Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 00:08, дипломная работа

Краткое описание

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.(1.77.)

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………...................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ………………………..……...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………...………74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79

Вложенные файлы: 1 файл

дипломный.docx

— 114.35 Кб (Скачать файл)

құқықтық қатынастар саласында  өте маңызды.

Қылмыстық істер бойынша сот  әділдігін жүргізетін соттар




 

 











 

 

Қылмыстық  іс жүргізу қызметінің қатысушысы ретінде  прокурордың6 орны мен мәнділігі Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заң күші бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған заңдарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын  мемлекеттік органдардың жүйесіне  прокуратураның  прокуроры қадағалаудың  функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту үшін  өз  билігінің бүкіл күшін пайдаланады.

Прокурор  қылмыстық іс қозғауға құқығы болса  да,  қылмыстық іс қозғаудың  заңдылығына  қадағалау жүргізуге міндетті. Қылмыстық  іске қатысушы ретінде, прокурордың  тұлғасы көп қырлы болып көрінеді: айыптаушыға қатысты прокурор айыпталушы  шағымдарымен, өтініштерімен,  тілектерімен шыға алатын инстанция болып табылады, сонымен бірге  тап  осы прокурор әлгі айыпталушыға немесе сотталушыға  қатысты  сотта мемлекеттік айыптауды  қолдауы мүмкін.

Прокурор  қылмыстық  ізге   түсу мен  қылмыстық   істерді  тергеу    кезінде  заңдылықты   қадағалауды  жүзеге  асыра  отырып,  мынадай  өкілеттіктерге  ие:

 1) оқиға болған   жерді қарауға,  қатысуға,  сараптама   тағайындауға,  сондай-ақ   қылмыстық іс  қозғау  туралы  мәселені  шешуге  қажетті басқа да іс  әрекеттерді   жүзеге  асыруға құқылы;

2)қылмыстық іс  қозғайды  немесе  оны қозғаудан бас тартады,  тергеу  іс  әрекеттерін жүргізу туралы,  сондай-ақ  жедел-іздестіру қызметінің  материалдарын  қылмыстық  іске  қосу   туралы  жазбаша  нұсқаулар  береді;

3) өзі қозғаған  қылмыстық    істі  алдын ала тергеу  жүргізу үшін  береді;

4) заңдарда  көзделген   жағдайларда   алдын   ала тергеу  жүргізетін   лауазымды адамдардың  іс  әрекеттеріне  санкция береді;

5) жекеленген  тергеу  іс  әрекеттерін жүргізуге қатысады;

6) қылмыстық іске  түсуден иммунитеті  бар адамды  қылмыстық жауаптылыққа  тартуға келісім алу үшін   ұйғарым шығарады;

7) алдын   ала тергеу  органдарынан   келіп   түскен  қылмыстық істі  сотқа жібере  отырып,  істі  мәнісі  бойынша қарау үшін  айыпталушыны  сотқа   тапсырады;

8) қылмыстық ізге  түсу  органдарынан   тексеру үшін   қылмыстық істерді,  құжаттарды,   материалдарды және  жасалған  қылмыстар туралы   жедел іздестіру қызметін  анықтау мен тергеу   барысы   туралы  өзге де  мәлімдемелерді  алады;

9) жасалған  немесе  дайындалып  жатқан  қылмыстар туралы   арыздар мен хабарларды   қабылдау,    тіркеу,    шешу  кезінде заңның   сақталуын   тексереді;

10)анықтаушы мен тергеушінің,   сондай-ақ   анықтау органдары мен тергеу  бөлімі  бастықтарының   заңсыз  қаулыларының   күшін   жояды;

11)тергеу  мен    анықтау    толық   болмаған,   сондай-ақ   тергеу  және  анықтау барысында заң бұзушылыққа жол    берілгені анықталған  жағдайда  қылмыстық   істі  қосымша тергеуге  жібереді  не  оның толық   көлемде немесе   белгілі бір адамдарға   қатысты қысқартады;

12)қылмыстық   істі  анықтау органынан   алып,   алдын   ала   тергеу   органына   береді;  айрықша   жағдайларда тергеудің толық және  обьективті  болуын   қамтамасыз   ету мақсатында  алдын ала тергеу  органының жазбаша   өтінімі бойынша не   өз  бастамашылығымен  істі  заңмен   белгіленген  тәртіпте тергеу  ретіне  қарамастан  алдын  ала  тергеудің  бір органынан  екінші  органына  береді;

13)анықтаушы мен   тергеушінің,   анықтау және   тергеу  органдары   басшыларының  іс   әрекеттері мен шешімдеріне жасалған    шағымдарды  қарайды;

14)алдын ала тергеу,   анықтау ісін   жүргізуде   заң бұзушылықты    анықтаған   кезде    тергеушіні,   анықтаушыны   қылмыстық істі  одан  әрі    тергеуден   шектейді;

15)осы заңда көзделген жағдайлар мен    тәртіпті  алдын   ала тергеудің және    бұлтартпау  шарасы    ретінде    қолданылған   қамауға   алудың   мерзімдерін   ұзартады;

16)бұлтартпау  шарасы   ретінде    қамауға    алу    қолданылған    адамдарды   күзетпен    ұстаудың   заңдарда   белгіленген   тәртібі мен шарттарының   сақталуын   тексереді;

17)заңдарда   көзделген өзге  өкілеттіктерді   жүзеге    асырады.

Прокурордың   тергеушіге,   анықтаушыға,   тергеу   бөлімінің  бастығына,  анықтау  органына,  анықтау  органының   бастығына   заңмен  көзделген   реттерде  нұсқау  береді.  Нұсқау  бұлар  үшін  міндетті  болып  табылады.  Берілген  нұсқауды  орындамау   қылмыстық  заңда  көзделген  тәртіптерді  қылмыстық   жауаптылыққа  тартылады.  Нұсқау  қылмыстық  істі  әрмен  қарай  жүргізілуіне  кедергі  болмайды.

   Сондай-ақ, прокурор өзінің іс  жүргізушілік  өкілеттігін   жүзеге  асыру кезінде тәуелсіз  болады  және  тек қана  заңға бағынады.  Бас Прокурор  өз   құзіреті  шегінде анықтау және  тергеу органдарының  орындауы  үшін   міндетті  болып табылатын нормативтік құқықтық  актілер қабылдайды. Ал, анықтауды   және  тергеуді  жүзеге  асыратын   органдар  нормативтік құқықтық  актілерді Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен  келісе  отырып   қабылдайды.

Айыпталушыға  немесе  оның  іс  әрекеті  үшін  мүліктік  жауаптылықта  болатын  тұлғаға  прокурор:

-өзінің  дәрменсіз   күйіне,  айыпталушыға  тәуелді   болуына  немесе   өзге  де  себептер  бойынша  талап   қою   және  оны  қорғау  құқығын  өз  бетінше  пайдалануға   қабілеті  жоқ  жәбірленушінің  құқығын  қорғап   талап   қоюға  құқылы;

-мемлекет  мүддесін  қорғап,  талап  қоюға  құқылы.

Прокурордың  сотқа  дейінгі   іс жүргізу  және    істі  соттың  қарау  кезіндегі   өкілеттігі:

- прокурор іс  қозғаудың   заңды  болуын  қадағалай   отырып, анықтаушының,  анықтау органының   немесе  тергеушінің  қылмыстық   іс  қозғау  туралы  қаулысының   күшін  жоюға    және  қылмыстық   іс  қозғаудан  бас  тартуға   немесе  материалдарды  қосымша   тексеру   үшін  іс  жүргізуге   жіберуге;

- анықтаушының,  анықтау   органының немесе  тергеушінің   қылмыстық  қозғаудан  бас   тарту  туралы  қаулысының   күшін  жоюға  және  қылмыстық   іс  қозғауға;

- анықтаушының, анықтау   органының  қылмыстық  іс  қозғау  туралы  қаулысының   күшін  жоюға  және   егер,  қылмыстық  іс  бойынша  тергеу  іс    әрекеттері   жасалған   болса,  оны   тоқтатуға   құқылы.   Прокурор   бір   немесе   бірнеше  адамды   әртүрлі     алдын  ала   тергеу  органдарының    тергеуіне   жататын  қылмыстар    жасағаны   үшін  айыптау  бойынша  істерді   бір  іс  жүргізуге  біріктірген   кезде  тергеу  ретін   белгілейді.

Алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті  емес  істер  бойынша  анықтау   жүргізу  кезінде   заңдардың  атқарылуына   қадағалауды   жүзеге  асыра   отырып,  прокурор  заңмен  белгіленген  өкілеттіктерге  ие  болады,  бұдан  басқа  да  ол  мынадай  өкілеттіктерге  ие:

- айыпталушыны  сотқа   беруге   және  қылмыстық   істі  сотқа   жіберуге;

-анықтау  жүргізілетін  қылмыстық  істі  алдын  ала   тергеу  жүргізуге  жіберуге;

-анықтау  органының   бастығы  бекіткен  айыптау   хаттамасының  күшін   жоюға   және  осы  кодексте  көзделген   негіздер   бойынша  анықтауды   қысқартуға  құқылы.

Прокурордың   жеке айыптау  істерін   қоспағанда,  мемлекеттік  айыптаушы  ретінде   басты   сот талқылауына   қатысуы міндетті.  Күрделі және  көп   эпизодты   істер бойынша мемлекеттік   айыптауды   бірнеше прокурор   қолдануы  мүмкін.  Егер,  сот талқылауы кезінде   прокурордың одан   әрі   қатысуының   мүмкін  еместігі  анықталса,  онда  ол  алмастырылуы  мүмкін.   Іске  және  прокурордың кірісуі   осы уақытқа дейін   сотта жасалған  іс  әрекеттерді   қайталауға  әкеп  соқтырмайды,   бірақ прокурордың өтініші бойынша сот оған   істің материалдарымен танысу  үшін   уақыт бере  алады.   Прокурор  дәлелдерді  ұсынады және  оларды  зерттеуге қатысады.    Сотқа айыптаудың   мәні  бойынша,  сондай-ақ,   сот талқылауы кезінде туындаған басқа да  мәселелер бойынша өзінің  пікірін баяндайды.  Сотқа қылмыстық заңды     қолдану және  сотталушыға   жаза  қолдану туралы  ұсыныс  айтады.   Егер,  мұны  азаматтардың  құқықтарын,  мемлекеттік немесе  қоғамдық   мүдделерді  қорғауды  талап етсе  прокурор  іс  бойынша азаматтық талап қояды   немесе  оны қолдайды.

Айыптауды  қолдай  отырып,  прокурор  заң  талаптарын   және істің  барлық  жағдайларын   қорғау  нәтижелеріне  негізделген   өзінің  ішкі  көзқарасын  басшылыққа  алады.  Сотталушының   жағдайын  нашарлатпайтын және оның  қорғалу  құқығын  бұзбайтын  болса,   прокурор  айыптауды  өзгерте  алады.   Прокурор,   егер,  айыптау  сот  талқылауында  қолдау  таппады  деген  қорытындыға  келсе,  айыптаудан  бас  тартуға  /толық  немесе  ішінара /   міндетті.

  Мемлекеттік  айыптаушының  айыптаудан  бас  тартуына  сот тергеуі немесе  сот жарыссөзі   кезінде  жол  беріледі.  Прокурор   айыптаудан   толық   бас  тартқан  жағдайда,   егер  айыптаудан  жәбірленушіге   де   бас тартса   сот   өз  қаулысымен  істі  қысқартады.   Ал,  егер  жәбірленуші  айыптауды   талап  етсе,  сот  істі  талқылауды  жалғастырып,  оны   жалпы  тәртіппен  шешеді.   Бұл  жағдайда  прокурор  процеске  одан  әрі  қатысудан  босатылады. Ал,  айыптауды  жәбірленушінің  өзі  немесе  өкілі  арқылы  қолдайды.  Жәбірленушінің  өтініші   бойынша   сот  оған    өкіл  шақыру   үшін  уақыт   беруге  тиіс.   Прокурор мен   жеке  айыптаушы  айыптаудан  ішінара  бас  тарқан  кезде   сот  айыптаудың  тарап   айыптаудан  бас тарқан  бөлігінде   істі  қысқартады.  Айыптаудың  қалған   бөлігіндегі  іс  жалпы  тәртіппен  қаралады.   

Егер, прокурор   айыптауды  өзгертсе   және  жәбірленуші   бұрынғы  айыптауды   талап  етпесе,  сот  істі  жаңа  айыптау  бойынша   қарайды.

Сонымен  қатар,  прокурорға  наразылық  білдіру  құқығы  істі  қарауға  мемлекеттік   айыптаушы  ретінде   қатысушы  прокурорға   тиесілі.   Қазақстан  Республдикасының Бас Прокуроры мен  оның  орынбасарлары,  облыс прокурорлары  мен  оларға  теңестірілген   прокурорлармен  олардың  орынбасарлары,     аудандарың  прокурорлары  және  оларға  теңестірілген  прокурорлар  мен   олардың  орынбасарлары  істі  қарауға  қатысуына   қарамастан  өз  құзіреті  шегінде  үкімге   наразылық   білдіруге  құқылы.   Сондай-ақ,  прокурор   апелляциялық,   қадағалау  сатыларындағы  соттардың   қаулыларына   шағым  жасауы,  наразылық   білдірілуі   мүмкін. 

 Қазақстан  Республикасының   Жоғарғы  Сотының  қадағалау   алқасының   қаулыларын  қайта   қарауға  және   істі  Қазақстан   Республикасы  Жоғарғы  Сотының   қадағалау  алқасында  қайта   қарауға   ерекше   жағдайларда   осы   алқа  қабылдаған   қаулы   адамдардың   өмірі,    денсаулығы   үшін,   не  Қазақстан  Республикасының   экономикасы  мен  қауіпсіздігі  үшін     ауыр,     орны  толмас  зардаптарға    әкеп   соқтыруы    мүмкін   екендігі   туралы    деректердің   анықталуына  байланысты  енгізілген    Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты  Төрағасының    ұсынымы  бойынша   немесе  Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының    наразылығы  бойынша  жол   беріледі.

Соттың  заңды   күшіне   енген  үкімдері    мен   қаулыларына  наразылық  келтіру   құқықтары   мына  прокурорларға   тиесілі:

-Қазақстан  Республикасыныың  Бас  Прокуроры- облыстық  және  оған   теңестірілген   соттың  қадағалау  алқасына   және  Қазақстан  Республикасы   Жоғарғы   Сотының  қылмыстық   істер   жөніндегі  алқасы мен  қадағалау   алқасына тиесілі;

-Қазақстан Республикасының   Бас Прокурорының орынбасарлары-облыстық  және  оған  теңестірілген   соттың  қадағалау   алқасына   және  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының   қылмыстық   істер  жөніндегі   алқасына;

-Облыс   прокурорлары   мен   оларға   теңестірілген   прокурорлар  - облыстық  және   оған   теңестірілген  соттың   қадағалау   алқасына       наразылық   келтіруге   құқылы.

            Наразылықты    іс    қадағалау   сатысында    қаралғанға   дейін    оны     берген      адам    кері    қайтарып   алуы   мүмкін,  сондай-ақ   жоғары    тұрған    прокурор     кері     қайтарып    алуы       мүмкін.

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  83  бабына   сәйкес  прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың    дәлме-дәл   және   біркелкі    орындалуын    қадағалау   жүктелген.  Конституциялық    деңгейде    жалпы   түрде   тұжырымдалған   қадағалау   функциясы   Қазақстан    Республикасы   Президентінің «Қазақстан Республикасының  Прокуратурасы   туралы»   Заң   күші   бар   Жарлығында   жетілдіріліп,   нақтыланған.    Осы   Жарлық   бойынша  қылмыстық  сот  ісін   жүргізудегі  қадағалау   функциясының  мазмұнына  мыналар   жатады:

-жедел  - іздестіру қызметін  қадағалау;

-тергеу мен  анықтаудың   заңдылығын  қадағалау;

-сотта  мемлекеттің   мүдделерін  білдіру;

-орындалу  ісінің  заңдылығын   қадағалау / сот  тағайындаған  жазаларды  және  өзге  де   мәжбүрлеу  сипаты   бар   шараларды  орындау  кезінде   ұсталғандар  жататын орындарда,  сондай-ақ  алдын  ала     қамау  орындарында    заңдардың   орындалуы.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері