Қонақ үйде өткен өндірістік практика туралы есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 00:23, отчет по практике

Краткое описание

Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. «TENGRI HOTEL» отелінің жалпы сипаттамасы
2. «TENGRI HOTEL» отелінің құрылымы, қызмет көрсету процессі және маркетингтік іс-әрекет талдауы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Вложенные файлы: 1 файл

отчет в гостинице.doc

— 899.00 Кб (Скачать файл)
    • "Парасат" банкет залы
    • "Шаңырақ" мейрамханасы
    • Лобби-бар
    • Айриш-паб.

"Парасат" банкет  залы

"Шаңырақ" мейрамханасы

Лобби-бар

Айриш-паб


Сурет 2 – «Тенгри» отелінің мейрамханалары мен барлары.

«Парасат» банкет залы – бұл үйлену тойлары, мерейтойлар, фуршеттер, тұсаукесерлер, корпоративтік іс-шаралар өткізу үшін таптырмайтын орын. Ұлттық және еуропалық тағамдар түрлері, кәсіпқой аспаздар, ынталы қызмет көрсету.  Банкет залының сиымдылығы – 250 адам.

«Шаңырақ» мейрамханасы – стильденген интеьері, әрі дәстүрлі қазақи қонақжайлылығы бар орын. Бұл – керемет сервиспен, дәмді әрі түрлі тағамдар және сусындарымен таңқалдыратын асханасымен бірлескен, жылылық, жайлылық, қолайлылық. Мейрамхананың тәттілері - тәттісүйгіштерді, ал сусындары – нағыз шәй мен кофені бағалай білетіндерді қуантады. «Шаңырақ» мейрамханасы – үйлену тойларын, мерейтойлар және басқа салтанатты іс-шараларды тойлау үшін тамаша орын. Мейрамхана екінші қабатта орналасқан. Мейрамхана сыйымдылығы 70 адам. Жұмыс уақыты: таңғы ас – 07.00 – 10.00 дейін, түскі ас – 12.00 – 15.00 дейін, кешкі ас – 19.00 – 23.00 дейін.

Мейрамханаларда негізгі басқарушы және ұйымдастырушы метрдотель немесе мейрамхана менеджерлері деп аталады. Метротельдық негігі жұмыс барысына сауда орындарының жағдайындағы: тазалықты, құрал-жабдықтарды, залдың безендірілуін, нарық жағдайын және оның қалыпты жұмыс істеуіне ат салысады.

Міндетті түрде  бірінші болып, қонақтарды метрдотель күтіп алады, олардың ұсыныс, сұрақ, талаптарын тыңдап, мүмкіндігінше көңілден шығуы шарт.

Мысалы, ағылшындарша дайындалған тағамды арнайы сүйреме  арбашада алып жүрудің өзі көп  жаттығуды талап етеді. 
Мұндай қызмет түрлерін ұйымдастыру үшін толық бригада қызметшілері қатысу қажет. Оларға:

- мейрамхана  менеджері; 
- аға даяшы; 
- төрт столға жауапты даяшы және т.б.

Тәжірибелі даяшы  қонақтардың қас-қабағына қарап, оларға көрсетілген қызметке ризашылығын анықтайды.

Лобби-бар мейманхананың холлында орналасқан. Таңертеңгі жұпар иісті кофе мен жеңіл таңғы ас – жаңа күннің жақсы бастауы. Түрлі ас мәзірі, печенье және тәтті нанмен хош иісті шәй, отандық және шетелдік өндірушілердің сырасы, премиум-сынып алкогольді сусындар Сізге қиын күннен кейін демалуға мүмкіндік береді. Лобби-бар тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Сурет 3 – Мен және бармен Лобби-бардамыз.

«АЛЬБИОН» ирланд пабы - айрықша дизайн, қолайлы жай, әйгілі сыраның сұрыптары үшін арнайы ас мәзірі Сіздің көңіл күйіңізді көтеріп, біздің мейманханада болған уақытыңызды көпке дейін ұмытпастай етеді. Ирланд пабы салтанатты кіре берістің сол жағында бірінші қабатта орналасқан.  Айриш пабтың сыйымдылығы – 40 адам. Жұмыс уақыты – 16.00-ден 04.00-ге дейін.

Сурет 4 – Айриш пабтың сусындары.

 

2. «TENGRI HOTEL» отелінің құрылымы, қызмет  көрсету процессі және маркетингтік  іс-әрекет талдауы

«Тенгри» отелінде практика өтіп жүрген кезде мен көптеген қызметтердің сипаттамасымен таныстым. Оларды сізге де таныстырып өтейін:

Tengri card - Жақсы қарым-қатынас пен мықты достықтан артық не болуы мүмкін? Біз Сіздің «Тенгри» мейманханасына деген сеніміңізді бағалаймыз. Tengri Hotel мейманханасын таңдай отырып, Сіз мейманханада тұруға жеңілдіктер беретін Tengri Card дисконтты картаның иегері бола аласыз. 

Tengri Card тұруға 10% жеңілдік  береді. Карта қонақүйде барлығын  қосқанда 20 түн түнегеннен кейін  рәсімделеді және 21-ші түннен  бастап күшіне енеді. Карта  атаулы емес, ұсынылған адамға  жұмыс істейді.

«Ел-орда»  тұру бағдарламасы- «Тенгри» мейманханасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері үшін арнайы «Ел-Орда» тұру бағдарламасын әзірледі. «Ел-Орда» бағдарламасына сәйкес, кез келген ұйымның қызметкерлері үш жұлдызды мейманханада тұру қызметін ең төменгі бағалар – бір орындық нөмір – 10200 теңгеге және екі орындық нөмір – 16200 теңгеге алуға мүмкіндік алады.

Мейманхана жаңа әкімшілік  орталыққа қолайлы жерде Министрлер Үйіне дейін 5 минуттық жол, халықаралық  әуежайға дейін 20 минуттық жол жүретін  жерде орналасқан. Іскерлік стиль, ойластырылған интерьер және қажетті инфрақұрылым кездесулер, мәжілістер, конференция, семинарлар, тренингтерді тікелей мейманхананың аумағында өткізуге мүмкіндік береді. Мейманхананың жалпы нөмірлік қоры 128 нөмірден тұрады. 

 

Номірлер

Тарифтік бағалар

Арнайы бағалар

  1. стандартты бір орындық нөмірлер
  2. екі орындық стандартты нөмірлер
  3. люкс нөмірлер

14000 теңге 
18000 теңге 
23000 теңге

10200 теңге 
16200 теңге 
23000 теңге

Таңғы ас (швед үстелі) және ҚҚС нөмірдің құнына енеді. 
Көп уақытқа топ болып келгенде жеңілдіктердің икемді жүйесі. 
Трансфер қызметі.

 
 

Кесте 1 - «Ел-орда» тұру бағдарламасының бағалары

«Топ» тұру бағдарламасы - Астана қаласында орналасқан «Тенгри» мейманханасы үлкен топтармен келетін мейманхана қонақтары үшін жаңа «Топ» тұру бағдарламасын әзірледі. «Топ» бағдарламасы бойынша қонаққа кедген ұйымның серіктестері үш жұлдызды мейманханада тұрғанда көрсетілетін қызметтерді арнайы бағалармен алуына болады.

Стандартты ұсыныстардан басқа қосымша бонустар қарастырылған.

  1. Шаршатқан жолдан кейін топты "Тенгри" мейманханасынан бір шәшке шәй және қонақасымен қарсы алу.
  2. Үлкен топтарға схема бойынша жеңілдіктер беріледі.
  3. Қарсы алушылар жағынан кездесуді ұйымдастыру қолайлы болу үшін офиске тегін бөлме қарастырылған.

Ескерту: 
- Ұсыныстар басқа арнайы ұсыныстарға қосылмайды. 
- Заңды тұлғалардан тұратын мерзімі көрсетілген және ұйымның бірінші басшысының қолы мөрмен бекітілген кепілдікті хатпен бірге тапсырыс алу қажет. «Тенгри» мейманханасында тұрудың жалпы сомасының- 30%-ы алдын ала төленеді.

«ТОП» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША  ЖЕҢІЛДІКТЕР СХЕМАСЫ 

  • 10% жеңілдік-бір тапсырыста «Тенгри» мейманханасында 1-ден 19 түнге дейін тұруға тапсырыс берілсе.
  • 15% жеңілдік- бір тапсырыста «Тенгри» мейманханасында 20-дан 49 түнге дейін тұруға тапсырыс берілсе.
  • 20% жеңілдік- бір тапсырыста «Тенгри» мейманханасында 50-ден 99 түнге дейін тұруға тапсырыс берілсе.
  • Скидка 25% - бір тапсырыста «Тенгри» мейманханасында 100-ден артық түнге дейін тұруға тапсырыс берілсе.

Топтың, тапсырыста көрсетілген, барлық мүшелерінің мейманханада қонған түндерінің жиынтық саны, есепке алынады.Мысалы: 10 адам 3 тәулікке - 30 түн (10*3 = 30), 5 адам 6 тәулікке – тағы да 30 түн. Екі жағдайда да тұруға жеңілдік 15%-ды құрайды. Топтармен келіп тұруға қонақ үйде барлық жағдай жасалған. Кең нөмірлік қор отельге қонақтарды барынша жайлы орналастыруымызға мүмкіндік береді.

«Демалыс» тұру бағдарламасы. Кім демалыс күндерін жақсы көрмейді? Демалысты бәрі жақсы көреді! Астана қаласында орналасқан «Тенгри» мейманханасы астананың қонақтары мен тұрғындарына арнайы «Демалыс» тұру бағдарламасын әзірледі, Сіз және Сіздің достарыңыз бен серіктестеріңіз демалыс күндері келсеңіздер (жұма, сенбі, жексенбі) үш жұлдызды мейманханада тұрғанда көрсетілетін қызметтерді 10-пайыздық жеңілдікпен алауға мүмкіндігіңіз бар.

 

Тарифтік бағалар

Арнайы бағалар

  1. стандартты бір орындық нөмірлер
  2. стандартты екі орындық нөмірлер
  3. люкс нөмірлер

14000 теңге 
18000 теңге 
23000 теңге

12600 теңге 
16200 теңге 
20700 теңге

Ұсыныстар басқа арнайы ұсыныстарға қосылмайды. 
Таңғы ас (швед үстелі) және ҚҚС нөмірдің құнына енеді.

 Трансфердің қызметі. 


Кесте 2 – «Демалыс» тұру бағдарламасының бағалары

«Үйлену тойы» тұру бағдарламасы - «Тенгри» мейманханасында орналасқан «Парасат» мейрамханасының сыйымды әрі жайлы банкет залы қонақтарға үйлену салтанатын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. «Тенгри» мейманханасы болашақ жанұяға арнайы «Үйлену тойы» бағдарламасын ұсынады. «Үйлену тойы» бағдарламасы бойынша жас жұбайларға тегін нөмірді сыйлыққа ұсынады. 

 

 

Тарифтік бағалар

  1. стандартты бір орындық нөмірлер
  2. стандартты екі орындық нөмірлер
  3. полулюкс
  4. люкс нөмірлер

15400 теңге 
20000 тенге 
20000 тенге 
23000 теңге


Кесте 3 - «Үйлену тойы»  тұру бағдарламасының бағлары

«Vip»  тұру бағдарламасы. «Тенгри» мейманханасы қонақтарды силап, құрметтей отырып мейманханада «VIP» бағдарламасы бойынша қызмет алуға мүмкіндік береді. «VIP» бағдарламасы бойынша, қонақтар үш жұлдызды «Тенгри» мейманханасында көрсетілетін қызметтерді арнайы бағамен алуыңызға мүмкіндік аласыз :

  • Мейманханада тұрудың жеңілдігі 25%
  • Кір жуу қызметінің жеңілдігі 10%
  • F&B қызметінің жеңілдігі 10%

«Тенгри» мейманханасы баға мен сапаның үздік үйлесімін ұсынуға дайын. Жеке қонақтың «Тенгри» мейманханасында тұруға тапсырысы аз дегенде 20 күнге болуы керек. Егер тапсырыста көрсеткен мерзім азайю жағына өзгерсе, тұрудың бағасын мейманхана стандартты тариф бойынша қайта есептеуге құқылы.

Заңды тұлғалардан тұратын  мерзімі көрсетілген және ұйымның  бірінші басшысының қолы мөрмен бекітілген кепілдікті хатпен бірге тапсырыс алу  қажет. «Тенгри» мейманханасында тұрудың  жалпы сомасының- 30%-ы алдын ала  төленеді. 

 «Тенгри» отелінің ішкі саясатына келетін болсақ, «Тенгри» отелінің негізгі міндеті қонақтарға көп түрлі қызмет түрлерін көрсете отырып, ең жақсысын ұсыну болып табылса, негізгі мақсаты болып жаңа жобалар құра отырып,  адамдар өміріне әр түрлілік енгізіп отыру болып табылады.  Бір анғарғаным, отель  бір сәттік пайданы қумайды, ол ұзақмерзімді ынтымақтастыққа ұмтылады. Бұл тек қонақтарға қатысты ынтымақтастық емес. Ол персоналға да қатысты шара. Отель «Қонақтар – қызметкерлер – пайда» деп аталатын бағдарламамен жұмыс істейді. Яғни бұл бір бірімен тығыз байланысты үш компонент қонақ үйдің табысты жұмысына алып келеді. Оны келесідей түсіндіруге болады: қонақтар қонақ үйдің қызметтеріне риза болса, олар отельге әрқашан қайтып келеді, яғни өзінің ақша салымдарын отельге жұмсайды. Отельдің пайдасы көбееді, осының арқасында қызметкерлердің жалақысы жоғарылайды. Қызметкерлерге көптеген жеңілдіктер беріледі, немесе премиялар беріліді. Қызметкерлер жалақының жоғарлағанына, басқа да жеңілдіктерге риза болып, жақсы жұмыс жасайды, жоғарғы дейгейде қызмет көрсетеді және қонақтар көрсетіліп жатқан қызметтерге риза болып кетеді. Қыстартып айтқан кезде, бәрі айналмалы түрде жұмыс істейді.

Сонымен қатар «Тенгри» отелінің Dimond Guest деген саясатты ұстанады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты қарапайым қонақтарды брилиантты қонақтарға айналдыру. Яғни қонақтардың күтулерінен асып түсіп олардың талаптарын қанағаттандыруға тырысу керек. Сонда ғана қонақтар осы қонақ үйге қайтып келгісі келеді. Қонақтарды брилиантты қонақтарға айналдыру үшін персоналды керекті деңгейде даярлау керек.

Енді қонақ үйдің кадрлық саясатына келетін болсақ, қонақ үй қазіргі таңда өз дәрежесіне байланысты кадр, персоналды міндетті түрде қамтамасыз етуі тиіс. Соған байланысты жылдан жылға қонақ үй ауқымы кеңейтілгендіктен, басқарушылық құрылымы күрделі болып келгендіктен де қызметкерлер саны да көп болуы тиіс.

Персоналды таңдау кезінде басқа кәсіпорындардан қарағанда қонақ үй қызметкерлері адамдармен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан, олардың кәсіби біліктілігімен қатар психологиялық қоғаммен байланыса алуын да қадағалау қажет. Қонақ үйде персоналдарға қойылатын келесідей талаптар қойылады: кәсіби біліктілік, шет тілдерін меңгеруі, тез тіл табыса алуы және т.б.

Қонақ үйде қызметкерлерге қонақтармен қарым-атынасқа түскенде келесі 10 кілт сөздерді ескеруі қажет:

    • Алғашқы әсер;
    • Сәлемдесу;
    • Қызмет көрсету үрдісінің техникасы;
    • Жылдамдық, еңбексүйгіштік, сырт – келбет;
    • Уақытты дұрыс ұтымды пайдалану;
    • Салқындылық, қажет ақпараттарды егжей тегжейлі анализ жасау;
    • Стандарт пен тұрақтылық;
    • Өзара түсіністік, өзара қатынас, қонақтарға жақсы қарым-қатынас;
    • Қонақтардың сенімділгі;
    • Қонақтардың үмітін ақтау және асып түсу.

Персоналдардың айлық  көрсеткіштері лауазымына байланысты әр түрлі болып табылады, олардың  жұмыс уақыты 8 сағат болып табылады, тәулігіне 3 кезеңге бөлінген, олар: 7.00–15.00; 15.00–23.00; 23.00–7.00. Песоналды тамақтандыру қарастырылған. Сонымен қатар қонақ үй қызметкерлерін машинамен алып келеді және апарып тастайды. Отельде өзінің кір жуатын орны бар, осы жерде персоналдың да киімі жуылады. 

Қонақ үйдің стандартына  байланысты әр бөлімнің өзінің киім үлгілері бар. Және аяқ киім, шаштың жиналу үлгілері де сай келеді. Әр бөлімнің киім үлгісінің  құрамдас бөлігі – бейджик болып  табылады. Онда жұмыскердің аты-жөні мен қай бөлімде жұмыс атқаратыны жазылады. Стандарт бойынша сол жақ кеудеге, бұғанадан 5-6 см төмен тағылады.

Информация о работе Қонақ үйде өткен өндірістік практика туралы есеп