Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау 

 

2.1 Коммерциялық банктердің  активтерін жіктеу және талдау

 

Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

  • касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
  • берілген несиелер;
  • бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
  • банктің ғимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:

  • жоғары өтімді активтер;
  • өтімді активтер;
  • ұзақ мерзімді өтімді активтер.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:

  • қолма-қол ақшалар;
  • мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
  • құйма қымбат бағалы металдар;
  • Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
  • Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген “овернайт” займдары.

Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.

Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады. [1, 475б.]

Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепіл-хат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Үкіметтің кепіл-хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.

Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:

1-топ. Алғашқы резервтер – бұл  алынатын салымдарды төлеуге  және несиеге деген өтінішті  қанағаттандыру үшін тез арада  пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:

  • Касса;
  • Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
  • Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
  • Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады. Төмендегі кестеден банктердің қазіргі активтер жағдайынкқруге болады.

 

Кесте -2.

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық көрсеткіштері (мың тг)

Көрсеткіштер

2012ж

2013ж

2014ж

Активтер

12 817 876 849

13 87 388 925

15 462 749 998

Заемдар

10 472 767 363

11 656 636 216

13 348 171 085

Мерзімі өткен берешек сомалары

5 963 325 654

4 855 123 110

4 343 906 325

Міндеттемелер

11 514 637 784

11 872 705 604

13 380 3084 573

Баланс бойынша меншікті капитал

1 303  065239

1 997 633 348

2 082 445 425

Кірістер

34 284 534

205 489 247

264 871 255

Динамикалық резервтер

123 658 236

162 3265 524

119 945 166

Ескерту: ҰБ сайтарындағы мәліметтерден алынған


 

ЕДБ активтеріндегі банкаралық салымдардың үлесі шамалы болып қалуда. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық активтері 15 462 749 998 трлн теңгені құрап отыр, шетелдік қатысуы бар ЕДБ активтерінің үлесі 2012 жылы 0,6 пайыздық тармаққа азайып, 30,2%-ды құрады. Сондай-ақ, жиынтық міндеттемелердегі шетелдік қатысуы бар ЕДБ міндеттемелері үлесі 30,6%-ға дейін ұлғайды. Бұл ретте жиынтық жарғылық капиталындағы шетелдік қатысуы бар ЕДБ үлесі 15,3,0%-дан 16,2%-ға дейін көбейді. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк секторының есептелген меншікті капиталының мөлшері 2012 жылы 117,4 млрд. теңгеге немесе 6,0%-ға өсіп, 2 072,3 млрд. теңге болды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттері k1-1 – 11,6; k1-2 – 13,6; k2 – 18,1 болды. Сонымен қатар, есепті кезеңде мыналар қолданылды:

 

 

Сурет -3.ЕДБ активтері

Ескерту-ҚРҰБ сайтынан автормен құрастырылған

 

2-ші суреттен көріп отырғанымыздай  екінші деңгейдегі банктердің  активтері былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 43,5%-ға азайған.

Жалпы алғанда банктер 2013 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік секторды кредиттеуге қатысты қалыпты ұстанымды сақтады, бұл ретте банктердің тұтынушылық сегменттегі өткен кезеңдерге тән жоғары кредиттік белсенділігі неғұрлым қалыпты белсенділікке ауысады. Мәселен, қаржылық емес ұйымдарға, негізінен ірі және орта бизнес өкілдеріне кредиттер ұсыну бәсеңдеп отыр.

Тұтынушылық кредиттеудің банктер үшін басым болып қалатынына қарамастан банктердің нарықтың осы сегментін кредиттеу ниеті өсуінің одан әрі бәсеңдеуі байқалып отыр. Бұл ретте жекелеген банктер ипотекаға мүдделігінің жоғары екенін танытты. Ағымдағы кезеңнің осы үрдістеріне бірқатар бұрынғы және сол сияқты жаңа факторлар ықпал етті: несие портфелінің нашар сапасы; теңгелік өтімділіктің дефициті; маусымдылық; тұтынушылық кредиттеудің өсуін шектеуге бағытталған реттеушілік шаралар. Нәтижесінде банктер жүргізіп отырған консервативтік кредиттік саясат ипотекалық кредиттеу нарығындағы шамалы жандануды қоспағанда, 2013 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда іс жүзінде кредиттеудің барлық бағыттары бойынша сұраныстың бәсеңдеуіне әсер етті. 2014 жылғы 1-тоқсанда банктер жалпы алғанда кредит саясатын жұмсартуды жоспарлап отырған жоқ, қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұраныстың бәсеңдеуі күтіледі, жеке тұлғалар тарапынан белсенділіктің артуы күтілмейді. Банк секторындағы тәуекелдердің сақталуы нәтижесінде банктердің қалыпты кредиттік белсенділігі корпоративтік сектордағы сараланған кредиттік саясатқа сүйенуге мәжбүрлейді.

Қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұраныстың өсуінің бәсеңдеуі нәтижесінде 2013 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда неғұрлым айқын болады.  Өткен кезеңмен салыстырғанда 4-тоқсанда банктердің аз саны корпоративтік секторды кредиттеуге ниетті екені туралы мәлімдеді: кредиттеуге ниетті екені туралы мәлімдеген банктердің үлесі 44%-дан 26%-ға дейін төмендеді . Нәтижесінде банктердің 88% кредиттік саясаттың өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді, респонденттердің 9%-ы қатаңдатылғанын және небәрі 3%-ы жұмсарғанын мәлімдеді.

 

 

Сурет-6.Несиелік портфель көрінісі

Ескерту-ҚРҰБ сайтынан автормен құрастырылған

 

Банктердің кредиттік саясатты шамалы қатаңдатуы бұрынғыша қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне және кредиттер бойынша қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың артуына әсер етті. Банктердің кредиттік белсенділігінің жоғары болмауы корпоративтік портфель сапасының төмен болуымен, ресурстардың дефицитімен, оның ішінде «Жол картасы-2020» кредиттеу бағдарламасы шеңберінде мемлекет тарапынан қаржыландырудың жетіспеумен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алғанда, корпоративтік сектор тарапынан кредитке сұраныстың ұлғаюын атап өткен банктердің пайызы 56%-дан 44%-ға дейін азайды. Айналым қаражатын қаржыландыруға сұраныс негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға қарағанда неғұрлым жоғары (2-диаграмма), бұл сондай-ақ экономиканың нақты секторының 2013 жылғы 4-тоқсандағы мониторингінің нәтижелерімен расталады.

Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.

 

Кесте-3.

ЕДБ-дің активтер жіктелімі (мың тг)

 

2012ж

2013ж

2014ж

Негізгі борыш

6 957 293 463

7 733 342 754

7 733 342 754

Күмәнді несиелер бойынша  провизиялар

1 171 858 412

883 069 226

5 178 600 378

1-санаттағы күмәнділер

1 682 923 654

1 664 218 462

1 664 218 462

2-санаттағы күмәнділер

692 721 190

740 308 949

1 389 951 278

3-санаттағы күмәнділер

1 315 309 273

1 389 915 278

1 389 951 278

4-санаттағы күмәнділер

431 967 408

495 983 461

495 983 461

5-санаттағы күмәнділер

1 489 483 346

888 138 228

888 138 228

үмітсіздер

2 632 221 172

3 573 614 862

3 573 614 862

Ескерту: ҰБ сайтарындағы мәліметтерден алынған


 

2014 жылғы 20 наурыз айында банктердің акцияларын сату мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағдарламасының аясында іске асырылып жатыр. Жақында АҚ «Самрұқ қазына» мен Булат Утемуратов «Темір банк»АҚ-ның жәй акциялары 79,88% , 35,7 млрд және 16,00 % және  «Альянс банк» АҚ-ның  1,5 млрд теңгеге артықшылығы бар акцияларының сатып алу келісімін аяқтады. «Темір банк»АҚ 2010-2012 жылғы бөлінбеген табысы салдарынан «Самрұқ қазына» АҚ-наға9,1 млрд теңге дивидент төледі. Келісімнің нәтижесінде  «Самрұқ қазына» АҚ-мы «Альянс банк» АҚ-ның  51 % жәй және артықшылығы бар акциялар пакетін сақтап отыр. Жалпы қаржылық институттарын сату  қазақстан банк секторының қаржылық тұрақтылығын кұшейтеді деген үмітте. «Темір банк»АҚ мен «Альянс банк» АҚ-ның  акцияларының сатылуы осы банктер үшін сауықтыру және қалыптастыру болып табылады деп жариялайды Б. Утемуротов. «Самрұқ қазына» АҚ-мы осындай бірігу процестерінен өткен банктерді қолдайтынын білдіреді. Банкирлердің басты мақсаты банк капиталының қайта құру болып табылады бірақ осының бәрі қайта құрылымдау процестері арқылы іске асырылады. Альянс банк пен Темір банктің бірігуі екі банк үшін тиімді, себебі осы банктерге жеткілікті мөлшерде инвестиция тартылған, осыған байланысты Темір банктің қаржы нарығында өмір сүруі ықтималдылығы артады. Сондай-ақ Келимбетов өз сөзінде банктердге талап қоюда: банктер өз капиталдарын 10 млрд тан 100 млрд-қа жеткізу керектігін айтты, болмаса банктер бір –бімен бірігуі тиіс деген тұжымдама айтты. Осыған байланысты банк секторындағы қаржы институттар әліде бір –бірімен бірігеді. 2015 жылдың 1 қаңтарында банктік жүйе  банктік қадағалаудың Базель- 3 талаптарына ауысады деп жариялайды. Қазақстанда 38 банк бар оларды 3 топқа бөдуге болады: жүйеқұраушы банктер, орта және ұсақ банктер. Қазақстанда жүйеқұраушы 2 банк бар олар Халық банк және БТА мен Казкоммерцбанк.

 

Кесте -4.

2014 жылғы несиелерге провизиялар  қалыптастыру жөніндегі есеп(мың тг)

АКТИВТЕР МЕН ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТОБЫ

Негізгі борыш

Барлық қажетті провизия сомасы

Нақты жасалған провизиялар сомасы

Қажетті провизия сомасының нақтыдан[+], нақтының қажеттіден [-] асып кетуі

Қамтамасыз ету құны

 

1

3

4

5

6

1.  Cтандартты 

7 733 342 754

0

366 978

915 562

9 215 039 530

2. Күмәнді:

5 178 600 378

870 404 328

883 069 226

104 004 487

6 668 445 725

  1) 1 санатты күмәнді  - төлемдерді  уақтылы және толық жасаған  кезде 

1 664 218 462

58 449 245

64 924 973

26 912 397

2 654 720 203

  2) 2 санатты күмәнді  - төлемдерді  кешіктірген және толық жасамаған  кезде 

740 308 949

58 850 522

59 206 626

22 200 865

773 540 739

  3) 3 санатты күмәнді  - төлемдерді  уақтылы және толық жасаған  кезде 

1 389 951 278

261 183 496

251 771 783

20 503 740

1 655 801 988

  4) 4 санатты күмәнді  - төлемдерді  кешіктірген және толық жасамаған  кезде 

495 983 461

122 346 955

120 963 073

3 219 996

426 339 698

  5) 5 санатты күмәнді 

888 138 228

371 303 623

386 202 771

31 494 418

1 158 043 097

3. Үмітсіздер 

3 573 614 862

3 560 314 000

3 424 501 933

143 604 944

4 600 448 727

Барлығы  ( 1+ 2 + 3 )

16 485 557 994

4 430 718 328

4 307 938 137

248 524 993

20 483 933 982

Ескерту-ҚРҰБ сайтынан автормен құрастырылған 

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары