Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 00:08, дипломная работа

Краткое описание

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.(1.77.)

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………...................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ………………………..……...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………...………74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79

Вложенные файлы: 1 файл

дипломный.docx

— 114.35 Кб (Скачать файл)

Тергеушінің  өкілеттіктерін  жүзеге  асырумен  қатар  тергеу  бөлімінің  бастығы  қылмысты   ашу  және  алдын    алу  жөнінде  өзіне  бағынышты  тергеушілердің   іс  қимылының  уақытылы  болуына  бақылау  жасауды  жүзеге   асыруға,  қылмыстық  істер   бойынша    алдын  ала  тергеуді  мейлінше  толық,   жан-жақты  және  обьективті  түрде   жүргізілуіне   шаралар  қабылдауға  міндетті.  Осы  функцияларды  орындау  үшін   заң  шығарушы  оны   арнайы  өкілеттіктермен   қамтамасыз   етті, ол  мынадан  көрінеді,   тергеу  бөлімінің    бастығы  қылмыстық    істерді  тексеруге  алдын   ала  тергеуді  жүргізу  туралы,   сондай-ақ,   жекелген   тергеу   істерін  жүргізу  туралы  тергеушіге  нұсқаулар  беруге,   істі  бір  тергеушіден  екінші  бір  тергеушіге  беруге,  қылмыстық  істі  тергеу  жұмысын  бір  емес  бірнеше  тергеушіге  тапсыруға  құқығы болады.  Сонымен  қатар,  өзі  де  алдын  ала  тергеу   ісіне  қатысуға   және  алдын   ала  тергеуді  жеке   жүргізуге  құқылы.

Тергеушінің  іс  жүргізуіне   заң   тұрғысынан  дербестік  берілуі   және   іс  бойынша   ол  өзі   қабылдайтын   барлық    шешімдер   үшін   жауапкершілік  жүктелуі - өзіне  бағынышты  тергеушінің  қызметіне  бақылау  жасауды  жүзеге  асыру  жөніндегі  тергеу  бөлімі  бастығының   өкілеттіктерінің  шегі  туралы  мәселені  анық  ажыратып     бере   алмайды.  Бұл   мәселенің  екінші  жағы   тергеу  бөлімі   бастығының  өкілеттілігін  және  прокурордың  өкілеттілігін  саралауға  байланысты.  Бұл  жерде  негізгі   өлшем,   біздің  көзқарасымызша, прокурор  өкілеттіктерінің   мазмұны   болып    табылады,   өйткені   бұл – олардың   негізгі   функционалдық   бағытына  -  заңдылықтың  сақталуын    қадағалауды  жүзеге  асыруға   байланысты    жан-жақты  әрі   мазмұнды   болып  келеді.

Мәселен   прокурор  айыпталушыға  қатысты   заңда   көзделген    кез  келген    бұлтартпау   шараларын    таңдау  туралы   нұсқаулар   беруге  құқылы  болса,   ал  тергеу   бөлімі   бастығының  осы  тұрғыдағы  өкілеттіктері  прокурор  санкциясын  талап   етпейтін  бұлтартпау  шараларымен   ғана   шектеледі.    Заң   бұзушылықты   анықтаған   жағдайда  тергеу  бөлімінің  бастығы   тергеушіге    нұсқаулар   береді.  Ал,  мұндай   жағдайда  прокурор  өзінің   қаулысымен   тергеушінің  де,  тергеу  бөлімінің  бастығының  да   шешімдерін   жоққа  шығаруға   құқылы. Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  197-бабының   негізінде   прокурор,  егер   тергеуші   іске  қатысушылардың  немесе   басқа  да  азаматтардың  құқықтарын  бұзуға  елеулі  түрде  жол  берген,  тергеудің  заңсыз   әдістерін  қолданған   жағдайда   немесе   оның   іске   салақ   қарауы   немесе  біліксіздігі  себеп  болса,  немесе   тергеудің  нәтижелеріне  жеке  өзінің  мүдделілігі   байқалған    жағдайда  тергеушіні  алдын   ала  тергеу   жүргізуден  босатуға  құқылы.   Тергеу  бөлімі  бастығының  мұндай  құқығы  жоқ. Осы  орайда  тергеушіні  тергеуді   әрі  қарай  жүргізуден    босату  құқығын  Э.И.Воронин  әділетті  түрде    былай  деп  атап  өтеді: «прокурордың  ерекше  құқығын   білдіреді» және  тергеуді   одан   әрі   жүргізуден «босату»  ұғымы  және  «істі    бір  тергеушіден  екіншісіне   беру  ұғымы  терминологиялық  тұрғыдан   ғана    емес,   мазмұны  жағынан  да  ерекшеленеді,   заң   шығарушы  олардың  әрқайсысына  осындай  сипат берген”(8.77)

Бұл   орайда  істі  бір    тергеушіден  екіншісіне   беру   деген  сөз  бұл  құқықты  кім  жүзеге  асыратынына  байланысты  әр  түрлі  мағынаны   білдіреді.    Егер  бұл  іс – қимылды  тергеу   бөлімінің  бастығы   жүзеге   асырса,   онда   мұның  өзі   біріңғай   ұйымдастыру  -   басқару  мақсаттарын  көздейді:   бағынышты  тергеушінің    тергеліп   жатқан  істердің  саны   мен   көлемі    тұрғысынан   жұмысы   көп   болса,   және    жұмысты  біркелкі   бөлу   үшін   бөлім   бастығы    істердің   бір  бөлігін  екінші  тергеушіге   береді. Прокурор  жүзеге  асыруға   тиіс   істі  бір  тергеушіден  екіншісіне  беруді  қадағалау  функциясын  орындауда  тергеуші  жол  берген  заң  бұзушылықты  дұрыс  жолға  қоюы  керек.

Тергеу  бөлімі  бастығының  бағынышты  тергеушінің  қызметіне  процессуалдық   бақылауын  былай  деп   айқындауға  болады:  «…қылмыстарды   табысты   тергеу  мен алдын алу және   тергеушілер алдында тұрған  міндеттерді   орындауды жеңілдету   үшін  оңтайлы   жағдайларды жасауға бағытталған шаралар кешені».(8.77.)

Тергеу  бөлімі  бастығының процессуалдық  бақылау  қызметіне  мыналар  жатады:

-қылмыстық іс қозғаудың  уақытында  болуын  әрі  негізділігін  тексеру; -алғашқы  тергеу  іс-қимылдарын  жүргізудің  нәтижелілігін және  олардың қылмысты  ашу  мен       тергеудің  маңызын  анықтау;  күдік  тудырушыны   ұстаудың  заңдылығы  мен   негізділігін   таңдап  алынған  бұлтартпау  шараларының  оларды  қолданудың   процессуалдық  шарттарына  сәйкестігін   анықтау;  айыпталушы  ретінде   адамды  жауапқа  тартудың  заңдылығы  мен      негізділігін  тексеру; алдын  ала  тергеуге  қатысушылардың   процессуалдық   құқықтарын  қамтамасыз  етуді   талдау;  заң  бұзушылықтарды  жою; қажет  болған  жағдайда  істі  тергеудің  жан-жақтылық, толықтылық  және  обьективтілік   талаптарын  орындау  жөніндегі   шараларын   қолдану; келтірген   материалдық  зиянның  орнын   толтыруды  қамтамасыз  ету   мақсатында  тергеуші  қабылдаған  шаралардың  сәйкестігін  анықтау; іс  жүргізуді  тоқтата  тұру  немесе  қысқарту  туралы тергеуші  қаулысының  заңдылығы  мен  негізділігін  тексеру.

Бірқатар  зерттеушілер  мәселен,  И.Гуткин, Ф.Лопушанский, А. Чувилев,Ю.Белозеров  тергеу  бөлімі  бастығының  өкілеттіктері  ретінде  көрсетілмесе  де,  оның  процессуалдық  жағдайының  мәнінен  туындайтындай  тергеушіні  басқару  жөніндегі  бірқатар процессуалдық  іс-әрекеттер  орындайтындығын  атап  өтеді. Олар,  осындай  іс-әрекеттер  қатарына, мәселен, тергеушінің  анықтау  органдарымен  өзара  іс-қимылы  туралы,  қылмыстың  жасалуына себепші  болған себептер  мен   жағдайларды  зерттеу  туралы ,  қылмысты  ашуға  жұртшылықты  тарту  туралы  нұсқауларды беруін  жатқызады.

Заң тергеу  бөлімі  бастығының  өз  өкілеттіктерін   жүзеге  асыру  нысанын  белгілейді. Қылмыстық  іс  бойынша  барлық  нұсқаулар  жазбаша  түрде  беріледі.

