Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 23:04, реферат

Краткое описание

Рыноктық экономикаға өту кезеңіне байланысты Қазақстан экономикасына «Инвестиция» -деп аталатын жаңа термин енгізілді. Инвестиция түсінігінің кеңінен қолданылуын нарықтық қарым-қатынастардың кеңеюімен байланысты қарастыруға болмайды. Соңғы кезеңде ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолданудың барысында тек қана өндіріс және өндірістік инфрақұрылым салаларының материалдық техникалық базасы ғана сапалы өзгерістерге ұшырап қойған жоқ, ондай өзгерістер әлеуметтік инфрақұрылым салаларына да тән болып отыр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................
3
1
Инвестициялардың жіктелуі мен формалары..................................

4
2
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері............................
13
3
Инвестициялық жобалар және оған қатысушылар.........................
18
4
Қазақстанның инвестициялық қоры және инвестициялық саясат.
22
5
Қазақстанға тартылған инвестициялар және кіріс көлемі............
26

Қорытынды және ұсыныстар................................................................
29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Шынболат курс Эк теор.doc

— 389.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасы

«Экономикалық теория» пәнінен

 

 

 

 

             

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары

 

Орындаған: УиА 11-1 оқу тобының студенті Масенов Шынболат

 

 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы э.ғ.к.  Умирзакова М.А.

 

 

 

 

 

 

Қорғауға жіберілді:    «____» _________________  2011 жыл

 

Қорғалды:                    «____» _________________  2011 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2011

 

Жоспары

 

 

Кіріспе......................................................................................................

3

1

Инвестициялардың жіктелуі мен формалары..................................

 

4

2

Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері............................

13

3

Инвестициялық жобалар және оған қатысушылар.........................

18

4

Қазақстанның инвестициялық қоры және инвестициялық саясат.

22

5

Қазақстанға тартылған инвестициялар және кіріс көлемі............

26

 

Қорытынды және ұсыныстар................................................................

29

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................

30


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Рыноктық экономикаға өту кезеңіне байланысты  Қазақстан экономикасына «Инвестиция» -деп аталатын жаңа термин енгізілді.  Инвестиция түсінігінің кеңінен қолданылуын нарықтық қарым-қатынастардың кеңеюімен байланысты қарастыруға болмайды.  Соңғы кезеңде ғылыми-техникалық  жетістіктерді кеңінен қолданудың барысында тек қана өндіріс және өндірістік инфрақұрылым салаларының материалдық техникалық базасы ғана сапалы өзгерістерге ұшырап қойған жоқ, ондай өзгерістер әлеуметтік инфрақұрылым салаларына да тән болып отыр.  Сондықтан инвестиция салынған қаражат, мемлекеттің материалдық байлығы мен қоғамдық,әлеуметтік, интеллектуалдық игілігін арттыра түсу мақсатында жұмсалатын ақшалай  қаржы.

Инвестицияның қайнар көздеріне не жататына  көз жеткізген болсақ енді осы инвестиция түсінігінің қалай дамығанына қысқа тұжырымдама береміз:   біріншіден, Инвестиция түсінігінің кеңінен қолданылуын нарықтық қарым-қатынастардың кеңеюімен байланысты қарастыруға болмайды.Соңғы кезеңде ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолданудың барысында тек қана өндіріс және өндірістік инфрақұрылым салаларының материалдық техникалық базасы ғана сапалы өзгерістерге ұшырап қойған жоқ.Ондай өзгерістер әлеуметтік инфрақұрылым салаларына да тән болып отыр.Сондықтан, осы соңғы аталған салаларға, солардың дүние жүзілік стандарт деңгейінде дамуына жұмсалатын қаражаттарда «инвестиция» құрамына кіруі тиіс.Өйткені бұл салаларда бұрынғыдай әлеуметтік-интеллектуалдық байлықтың өсуі ғана емес оған қоса материалдық байлықтың өсуі де орын алып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Инвестициялардың жіктелуі мен формалары

 

 Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Күрделі қаржы- қаржылық құралдар, яғни жаңа құрылысты кеңейтуге реконструкциялауға арналған шығындар.Бұл материал, еңбек ақшалай ресурстар шығыны негізгі қорлардың өсіміне және қалпына келтіруге арналған күрделі қаржы.Күрделі қаржы-экономикалық категория.Қоғамдық еңбек жиынтығында ресурстар құның бейнелеуші ұдайы өндірісте өндірістік құрылыстың мәні мен қуаттылығы, сол сияқты өндірістік емес сала сферасының обьектілері жатады.

Инвестициялау дегеніміз не? –ол ағылшын тілінен қаржы жұмсау, (қаржы салу) деген атаудан шыққан.Инвестиция-өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытуға, өркендетуге, ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.

Инвестицияның қайнар көзі-жинақ қоры деп атайтын болсақ, онда бірнеше ғалымдардың тұжырымдары бойынша инв-ң мазмұнына емес оның жұмсалу бағыттарына көңіл бөлу қажет деп атаған.

Кейнсомның көзқарасымен инвестиция  белгілі бір мерзім ішіндегі өндіріс қызметінің қорытындысы, капиталды мүліктер құнының ағымдық өсімі немесе қажеттілікке жұмсалмаған берілген мерзімдегі кірістің бөлігі деп атап көрсетті.

Фельзенбаум- инвестиция түсінігін 2 түрге бөліп қарастырған біріншіден: нақты инвестиция – күрделі қаржы түсінімен сипатталса, екіншіден: қаржылық(портфельді) инвестиция – акция, облигация, т.б.бағлы қағаздар салымы арқылы бейнелейді.

Инвестицияның қайнар көздеріне не жататына  көз жеткізген болсақ енді осы инвестиция түсінігінің қалай дамығанына қысқа тұжырымдама береміз:   біріншіден, Инвестиция түсінігінің кеңінен қолданылуын нарықтық қарым-қатынастардың кеңеюімен байланысты қарастыруға болмайды.Соңғы кезеңде ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолданудың барысында тек қана өндіріс және өндірістік инфрақұрылым салаларының материалдық техникалық базасы ғана сапалы өзгерістерге ұшырап қойған жоқ.Ондай өзгерістер әлеуметтік инфрақұрылым салаларына да тән болып отыр.Сондықтан, осы соңғы аталған салаларға, солардың дүние жүзілік стандарт деңгейінде дамуына жұмсалатын қаражаттарда «инвестиция» құрамына кіруі тиіс.Өйткені бұл салаларда бұрынғыдай әлеуметтік-интеллектуалдық байлықтың өсуі ғана емес оған қоса материалдық байлықтың өсуі де орын алып отыр.

         Екіншіден- инвестиция  түсінігін тек қоғамға пайда әкелетін іс-әрекет басталған жағдайда ғана қолдану қажет.Егер бұндай іс-әрекет басталмаған болса, онда қолда бар қаражат инвестиция  емес, тек ресурс (қор) болып қана қала береді.

    Осы жағдайда  «инвестиция» мен «инвестициялық  ресурс» түсініктерін бөліп қарастырған  жөн.Жоғарыда айтылғандай, егер де  «инвестиция»-салынған қаражат болса, онда «инвестициялық ресурс»- дегеніміз мемлекеттің материалдық байлығы мен қоғамдық әлеуметтік, интеллектуалдық игілігін арттыра түсу мақсатында жұмсалатын  ақшалай қаражаттың қолда бар жиынтығы болып табылады.Демек, осы жиынтық белгілі бір мақсатқа жұмсала бастағанда ғана инв-ға айнала бастайды.

        Инвестиция түсінігі екі принциптік түсінікпен тығыз байланысты:

1.инвестициялық  обьект 2. инвестициялық  қимыл.

Инвестициялық обьект ретінде инвестиция  бағытталған кез-келген кәсіпкерлік жұмыс обьектілерін қарастыра аламыз.Инвестициялық обьект- инвес-қ жұмысты жүзеге асыру барысында бар бола алады және инвестордың алға қойған мақсаттарына жетуінің материалдық негізі б.т.Инвестициялық қимыл- инвестордың инвестициялық  обьекті таңдау және құру оны пайдалану және жабу жөніндегі, сондай-ақ қажет деп табылған қосымша салым салуды жүзеге асыру және сырттан қаржы тарту жөніндегі іс-әрекет.Инвестициялық шешімдер инвестициялық  мақсаттарына жету құралы болып табылады.Бұл көзқараспен қарағанда оптималды (тиімді) инвестициялық  шешім инвестицияның  алға қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін ең маңызды деп аламыз.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның іnvestіre - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В. Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағат-тандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Қазіргі кезеңде көптеген күрделі экономикалық процестермен ішкі және сыртқы рыноктағы азаматтар, кәсіпорындар, қаржылық институттар арасындағы қатынастарда маңызды проблема капиталды көбейту мақсатында тиімді салу, яғни инвестициялау болып табылады.

Инвестициялардың экономикалық табиғаты кеңейтілген өндіріс процесінің заңдылығымен уағдалынады және қосымша қоғамдық өнімді қоғамның өндіргіш күштерінің бүкіл жүйесінің элементтерін санды және сапалы көбейтуіне пайдалануында.

ҚР «Инвестициялар туралы» заңға сәйкес инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

 

 Инвестициялардың жіктелуі

 

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  1. инвестициялардың түрлері;
  2. аймақтық нысан;
  3. ақша құралдарын салу объектілері;
  4. инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  5. инвестицияландыру кезеңі;
  6. меншік түрлері;
  7. инвестордың қатысу түрлері;
  8. тәуекел дәрежесі;
  9. ұдайы өндіріс түрлері.

Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары