олардың өзара бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыруды.

Экономикалық саясат дегеніміз – белгіленген бір мақсаттарды анықтау және соларды іске асыру. Қоғамның дамуында көптеген міндеттер мен мәселелерді қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемалар шешудің алғышарты – оларды алдын-ала анықтап, бір жүйеге түсіру. Ғылымда мәселелерді шешудің мынадай тәртібі ұсынылады.

Экономикалық  саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері

 

Экономикалық саясат концепциясын қабылдаған кезде, мемлекет оның негізінде, мақсаттары нақты анықталған жұмыс бағдарламасын да жасап шығаруы қажет болады. Бағдарламада мақсаттар байланыстарының иерархиялық жүйесі мүмкін болғанша толық зерттеліп, оның ішкі құрылымдық қисыны (логикасы) нақты анықталуы тиіс. Абстрактілік-болжамды түрде осындай экономикалық саясаттың мынадай құрылымы болуы мүмкін: негізгі түпкілікті мақсат (қоғамның тұрмыс деңгейіне байланысты анықталған) нақтыланған мақсаттық міндеттер жүйесі ретінде өрістейді.

Бірақ іс жүзінде мұндай абсолютті үйлесімді мақсаттар  жүйесі негізінде құрылған экономикалық саясатты қалыптастыру өте қиын. Бұл негізінен екі жағдайға байланысты.

Біріншіден, нақты мақсаттың өзін анықтау – тым қиын іс. Қоғамда әрқашан мақсат туралы түсінік әр түрлі болады. Дәл осы байланысты оларды анықтағанда және іске асырғанда қоғамда әр түрлі қайшылықтар мен келіспеушіліктер пайда болады.

Екіншіден, экономикалық саясатты іске асыру кезінде, оның мақсаттары бір-біріне қайшы келіп, бірінің іске асырылуы екіншісінің шешіміне кедергі болып, тіпті оның іске асуын болдырмай да тастауы мүмкін. Осыған байланысты, кез келген экономикалық процесс әрқашан да қайшылықты түрде жүретінін айта кету қажет.

Демек, мәселе - өзара  байланыстағы, бірақ сонымен бірге  өзара қайшылықтағы экономикалық саясат мақсаттарының оптималды құрамын (комбинациясын) табуда. Мақсаттар тізбегінде:

  1. тұрақты және мөлшері сәйкестендірілген экономикалық өсу;
  2. толық жұмыспен қамтылу;
  3. қоршаған ортаны сақтау;
  4. экономика құрылымының бейімділігі;
  5. табыстар және мүлік бойынша әділетті теңестіру;
  6. ақшаның тұрақтылығы;
  7. сыртқы экономикалық тепе-теңдік.

Толық жұмыспен қамтылу жағдайына жету және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жұмысқа жарамды тұрғындардың еңбекпен қамтылу деңгейі қаншама жоғарыласа, соншалықты жиынтық жұмыс күшінің еңбекақы ауқымы артады, бұған сәйкес жалпы сұраным көлемі де көбейеді. Нәтижесінде бағалар деңгейі өспей қоймайды. Бұл жағдайда өнімдер мен қызметтер өндірісі де өседі, бірақ экономиканың өсу фазасында еңбекақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсімінен артып кетуі әбден мүмкін. Экономиканың өрлеп-өсу фазасында жұмыс күшіне сұраным өседі, сондықтан еңбекті жалдаушылар кәсіподақтардың ықпалыменен жұмысшыларға жоғарылаған еңбек тарифін төлеуге мәжбүр болады. Кәсіпкерлер одағы экономиканың құлдырау жағдайында кәсіподақтардың талаптарын қабылдамайды, әрине. Ал экономиканың өрлеу жағдайына кәсіпкерлер пайда нормасының төмендеуіне қарамастан, қосымша еңбекақы шығындарына келіседі; олар қосымша шығын жұмсап қосымша пайда табуға ұмтылады. Нәтижесінде қоғамда жалпы табыс деңгейі артады.

Өз кезегінде табыс  жағынан қалыптасқан инфляция өндірістің құлдырауын қалыптастыруы әбден мүмкін, нәтижесінде жұмыстылық (занятость) қысқарады.

 Осыдан келіп мынадай  қорытынды шығады: экономикалық  саясатты жұмысбастылықты арттыруға  бағыттағанда, міндетті түрде осы  іс-әрекеттің «құнын» - инфляциялық  ұмтылыстың (тенденцияның) артатынын – білген жөн. Таңдау жасай отырып, осы екі мақсаттың қайсысының қоғам үшін әлеуметтік салмағы басымырақ екенін алдын ала болжап алған дұрыс болады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бір-біріне қайшы келетін мақсаттарға ұмтылғанда, ең дұрыс шешім – осы екі мақсаттың арасында тұрақты және өте епті түрде маневр жасау әдісін қолдану; бұл екі жаққа бағытталған факторлар әсеріне қарсы қолданған іс-әрекет әдісі. Нақтырақ айтқанда, бір-біріне қайшы келетін міндеттерді мүмкін болғанша тиімді орындау үшін, мемлекет тарапынан екеуіне де қатар, бір кезде емес, кезекті түрде қолдау көрсетіп отыру ең парасатты саяси-экономикалық шешім деп саналады. Осы әдісті қолданғанда әрбір жеке мақсат өз кезегінде белгілі бір шешімін тауып, біртіндеп орындалып отырады.

Экономикалық  өсу және қоршаған ортаны сақтау.

        Бұл мақсаттардың бір-біріне қайшы келетіні айқын көрінеді. Сондықтан «Нольдік өсу» теориясының пайда болуы кездейсоқ емес. Тіпті қарқынды емес, бірақ тұрақты экономикалық өсудің өзі де табиғи ресуртардың сарқылуынан құтқара алмайды.

Бұдан шығу жолы қандай? Ол екі жақтан байқалады. Біріншіден, қоғамда тұрғындардың тұрмыс деңгейі өсіп, белгілі бір қабылдауға болатындай дәрежеге жеткен соң, экономиканың өсуімен байланысты мәселелерді абайлап шешу қажет болады. Адамзат ешқашан игіліктің барлығын толық ала алмайды. Бұл – ақиқат. Сондықтан, бәлкім, мәселенің шешімін осыдан бастаған жөн шығар. «Игілік» деген ұғымның өзі екі ұшты және субъективті. Адамдарға қолында барға риза болуды, оны бағалауды үйрену керек. Дамыған елдерде қоғамдағы молшылыққа қарамастан, тұрғындар өз қолдарындағы заттарды өте ұқыпты пайдалануға, барлығын үнемдеуге әбден үйренген, бұл олардың мінез-құлқына сіңген.

Бұл проблеманың екінші шешімі мынадай: экономикалық қуат пен мүмкіншіліктерді табиғатқа зиянсыз, үнемі де таза технология түрлерін шығаруға, оларды барлық өндіріс салаларына енгізуге жұмсау керек. Қоршаған ортаны, су, жер ауаны тазартатын техника мен технология түрлерін көптеп шығару да өте маңызды.

Келтірілген мысалдарда қайшылықты мақсаттар құрамалары қаралды. Сонымен бірге, экономикалық саясат, «тыныш», оншама қайшылықты емес мақсаттық арақатынастармен де айналысуы мүмкін: бағалар тұрақтылығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау; табыстарды әділетті бөлу және сыртқы экономикалық тепе-теңдік. Мұндай мақсаттарды қатар, бір кезде іске асыру ерекше проблемалар тудырмайды.

Бірақ, ондағы таңдалған  бағыттар бір-біріне жағдай жасап, бірінің  орындалуы екіншісінің шешіміне көмектесетін болса ғана мақсаттық  құрамдардың ең сәтті түрі сондай болмақ. Мұндай мақсаттар қатар, бір кезде орындалады. Мысал ретінде, жұмыспен қамтылу мен экономика қарқынын айтуға болады. Қорыта айтқанда, экономикалық саясаттың нақтыланған моделін жасау көзінде мақсаттық белгілер арақатынастарының тепе-теңдік жағдайын қалыптастыруға ұмтылу қажет.

 

Қорытынды

Экономикалық ғылымның маңыздылығы бағалау үшін сіз  бар-жоғы газет оқып немесе соңғы  жаңалықтарды тыңдасаңыз да жеткілікті. Бұқаралық ақпарат құралдарында экономикалық мәліметтер күнделікті беріліп тұрады. Мәселен, “Дағдарыс әзірге жоқ, алайда шаралар белгілеу қажет”, “Теңгенің жүз және бір нарықтық рөлі”, “Жекешелендіру бізге не берді?”, “Республика салықшылар экономика саласындағы қылмыспен күресті күшейте түсуде” және т.б.

Экономика ғылымы зерттейтін құбылыстар біздің әрқайсымыздың өмірімізге қатысты. Өз тауарларын деген сұранысты алдын-ала болжап отыратын республика кәсіпорындарының менеджерлері тұтынушылар табысының қалай тез өсетіндігін күн ілергі біліп отырулары тиіс. Зейнетақыларына өмір сүріп жатқан егде жастағы азаматтардың бағаның қалай тез өсіп бара жатқандығын алаңдатады. Жұмыс істеген адамдар экономика өрлеу кезеңіне бірақ көтеріледі, фирмалар жұмысшылар ала бастайды деп үміттенеді. Экономиканың жағдай барлық адамдарға ықпалын жүргізеді.

Саяси айтыстарда экономика  проблемалары басты орында тұрады. Ел президентінің беделі экономика  өрге басқан кезде күшейіп, құлдыраған кезде төмендейді.

Экономикалық проблемалар  сондай-ақ халықаралық қатынастарда да маңызды рөл атқарады.

Осы замандағы қалыптасып отырған ғаламдық процестер мемлекеттік құрылымы тұрақсыз, демократиясы әлсіз елдер үшін қауіпті болады. Сонымен бірге, тиімді де қатты тәртіп қалыптасқан мемлекеттер үшін бұл процесс экономикалық дамуға жаңа жол ашады. Әлем экономикасына жол ашуда жеке мемлекеттердің сақтығын түсінуге де болады. Әлем шаруашылығына қосылу – артықшылықтармен бірге қосымша қайшылықтардың пайда болуын білдіреді. Бұл мемлекеттің рөлін және жауапкершілігін арттыра түседі. Мемлекеттің міндеттері мен жауапкершілігі әсіресе өтпелі экономика жағдайында ерекше болады. Өтпелі кезеңде ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттікті нығайту – ұзақ мерзімдік қоғамдық стратегиялық басымдылық деп түсінген дұрыс.          

Информация о работе Қазіргі замандағы экономикалық теория