Биологиялық әртүрлілікті сақтау: қазіргі жағдайы және бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 16:26, реферат

Краткое описание

Әл Құддиса Сирух «пақыр сопы шексіз шетсіз бір ұлы Сопылық бастауы.
Пенде кеудесіне мұң түсу- сынақ, немесе дәруіштік жолға апаратын себеп, нышан. Сопылық жолына халық ішіндегі діндарлардың ілуде біреуі ақ түседі. Ол кез келген пендеге бұйырылмаған бақыт. Ал осы бағытқа түскендер жүріп өткен, әлде түсетіндерге ұсынылатын белгілі бір ізге түскен ереже жазу жоқ, сан түрлі хикмет нұсқалар ғана бар.

Вложенные файлы: 1 файл

Сопылық бастауы.docx

— 19.87 Кб (Скачать файл)

үшін шындық болып көрінген анықты айтқанына күмәнсіз сенеді. 
Әл Құддиса Сирух «пақыр сопы шексіз шетсіз бір ұлы Сопылық бастауы. 
Пенде кеудесіне мұң түсу- сынақ, немесе дәруіштік жолға апаратын себеп, нышан. Сопылық жолына халық ішіндегі діндарлардың ілуде біреуі ақ түседі. Ол кез келген пендеге бұйырылмаған бақыт. Ал осы бағытқа түскендер жүріп өткен, әлде түсетіндерге ұсынылатын белгілі бір ізге түскен ереже жазу жоқ, сан түрлі хикмет нұсқалар ғана бар. 
Сопылық жолға әркім әртүрлі тағдырмен келеді. Оның тағы бір ерекшелігі, әсіресе ауру адамдардың келуі. Шындығында ауру арқылы пенде иманға келеді, күнәсі төгіледі, тәні азап шегеді, қолын дүние дүние тұрмыс нәжісінен тазартады. Себебі дәрігердің емі қонбай белгісіз дерт жүректі сыққанда көзіне өлім елестейді. Бұл жарық дүние жалған екенін, мәңгілік о дүниеде болатынын түйсінетін саңылау пайда болады. Осыдан соң, алдымен ойы тазарып, Хақтың жолына түсе бастайды. Біреу ерте, біреу кеш дегендей. Уақыт елегі екшей келе, осынау адамдардың ішінен ілуде біреуі ғана тазарудың ақиқат шыңына шығады, сопылық пақырлық, әулиелік сатыларына қол жеткереді. Бұл жолға шыққандардың көбі Алланың берген қасиетін құрметтеп, ұстап қалады.  
Мұхаммед Пайғамбарымызға Жәбірейіл періште келіп, сауал қойғанын баяндайтын «Хадис и Жибрейл» хадисіндегі айтылатын «ихсан» сөзі кемелдену деген ұғымға ишара жасайды. Яғни Алланы көріп тұрғандай күйде құлшылық жасау дәрежесіне жетіп кемелденген ихсан-жан мен ибн Араби айтқан «БОлмыспен біріккен» жан бір мазмұнды ұғым. Сопылар болмыспен бірігуге Ақиқат ғалам шеңберін айналып өткен соң ғана қол жеткізген. Имам Ғазали «Жүректің екі есігі бар: бірі- көкке қарата ашылған, яғни періштелер әлемі мен Лаухул Махфузға арналған. Екіншісі – бес сезім мүшесі осы дүниеге қарай ашылған есік. Бірінші есіктен әулиелер мен пайғамбарларға ілім келеді. Ал екінші есіктен ғалымдар мен оқымыстылар білім алады. Болмыста бір ақ тіршілік бар, ол Алла Тағаланың тіршілігі, одан өзге ешқандай да тіршілік жоқ» дейді. 
Ия, Имам Ғазали бұл сөзінде Ақиқат шеңберін айналып өткен сопының қол жеткізер шыңы- болмыспен бірігу құбылысынан соңғы жағдаятты баяндап отыр. Бұл сопылық ілімнің шырқау шыңы. «Фәнә филлах» мақамы деп те аталатын осы дәрежеге қол жеткерген сопы пір тылсым болмысқа еніп, Кемел сана иесіне әулиеге айналады. Пенденің бұл ашылуы сопылық ілімнің сыртқа жаюға тыйым салған сырларының бірі. Мұндай бүркеулі сырды аштың деп сопылар төменде айтылатын Мансұр Халлажды қатты айыптайды.  
Осы ихсани құбылысты – «фәнә и қалб» яғни жүректен нәпсілік құмарлықтың жойылған, жоғалған кездегі қалпы десек те дұрыс болатынға ұқсайды. 
Тазарған адам Алланың рахман нұрына шомылады. Онымен жүздескендей күй кешеді, адамдардағы осы жағдайды сопылар «Әулиелерде адамға тән сипаттар әлі де бар болса оны қой терісіндей сыпырып алып, орны Алланың сырлы сыйымен қапталады» деп бейнелеген екен. Бірақ бұл Алламен беттесу, сөйлесу емес, адамның тазарған жүрегінің құрметіне санада ашылған Аллалық керемет сипат. Бұл ойлар Тижәнидің сөзімен айтсақ «болмыспен біріккен әулиенің құдіреттілігі соншалықты, ол Арш ағла мен жер арасындағы барлық нәрсенгі, періште атаулының әрбірін шынайы жаратылысты болмысында көреді. Егер әулиелік дарыған жан лаухул Махфузды ақтарып, ғайып сырларынан хабар алуды қаласа, мұны еш кедергісіз жасай алады» деген. 
Жетілген сопылардың кейбіреулері алдына өтінішпен келген адамдардың қашан, қайда өлетіні, жәннатқа кіретіні, әлде кірмейтіні туралы, сондай ақ ғайыпқа сәуегейлік болжау жасай алады. Кейбір сопылар мен молдалар жын періні қайтаратыны, әлде байлап тастап оқитыны туралы жар салады. Мұндай хикметтер туралы Дибағ сопы «Сүлейменге берілген, Дәуітке бағындырылған, Исаға нәсіп етілген нығметтерден де зорын Алла Тағала Мұхаммед үмметінің ішінде сопыларға берді. Сөйтіп Алла Тағала сопыларға жындарды да, адамдарды да, шайтандарды да, желдерді де, періштелерді де жалпы барша әлемді бағындырды, және сопыларға соқырлардың көзін ашу, жын соққандарды емдеу, тіпті өлгендерді тірілту қабілетін дарытты» деп ашық көрсеткен. 
Дәруіш сопылар дария мен теңізді тобыққа дейін батқан халде еш қиындықсыз кешіп жүре беруі, диуана сопы бейнесінің бір мезгілде екі жерде қатар көрінуі, мәкәтуллаға ұшып барып құптан намазын оқып қайтып келуі, суды теріс ағызып, аққан дарияларды тастай мұз етіп қатыруы, Қызыр алейхиссаламның аян бата беруі, тарыққан жанға көмектің кездейсоқ келуі,т.. 
Бұл қасиеттер қайдан келеді? Әрине Алладан. Жилани сопы: «Ей, надан! Ілім дәріс тыңдау мен дәптерге әлдеқандай шимай шатпақты көшіріп жазу арқылы емес, тылсым күштің қолдауымен қасиетті адамдардың әңгімесін тыңдаумен және ақиқат ғалам шыңына шыққандардан тәлім тәрбие алу арқылы ғана келеді» деді. Ол өзі дария, тіпті оның шегін көрген адам жоқ» дегенінде де, «пақыр сопы алуан түрлі кен қазынасы бар сарқылмас тау» деп Сирри Сақтышайықтың айтқанында да шындық бар. Және онда сырттан келген буырқанған күштерге шыдай алмай масаттанатын сопының шалқыған мақтаныш сезімі жоқ, керісінше керемет сыйдың құдіретті қуатын бейнелі ишарамен айтқан, зілдей ауыр ойлармен бере білген.  
Әулиелік қасиет Алла тағаланың сыйы. Қалаған пендесін адамзат арасынан таңдап алып, пайғамбар ететіні сияқты, қалаған пендесін әулие де ете алады. Бізге мәлім болмыстағы барлық жанды жансыз нәрсе Алла еншісінде.


Информация о работе Биологиялық әртүрлілікті сақтау: қазіргі жағдайы және бағыттары