Тергеу бөлімі   бастығының процессуалды  өкілеттілігін  екі  топқа  бөлуге болады. Бірінші  топты  нақты  қылмыстық  істі тергеудегі  процессуалдық  бақылау   тәсілдері  құрайды. Екінші  топқа  оған  бағынышты  тергеушілерді  процессуалды  басқаруға  бағытталған  тәсілдері  жатады. Э.И.Воронин   ұсынған  осы  саралау  заңның  қаралып  отырған  бөлігіндегі  ережелеріне  анағұрлым  толық  жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тергеу бөлімінің бастығы.(9.77)

Тергеу бөлімінің бастығы  – алдын ала тергеуді жүзеге асыратын  органның  тергеу  бөлімшесінің бастығы  мен өз құзіреті шегінде  іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.



 



 










 








 

 

 

Тергеуші.  Тергеушінің өкілетіктері, оның  алдын ала тергеу  жүргізу   функцияларынан  ажыратылмайды, оның  үстіне олар,  тергеу  бөлімі  бастығының  процессуалдық жағдайымен    өзара байланыста  қаралуы тиіс.Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеуші - өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді  жүзеге асыруға өкілетті лауазымды адам. Ішкі істер органдарының  тергеушісі, ұлттық  қауіпсіздік органдарының  тергеушісі, қаржы полициясы органдарының тергеушісі болады. Тергеуші заңмен көзделген   жағдайларда әртүрлі өкілеттіктерге ие. Тергеушінің процессуалдық   жағдайын  қылмыстық ізге  түсу  органының ұғымымен  байланыстыру  керек. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 14-бөлігінде көрсетілгендей  қылмыстық ізге  түсу  органдарын  тергеуші де жатқызылған.  Осы жағдай  алдын ала тергеу органын сипаттайтын, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының  қатысушысы ретінде қаруға итермелейді.

Қылмыстық сот ісі қатынастарына  қатысушы ретінде тергеушінің тұлғасын түсіну үшін анағұрлым маңызды принциптер  мыналар болып табылады: заңдылық,жариялылық, азаматтардың тегіне және әлеуметтік жағдайына, нәсілдік және ұлттық болмысына, діни сеніміне қарамастан зхаң алдында  теңдігі; тергеудің ұлттық тілде  өтуі, тұлғаға, тұрғын үйге, жеке өміріне, хат-хабар-алысуына, телефонмен болатын  әңгімелердің  және телеграфтық  хабарлардың құпиясына қол сұқпаушылық, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтылығы, обьективтілігі; алдын  ала тергеуге қатысушылардың заңды  құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;кінәсіздік презумпциясы; алдын ала тергеу  ісін жеделдетіп жүргізу; тергеушінің  іс жүргізушілік дербестігі және жауапкершілігі; қылмыстарды ашу мен тергеуге қатысуға жұртшылықты тарту.

Тергеушінің негізгі мақсаты-істі тергеу болып  табылады. Заң әдебиеттерінде  “істі тергеу” ұғымы   “анықтау”,   “қарау”,    “зерттеу”  ұғымдарымен  үндес, бірақ  тергеушіге  қатысты  «айыптау»,  “қорғау” ұғымы жоқ  және болуы да  мүмкін  емес. Тергеуші өз жұмысын  айыптауға немесе қорғауға  емес, шындықты анықтауға бағыттайды.

Тергеуші істің жағдайын  жан-жақты, толық және обьективті  зерттеуге ол үшін  барлық  шараларды  қолдануға, оның  қылмыс  жасағандығын  көрсететін  жеткілікті  дәлелдер   жиналған  адамдарға  қатысты  айыпталушы  ретінде  тарту, айып тағу,  қылмыстардың жолын кесу шарасын  таңдап алу, айыптау қортындысын  жасау  жолымен  қылмыстық  ізге  түсуді  жүзеге  асыруға  міндетті.Тергеуші алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті болып табылатын  қылмыс  белгілері болған  кезде  анықтау  органы  қылмыстық іс қозғауға  және  қылмыстың  ізін  анықтау  мен  бекіту жөніндегі  кейінге  қалдыруға   болмайтын  тергеу  іс  әрекеттерін:  қарауда,  тінтуді,  алуды,  куәландыруды, сезіктілерді  ұстау мен  олардан  жауап  алуды,жәбірленушілер  мен   куәлерден  жауап  алуды   жүргізуге  құқылы. Анықтау органы  байқалған  қылмыс пен қылмыстық  іс  қозғалғаны  туралы  прокурорға  дереу  хабарлайды.

Кейінге  қалдыруға  болмайтын  тергеу іс әрекеттерін орындағаннан  кейін, бірақ іс  қозғалған  күннен  бастап, бес тәуліктен  кешіктірмей  анықтау органы істі  тергеушіге беруге  беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың  ішінде  прокурорға  жазбаша хабарлауға міндетті.  Істі  тергеушіге  бергенне кейін  анықтау  органы ол  бойынша  тергеу іс әрекеттерін  және жедел іздестіру шараларын  тек тергеушінің тапсырмасы  бойынша  ғана жүргізе алады.  Қылмыс жасаған  адамды  анықтау  мүмкін  болман  істі  тергеушіге  берген   жағдайда  анықтау органы  қылмыс  жасаған    адамды  анықтау  үшін  іздестіру  шараларын  жүргізуге,  тергеушіге  нәтижелер туралы  хабарлауға  міндетті.

Тергеуші,  заңда  прокурордың  санкциясын  немесе  соттың  шешімін  алу  көзделген  жағдайларды  қоспағанда, тергеудің  бағыты мен  тергеу  іс   әрекеттерін  жүргізу  туралы  барлық  шешімді  дербес  қабылдайды  және  олардың    заңды және  уақытылы   үшін  толық  жауапты  болады.  Тергеушінің  қызметіне  заңсыз  араласу  қылмыстық  жауаптылыққа  әкеп  соқтырады.  Егер,  тергеуші,  тергеуіндегі  ісі  бойынша  прокурордың  нұсқауларымен келіспесе, онда жоғары  тұрған  прокурорға  шағымдану  құқығына  ие болады.

Тергеуші  өз  тергеуіндегі  істер  бойынша  анықтау органдарының  тергеліп  жатқан  іске  қатысты  жедел-іздестіру  материалдарымен  танысуға, тергеу  іс-әрекеттерін  жүргізу  туралы  тапсырмалар  мен  нұсқаулар беруге  және  олардан  тергеу іс-әрекеттерін  жүргізуге  жәрдемдесуді  талап  етуге  құқығы бар.

Сонымен қорыта келгенде, қылмыстық  іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің іс жүргізушілік қызметі туралы ғылымдағы негізгі  дау тергеушінің сот ісін жүргізудегі  функциялары туралы мәселенің төңірегінде  өрбіді. Н.А.Якубовичтің пікірі бойынша  тергеуші үш функцияны ғана жүзеге асырады,олар:қылмысты ашу,ізге түсу, алдын  алу.10

Аталған осы үш  функцияға  А.М.Ларин тағы екеуін қосты, олар мыналар: іске қатысушы адамдардың өз құқықтарын жүзеге асру мүмкіндігін қамтамасыз ету;тергеуге процесуалдық басшылық жүргізу.  Мұндай көзқарастың ішкі қайшылықтары да бар.  Мәселе  мынада: іске қатысушы адамдардың  құқықтарын  қамтамасыз ету, сондай-ақ тергеуге іс жүргізушілік  басышылық жасау – принциптер болып табылады. Және де біріншісі – жалпы іс  жүргізушілік принцип,  ал екіншісі – тергеуші қызметі принципінің құрамдас бөлігі, ол тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі мен жауапкершілігінен көрінеді.

 

Тергеушінің өкілеттігі.(11.77)





 



 



 


 


 



 

 


 


 


 

 





 

 


 

 

 

 

 

2.3.Анықтау органы. Анықтаушы.

Анықтау – анықтау органдарының заңмен белгіленген  өкілеттік  шегінде істің мән-жайының  жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту, және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық  жауапқа тарту жөніндегі сотқа  дейінгі қызметінің іс жүргіз нысаны болып табылады.

Заң  шығару анықтау органдарының  егжей-тегжейлі тізбесін  белгілейді.     Оларға мыналар жатады:

1.ішкі істер органдары;

2.ұлттық қауіпсіздік органдары;

3.қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша- әділет органдары;

4. қаржы полициясының  органдары;

5.контрабанда және кеден  төлемдерін төлеуден жалтару  туралы істер бойынша - кеден  органдары;

6.Қазақстан Республикасының  қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының  басқа да әскерлері мен әскери  құрамаларында шақыру немесе  келісім-шарт  бойынша әскери  қызметін атқарып жүрген  қызметшілер;  әскери жиындарды өткеру кезінде  запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің  құрамалардың,  мекемелердің азаматтық  қызметкерлері, олардың қызметтік   міндеттерін  атқаруына байланысты  немесе осы бөлімдердің, құрамалардың  және мекемелердің орналасқан  жерінде жасаған  барлық  қылмыстары  туралы істер бойынша -әскери  полиция органдары;

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері