«Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 19:35, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының теориялық аспектілері....................8
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты.........................................................................................................................8
Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары..............................14
Қаржылық стратегияның қалыптастыру кезеңдері мен механизмі................21
2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау..................35
2.1 «Восток Молоко» корпорациясының баланс құрамы мен құрылымын талдау..........................................................................................................................35
2.2 Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау.................42
2.3 «Восток Молоко» корпорациясының іскерлік белсенділігі мен тоқырауға ұшырауын талдау......................................................................................................48
«Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру........51
3.1 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегия матрицасын қолдану.......................................................................................................................51
3.2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын оңтайландыру.............................................................................................................55
3.3 Жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігі.........................................59
Қорытынды................................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ........................

Вложенные файлы: 1 файл

касипорннын қаржылық.doc

— 746.50 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы келесілерді қамтиды:

  • қаржылық ресурстарды тиімді қолдану мен қалыптастыру;
  • инвестициялар мен шоғырландырылған қаржылық ресурстардың тиімді  бағыттарын анықтау;
  • кәсіпорынның материалдық мүмкіндіктері мен экономикалық жағдайдың қаржылық қызметіне сәйкестігі.
  • бәсекелестіктердің үстемдігіне жету маневрлігі мен қаржылық қызмет бағыттарын дұрыс таңдау, бәсекелестіктердің  жағдайынан негізгі қауіпті анықтау;
  • стратегиялық резервтерді дайындау мен құру;
  • мақсатқа  кезең бойынша жету.

Қаржылық стратегия мәселелері:

  • қаржылық мүмкіндіктерді тимді қолдану әдістерін анықтау;
  • үшінші тұлғалар мен перспективалы қаржылық қарым қатынасын анықтау;
  • инвестициялық және операциялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету;
  • ықтимал бәсекелестердің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін зерттеу, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жүргізу.

Қаржылық жоспарлау негізі ретінде қаржылық стратегияны жүзеге асыру мен өңдеу келесі құралдарды қолданыға негізделеді:

  • қаржылық басқару – қаржылық талдау, бюджеттеу, қаржылық бақылау;
  • қаржылық қызмет нарығы – факторинг, сақтадыру, лизинг.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі көрсеткіштерді анықтайды, пропорциялар мен кеңейтілген темпте және кәсіпорынның басты мақсатының негізгі формасы болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспары- бұл көп өнімдер мен тауарлардың бағыттарын анықтайды, сұранысқа ие және дайын өнімді өткізу, қаржылық ресурстарды бөлу мен қаржыландыру көздерін таңдау, сондай-ақ жеке қаржылық іс шараларды (төлемдер, сметанынң орындалуы, жұмысшылардың еңбекақысы)(6 сурет) жүзеге асыруды бақылау.(38)


 

Сурет 6. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың жалпы схемасы

 

Қаржылық жоспаралау жоспарлардың ерекше түрі ретінде көрсету келесілермен шартталған:

  • өндірістің материалды-заттай элементі ретінде ақша қаражаттардың қозғалысының қатысты жауапкершілігі;
  • өндіріске ақша бөлумен байланысты активтер;
  • қаржылық ресурстарды бөлуде басқарушылық шешімдерді қабылдау қажеттілігі.

Қаржылық жоспарлаудың күрделі схемасы көптеген мәселелерді шешу қажеттілігімен шарттасады, сонымен қатар жоғарыда аталған жалпы схемадан басқа қаржылық бағытталған жоспар болады. Олар:

  • ғылыми зерттеу мен тәжірибелі конструкторлық жұмыс жоспары, өндіріс, өткізу, материалды-техникалық және қаржылық жоспарлау;
  • өндірістік бөлімшелердің, еншілес кәсіпорындар, холдингтердің  қаржылық жоспары.

Қаржылық жоспарлау білім мен материалдарды, еңбек және ақша ресурстарын қолдану бойынша қажетті бақылаумен қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін жағдай жасау. 
Ол шаруашылық қызметті жоспарлау мен байланысты және  жоспардың басқа да көрсеткіштерінен тұрады (өткізу мен өндіру көлемі, өндірістің сметалық шығындары, капитал салымының жоспары және т.б.). Бірақ қаржылық жоспарлауды жасау  қаржылық көрсеткіштерді қарапайым арифметикалық жолмен қайта есептеу ғана емес.

Жобаның қаржылық жоспаралауды құрастыру процесінде өндірістік жоспар көрсеткіштеріне творчествалық әдіс қолданады. Ішкі қаржылық резервтерді ескермегендер мен кәсіпорынның өндірістік потенциалын тиімді қолдану әдістерін анықтау, материалдар мен ақша ресурстарын рационалды жұмсау, шығарылатын өнімнің тұтынушылық құрамын жоғарлату және т.б.

Қаржылық жоспарлауды құрастыру мен өткізілген өнімге өнімді өткізуден түскен табыс, ақша жинақтары, амортизация, қаржыландыру көздері мен көлемі, жоспарланған кезеңдегі инвестициялар, айналым қаражаттарына қажеттілігі мен оларды жабу көздері, табысты қолдганумен қайта бөлу, бюджет, банкпен арақатынастарға кететін шығындармен байланысты анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспары келесі мақсатты бағыттары бар:

1) кәсіпорынның қызметін  ақша қаражаттар мен қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;

2) негізгі қызметтен және  басқа да қызметтерден түскен  табысты ұлғайту;

3) кредиторлар мен дебиторлар, банктермен, бюджеттік емес қорлармен, бюджетпен қаржылық қарым қатынасты ұйымдастыру;

4) шығындар мен кірістердің  нақты баланысталуын қамтамасыз  ету;

5) қаржылық тұрақтылық  пен төлем қабілеттілікті қамтамасыз  ету.

Қаржылық жоспарлауда жобаны құрастыру процессінде мақсатты әдістерді қолданады: экономикалық талдау мен синтез, экстропаляция, тура шотта, нормативті, көп нұсқалы, баланыстық.

Нарықтық экономикалық жағдайда кәсіпорынның қаржылық перспективалық мүмкіндіктері мен қаржылық жағдайдың даму тенденциясын анықтаудың объектівті қажеттілігі туындайды.

Қаржылық стратегияны құрастыру -  бұл экономикалық дамудағы жалпы стратегияның бөлігін және ол оның бағыттары мен мақсаттары сәйкес келеуі керек. Сонымен қатар,  қаржылық стратегия кәсіпорынның жалпы экономикалық стратегиясына бір қатар әсерін тигізеді, себебі кәсіпорынның стратегиясының дамуы қаржылық нарықтың қаржыны жұмсауды ғана емес макро деңгейдің де өзгеруіне байланысты.

Ішкі корпоративтік қаржылық құралдардың стратегиясының дамуын қаржылық жсопарлау әдісі мен кәсіпорынды  басқару: «икемді бюджет», сатудан түскен пайыз, залалсыздықты талдау, шығынндарды басқару және ситуациялық жоспармен қамтамасыз ету.

«Икемді бюджет» әдісі – жобаның бағдарламалық дамуына кеткен капиталдың шығындарды фиксирленген сомада емес, нормативтік шығындар түрінде, кәсіпорын қызметін базалық көрсеткіштері ретінде анықтау арқылы қолданылады.

Сатудан түскен пайыз әдісі жоспарланған сату көлемі мен әр бір жоспарланған бюджет элементінен түскен табыс деңгейі  қолданылады.

Залалсыздық әдісі – залалсыз нүкте әдісі  арқылы жүзеге асады:

  • залалсыздық шартын қанағаттандыратын өндіру мен өткізу көлемін анықтау.
  • сату көлемі, баға, шығындардың есебінен ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлардың икемділігін қамтамасыз ету үшін табыс көлемін анықтау үшін ақпарат алу.

Шығындарды басқару әдісі – оның негізінде 3 принципке негізделеді: жартылай фабрикат әдісі арқылы шығынды есептеу, жеке өндірістік бөлімдердің мотивацияларын қолдану және кәсіпорынды экономикалық басқару қызметтерін жүйелендіру.

Қаржылық механизм-кәсіпорынның  өндірістік-коммерциялық қызметін басқарудың экономикалық механизмінің негізгі бөлігі болып табылады.  
З.А. Круш пен Л.В. Лущиков (46, б. 216) қаржылық механизмге келесідей анықтама береді, қаржылық механизм дегеніміз- бұл қаржылық әдістер мен қржылық тұтқамен кәсіпорнның экономикалық қарым-қатынастар жүйесін басқару.

З.А. Круш пен Л.В. Лущиков коммерциялық ұйымдардың қаржылық механизмдерінің негізгі элементтеріне келесілерді жатқызады: қаржылық қарым-қатынас, қаржылық әдістер, қаржылық тұтқа, құқықтық, нормативті және қаржылық механизмді ақпарттық қамту.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе қаржылық стратегияны қалыптастыру  механизміне келесідей анқытама беруге болады.  
Қаржылық стратегияны қалыптастыру механизмі дегеніміз кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалптастыру мен жүзеге асыру мақсатында қаржылық әдістер мен қаржылық тұтқамен кәсіпорынның экономикалық қарым-қатынастар жүйесін басқару.

 

Кесте 1

Қаржылық стратегия матрицасы

 

ҚҚН ≥ 0

ҚҚН = 0

ҚҚН ≤ 0

ШҚН≥0

  1. «Жанұының отағасы»

ҚШҚН = 0

4. «Рантье»

  ҚШҚН > 0

6. «Аналық қоғам»

ҚШҚН > 0

ШҚН=0

7.«Эпизодтық тапшылық»

  ҚШҚН < 0

  1. «Тұрақты теңгерілім»

ҚШҚН = 0

5. «Шабуыл» 

ҚШҚН > 0

ШҚН≤0

9. «Тоқырау»

ҚШҚН < 0

8. «Дилемма»

ҚШҚН < 0

  1. «Тұрақсыз теңгерілім»

ҚШҚН = 0


 

Кәсіпорынның қаржылық  стратегиясын қалыптастыру үшін біз 1 кестеде көрсетілген қаржылық стратегия матрицасын ұсынамыз. Бұл матрица  
Ж. Фрашон мен И. Романемен шығарылған  және Е.С. Стояновамен (63, б.398-406), З.А. Круш пен Л.В. Лущиков (46, б. 179-182) толық сипатталған.

Кәсіпорының қаржылық стратегия матрицасында орналасуын бағалау негізгі 3 көрсеткіштерге негізделеді. Олар:

  1. кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі (ШҚН) – бұл  қаржылық қызмет нәтижесінде қалған ақша қаржаттар. Бұл көрсеткіштің мәні негізгі шаруашылық қызметке  кіретін барлық кешенді операциялардың нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігінің деңгейін көрсетеді.

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі (ШҚН) = Брутто – инвестицияны қолдану нәтижесі (БИҚН) – Қаржылық тұтынуды қолдану өзгерісі (ҚТҚ) -  Өндірістік инвестициялар + Қарапайым мүлікті сату

 

мұнда, ШҚН

 

Брутто – инвестицияны қолдану нәтижесі (БИҚН) = Қосылған құн  - Шегерілген еңбекақы төлемдері;

 

Қосылған құн = Шегерілген еңбекақы төлемдері + Өзіндік құн есебінен бюджетке төлемдер + Амортизация + Несие үшін пайыздық төлемдер сомасы + Салық салуға дейінгі табыс;

 

Қаржылық тұтынуды қолдану өзгерісі (ҚТҚ)  = жыл соңындағы қаржылық тұтынуды қолдану (ҚТҚ ж.с.) – жыл басындағы  қаржылық тұтынуды қолдану (ҚТҚ ж.б.);

 

Қаржылық тұтынуды қолдану (ҚТҚ) = Қорлар + Дебиторлық берешек – Кредиторлық берешек.

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің оң нәтижесі кәсіпорын үшін жаңа технологияны енгізуге, қаражаттарды басқа да қызмет саласына инвестициялауға мүмкіндік береді;

 

  1. Қаржылық қызметтің нәтижесі (ҚҚН) = кәсіпорнның  талданып отырған кезеңдегі тартылған қаражаттарының өзгерісі (өсім +, төмендеу -) -  Несие үшін пайыздық төлемдер сомасы -  Табысқа салынтын салық - Төленген дивиденттер + Акцияны эмиссиялаудан алынған сомма - басқа да кәсіпорындардың жарғылық қорына салынған қаражаттар - басқа да ұзақ мерзімді қаржылық салымдар + еншілес кәсіпорындардың табыстарынан алынған шегерімдер + басқа да ұзақ мерзімді қаржылық салымдардан алынаған табыс

 

Қаржылық қызметтің нәтижесі көрсеткіші кәсіпорынның қаржылық саясатын көрсетеді, яғни тартылған қаражаттар болсада қаржылық қызмет нәтижесі оң мәнде болау мүмкін, ал тартылған қаражаттар болмаса – теріс. 
Басқаша айтқанда, қаржылық қызмет нәтижесін жоғарлату үшін тартылған қаражаттар көлемін көбейту керек.  Ал тартылған қаражаттар азайған соң қаржылық қызмет нәтижесіде салықтар мен пайыздық төлемдер бойынша шығындарың әсерінен қайта төмендейді. Қаржылық қызметтің нәтижесінің теріс мәні тек қаржылық қызмет нәтижесінің шартты оң нәтижесі арқылы жабыла алады.

  1. Кәсіпорнның қаржылық – шарушылық қызмет нәтижесі (ҚШҚН) - шаруашылық және қаржылық қызметінің сомасы.  
    Кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесін, қаржылық қызмет нәтижесін және қаржылық-шаруашылық қызметтің қосарланған соммасының нәтижесін талдау кәсіпорынның қаржылық және шаруашылық-инвестициялық  қызметінің нәтижесінде ақша қаражаттарының көлемі мен динамикасын анқтау үшін қажет.  Бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін өтей алатынын, дивиденттерін төлеу, негізгі құралдарға инвстиция салу, ағымдағы қаржылық тұтынушылық қажеттіліктерін жабу, яғни болашаққа жеткілікті ақша ағымының болуы (табыстардың шығындардан жоғары болуы).

Сонымен, шаруашылық қызмет нәтижесінің мәні мен қаржылық қызмет нәтижесінің мәнін біріктіріп кез келген кәсіпорынның қаржылық стратегия матрицасында орналасуын анықтауға болады:

  • тұрақтылық зонасында – 1 «Жанұяның отағасы», 2 Тұрақты теңгерілім», 3 «Тұрақсыз теңгерілім»;
  • табыс зонасында – 4 «Рантье»,  5 «Шабуыл»,  6 «Аналық қоғам»;
  • немесе тапшылық зонасында – 7 «Эпизодтық дефицит», 8 «Дилемма», 9 «Тапшылық».

Информация о работе «Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру