Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси және экономикалық құрылысты қайта құру процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және жер реформасын жүргізу қажеттігін туғызды. Елбасының Жарлығымен 1991 жылы қолға алынған жер реформасы жер қатынастарын қайта құру және жерге қатысты түрлі нысандардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай туғызу, сонымен қатар, жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекшеліктеріне, жер нарығын жетілдірудегі азаматтық және жер заңдарын одан әрі дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін органдардың қызметін жетілдіру мәселелері еліміздің егемендік алғаннан кейінгі ең өзекті проблемалардың біріне айналған болатын.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелері
11
1.1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
11
1.2
Жерді пайдаланудың теориялық мәнi мен маңызы
13
1.3
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу механизмі және оны жүзеге асырудың жолдары
21
2
Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес жер нарығын құқықтық реттеу аспектілері
29
2.1
Жер нарығын құқықтық реттеудің теориялық негіздері мен басым бағыттары және жер нарығын реформалау мәселелері
29
2.2
Қазақстан Республикасындағы жер нарығын құқықтық реттеудегі меншік қатынастары мен жер нарығында жасалатын мәмілелердің маңыздылығы
35
3
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері
47
3.1
Жерге жеке меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
47
3.2
Жер учаскелерінің сервитуты
56
3.3
Жерге жеке меншік құқығының тоқтату негіздері
66

Қорытынды
75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Өтебаева жер нарығы.doc

— 557.50 Кб (Скачать файл)

Үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң (өзге де құқық иесiнiң) ортақ мүлiктегi үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек (дербес) меншiктен (өзге де заттық құқықтан) ажыратылмайды. Егер кондоминиум қатысушыларының келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, үлестiң мөлшерi бөлек (дербес) меншiктегi (өзге де заттық құқықтағы) тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңы мен тұрғын емес үй-жай алаңының осы кондоминиум объектiсiндегi барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы көлемiнiң және барлық кiсi тұрмайтын үй-жайлар алаңдарының жиынтығына қатынасымен айқындалады. Мұндай үлестi нақтылы бөлiп шығаруға болмайды (мiнсiз үлес). Үйдiң iргетасынан тыс (шегiнен тыс) орналасқан жер учаскесiн пайдалану тәртiбi кондоминиум қатысушыларының келiсiмiмен, қоғамдық мүдделердi, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, қала құрылысы және басқа да нормаларының сақталуы шартымен айқындалады.

Yй (құрылыс, ғимарат) жанындағы жер учаскесi, бұл жер учаскесi үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) қаңқасынан тыс орналасатын және оны пайдалану кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн пайдалану талаптарына, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, құрылыс және басқа нормаларға қайшы келмейтiн жағдайларда, кiсi тұрмайтын үй-жайлардың жұмыс iстеуiнiң технологиялық қажеттерiн қамтамасыз ету керек болған кездерде кондоминиум қатысушыларының бөлек меншiгiне берiлуi мүмкiн.

Ортақ меншiктi басқару және оны пайдалану, бүкiл үйдi (үй-жайды, құрылысты, ғимаратты) және үй жанындағы жер учаскесiн (жер учаскелерiн) тиiсiнше күтiп-ұстау үшiн кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кондоминиум объектiсiн басқару нысанын таңдап алады.

Кондоминиумға қатысушылардың ортақ меншiгiндегi жер учаскесiне құқықты сату, сондай-ақ жер үшiн ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Гараж, саяжай және басқа тұтыну кооперативтерiнде қатысушылардың ортақ меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарына кондоминиум туралы нормалар қолданылады [56].

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жеке меншiктегi жер учаскесi, сондай-ақ тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғалар мүлкiнiң құрамына кiредi, банкрот деп танылған жағдайларды қоса алғанда, олар өз мiндеттемелерi бойынша осы мүлiкпен жауап бередi.

Жер учаскесi мен тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi және ол жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органда тiркеледi.

 

3.2 Жер учаскелерінің  сервитуты.

 

Сервитут - біреудің затын белгілі мөлшерде пайдалануға мүмкіндік бередтін немесе иегердің жекеленген қатынастарына шектеу қоятын құқтық қатынасқа енетін заттық құқықтың ерекше түрі, белгілі қатынастағы, оның меншік иесіне тыйым салатын, заттық құқықтың ерекше түрі.

Сервитут дегеніміз – бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті.

Бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы мынандай жағдайларда туындауы мүмкін:

- тікелей нормативтік құқықтық актіден;

- мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде;

- жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;

- сот шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.

Егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иксіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруі арқалы сот тәртібімен дауласа алады.

Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады.

Жер кодексінің 12-бабына сәйкес, сервитут дегеніміз - жеке меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін, азаматтардың және заңды тұлғалардың шектеулі пайдалану құқығы. Осы ережеге қарап сервитут тек қана жеке меншікте емес сонымен қатар мемлекеттік меншікте де пайда болғанын көреміз.

Жер сервитуты, өз мазмұнына қарай бөтен затқа әр түрлі құқық болып табылады. Ол меншік құқығынан бөлінбейді, себебі сервитут қатынасы-бұл меншік иесі және үшінші тұлға жақтардың меншікті кейінгі пайдалану қатынасы болып табылады [57].

Сервитуттың cубъектісі болып меншік иесі саналады, сонымен қатар сервитуттың құқығын орындаушы тұлға жатады. Заңға сәйкес сервитут субъектілерінің меншік иесі ретінде азаматтар, заңды тұлғалар немесе меншік иелер, жер участкесін пайдаланушылар және басқа да жылжымайтын мүліктер жатады.

Сервитуттың пайда болу негізі ретінде шарттар, сонымен қатар сот шешімін есептеуге болады. Жер сервитут құқығы тек мүлікке құқық қана болып табылмайды сонымен қатар нақты айтатын болсақ, ол бөтен жер участкесін шектеулі пайдалану болып табылады. Бірақ жер участкесінің меншік иесі, туындаған жағдайларға байланысты, кез-келген көрші жер участкесіне сервитут құқығын пайдалана алады.

Сервитут орындалуының мақсаты ретінде: көрші жер участкесі арқылы жүру немесе өту құқығы; су құбырын және электр қуатын жүргізу құқығы; жер мүлкі меншік иесінің тағы басқа жағдайларына байланысты қамтамасыз ету құқығы.

Сервитуттың пайда болуына қарамастан, меншік иесі өз мүлкіне билік ету, иелік ету және пайдалану құқығынан ажыратылмайды. Заң бекіткен барлық құқықтар сияқты сервитут құқығында қорғауды қажет етеді. Қорғау-сот тәртібі арқылы жүргізіледі. Сервитутқа құқығы бар тұлға талап-арыз бере алады, арызға жауап беруші болып мүліктің меншік иесі табылады.

Сонымен, сервитут бұл меншік құқығын шектеу, яғни тұлғаның бөтен мүлікке құқығын айтамыз. Бұл сервитут құқығы басқа меншік құқығын шектеу түрлерінен ажыратады. Сервитуттық құқық өзінің пайда болуы және дамуының нәтижесі, жермен тығыз байланысты.

Сервитут барлық мүліктік құқық түрлері сияқты абсолютті құқық болып табылады. Жер участкесі қатынастарымен белгіленді. Жер сервитутының мақсаты болып, бөтен жер участкелерін пайдалану кезінде, жер пайдаланушылармен меншік иелеріне белгіленген бір міндеттерді және шектеулерді қою болып табылады.

Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелерінде еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайтынын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.

Жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы-көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен, ал қажет болған жағдада өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектілерінен осы учаскелерді шектеулі пайдалану құқығын табыстауды талап етуге құқылы [58].

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы солардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

Егер сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалануда елеулі қиындықтарға әкеп соғатын бола, қауымдық сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік билік органынан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы. Қауымдық сервитут белгілеу жер учаскесін пайдалануға мүмкідік бермеуге әкеп соққан жағдайда, жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік билік органынан шығынды өтеп немесе шығынды өтеумен тең бағадағы жер учаскесін бере отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, соның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды талап етуге құқылы.

Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады. Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етулі үшін сервитут белгіленген құқықпен бірге ғана ауыса алады.

Сервитуттың қолданылуы құқық иесінің бас тартуы, ұзақ уақыт пайдаланылмауы, оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде, тараптар арасындағы келісім негізінде, сот шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.

Сервитуттың қолданылуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе тарптардың келісімінде көзделген негіздер бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылады.

Сервитут белгілі бір мерзімге белгіленген жағдайларда, егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, оның қолданылуы белгіленген мерзім аяқталған соң тоқтатылады. Сервитут шарт негізінде талап етілетін кезге дейін немесе белгісіз мерзімге белгіленген жағдайларда сервитуттың қолданылуы сервитутпен ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлік иесінің сервитутты тоқтату туралы талап еткен кезінен бастап бір ай мерзім өткен соң тоқтатылады.

Жер қатынастарында сервитут заңи ереже ретінде ең алғаш рет Рим құқығында пайда болды. Рим құқығында сервитут-жер учаскесі меншік иелерінің бөтен жер учаскелері арқылы өтуге, су құбырларын жүргізуге және тағы басқа жағдайларда, көрші жер учакесінің меншік иесі қарсы болуынан пайда болды.

Совет кезеңінің жер құқығында мұндай құқықтық ереже қолданылмады, себебі ол кездерде жер мемлекеттік меншікте болды, сондықтан да жер бүкіл халыққа тиесілі болып саналды. Бірақ сонда да осы кезеңдерде бөтен жер учаскесін белгілі бір жағдайларға байланысты пайдалану жөніндегі мәселелер заң шығарушы органдарда қаралып жатты. Бірақ ол кезеңде ол “сервитут” деп аталмады, ал уақытша пайдалану деп аталды.

Сүлейменов М.К. айтуы бойынша :Қазақстан Республикасының заңдарында бұл құқықтық институт бірінші рет Азаматтық Кодекстің 118-бабында яғни жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы бабында пайда болды. Ал сервитуттың нақты дамуы Жер туралы жарлықта көрініс тапты.

Жерге меншік құқығын дамыта келе, сервитут құқығы, жер сервитут түсінігі ретінде, соңғы кездері Россия да дамыды. Әрине, жеке меншік құқығына бұл даму әсер етеді.

Сервитут құқығы классикалық Рим құқығы тарихында ежелден пайда болды. Осы кезеңдерде сервитуттың түсінігі және прицптері жасалды және осы уақытқа дейін олардың кейбіреуі өздерінің күшін жойған жоқ. Рим құқығы бойынша сервитут-бөтен біреудің мүлкіне құқық болып есептелген.

Соңғы заттық сервитуттар жер сервитуты болып табылған. Жеке сервитуттар туралы міндетті түрде айту қажет, себебі оларға ұсыныс құру үшін және жер сервитутынан айыру үшін. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, сервитут негізгі екі түрге бөлінеді. Олай бөлудің басты себебі сервитуттың қолданылу ерекшелігіне байланысты болып табылады. Олар: Қауымдық сервитут және жекеше сервитут. Қырманға түсінікті болу үшін әрқайсысына жеке-жеке тоқталғанымыз жөн: Жеке сервитуттар. Бұл сервитут нақты тұлғаның затты пайдалануынан тұрады.

Рим құқығы бойынша жеке сервитуттың 4 түрі болды:

- пайдалану, жеке бір тұлғаға  ұсынылған, бұл сервитут тек бір  нақты тұлғаның өз мақсаты  бойынша мүлікті пайдаланудан  тұрады;

- узуфрукт, бұл кең мағынада, яғни мұнда тек қана пайдалану құқығы ғана емес сонымен қатар өзінің мүлкінен өнім өндіруге құқығы бар болып табылады;

- пәтер-үйді пайдалану құқығы, бұл  сервитут жоғарыда аталған сервитутқа  ұқсас тек мұнда пәтер-үй туралы  айтылады.

- Бөтен құлдарды және жануарларды  пайдалану құқығы, бұл сервитут  бойынша құлдарды және жануарларды  жалдау болып табылады.

Заттық сервитут бір жер учаскесінде белгіленеді екінші жер учаскесінен пайда алу мақсатымен. Заттық сервитут 2 негізгі түрден тұрады:

- бір талапты орындау кезінде, келесісіне пайдалы болу керек;

“селолық” жер сервитуты жер учаскелері үшін пайда болды.

Бұл сервитуттың түрінен пайда, жер үстінен немесе жерден алынатын өнімдерден тұрады.

Жер үстінен алынатын пайда сервитуты мынандай:

- жолдарды және көшелерді пайдалану  құқығы;

- бөтен біреудің жерінен ауыр  жүктерді тасымалдау және жүру  құқығы;

- нақты анықталмаған жерлерден малды айдап өту.

Өнім алу сервитуттарына:

1) су сервитуты. Мұның ішінде:

  • жер учаскесіндегі суды пайдалану құқығы, сонымен қатар участіктен суға өту, жүру құқығы;
  • бөтен біреудің жер участкесінен өз малын суаруға құқығы.

2) бөтен біреудің жер учаскесінде малын жаю сервитут құқығы;

3) орманды кесу, тас, құм, әк алу  және т.б. сервитут құқығы.

Сонымен қатар бөтен біреудің жер участкесінен су құбырын жүргізу сервитут құқығы болған.

Сервитуттардың әр түрлілігіне қарамастан, Рим құқығында олардың бәрі бір институтта біріккен. Ең бастысы олардың бөтен біреудің мүлкіне құқығы болды, сондықтан да Рим құқығы бойынша заттық құқықтарға ие болды:

Информация о работе Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері