Биологиялық әртүрлілікті сақтау: қазіргі жағдайы және бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 16:41, реферат

Краткое описание

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.
Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар.

Содержание

Кіріспе.


І тарау. Биологиялық әртүрлілік туралы түсінік.


Биоалуантүрлілік құрылымы мен деңгейлері.
Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі.




ІІ тарау. Экологиялық факторлар
2.1. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары.
2.2. Экологиялық фактор әсерінің оның белсенділігіне тәуелділігі.


ІІІ тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау.
3.1. Жануарлардың биоалуандылығы.
3.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі.
3.3. Биологиялық әралуандылықты сүйемелдеу.
3.4. Биологиялық әралуандылықты сақтау.


Қорытынды.


Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Биологиялык алуантурлк.docx

— 27.00 Кб (Скачать файл)

 

 

ІІ  тарау. Экологиялық  факторлар.

2.1. Экологиялық факторлардың  әсер етуінің кейбір  заңдылықтары.     

Орта - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы, яғни особьты (полуляцияны, қауымдастықты) қоршап, оған әсер ететін факторлардың бәрі. Тірі организмдер - ашық жүйелер, сондықтан қоршаған ортамен зат және энергия арқылы алмасып отырады. Организмдер үнемі өзгеріп тұратын қоршаған ортаның әсерін сезініп, өздері де осы жағдайларды өзгертіп тұрады.     

Организмге  әсер ететін кез-келген орта жағдайларын  немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердіи тіршілігіне, санына (молдығына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.     

Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша  әр түрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі - абиотикалық, биотикалықжәне антропогендік (немесе антропикалық).     

Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық қүрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және басқалары жатады.     

Биотикалық  факторлар - бұл тірі табиғат факторлары, тірі организмдердің бір-біріне әсерінің барлық түрлері. Бұл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқүлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, үлкен өсімдіктер (эпифиттер үшін) болып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама (қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір есімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитоцидтер, гликозидтер, эфир майлары) бөлуі арқылы әсер етуі. Мұны аллелопатия деп атайды (бидайық тамыр сабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің түқымының өнуін нашарлатады).     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Антропогендік (антропикалык) факторлар  - адамнын қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне, немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл еткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлейттену, ортаның улы заттармен ластануы т.б.).   

 

  

   Пайдаланған  әдебиеттер

 

  1. “Экология ” оқулығы

  1. “Айқын” газеті

  1. Ғаламтор желісінен

 


Информация о работе Биологиялық әртүрлілікті сақтау: қазіргі жағдайы және бағыттары