Жасыл даму бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 05:22, курсовая работа

Краткое описание

Кешендi экологиялық рұқсаттарға
енгiзiлген ресурс үнемдеу көрсеткiштерi
2014 жылы 1 дананы құрайды.
Атмосфераға зиянды заттар
шығарындыларының төмендеу пайызы 2009
жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде
5,9 % болады.
Ластағыш заттар төгiндiлерiнiң деңгейi
2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға
кемiнде 3,5 %-ды құрайды.
2014 жылға қалдықтардың түзiлуiне оларды
қайта өңдеу үлесi 21,9 %-ды құрайы.
2014 жылға қарай 1992 жылмен
салыстырғанда парниктiк газдардың
шығарындылары көлемiнiң асырылмауы
96%-ды құрайды
Шөлейттенген және жұтаңдаған жерлер
алаңының өзгеру серпiнi 2014 жылға 0,05
га құрайды.
Сирек кездесетiн және жойылу
қаупi бар жабайы тұяқты жануарлар
түрiнiң санын мекендейтiн аймақтарында
ұлғайту 2014 жылға:
тоғайдағы асыл марал - 2 %;
құлан - 4 %;
жайран - 4 %;
арқар - 2 %.
Киiктер санының өсуi 2014 жылға 10 %
құрайды.
Табиғи су айдындары мен су қоймаларына
бағалы кәсiптiк балықтардың өмiрге
төзiмдi жас балықтарын шығару 2014 жылға
170,0 млн. дана құрайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:
Жаңаларының саны - 13 аумақ
Кеңейтiлетiндерiнiң саны - 7 аумақ.
Орман отырғызу көлемiн ұлғайту 2014
жылға 65,0 мың га құрайды.
Бақылау пункттерiнiң саны 2014 жылға:
метеорологиялық станциялар - 261;
агрометеорологиялық бекеттер - 79;
гидрологиялық бекеттер - 305;
автоматты режимде жұмыс iстейтiн
атмосфера ауасының жай-күйiн - 67;
Гидрометеорологиялық қауiптi және дүлей
құбылыстар туралы дауыл ескертулерiнiң
алдын ала уақыттылығын арттыру 2014
жылға 72 сағатты құрайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Жасыл даму бағдарламасы.doc

— 1.03 Мб (Скачать файл)

3.3.3. Су ресурстарының ластануы     

 Қазақстан  Республикасының ластану дәрежесi  жоғары және ағындарының аумақтың  бөлiнуi тең еместiгiмен сипатталатын  өзiндiк су ресурстары шектелген. Жерасты тұщы сулары барланған запастар шамасының 12 % көлемiнде ғана пайдаланылады. 
      Жыл сайын таза суды тұтыну, суды тасымалдау кезiндегi шығындар және тазартылмаған немесе жеткiлiктi түрде тазартылмаған ағынды суларды су айдындарына ағызу көлемi ұлғаюда. Бұл ретте ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп негiзгi су тұтынушылар болып табылады: барлық пайдаланылатын судың тиiсiнше 75 % және 20 %-ы. 
      Ұзақ уақыт iшiнде күрделi жөндеу жүргiзiлмегендiктен, қалалардағы және қалалық кенттердегi су бұру құрылыстарының 34 %-ы және кәрiздiк тазалау құрылыстары көпшiлiгiнiң физикалық тозуы 70 %-ға жеткен. Бiрқатар ағынды суларды тазалау құрылыстары артық жүктемемен жұмыс iстеудi, бұл жобалық деректер бойынша ағынды суларды тазалау технологиясының сәйкессiздiгiне алып келедi. Желiлер мен құрылыстарды жоспарлы жөндеу барлық жерде дерлiк авариялық-жөндеу жұмыстарына жол беруде, бұл peтте оларды жүргiзуге арналған бiржолғы шығындар, әдетте, жоспарланған жұмыстардан 2,5-3 есе жоғары. 
      Ел халқының сапалы ауыз суға қол жеткiзуi бұрынғыдай өткiр проблема күйiнде қалып отыр, бұл ретте Қазақстан Республикасы тұрғындарының 20 %-на дейiнгi нормативтiк сапа стандарттарына сәйкес келмейтiн суды тұтынады. 
      Жер үстi суларының ластану, қоқыстану және сарқылу үдерiсi жалғасуда су айдындарына тазартылмаған немесе жеткiлiктi түрде тазартылмаған суды ағызу оның негiзгi себебi болып табылады. Жыл сайын су объектiлерiне су ағызу шамамен 2,5 млн. тоннаны құрайды. 2009 жылы бұл көлем 2,85 млн. тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 %-ға төмен. Халықтың сапалы, ауыз суға қол жеткiзуi бұрынғыдай өткiр проблема болып тұр.

3.3.4. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының  жинақталуы     

 Өндiрiс және  тұтыну қалдықтарын өңдеу басымды экологиялық бағыттардың бiрi болып табылады. 
      2009 жылы елде 669,3 млн. тонна қалдық жиналды, оның iшiнде 665,6 млн. тонна - өндiрiстiк қалдық, 6 млн. тоннасы - тұрмыстық. Елдiң бip тұрғынының үлесiне орта есеппен 1,4 мың тонна жинақталған өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдық келедi. 
      2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша республика аумағында 43 млрд. тоннадан астам өндiрiстiк қалдық бар, оның 587,8 млн. тоннасы уытты қалдықтар. 
      Өндiрiстiк қалдықтар, оның iшiнде техногендi минералды түзiлiмдер (бұдан әрi - ТМТ) ахуалы қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр. Қазiргi уақытта республикада шамамен 34 млрд. тонна қалдық жинақталған 775 ТМТ объектiсi тiркелген, бұл ретте олардың жыл сайын өсу үрдiсi байқалады. 
      Өндiрiс қалдықтарын, оның iшiнде уытты қалдықтарды қайталама өңдеу тәжiрибесi Қазақстанда жоқ. Қалдықтар көлемi үнемi өсiп отыратын техногендiк интенсивтi тозаң шығаратын ландшафтарды қалыптастыра отырып, арнайы полигондарда, жинақтағыштарда және қалдықтар сақтау қоймаларында сақталады. Мысалы, республикада электр станциялардың күл-қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату және пайдалану 1 %-дан аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткiш орташа 60 % құрайды. 
      Өнеркәсiптiк және уытты қалдықтарға байланысты мәселелерден басқа республиканың барлық елдi мекендерiнде дерлiк, әсiресе Қазақстанның iрi қалаларында тұрмыстық қалдықтардың ұлғайған көлемiн сақтау және қайта өңдеу мәселесi өзектi болып тұр (1-кесте). Бұл ретте елдегi полигондардың көпшiлiгiн және тұрмыстық қатты қалдық қоқыстарын пайдалану нормативтiк өлшемдерге сәйкес келмейдi. 
      Қалдықтарды жинау мен шығару жөнiнде жеткiлiктi инфрақұрылымның болмауы елдi мекендерде стихиялық қоқыстар пайда болуының және оларды жою үшiн жыл сайын жергiлiктi бюджеттен қаражат шығындардың бiрден-бiр себебi болып табылады. Қазақстандағы коммуналдық қалдықтардың негiзгi бөлiгi (97% астам) фракцияларға бөлiнбестен, ашық қоқыс жинау орындарына шығарылады және сақталады, бұл топырақтың, жер асты және жер үстi суларының, атмосфералық ауаның ластануына алып келедi.

1-кесте. Қазақстан  Республикасында жинақталған және  шығарылған 
коммуналдық қалдықтар көлемiнiң серпiнi

Атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Коммуналдық қалдықтар, млн.т.

6,5

6,8

3,6


 

      Кеңес Одағы кезеңiнде  қалыптасқан тарихи ластанулар мәселесi Қазақстан үшiн өткiр мәселе болып тұр. Әскери мақсаттағы объектiлердi, тау-металлургиялық кешен кәсiпорындарын ұзақ уақыт пайдалану салдарынан елдiң, едәуiр аумағы адам мен өзге де биологиялық объектiлер үшiн қауiптi концентрациядағы радиоактивтi, биологиялық және химиялық заттармен ластанған.

3.3.5. Климаттың өзгеруiнiң экологиялық  жүйелерге әсерi     

 Қазiргi таңда  ел аумағында орташа температура  деңгейiнiң орташа есеппен 100 жылда  1,8оС көтерiлуiне байланысты климаттың өзгеру проблемасы Қазақстан үшiн өзектi мәселе болып табылады. 
      Климаттың өзгеруi биоәртүрлiлiкке әсер етедi. Бүгiнгi күнi биотүрлiлiктiң арқылы және экожүйелердiң жұтаңдануы республика аумағының 70 %-да, әсiресе шөлдер мен далалық аймақтарда, жер жырту мен малды көп жаю кезiнде байқалады. Қазақстан аумағының басым бөлiгi шөл және шөлейттi ландшафттық аймақтар болғандықтан, олардың экожүйелерi, оның iшiнде ауыл және су шаруашылығы климаттық жағдайлардың өзгеруiнiң байқалатын аномалияға қауқарсыз болып отыр. 
      Климаттық өзгеруi нәтижесiнде ылғалдану аймақтарының шекарасы солтүстiкке қарай ығысуы мүмкiн, ендеше өңiрлерде ылғалдану жағдайының нашарлауын күтуге болады. 
      1955 жылдан бастап Iле Алатауының солтүстiк бөктерiнде мұздықтардың ауданы 40,8 %-ке қысқарғаны байқалады. Климаттың өзгеруi болжамдарының есепке ала отырып, жақын болашақта мұздықтардың қарқынды еруiнiң жалғасуы мүмкiн. Мұз басқан аудандардың азаюы тау өзендерiнiң су режимiнiң өзгеруiне алып келедi, бұл ретте Iле Алатауының солтүстiк бөктерiнiң ағынды сулары шамамен 16 %-ға төмендейдi. 
      Жалпы табиғаттың қауқарсыздығымен қатар республиканың антропогендiк жүйесiнiң бейiмделушiлiк әлеуетiнiң едәуiр төмендегенi байқалады.

3.3.6. Биоәртүрлiлiк

Орман шаруашылығы және елдi мекендердi көгалдандыру     

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттiк орман қорының жалпы ауданы 28,4 млн. га немесе республика аумағының 10,4 %-ын құрайды. Орманды алқаптар 12,3 млн. гектарды немесе орман қоры жерлерi жалпы ауданының 43,3 %-ын құрайды. Республиканың ормандылығы 4,5 % құрайды. 
      Уәкiлеттiң органның қарамағында мемлекеттiк орман қорының 4,8 млн. га (17,3 %), облыстық атқарушы органдардың қарамағында 22,8 млн. га (82 %) және басқа мемлекеттiк органдардың қарамағында 0,8 млн. га (0,7 %) бар. 
      Қазақстанда ормандар барынша әркелкi орналасқан. Орман өсiмдiктерiнiң түрлерi табиғи аймақтардың әртүрлiлiгiне негiзделедi. Шөлдi аймақтарда сексеуiл ормандары өседi. Тау ормандарының негiзгi бөлiгi Алтай, Жоңғар және Iле Алатауында қою түстi кылқан жапырақты орманмен қамтылған. Дала мен далалы орманды аймақтардың жазық бөлiгiнде қайын-көктеректi ормандар, қарағай ормандар, Ертiс бойының салалы ормандары өседi. 
      Ормандар құрамында ормандармен қамтылған ауданның 49,6 % иеленетiн сексеуiл басым болып келедi және шөл және дала аймақтарда бұталы екпелер 24,1 % алады. 
      Бағалы қылқан жапырақтылар 13,1 %, ал жұмсақ жапырақтылар 11,2 % құрайды. 
      Республика ормандары климаттық реттеу, орта қалыптастыру, дала және топырақ қорғау, су сақтау және санитариялық-гигиеналық функцияларын атқарады және елдiң биологиялық алуан түрлiлiгiнiң 86 %-ы табиғи резерваттар болып саналады. 
      Республиканың орманды аумақтарын көбейтуде орман дақылдарын егудiң маңызы зор. Бүгiнгi күнi жасанды отырғызылған өсiмдiктер 1029,3 мың га немесе орманды жерлердiң шамамен 10 % құрайды. 
      Орман дақылдарын отырғызу жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн республикада 143 орман питомнигi бар, мұнда жылына 200 млн-ға жуық дана түрлi стандартты тұқым екпе көшеттерi өсiрiледi. Аталған көлемдегi отырғызу материалдар шамамен 60,0 мың га орман дақылдарын құруға жеткiлiктi. 
      Қазiргi уақытта аталған питомниктерде стандартты отырғызу материалының 60,0 млн. данасы өсiрiлуде. 
      270 ағаштан, 45 га екпеден, 850 га астам ағаш тұқымды учаскелерден және ағаш тұқымды плантациялардан тұратын селекциялық негiздегi ағаш тұқымды база қалыптастырылуда. 
      Астана қаласының жасыл аймақты аумағында 1998 жылдан 2009 жыл аралығында 45 мың га екпелер отырғызылды, оның iшiнде 14,7 мың гектары Астана қаласы әкiмдiгiнiң теңгерiмiне берiлдi. 
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы ауданы 1724,4 мың га орман ресурстары 394 жеке және заңда тұлғалардың ұзақ мерзiмдi пайдалануына берiлдi. 
      Қолданылып жатқан шараларға қарамастан орман өрттерi мен орманды заңсыз кесу жалғасуда. 
      Орман өрттерiнiң себебi табиғи факторлармен қатар адам әрекетiнен де болады, бұл көктемгi және күзгi өрт қауiпi өршiп тұрған кездерде аса қатерлi. 
      Республика бойынша iрi орман өрттерiн талдау дала өрттерiнiң мемлекеттiк орман қорының аумағына ауысуы салдарынан туындаған ең iрi ауданы - 62 %-ды құрайтынын көрсеттi. 
      2009 жылы орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi аумағының 3,5 мың га ауданында 230 орман өртi оқиғасы болды, оның iшiнде орманмен көмкерiлген жерлер 1,7 мың га құрады. Орман өрттерiнен болған залал 69842 мың теңгенi құрады. 
      Өртке қарсы жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде орман өрттерiнiң саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1,4 есеге төмендедi, өрт шарпып өткен аудан көлемi 1,6 есеге қысқартылды. 
      2009 жылы орманды заңсыз кесу жағдайлары 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге төмендедi, бұл ретте, олардың көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге, 2007 жылмен салыстырғанда 5,6 есеге төмендедi.

Жануарлар дүниесi     

 Аумақтың кеңдiгi (272,5 млн. га), фауна түрлерiнiң көптiгi (омыртқалылардың 835 түрi, омыртқасыздардың 50000 түрi) елiмiздiң ерекшелiгi болып саналады. Қазақстан фаунасын түгендеу тек омыртқалы жануарлар үшiн ғана аяқталды, олардың жекелеген сыныптары бойынша жалпы фауналық мәлiметтер басып шығарылған. 
      Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрi мекендейдi, оның iшiнде: сүтқоректiлер - 178, құстар - 489 (оның iшiнде 396 осында ұя салады, қалғандары қыста ұшып келедi немесе көктем мен күзде ұшып өтедi), бауырымен жорғалаушылар - 49, қос мекендiлер - 12, балықтар - 104, домалақ ауыздылар - 3. 
      Қорғауды талап ететiн эндемикалық және реликтi сирек түрлер арасында омыртқалы жануарлардың 300 түрi кездеседi, олардың көп бөлiгi жоғалып кету шегiнде тұр. 
      Қазақстанның Қызыл кiтабына омыртқалы жануарлардың 128 түрiмен кiшi түрi, оның iшiнде құстың - 57, сүтқоректiлердiң - 40, Қызыл кiтаптың екiншi бөлiгiне омыртқасыз жануарлардың 96 түрi енгiзiлген. 
      2009 жылдың есепке алу мәлiметтерi көрсеткендей киiктер санының төмендеуi тоқтатылды және олардың санының өсу динамикасы: 2003 жылы 21,2 мыңнан 2009 жылы 81 мыңға, оның iшiнде үстiрт популяциясы 9,2 мыңға жайық киiгi 26,2 мыңға, Бетпақдала киiгi 45,2 мыңға көбейдi. Киiк санының өсуi 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 32,7 % құрады. 
      2008 жылмен салыстырғанда жабайы тұяқты жануарлардың сирек және жойылып жатқан түрлерiнiң саны 2009 жылы тұрақталды. 
      2007 - 2009 жылдары ғана 300 аңшылық шаруашылығы құрылды, 679 аңшылық шаруашылығына 119,8 млн.га немесе 51,3 % аңшылық жерлер бекiтiлген. 
      Жануарларды браконьерлiкпен аулау, басқа да антропогендi факторлар (көлiк жүйелерiн төсеу, жер қойнауын пайдалану, сулы-батпақты алқаптардың кебуi) республикамыздың жануарлар дүниесiнiң ресурсына терiс әсерiн тигiзуде. Қазақстан аумағында 20 ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан құланы, тұран жолбарысы, гепард жойылып кеттi. 
      Республика iшiнде киiктiң етiн және мүйiзiн сату нарығының болуы және оларды шетелге контрабандалық жолмен шығару, сондай-ақ ұсталған адамдардың жауапкершiлiктен қашуы киiктердi сақтау қатерi факторын туындатады және оларды сақтау жөнiнде мемлекет қолданып жатқан шаралардың тиiмдiлiгiн төмендетедi. 
      Бұған қоса, Қазақстанда балық өсiру және балық аулауды үдемелi дамыту үшiн балық шаруашылығының бай су қоры бар әрi жағдай да қолайлы. 
      Каспий теңiзiн есепке алмағанда, су қоймаларының жалпы ауданы шамамен 3 млн. га құрайды. Республиканың су айдындарында жалпы балық аулау 1965 жылы 111,9 мың тоннаны құраған. Соңғы үш жыл iшiнде iс жүзiнде орташа есеппен 52,4 мың тоннаны құрады. 
      Балықтың құрып бара жатқан сирек түрiне жататын бекiре тұқымдас балық түрлерiн сақтау және оңтайлы пайдалану жөнiнде барлық қажет шаралар қабылданып, жыл сайын аулау көлемi төмендетiлуде. 
      2002 жылдан бастап жыл сайын Қиғаш және Жайық өзендерiнiң арналарында уылдырық шашатын орындардан бекiре түрлерiн өндiрушiлердiң кедергiсiз өтуiн қамтамасыз ету мақсатында түбiн тереңдету жұмыстары жүргiзiлуде. Осы мақсаттарға мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын 300 млн. теңгеге дейiн (2,5 млн. АҚШ доллары) қаражат бөлiнедi. 
      Жыл сайын республиканың балық шаруашылық су қоймаларынан 156,4 млн данаға жуық жас балық және личинкалар, оның iшiнде шамамем 7,0 млн. ға жуық бекiренiң жас балықтары шығарылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар     

 Қазiргi уақытта  республиканың ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарының (бұдан әрi - ЕҚТА) жүйесi 10 мемлекеттiк табиғи  қорықтан (бұдан әрi - MTҚ), 10 мемлекеттiк  ұлттық табиғи парктен (бұдан  әрi - МҰТҚ), 4 мемлекеттiк табиғи резерваттан (бұдан әрi - МТР), 52 республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қорықтан, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткiшi, 3 зоологиялық парктен (Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында), 5 республикалық ботаникалық бақтан (Алматы, Қарағанды, Риадер, Жезқазған қалаларында, Бақанас ауылы), республикалық мемлекеттiк қорық аймақтарынан және жергiлiктi маңызы бар 2 мемлекеттiк табиғи парктен тұрады. 
      Заңды тұлға мәртебесi бар ЕҚТА 5277,0 мың га немесе республика алаңының 1,9 % алып отыр. 
      Соңғы бес жылда қолда бар және 1865 мың га жаңа ЕҚТА құру есебiнен республикалық маңызы бар ЕҚТА-ның алаңы ұлғайтылды. 
      Табиғи-қорық қор объектiлерiн қазiргi заманғы орналастыруды есепке алу мен талдау республиканың флорасы мен фаунасының генқорының қоймасы болып қызмет ете алатын, қорғалатын жаңа учаскелердi ұйымдастыру үшiн қосымша жарамды аумақтарды айқындауға мүмкiндiк бередi. 
      Арқар (Алтай, Қазақстан, Қаратау және Қызылқұм арқары) мекендейтiн жерлерде, шөл сүтқоректiлерi - жайран, құлан, манұл, қарақал, сұр алабажақ кесiртке үшiн нақты қорғалатын аумақтар қажет. Жалғыз теңiз сүтқоректiсi - каспий итбалығы, Каспийдiң солтүстiк бөлiгiндегi заңды тұлға болып есептелмейтiн қорық аймағымен iшiнара қорғалған. 
      Аймақтық-ландшафты бөлу негiзiнде қорықтардың, ұлттық парктердiң, резерваттардың орналасуын талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi: 
      далалық аймақта шөлейттенген аймақтардың кiшi аймақтары қорғауға алынбаған; 
      Үстiрт қорығында оңтүстiк (бiрқалыпты - жылы) шөлдерi фрагментальды түрде ұсынылған, бiрақ сораңдар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн түрлерiнiң қауымдастығы, жануарлардың жойылу үстiндегi және сирек түрлерi қорыққа алынбаған болып саналады; 
      таулы аудандарда Оңтүстiк Алтайдың, Сауыр-Тарбағатайдың өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң бiрегей түрлерi, орта Қаратаудың, Кетменнiң, Күнгейдiң, Жоңғар Алатауының бай реликтi және эндеминдi түрлерiнiң қауымдастығы қорғалмаған; 
      өзiндiк Орталық Азия тоғайлары мен кең шалғындардағы ЕҚТА аумақтарына мәртебе беру қажет; 
      Қазақстанда рептилиялар генқорын сақтау үшiн Қызылқұм құмында (тек осында ғана ең iрi кесiртке - сұр алабажақ кесiртке мекендейдi), Оңтүстiк Балқаш маңы құмында, Бетпақдаланың сазды шөлiнде, Солтүстiк Балқаш маңының тастақты шөлiнде, Iле аңғарының және Зайсан ойпаты шөлiнде Бiрқатар шөлдi қорықтар құру қажет. 
      Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында Каспий теңiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - теңiз қорығын құру қажет. Каспий итбалығы Каспий теңiзiндегi эндеминдi түрдегi және жоғалып кету қаупi бар жалғыз сүтқоректi жануар. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық бағытына сәйкес қазiргi уақытта елде қазiргi заманғы экономикада туристiк кластердiң рөлi күшеюде. 
      Әлемдiк тәжiрибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүзеге асырылады. 
      Жыл сайын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ұлғаюда, 2006 жылы ЕҚТА-ға барғандардың жалпы саны 321,2 мың адам, 2007 жылы - 346,9 мың адам, 2008 жылы - 547,9 мың адам, 2009 жылы - 594,9 адам. 
      Iле Алатауы, Баянауыл, «Көкшетау» және «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи парк келушiлер арасында кеңiнен танымал. 
      ЕҚТА-ға барушылар санының ұлғаюы сервистiң жақсаруымен, ЕҚТА туризм инфрақұрылымының, қонақ үйлердiң, Визит-орталықтарының құрылуымен және жақсаруымен, ЕҚТА-ны абаттандырудың жақсаруымен байланысты. 
      Қазiргi уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың арнайы бөлiнген учаскелерiнде 100 бақылау-өткiзу пунктi құрылған, 102 туристiк бағыт пен 52 экскурсиялық бағыт ұйымдастырылған. Туристiк соқпақтар мен бағыттардың ұзақтығы 5 мыңнан астам шақырымды құрайды, 66 байқау алаңдары мен көрсету учаскелерi, 143 бивуак алаңдары мен лагерьлер, автокөлiктер үшiн 81 тұрақ, 84 қонақүй, кемпингтер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтанудың 65 объектiсi жабдықталды, 1 мыңнан астам аншлаг, нұсқағыштар және ақпараттық стендiлер орнатылды. 4 ұлттық парктiң (Алтын Емел, Шарын, Көлсай көлдерi және Iле Алатауы) аумақтары бойынша «Алтын шеңбер» атты тiкелей туристiк бағыты әзiрлену сатысында.

3.3.7. Жер ресурстарының жұтаңдануы және шөлейттену     

 Елдiң iшкi континенталды орналасуы шөлейттену  үдерiстерiнiң дамуына ықпал ететiн  негiзгi табиғи фактор болып табылады, бұл климаттың қуаңшылығын, су  ресурстарының тапшылығын және  дұрыс таратылмауын, құмның (30 млн.  га-ға дейiн), сортаң және тұзды жерлердiң (93 млн. га-дан астам) кеңiнен таралуын айқындайды. Қазақстанның осындай табиғи ерекшелiктерi табиғи ортаның орманды заңсыз кесу, өрт, жүйесiз рекреация, топырақ пен жерасты суларының ластануы сияқты антропогендiк әсерлерiне қарсы тұруының әлсiздiгiн негiздейдi. 
      Ел тұрғындарының шамамен 43 %-ы ауылды жерлерде тұрады да олардың көпшiлiгi табысы аграрлық секторға және жер пайдалануға тiкелей немесе жанама түрде байланысты кiрiстерге тәуелдi. Қазақстан өзiнiң жайылым ресурстарының көлемi (188 млн. га) бойынша әлемде алтыншы орынға ие, ал 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұтаңданған жайылымдық жерлердiң жалпы ауданы 48 млн. га астам, бұл шамамен 26 %-ды құрайды. Бұдан басқа 180,2 мың га бүлiнген жер бар.

3.3.8. Ластанған аумақтардың проблемалары     

 Көп жылдар  бойы тарихи ластану проблемасы  қоғамдық резонанс тудырып келедi. Бұқаралық ақпарат құралдарының  беттерiнде табиғи ортаның төтенше  жағдайы туралы көптеген мақалалар  мен жарияланымдар жарық көрдi. 
      Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, экологиялық апат аймақтарына жатқызылған аумақтардың (бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал өңiрi) экологиялық жай-күйi күрделi болып қалуда. Семей сынақ полигонының жерлерiн халық шаруашылығының пайдалануына беру мүмкiндiгi туралы мәселе әлi де өз шешiмiн таппай отыр. Өңiрдiң инфрақұрылымы баяу дамытылуда, iрi инвестициялық жобалар жоқтың қасы. 
      Арал өңiрiндегi экологиялық тұрақсыздық табиғи кешендерiнiң едәуiр трансформациясына алып келдi. 
      Әскери-сынақ полигондары әсерiнiң аймағында қоршаған ортаның радионуклидтермен, ауыр металлдармен және уытты заттармен нормадан тыс радиациялық ластануы анықталған. Аталған аумақтағы су объектiлерi шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн мүлдем жарамсыз. 
      Қазақстан аумағында уран өндiру саласы жұмыс iстеген кезең аралығында 200 млн. тоннаға жуық радиоактивтi қалдықтар түзiлдi. Уытты және радиоактивтi қалдықтарды сақтау үйiндiлерiнiң проблемасы барынша өзектi болып қалуда. 
      Жыл сайын мұнай кен орындарын пайдалану кезiнде қомақты жер ауқымы терiс әсерге ұшырайды. Майланған жердiң жалпы алаңы 5 мың га-дан астам. Бұл ескi авариялық құюлар, мұнай қамбалары мен авариялық мұнай ұңғымалары. 
      Каспий теңiзi суының жайылу және басу аймағында 1485 ұңғымалары бар 19, оның iшiнде үнемi су басу аймағында 90 мұнай кен орындары бар, бұлар теңiздiң ластануына айтарлықтай қауiп төндiредi. 
      Ел аумағында орнықты органикалық ластағыштардың, хромның және қорғасын, кадмий, мен мырыш сияқты ауыр металлдардың едәуiр көлемi жинақталған, бұлар қоршаған орта қүрамдауыштары мен халық денсаулығының қауiпсiздiгi үшiн жоғары қауiп көзi болып табылады. Хроммен ластанған өзен суларынан ауланған балықты тамаққа пайдалану қаупi, радиоактивтi заттардың, жұқа дисперстi уытты материалдың айналадағы үйлерге, өзендерге, жыртылатын жерлерге шашылу қаупi бар.

Информация о работе Жасыл даму бағдарламасы