Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 17:17, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.

Содержание

1
1.1
1.2
2
2.1
2.2
2.3

3
Кіріспе
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюталық қор
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамын реттеу құралдары
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

halykaralyk_valyuta_zhuyesi_zhne_valyuta_bagamy (1).doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

1

1.1

1.2

2

2.1

2.2

2.3

 

3

Кіріспе

Халықаралық валюта жүйесі

Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері

Халықаралық валюталық қор

  Валюта бағамы: негізгі түсініктер

  Валюта бағамы және  оған әсер ететін факторлар

Валюта бағамын реттеу құралдары

Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау

Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

3

5

5

9

13

13

14

 

16

 

24

28

29


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы  халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.

Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.

Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу  пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және  ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын  жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты: Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, курстық жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:

  • ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
  • сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
  • ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;
  • валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;
  • экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның валюталық реттеуі.

Курстық жұмысының құрылымы және көлемі. Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Халықаралық валюта  жүйесі. Халықаралық валюталық қор

 

 

1.1 Халықаралық валюта  жүйесі және оның кезеңдері

 

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.

¥лттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.

Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстар - валюталық қатынастарды тұрақты жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр түрлі салаларында қызмет етеді.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.

Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде аса маңыздылары :

- халықаралық ақшалай тауар ;

- халықаралық өтемпаздық;

- валюта бағамы ;

- валюталық нарықтар ;

- халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;

- халықаралық келісім шарттар.

Халықаралық ақшалай тауар - әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .

Валюта - бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі екі түрі бар:

- халықаралық сауда валютасы ;

- халықаралық резервтік валюта .

Халықаралық сауда валютасы - халықаралық сауда операциялардың бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол өзі сату - сатып алу объектісі бола алады.

Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.Сонымен қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.Біз оны 1- кестеден көре аламыз.

 

Критерий

Валюталардың түрлері

валюта статусымен

үлттық шетел халықаралық аймақтық

қолдану тәртібімен

еркін айырбасталатын жартылай айырбасталатын айырбасталмайтын

валюталық операциялардың түрлерімен

келісім бағасының валютасы төлем валютасы несие валютасы вексель валютасы

басқа валюталардың бағамына қатынасы бойынша

күшті әлсіз



 Кесте 1— валютаның жіктелуі

 

Негізгілеріне назар аударсақ. Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің заңымен тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.

Шетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады

Осыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік валюта дегеніміз бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда операциялар мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға сақталатын шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы , жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .

Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:

1 Еркін - айырбасталатын валюта - елдердің  әлемде өз валютасының айналысына  шектеулер қойылмайтын сол елдердің  валютасы

2 Жартылай айырбасталатын валюта - елдердің белгілі бір шеңбер  ауқымында халықаралық операциялар

З Айырбасталмайтын - бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.

Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылқтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің формасы жаңаға ауысуы тиіс. 19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта жүйесі эволюцияның үш сатысынан өткен.

Алғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын стандарт жүйесі болған. Алтын стандарт жүйесі 1879 - 1934 жылдар аралығында әлемдік валюта жүйесінде қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды :

- ұлттық валютаның құрамындағы  алтын салмағын белгілеу қажет ;

- алтың қоры мен ішкі ақша  көлемі арасында тепе-теңдік қажет ;

- алтынның экспорты мен импортына  кедергілердің болмауы қажет.

Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайты және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.

Бұл жердегі алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.

Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағыла бастайды. Ал бұл нүкте алтынның импортттық нүктесі деп аталады.

Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Мысалы, фунт пен доллар тепе-теңдік жағдайында деп алайық. Белгілі бір себептердің әсерінен фунтқа сұраныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартын алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керіснше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан бастапқы деңгейіне түседі. Бүл жүйенің нашар жағы:

- жұмыссыздық деңгейінің өсуі;

- жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы.

1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хемпшир штатының  Бреттон-Вуд қаласында болған  халықаралық бас қосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған валюталык бағам жүйесі » туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттын тиімді жақтарымен оның келіңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Бұл конференцияда - Халықаралық валюта қоры құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.

Бүл жүйенің пайда болуына не әсер етті ? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, «а» және «б» елдері бар және «а» елі өз валютасының құның «б» елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті.Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін «а» елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты - дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды.

Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы