Жасыл даму бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 05:22, курсовая работа

Краткое описание

Кешендi экологиялық рұқсаттарға
енгiзiлген ресурс үнемдеу көрсеткiштерi
2014 жылы 1 дананы құрайды.
Атмосфераға зиянды заттар
шығарындыларының төмендеу пайызы 2009
жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде
5,9 % болады.
Ластағыш заттар төгiндiлерiнiң деңгейi
2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға
кемiнде 3,5 %-ды құрайды.
2014 жылға қалдықтардың түзiлуiне оларды
қайта өңдеу үлесi 21,9 %-ды құрайы.
2014 жылға қарай 1992 жылмен
салыстырғанда парниктiк газдардың
шығарындылары көлемiнiң асырылмауы
96%-ды құрайды
Шөлейттенген және жұтаңдаған жерлер
алаңының өзгеру серпiнi 2014 жылға 0,05
га құрайды.
Сирек кездесетiн және жойылу
қаупi бар жабайы тұяқты жануарлар
түрiнiң санын мекендейтiн аймақтарында
ұлғайту 2014 жылға:
тоғайдағы асыл марал - 2 %;
құлан - 4 %;
жайран - 4 %;
арқар - 2 %.
Киiктер санының өсуi 2014 жылға 10 %
құрайды.
Табиғи су айдындары мен су қоймаларына
бағалы кәсiптiк балықтардың өмiрге
төзiмдi жас балықтарын шығару 2014 жылға
170,0 млн. дана құрайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:
Жаңаларының саны - 13 аумақ
Кеңейтiлетiндерiнiң саны - 7 аумақ.
Орман отырғызу көлемiн ұлғайту 2014
жылға 65,0 мың га құрайды.
Бақылау пункттерiнiң саны 2014 жылға:
метеорологиялық станциялар - 261;
агрометеорологиялық бекеттер - 79;
гидрологиялық бекеттер - 305;
автоматты режимде жұмыс iстейтiн
атмосфера ауасының жай-күйiн - 67;
Гидрометеорологиялық қауiптi және дүлей
құбылыстар туралы дауыл ескертулерiнiң
алдын ала уақыттылығын арттыру 2014
жылға 72 сағатты құрайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Жасыл даму бағдарламасы.doc

— 1.03 Мб (Скачать файл)

3.3.9. Халық денсаулығының жай-күйiне  қоршаған ортаның әсерi     

 Радиациялық,  химиялық, биологиялық ластану ошақтарының  қалыптасуы қоршаған орта объектiлерiнiң  бұзылуына әкелiп соқты, халық  денсаулығының жай-күйiне тiкелей қауiп төндiруде. 
      Проблема, әсiресе iрi қалалар мен өнеркәсiптiк орталықтарда асқынып тұр, мұнда тыныс алу мүшелерiнiң аураларымен, онкологиялық аурулармен, жүрек-тамыр жүйесiнiң ауруларымен, неврологиялық және тағы басқа аурулармен науқастанудың және солардың салдарларынан болатын өлiм-жiтiмнiң жоғары деңгейi байқалады. 
      Иондаушы сәулеленудiң табиғи көздерi де бiрқатар аурулардың негiзгi себебi болуы мүмкiн. Мысалы, сарапшылардың бағалауы бойынша халықтың барлық радиация көздерiнен алатын жиынтық мөлшердiң 70 %-ы және өкпенiң барлық қатерлi iсiгi ауруларының 20 %-ы радон радиоактивтi газының әсерiмен негiзделген. Қазақстан аумағында Ақмола, Солтүстiк Қазақстан облыстарының бiрқатар аудандары мен басқа облыстардың таулы аудандарындағы тұрғын және қоғамдық ғимараттарда радон мен оның ыдыраған өнiмдерiнiң таралуы қолданыстағы гигиеналық нормативтердiң көрсеткiшiнен ондаған есе артық. 
      Сондықтан, халық денсаулығы жай-күйiнiң өлшемiне елдiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, әсiресе, ядролық қаруды сынау салдарынан зардап шеккен немесе экологиялық апат аймақтарында тұратын халықты сауықтыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыру үдерiсiнде басым сипат берiлуге тиiс. 
      Халықтың денсаулығын қолайсыз экологиялық факторлардан қорғау мыналардың: 
      экологиялық тәуекелдi бағалау және оны азайту жөнiндегi бағдарламаларды қалыптастыру; 
      елдi мекендердiң аумақтарында қоршаған орта сапасының нормативтерiмен сөзсiз қамтамасыз ету; 
      өнеркәсiп объектiлерiн қоныстану аймақтарынан тыс жерлерге шығара отырып, қала құрылысы шешiмдерiне жаңа тәсiлдердi енгiзу; 
      су құбыры және шөлмекке құйылған ауыз судың сапасына қойылатын талаптарды күшейту; 
      тұрғын үйлер ортасының жай-күйiне, әсiресе радиоактивтi параметрлердiң ерекшелiгi бойынша бақылау есебiнен қол жеткiзiледi.

3.3.10. Қоршаған ортаның сапасын  басқарудың қолданыстағы жүйесi     

 Қолданыстағы  экологиялық саясат құралдарының  қоршаған ортаға және халықтың  денсаулығына антропогендiк әсердi  төмендетудi ынталандыруы мардымсыз және одан әрi жетiлдiрудi талап етедi. 
      Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттарға барынша жақындатылған Экологиялық кодекс қабылданған, ол елде қабылданған қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiне айтарлықтай өзгерiстер енгiздi. Әкiмшiл-әмiршiл тәсiлдердiң, бұрынғы нормалау жүйесiнiң, айыппұл санкциялары басымдылығының орнына табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану жөнiндегi шаруашылық қызметтi реттеудiң қуатты факторы болып табылатын тиiмдi экономикалық иiнтiрек келуде. Олардың арасында экологиялық құқық бұзудың алдын алу және жаңа технологияларды енгiзудi ынталандыру ерекше орын алады. 
      Қазiргi уақытта бiрқатар көп жақты келiсiмдердi iске асыру жөнiнде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда, оның iшiнде халықаралық табиғат қорғау конвенциялары ерекше маңызға ие. 
      Алайда, ратификацияланған халықаралық 18 конвенцияның 4-еуiнiң талаптарын орындалуға әлi де өте нашар назар аударылуда (Киото хаттамасы, Орнықты органикалық ластанулар туралы Стокгольм конвенциясы, Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясы, Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы Базель конвенциясы). 
      Су ресурстарын бiрлесiп басқару және қорғау саласында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Қытай және Ресей арасында ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмдер әрекет етуде. Су келiсiмдерiнiң iске асырылуын талдау қазiргi экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешуде тиiмдiлiгiнiң төмендiгiн көрсеттi. Бар келiсiмдер не мазмұны мен құқықтық нысаны жағынан жетiлмеген не дұрыс орындалмайды. 
      Әлемдiк деңгейде гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жаңғыртылуда. 
      Алайда, толықтай жаңғырту жөнiндегi мiндеттердi шешу және мониторинг жүйесiнiң техникалық, ұйымдық және кадрлық әлеуетiн ел экономикасы мен қоғамының заманауи талаптарын қанағаттандыратын деңгейге дейiн жеткiзу үшiн қазiргi уақытта бөлiнiп жатқан қаржыландыру көлемi жеткiлiксiз. 
      Елде қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жеткiлiктi түрде iске асырылуда, дегенмен бiр тақырыпқа бөлiнетiн қаражат көлемiнiң жеткiлiксiз екенi сөзсiз. Сондықтан, ғылыми зерттеулердiң тақырыптық бағыттарын оңтайландыру қажет. 
      Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемдер жергiлiктi бюджеттерге нысаналы мақсатсыз түсетiнiн және, әдетте, осы қаражаттың қомақты бөлiгi жергiлiктi атқарушы органдардың қалауы бойынша тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудiң ағымды мәселелерiн шешуге, әлеуметтiк саланы қолдауға, инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге және тағы басқаларға бағытталатынын атап өту қажет. Сондықтан, экологиялық жобаларды iске асыру, көбiнесе, калдық қағидаты бойынша қаржыландырылады. Мысалы, 2009 жылы табиғат қорғау iс-шараларына бөлiнген қаражат сомасы 23,8 млрд. теңгенi немесе келiп түскен төлемдер мен айыппұлдардың жалпы көлемiнiң 27,9 %-ын құрады. 
      Осылайша, Қазақстанда экологиялық төлемдер бойынша мейлiнше қалыпты мемлекеттiк саясат болғанмен, табиғат қорғау iс-шараларына арналған қаражатты пайдалану тетiгi пысықталмай қалып отыр. 
      Экологиялық мәселелер экологиялық салықтар, экологиялық қорлар, тартылған инвестициялар, бiрлескен жобалар (бiрлесiп жүзеге асыру жобалары), көмiртегi квоталары есебiнен қалыптастырылатын «жасыл инвестициялар» жүйесiн енгiзу есебiнен шешiлетiнiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Қалыптасу көзi ластанулар мен қоршаған ортаға әсер болып табылатын ақша қаражатының 100 %-ы экологиялық мәселелердi шешуге қатысты жұмсалуға тиiс. Қазақстанға келсек, «жасыл инвестициялар» экологиялық төлемдер (2009 жылы 97 млрд. теңге), табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау iс-шаралары (2009 жылы 124 млрд. теңге) және халықаралық ұйымдарының гранттары есебiнен жинақталады.

3.4. Қазiргi нормативтiк құқықтық  базаның сипаттамасын қоса алғанда,  саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын, қолданыстағы практиканы және саланы дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiн талдау     

 Қоршаған  ортаны қорғау туралы заңнаманы  жетiлдiру мақсатында 2007 жылы Қазақстан  Республикасының Экологиялық кодексi қабылданды. 
      Кодексте қоршаған ортаны қорғау мәселелерi заңнамалық тұрғыда қорытылып, жүйеленген, экологиялық талаптар мен нормативтер мәртебесi тiкелей қолданылатын заңнамалық акт деңгейiне дейiн көтерiлдi, халықаралық стандарттар қоршаған ортаны қорғау практикасына енгiзiлдi. 
      Әкiмшiл-әмiршiл тәсiлдердiң, бұрынғы нормалау жүйесiнiң, айыппұл санкциялары басымдылығының орнына табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану жөнiндегi шаруашылық қызметтi реттеудiң қуатты факторы болып табылатын тиiмдi экономикалық иiнтiрек келуде, олардың арасында экологиялық құқық бұзудың алдын алу және жаңа технологияларды енгiзудi ынталандыру орын алған. Қазiргi уақытта Экологиялық кодекстiң негiзгi ережелерiн iске асыру үшiн, оның iшiнде экологиялық нормалау жүйесiн дамыту жөнiндегi негiзгi нормативтiк әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу жүргiзiлуде. 
      Рұқсат беру жүйесiн, экологиялық сараптаманы және лицензиялауды жетiлдiру мақсатында 2005 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында табиғатты пайдалану, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзудi реттеу бөлiгiндегi функциялардың аражiгi ажыратылды. Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi лицензиялау алып тасталды, iрi табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатын алу мерзiмi ұлғайтылды, қоршаған ортаға айтарлықтай терiс әсерiн тигiзбейтiн кәсiпорындарға рұқсат алу рәсiмi едәуiр оңайлатылды (Қазақстан кәсiпорындарының 70 %-дан астамы рұқсатты қарапайым хабарлама декларациясы негiзiнде алады). 
      Сарапшылардың бағалауы бойынша қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық өсуi, негiзiнен, шикiзатқа және табиғи капиталдың шығасыларымен және жұтаңдануымен сүйемелденетiн табиғи ресурстардың айтарлықтай көлемiн пайдалануға әлемдiк бағалардың өсуi есебiнен жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды жетiстiктерге қарамастан, теңгерiмсiз даму проблемасы әлi де Қазақстанға тән болып қалуда, ал табиғи жүйелердi қалпына келтiру және сақтау мәселесi басты мiндет болып қала бередi.

3.5. Қазiргi проблемаларды шешуде  Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмдеуге болатын шетелдiк оң тәжiрибеге, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерiне шолу     

 Барған сайын  жаhандық сипат алып бара жатқан  экологиялық проблемаларды шешудiң  өзектiлiгi мен қажеттiлiгiн қазiргi уақытта әлемнiң барлық дерлiк  елдерi мойындады. Олардың жан-жақтылығы және өзара шарттылығы елдердiң географиялық орналасуына және олардың экономикалық даму деңгейiне қарамастан, ортақ ұсыныстар мен шараларды әзiрлеуге мүмкiндiк бередi. Адамзаттың теңгермелi дамуы - қазiргi экологиялық проблемаларды шешудiң бiрден-бiр жолы. 
      Дамыған елдердегi табиғат пайдалануға мемлекеттiң араласуының ауыз толтырып айтарлықтай сипаты бар. Басқарудың иерархиялық жүйелерi құрылған, онда табиғат қорғау саясатының мақсаттары, оның объектiлерi, сондай-ақ жүзеге асыру деңгейлерi бөлiп көрсетiледi. 
      Көптеген дамыған елдерде экологиялық саясатты жүргiзудiң және оны қаржыландырудың негiзiнде қоршаған ортаның нормативтi сапалы жай-күйiнiң қағидаты жатыр, ол түрлi ластануларға стандарттарды белгiлеу жолымен жүзеге асырылады. 
      Осы стандарттарға көшу дотациялау, жеңiлдетiлген кредит беру пайдаланылатын, ластанулар саудасы жүйесiн немесе олардың нормативтi және нормативтен тыс деңгейлерi үшiн төлемдердi, айыппұлдарды практикаға енгiзiлетiн жазалаушы сипаты да, ынталандырушы сипаты да болатын тиiстi салық саясатымен қамтамасыз етiледi. 
      Дегенмен де, экологиялық төлемдердiң негiзгi мақсаты - мемлекеттiк бюджеттi толықтыру емес, төлеушiнi қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан жақсы мiнез-құлыққа ынталандыру. Экологиялық салықтар үнемi бюджеттерге түседi. 
      Айталық, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Ресей Федерациясының Заңына сәйкес эмиссиялық төлемдердiң жалпы сомасының 10 %-ы федералдық бюджетке жiберiледi және экологиялық бақылау органдарын ұстауға жұмсалады. Қалған 90 %-ы экологиялық қорларға (жергiлiктi, өңiрлiк, федералдық) аударылады және табиғат қорғау iс-шаралары мен экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн пайдаланылады. 
      Бұл ретте алынатын қаражат тұтынушыларды табиғатты қорғауға ынталандыруға, қалдықсыз технологияларды әзiрлеуге және енгiзуге, қалдықтарды кәдеге жаратуға, ескi қоқыс үйiндiлерiн тазартуға және тағы басқаларға жұмсалуы мүмкiн. 
      Экологиялық мәселелер экологиялық салықтар, экологиялық қорлар, тартылған инвестициялар, бiрлескен жобалар (бiрлесiп жүзеге асыру жобалары), көмiртегi квоталары есебiнен қалыптастырылатын «жасыл инвестициялар» жүйесiн енгiзу есебiнен шешiлетiнiн Ресей Федерациясының тәжiрибесi көрсетiп отыр. Қалыптасу көзi ластанулар мен қоршаған ортаға әсер болып табылатын ақша қаражатының 100 %-ы экологиялық мәселелердi шешуге қатысты жұмсалуға тиiс. 
      Бұл тәжiрибенi Қазақстанға енгiзу экологиялық мәселелердi экологиялық төлемдер (2009 жылы 97 млрд. теңге), табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау iс-шаралары (2009 жылы 124 млрд. теңге) және халықаралық ұйымдарының гранттары есебiнен шешуге мүмкiндiк бередi. 
      Халықаралық тәжiрибеге сәйкес мемлекеттiк табиғат қорғауды бақылау жүйесiнiң жұмысы экологиялық заңнаманың қатаң сақталуына, қоршаған ортаға терiс әсерлердi төмендету жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға сайын келетiн түпкiлiктi нәтижеге, қолданылатын санкциялардың орындалуына бағытталатын болады.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және оны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi     

4.1. Бағдарламаның  мақсаты 
      Бағдарламаның мақсаты табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру жөнiнде жағдай жасау болып табылады.     

4.2. Бағдарламаның мiндеттерi 
      Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау қажет: 
      «жасыл экономиканы» дамыту; 
      қоршаған орта құрамдауыштары мен денсаулыққа антропогендiк әceрдi төмендету; 
      табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру; 
      қоршаған орта сапасын басқару жүйесiн дамыту және жетiлдiру.    

  4.3. Нысаналы индикаторлар 
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай көрсеткiштерi қол жеткiзу межеленiп отыр: 
      кешендi экологиялық рұқсаттарға енгiзiлген ресурс үнемдеу көрсеткiштерi 2014 жылы 1 дананы құрайды; 
      атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының төмендеу пайызы 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде 5,9 % болады; 
      ластағыш заттар төгiндiлерiнiң деңгейi 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде 3,5 %-ды құрайды; 
      2014 жылға қалдықтардың түзiлуiне оларды қайта өңдеу үлесi 21,9 %-ды құрайды; 
      2014 жылы 1992 жылмен салыстырғанда парниктiк газдардың шығарындылары көлемiнiң асырылмауы 96%-ды құрайды; 
      шөлейттенген және жұтаңданған жерлер алаңының өзгеру серпiнi 2014 жылға 0,05 га құрайды; 
      сирек кездесетiн және жойылу қаупi бар жабайы тұяқты жануарлар түрiнiң санын мекендейтiн аймақтарында ұлғайту 2014 жылға: 
      тоғайдағы асыл марал - 2 %-ды; 
      құлан - 4 %-ды; 
      жайран - 4 %-ды; 
      арқар - 2 %-ды құрайды; 
      киiктер санының өсуi 2014 жылға 10 %-ды құрайды; 
      табиғи су айдындары мен су қоймаларына бағалы кәсiптiк балықтардың тiршiлiк етуге қабiлеттi шабақтарын өсiру 2014 жылға 170,0 млн. дананы құрайды; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: 
      жаңаларының саны - 13 аумақ 
      кеңейтiлетiндерiнiң саны - 7 аумақ 
      ағаш отырғызу көлемiн ұлғайту 2014 жылға 65,0 мың га құрайды; 
      бақылау пунктерiнiң саны 2014 жылға: 
      метеорологиялық станциялар - 261; 
      агрометеорологиялық бекеттер - 79; 
      гидрологиялық бекеттер – 305; 
      автоматты режимде жұмыс iстейтiн атмосфера ауасының жай-күйiн – 67; 
      гидрометеорологиялық қауiптi және дүлей кұбылыстар туралы дауыл ескертулерiнiң алдын ала берiлу уақытын арттыру 2014 жылға 72 сағатты құрайды.

4.4. Әрбiр мiндет бойынша жоспарланған  мәнге қол жеткiзу болжанып  отырған нақты (орта мерзiмдi немесе  ұзақ мерзiмдi) кезеңдi көрсете отырып, Бағдарлама мiндеттерiнiң шешiлу  дәрежесiн сипаттайтын, сандық және сапалық жағынан өлшенетiн мәндер ретiнде белгiленетiн нәтижелер көрсеткiштерi

Мақсаты: Табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру жөнiнде жағдай жасау

Нысаналы индикаторлар

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Кешендi экологиялық  рұқсат беруге енгiзiлген ресурс үнемдеу  көрсеткiштерi

дана

         

1

1-мiндет. «Жасыл  экономиканы» дамыту

Тiкелей нәтижелер  көрсеткiштерi

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Энергия тиiмдiлiктi насихаттау мен энергия үнемдеу  жөнiндегi жария науқандардың саны, жаңғыртылатын энергия көздерiн  енгiзу

дана

   

2

2

3

3

Төменкөмiртектi экономиканы дамыту жөнiндегi табиғат  пайдаланушылармен өткiзiлген оқыту  семинарларының саны

дана

   

2

2

2

2

Нысаналы индикаторлар

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

2009 жылмен салыстырғанда  атмосфераға ластаушы заттардың  шығарындыларын төмендету пайызы

%

0

1,5

1,5

1,5

5,9

5,9

2009 жылмен салыстырғанда  ластаушы заттар төгiндiлерiнiң  деңгейi

%

0

1,75

1,75

1,75

3,5

3,5

Қалдықтарды өңдеудiң  олардың пайда болуына қатысты  үлесi

%

20

20,1

20,7

20,8

21,9

21,9

2-мiндет. Қоршаған  орта құрамдауыштарына және денсаулыққа  антропогендi әсер етуiн төмендету

Тiкелей нәтижелер  көрсеткiштерi

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Жалпы нормативтiк  шығарындылардың белгiленген мәндерiнiң  көлемi

млн. тонна

3,4

3,35

3,35

3,35

3,2

3,2

Ластаушы заттардың нормативтiк төгiндiлерiнiң белгiленген мәндерiнiң көлемi

млн. тонна

2,85

2,8

2,8

2,8

2,75

2,75

Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату көлемi

млн. тонна

133,9

134,5

139,8

139,8

146,4

146,4

Су бұру және кәрiздiк тазалау құрылыстарын салу, қайта жаңарту және жаңғырту жөнiндегi iске асырылатын жобалар

бiрлiк

4

7

11

4

2

2

Iске асырылатын  жобалар бойынша «тарихи» ластанулардан  тазартылған аумақтардың пайызы

%

0

0

13,8

13,8

27,6

0

Нысаналы индикаторлар

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Парниктiк газдардың  шығарындылары көлемiнiң асырмауы 1992 жылмен салыстырғанда

%

74

76

81

86

91

96

Шөлейттенген  және жұтаңданған жерлер аумағының  өзгеру серпiнi (5 жылда 1 рет)

га

0,01

       

0,05

Сирек кездесетiн және жойылу қаупi бар жабайы тұяқты жануарлар түрiнiң санын мекендейтiн аймақтарында ұлғайту

             

тоғай асыл бұғысы

%

2

2

2

2

2

2

Құлан

%

2

4

4

4

4

4

Жайран

%

2

4

4

4

4

4

Арқар

%

2

2

2

2

2

2

Киiк санының  өсуiн қамтамасыз ету

%

32,7

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

Мемлекеттiк  тапсырыс бойынша бағалы кәсiпшiлiк  балықтардың өмiршең жас балықтарын табиғи су айдындары мен су қоймаларына  жiберуге жеткiзу

млн. дана

156,4

159,9

170,0

170,0

170,0

170,0

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

жаңаларының саны

1

2

2

4

2

3

кеңейтiлетiндерiнiң  саны

 

2

2

1

1

1

Орман отырғызу көлемiн ұлғайту

мың га

48,6

50,0

55,0

60,0

62,0

65,0

3-мiндет. Табиғи  экожүйелердi сақтау және қалпына  келтiру

Тiкелей нәтижелер  көрсеткiштерi

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Парниктiк газдарды төмендету жөнiнде басқа елдермен бiрлескен жобалар

дана

       

3

5

Таза технологиялар  қоры инвестициялайтын жобалар

дана

     

2

2

4

Iшкi көмiртегi нарығында  iске асырылатын жобалар

дана

   

1

3

3

5

Бiрге жүзеге асыру қолайлылығының белгiленген өлшемдерi

дана

   

4

1

2

2

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк конвенциясы жөнiндегi ұлттық хабарламалар

дана

     

1

   

Орман өспейтiн  алқаптарды орманмен көмкеру

мың га

4,0

4,5

5,0

5,5

6,0

6,5

Республиканың мемлекеттiк орман қоры аумақтарын авиациялық патрульдеудi жалпы орман  қоры аумағына жеткiзу

%

20

20

20

30

30

30

Бекiтiлген балық  шаруашылығы су қоймаларының және олардың  учаскелерiн санын ұзақ мерзiмдi негiзде  ұлғайту

%

70,0

80,0

90,0

95,0

95,0

95,0

Нысаналы индикаторлар

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

2014 жылға қарай  бақылау пунктерiнiң санын: метеорологиялық  станциялар; агрометеорологиялық бекеттер; гидрологиялық бекеттер; атмосфералық  ауаның жай-күйiн автоматты режимде  жұмыс iстейтiн пункттердi көбейту

бiрлiк

259

259

260

260

260

261

65

70

71

71

71

79

291

291

291

298

300

305

13

22

22

32

43

67

Гидрометеорологиялық  қауiптi және дүлей құбылыстар туралы дауыл ескертулерiнiң алдын ала  уақыттылығын арттыру

сағат

48

48

48

48

72

72

4-мiндет. Қоршаған  ортаның сапасын басқару жүйесiн  дамыту және жетiлдiру

Метеорологиялық болжамдардың санын ұлғайту

2009 жылға %-бен

0

0

3

4

5

7

Гидрогеологиялық  болжамдардың санын ұлғайту

2009 жылға %-бен

0

0

5

10

15

20

Агрометеорологиялық болжамдардың санын ұлғайту

бiрлiк

5

5

5

6

7

7

Тәулiктiк ауа  райын болжаудың расталуы

%

88

88

88

88

89

89

Мынада: атмосфералық ауада, суда, топырақта ластаушы заттардың  айқындалатын көрсеткiштерiнiң спектрiн  кеңейту:

көрсеткiштер саны

16

16

16

16

17

17

45

45

45

45

46

46

5

5

5

5

6

7

Екiжақты және көпжақты қол қойылған келiсiмдер

дана

 

2

 

4

 

2

2

1

1

Халықаралық экологиялық  конвенцияларды iске асыру шеңберiндегi ұлттық баяндамалар

дана

 

5

5

6

5

6

5

Информация о работе Жасыл даму бағдарламасы