Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Банк активтерінің табыстылығын басқару - тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді. Банк активтерінің табыстылығын басқару банк пайдасын басқару арқылы жүзеге асырылады.

Банк пайдасын басқару жүйесі бір бірімен байланысты мынадай элементтерден тұрады:

  • пайданы басқаруға қатысушы банк бөлімшесін анықтау,
  • банктің пайдасын, табыстары мен шығыстарын жоспарлау;-
  • банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тәселдерін қолдану;
  • банк пайдасын ағымдағы реттеу әдістерін анықтау.

Банк пайдасын басқаруға біріншіден әртіүрле бөлімшелер: жетекші ұйымдар, департаменттер, басқармалар, бөлімдер қатынасады; екіншіден қазынашылық қатысады, үшіншіден банк бухгалтериясы, төртіншіден банктің ішкі бақылау бөлімдері қатысады.

Банк пайдасын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің пайдасын бағалау жатады.

Оның тәсілдеріне мыналар жатады:

- банктің табыстарын, шығыстарын, пайдасының көздерін құрылымдық талдау;

- банктің шығыстары мен табыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын және динамикасын талдау;

- қаржы коэффициенттері негізінде банктің қызметінің нәтижелерін бағалау;

- банктің табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау жатады.

Банк қызметін талдау банктің балансын талдауға негізделеді. Талдаудың басты бағыттарына мыналар жатады:

банк қызметінің көлемдік даму көрсеткіштерін бағалау, соның ішінде: банк активтерін, депозиттерін, меншікті капиталын, несиелерін және пайдасын бағалау. Бағалауды басқа банктердің осындай көрсеткіштерімен салыстыру арқылы банктің банк жүйесіндегі орнын немесе рейтингін анықтауға болады. Бұл талдаудың нәтижелері банктің даму стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.[1, 204 б]

Ресурстық базаны бағалау: банктің ресурстарының көлемін, құрылымын және негізгі даму ағымдарын, депозиттердің тұрақты және тұрақсыз бөліктерін анықтайды;

Банк активтерінің сапасын бағалау: банк активтерінің көлемін, құрылымын, және даму ағымын бағалау арқылы табыс әкелетін және әкелмейтін, тәуекелді және тәуекелсіз, өтімді және өтімсіз активтер құрамын анықтау. Мұндай талдау нәтижесінда банктің несиелік, ивнестициялық, активтерді және пассивтерді басқару саясаты жасалады.

Қаржылық коэффициенттерді, олардың нормативтік мәндерімен салыстыру арқылы, көрсеткіштердің өзгерісіне ықпал етуші факторларды айқындау, аквтивтер мен пассивтердің мерзімдері мен сомалары бойынша сәйкестік дәрежесін анықтау негізінде банктің өтімділігін бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банктің өтімділігін басқару саласында стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік жасайды.

Банктің табыстылығы мен пайдалылығын, активтердің тиімділігін, банк табыстары мен шығыстарының құрылымын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді есептеу көмегімен банктің балансының мәліметтері және пайдасы мен зияны туралы есебінің негізінде банктің табыстылығын бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банк табыстылығын басқару саласында саясатын жасауға негіз болып табылады.

-серіктес-банктердің қызметін  талдау және бағалау. Бұл талдаудың  нәтижелері банк үшін несиелеу лимиттерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар банктер өз қызметінің өзге де бағыттары бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде несиелік портфелді, инвестициялық портфелді, клиенттердің несиелік қабілетін, меншікті капитал жеткіліктігін, пайыздық маржаны, жекелеген операциялар мен бөлімшелердің пайдалылығын, өтімділік көрсетіштерін талдайды.

Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.

 Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық қарыздарды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа қарыздарды байланысты болады.

 Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі керек:

Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер байқалды ма?

Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?

Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?

Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарылауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз қарыздардың құрылымы қандай?

Үмітсіз қарыздарды баланстан шығару. Шығарылған ссудалардың негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?

Банктің несиелік қызметінің шығынын жабу үшін құрылған банктің жалпы резервтерінің (провизиялар) сомасы. Банктің құрған резервтерінің (провизиялар) жоғарылауы немесе төмендеуі?

Ұлттық банктің нормативті талаптарының сақталуы?

 Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан әрі дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар, банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.

Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.

Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап береді:

Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдауға жеткілікті ме?

Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?

Табыстардың тұрақтылығы қандай? Егер нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің жоғарылаған немесе төмендеген жағдайында ол тұрақты болып қалуы мүмкін бе?

Табыстылық пен рентабельділік банктің жұмысының маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Табыстылықты талдауда ең алдымен мынадай факторларды ескеру қажет:

  • банкте уақыт өткен сайын өзінің құнын жоғалтатын активтердің (құралдар, негізгі құралдар) амортизациялау тәжірибесі бар ма?
  • салық бойынша қарыздың есептелуі дұрыс жүргізіле ме?
  • салықты төлегеннен кейін акционерлерге дивидент түрінде төленген сомалардың есеп баптарында көрсетілуін тексеру.
  • Өйткені дивидент түрінде төленген таза пайданың жоғары болуы банктің пайдасының көп бөлігін өзінің капиталын көбейтуге жіберілетін бөлінбеген пайда түрінде сақтамағанын көрсетеді.
  • Берілген есеп беру мәліметтердің растығын тексерген соң, CAMEL жүйесі бойынша рейтингті анықтау үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі. Пайдалылықты талдау жылдың соңында жүргізіледі. Пайдалылықты талдау мынадай принциптерге сүйенеді. (16 - кесте)

Банктің пайдалылық көрсеткіші активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық коэффициенті болып табылады. Ол төмендегідей түрде есептеледі:

 

 

 

Кесте – 9.

 Пайдалылықты талдау мынадай  принциптері

Активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық көрсеткіштері

САМЕL жүйесі бойынша рейтингісі

1%-дан жоғары

0,75% -дан 1%-ға дейін

0,50%-дан 0,75%-ға дейін

0,25%-дан 0,50%-ға дейін

0,25%-дан төмен немесе шығындар

1. Тұрақты 

2. Қанағаттанарлық

3. Орташа

4. Шекті

5. Қанағаттанарлықсыз

Е с к е р т у – [7,9,10] әдебиеттер негізінде құрастырылды


 

Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады.

 Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:

  • шығындардың құрылымы;
  • пайыздық шығындардың көлемі;
  • пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;
  • әкімшілік шығындар;
  • Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына және есепке алу
  • тәсіліне қарай жіктеуге болады.
  • Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:
  • пайыздық шығыстар;
  • пайызсыз шығыстар;
  • басқа да шығыстар.
  • Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету және мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады.
  • Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады.

Басқа да шығыстар, банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып-сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды.

Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығыстарды мынадай түрлерге бөледі:

банктің операциондық және түрлі шығыстары: банктің төлейтін салықтарының бір бөлігі, (мүлік, жол, көлік құралдары, жер, ҚҚС, яғни бұл салықтар банктің операцияларының өзіндік құнына жатады) тартқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың және материалдық емес активтердің тозуы, жалгерлік шығыстары, жарнама, есептесу орталықтарының, пошта және телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасымалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығыстар және капиталдық емес сипатттағы басқа да шығындар;

басқару аппаратын ұстау шығыстары: жалақы, сыйлықақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды және жеңіл машиналарды ұстау, күзет үшін шығыстар, іс-сапар және кеңсе заттары үшін шығыстар, яғни олар пайызсыз шығыстарды білдіреді;

банктің төлейтін айып пұлдар, пенялары және т.б. шығыстары.

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеті. 

Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды болып екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап еткенге дейінгі депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, оларға кепілдік белгілер жатады. Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма – қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады. Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындай алу мүмкіндігін сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Ұлттық банкте және басқа коммерциялық банкте) ақша қалдықтары болуы керек, сонымен бірге; қолма – қол ақшаларға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Ұлттық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері де болуы шарт. Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін өтеу шығындармен байланысты болмауы керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату, қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылғаны өте тиімді. Банк өтімділігінің мынадай функциялары бар:

  • депозиттерді тарту және несиелерге байланысты сұранысты
  • қанағаттандыру;
  • банктік тәуекелді азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
  • активтерді зиянсыз сату;
  • тартылған қаражаттар бойынша міндеттемелерді өтей алмағанда
  • сыйақы тәуекелін шектеу.

 

 

 

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары

 

Банк балансының құрылымы банк тәуекелінiң деңгейін анықтайтын факторлардың бiрi және сонымен бiрге активтерді және пассивтерді басқару процесінiң орталық объектiсі болып табылады. Балансты талдау банктік қызметті білумен қатар ортақ саяси, экономикалық орта, клиенттер құрамы және бәсекелестiк ортаны білуді талап етедi.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары