Жартылай өткізгішті аспаптардың сипаттамаларын зерттеуге арналған зертханалық аспапты жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 13:26, дипломная работа

Краткое описание

В дипломном проекте рассмотрен электрофизические процессы протекающие в полупроводниковых и оптоэлектронных приборах. Разработан макет для исследования биполярного транзистора и фотодиода. Было произведено расчет биполярного транзистора. В соответствующих главах произведены технико-экономические расчеты и рассмотрены безопасность жизнедеятельности.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Жартылай өткізгіштегі электрөткізгіштегі процесстер
1.1.1Ығысу тоғы
1.2 Транзистордағы ағымды процесстері мен транзистордың тоғы
1.2.1 Транзистордың жұмыс істеу режимі
1.2.2 Транзистордың статикалық сипаттамасы
1.3 Транзисторлардың күшейту қасиеті
1.4 Фотодиодты зерттеу
1.5 Оптоэлектроникаға кіріспе
1.5.1 Фотодиодты зерттеу
2 ТРАНЗИСТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕГІШТЕР
2.1 Транзисторларды қарапайым тексергіштер
2.2 Транзисторлар мен диодтарды сынағыш
2.3 Транзисторларды зерттегіш
2.4 Транзисторларды тексеруге арналған аспап
2.5 Аз қуатты транзисторларды зерттеу
3 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Транзистордың параметрларын есептеу
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Экономика есептері
4.2Транзисторды тексеруге арналған қондырғыны жобалау шығындарды есептеу
4.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
5 ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
5.1 Төмен вольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5.2 Терминдер мен айқындамалар
5.3 Қауіпсіздіктің негізгі талаптары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом Санжар.doc

— 953.50 Кб (Скачать файл)

Төменвольтті жабдықты біріздендіру таңбалау және ілеспе құжаттары, өлшемдері, көрсеткіштері және жиынтығында тану үшін жеткілікті талаптар бойынша Сыртқы әкономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен жүргізіледі.

Осы техникалық регламент мыналарға қолданылмайды:

- кемінде 5 ВТ атаулы қуаты бар және ауыспалы тоқтың 50 В қоса алғанға дейін және тұрақты токтың 75 В қоса алғанға дейін атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы;

- жарылыс қауіпті орталардағы жұмысқа арналған электр жабдығы;

- радиологиялық жабдық;

- жиынтықты төменвольтті құрылғылар мен электр қозғалтқыштарын қоспағанда лифтілер мен көтергіштердің электр бөліктері;

- медициналық жабдық;

- теміржол, автомобиль көлігінде және әуе, су кемелерінде пайдалануға арналған электр жабдығы;

- қорғаныс өнімі;

- ол туралы мәлімет мемлекеттік құпияны құрайтын өнім. 

 

 

 

5.2. Терминдер мен айқындамалар 

 

Осы техникалық регламентте мынадай тиісті айқындамалармен мынадай терминдер пайдаланылды:

- пайдалануға беру - төменвольтті жабдықты мақсаты бойынша қолдануға дайындықты тіркейтін, құжатты рәсімдеу оқиғасы;

- жаңғырту - пайдаланудағы төменвольтті жабдықтың конструкциясына өзгерістер енгізу;

- төменвольтті жабдықтың атаулы кернеуі - осы жабдықта және пайдалану құжаттарында дайындаушы келтірген төменвольтті жабдықтың кіріс және (немесе) шығыс кернеуі;

- төменвольтті жабдықтың нарықтағы айналымы - оны шығару аяқталғаннан кейін төменвольтті жабдық өтетін барлық процестерді қамтитын дайындаушыдан тұтынушыға (пайдаланушыға) осы жабдықтың қозғалысы; - - мақсаты бойынша қолдану - дайындаушы осы жабдықта және (немесе) пайдалану құжаттарында көрсеткен мақсатына сәйкес төменвольтті жабдықты пайдалану;

- дайындаушының өндірістік бақылауы - дайындаушы төменвольтті жабдықты шығару процесінде жүзеге асыратын және құжатты ресімделетін техникалық бақылау;

- төменвольтті жабдықты нарықта орналастыру - дайындаушының (уәкілетті өкілдің, импорттаушының) оны айналымға шығару үшін төменвольтті жабдықты беруі;

- төменвольтті жабдықтың құрамдас бөлігі - төменвольтті және салуға арналған конструктивті аяқталған құрастыру бірлігі;

- электр жабдығы - электр әнергиясын өндіруге, түрлендіруге,  беруге, таратуға және пайдалануға арналған, оның ішінде, тікелей пайдалану үшін және машиналарға, тетіктерге, аппараттарға, аспаптарға және басқа бұйымдарға салынған жабдық;

- компонент (жинақтаушы бұйым) - электр жабдығының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін қажетті кез келген бұйым;

- мақсаты бойынша қолдану - жабдық тобына сәйкес және дайындаушы беретін электр жабдығының қауіпсіз жұмыс істеуіне арналған қажетті ақпаратпен электр жабдығын қолдану.

Төменвольтті жабдық нарықта орналастырылады немесе осы техникалық регламентке, сондай-ақ, күші оған қолданылатын басқа да техникалық регламенттерге оның сәйкестігі кезінде пайдаланылады.

Оның сәйкестігі осы техникалық регламенттің талаптарына расталмаған төменвольтті жабдық осы техникалық регламентке сәйкестік белгісімен таңбаланбауы тиіс және нарықта орналастыруға немесе пайдалануға беруге жол берілмейді.

Электр жабдығы сәйкестікті растау талаптарын және рәсімдерін белгілеу мақсатымен бірегейлендірілуі тиіс.

Бірегейлендіру мыналардан тұрады:

- осы техникалық регламенттің қолданылу саласына нақты түрдегі электр жабдығының тиістілігін айқындау;

- оған ілеспе құжаттарында көрсетілген және (немесе) мысалы, мынадай нақты таңбаланған өнімнің негізгі сипаттамаларын салыстыру:

-  бұйым атауы, тип, модель, модификация;

- өнімді дайындаушының атауы немесе бұйымның шығу тегі бойынша деректер;

- ол бойынша бұйым шығарылатын нормативтік құжат;

- өнімнің негізгі (немесе функционалдық) арналуы немесе оны қолдану саласы;

- ілеспе құжаттарында көрсетілген атаулы деректер;

- осы партияға тиістілігі;

- осы техникалық регламентпен белгіленетіндердің санынан нақты түрдегі электр жабдығы үшін сәйкестікті растау рәсімінің жиынын айқындау.

Сәйкестікті растау рәсіміне қатысушылар электр жабдығын бірегейлендіруді жүргізеді:

- сәйкестік (сәйкестікті декларациялау кезінде) туралы декларацияны қабылдайтын тұлға;

- өзінің аккредиттеу саласындағы шегіне сәйкес растау мақсатында сәйкестікті растау жөніндегі органмен немесе сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын тұлғамен шарт жағдайында өнім үлгілерінің сынақтарын жүзеге асыратын сынақ зертханасы;

- сәйкестікті растау жөніндегі орган (электр жабдығын сертификаттау кезінде).

Сынақ зертханасы және сәйкестікті растау жөніндегі орган бұл ретте, осы техникалық регламентте жазылған электр жабдығының сәйкестігіне растау жүргізу ережесіне сәйкес жұмыс істейді.

Нақты электр жабдығын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін ақпарат сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында көрсетілуі тиіс. 

 

 

 5.3 Қауіпсіздіктің негізгі талаптары  

 

Төменвольтті жабдық оны мақсаты бойынша қолдану және пайдалану құжаттарында көзделген қызметтің барлық мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды орындау кезінде бұл жабдық мыналарды қамтамасыз ететіндей әзірленуі және дайындалуы тиіс:

- электр тогының тікелей немесе жанама әсер етуден адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың қажетті деңгейі;

-қауіптердің пайда болуына алып келуі мүмкін жоғары температуралардың, доғалы разрядтардың немесе сәулеленулердің туындауының жол берілмейтін тәуекелінің болмауы;

- төменвольтті жабдықты қолдану кезінде туындайтын электр емес тектегі қауіптіліктерден адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғаудың қажетті деңгейі;

- оқшаулау қорғаудың қажетті деңгейі;

-сыртқы ортаның тиісті климаттық жағдайлары кезінде сыртқы әсер ететін факторларға, оның ішінде, механикалық емес сипаттағы факторларға тұрақтылықтың қажетті деңгейі;

-сыртқы әсер ететін факторлардың әсерімен туындайтын ауырлықтар кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы;

-қосу және (немесе) монтаждау кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы.

Төменвольтті жабдықтың атауы мен белгіленуі (типі, маркасы, моделі), оның өлшемдері және қауіпсіздікке әсер ететін сипаттамалары, дайындаушының атауы және (немесе) тауарлық белгісі, дайындаушы елдің атауы төменвольтті жабдыққа тікелей белгіленуі және оған қоса берілетін пайдалану құжаттарында көрсетілуі тиіс.

Жаңғыртудан өткен төменвольтті жабдық үшін жаңғыртудан кейін оның өлшемдері мен сипаттамаларын (олар өзгерген кезде), жаңғыртуды жүргізген шаруашылық жүргізуші субъектінің атауын және (немесе) тауарлық белгісін және оның күнін көрсетеді.

Жаңғыртуға дейін төменвольтті жабдықта келтірілген таңбалау деректері жаңғыртуды жүргізген ұйымның шешімі бойынша сақталуы мүмкін.

Егер, регламенттің осы тармағында келтірілген мәліметтерді төменвольтті жабдыққа тікелей белгілеу мүмкін болмаса, онда олар осы жабдыққа қоса берілген пайдалану құжаттарында ғана көрсетілуі мүмкін. Бұл ретте, дайындаушының атауы және (немесе) оның тауарлық белгісі, төменвольтті жабдықтың атауы және белгіленуі (типі, маркасы, моделі) орамаға белгіленуі тиіс.

Төменвольтті жабдықты таңбалау анық, жеңіл оқылатын және қарау үшін қолжетімді төменвольтті жабдықтың бетіне белгіленуі тиіс.  

Электр жабдығына қатысты сатып алушыға арналған ақпарат мыналарда:

- бұйымның таңбалауында;

-  ілеспе құжаттарда;

- техникалық құжаттамада келтірілуі тиіс.

Жалпы жағдайдағы бұйымды таңбалау мынадай негізгі және қосымша деректерден тұруы тиіс:

- бұйымның атауы, тип, модель, модификация, сауда атауы;

- дайындаушының немесе жауапты жеткізушінің атауы, сауда таңбасы немесе тауарлық белгісі;

- дайындаушы елдің атауы;

- нарықтағы айналым белгісі;

- ол бойынша бұйым шығарылатын нормативтік құжат;

- пайдаланылатын токтың сипаттамасы және электр тогымен соғудан қорғау деңгейі;

- электр тогының атаулы кернеуі немесе атаулы кернеулер диапозоны;

- егер, атаулы жиілігі көрсетілмесе, ток түрінің шартты белгіленуі;

- электр тогымен соғудан қорғауды классын шартты белгілеу;

- қабықшамен қамтамасыз етілетін қорғау деңгейі.

Қажеттілік кезінде қолданылатын қосымша деректер:

- атаулы тұтынылатын немесе пайдалы қуат не атаулы ток;

- электр тогының жиілігі;

- өнімділік;

- салмағы.

Электр жабдығын қосу-іске қосу жұмыстары, пайдалану, тасымалдау, сақтау кезінде қауіпсіздіктің арнайы шараларын сақтау қажеттілігі кезінде дайындаушы тиісті нұсқаулықты беруге міндетті.

Өнімнің түрі мен техникалық күрделілігіне қарамастан сатып алушы үшін ақпарат нақты өнімге тікелей қоса берілетін мәтіндік құжат түрінде (паспорт, формуляр, қолдану жөніндегі нұсқаулық және басқалары), жекелеген жағдайларда өнімге арналған нормативтік құжатты (мемлекеттік стандарт, ұйымның стандарты) белгілеуді көрсете отырып, таңбалау түрінде берілуі мүмкін.

Сатып алушы үшін ақпарат шынайы болуы тиіс. Мәлімделген ақпаратқа өнімнің сәйкестігі дайындаушы мен сатушы үшін міндетті талап болып табылады.

Электр жабдығы қауіпсіздіктің мынадай ең аз қажетті талаптарына сәйкес келуі тиіс:

1) электр жабдығындағы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықта оны қауіпсіз орнату, пайдалану және кәдеге жарату үшін қажетті және жеткілікті ақпарат көрсетілуі тиіс;

2) электр жабдығы электр тогымен соғудан қорғау класының (0, 01, I, II, III) және қатты заттар мен ылғалдың түсуінен қорғау деңгейінің тиісті пайдалану шарттары болуы тиіс;

3) электр жабдығының конструкциясы пайдаланушының ток жүргізуші бөлшектермен байланыс жасау мүмкіндігін болдырмауы тиіс;

4) электр беріктігі мен оқшаулау қарсылығы жеткілікті болуы тиіс, ал токтың шығып кетуі өнімді пайдалану кезінде нормаланған талаптардан аспайтын ылғалдың әсер етуінен кейін қалыпты және жұмыс температурасы кезінде, сондай-ақ, егер, бұйымға арналған құжаттамада ол осы жағдайларда пайдалану үшін арналған деп көрсетілген агрессиялық ортаның, тұзды тұманның және (немесе) тозаңның әсер етуі кезінде электр жабдығын қауіпсіз пайдалану үшін шамадан тыс болмауы тиіс;

5) электр жабдығы оның қызмет мерзімінің ішінде дұрыс пайдалану және тиісті сервистік қызмет көрсету шартымен оның қауіпсіздігін айқындайтын сипаттамалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс;

6) қоректендіру көздеріне қосылған ішкі сым, сыртқы икемді шнурлар мен сыртқы сымдар үшін қысқыштар электр жабдығының сенімді қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс;

7) 01 және 1 классты электр жабдығының қолжетімді металл бөлшектері тұрақты және сенімді жермен қосылуы тиіс;

8) жинақтаушы бұйымдар электр жабдығын қауіпсіз пайдалануды бұзбауы тиіс;

9) электр жабдығы оны пайдаланудың шарттарымен, сондай-ақ, пайдалануға беруге дейін тасымалдау және сақтаумен айқындалатын сыртқы әсер ететін факторларға тиісті төзімділікке ие болуы тиіс;

10) электр жабдығы пайдалану кезінде механикалық берік және тұрақты болуы тиіс. Электр жабдығының қозғалмалы бөліктері қалыпты пайдалану кезінде пайдаланушыны жарақаттан жеткілікті қорғауды қамтамасыз ететіндей орналастырылуы немесе қоршалуы тиіс;

11) электр жабдығының мақсатына сәйкес оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тозуға төзімді пайдаланудың тиісті шарттары болуы тиіс;

12) электр жабдығы пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде шамадан тыс қызбауы және пайдаланушы үшін қауіпті болмауы тиіс;

13) электр жабдығы пайдаланудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету кезінде өрт қауіпсіз болуы тиіс. Электр жабдығында қолданылатын материалдық емес материалдар жеткілікті жылуға төзімді, отқа төзімді және трекинг төзімді болуы тиіс;

14) электр жабдығы пайдаланушыны санитарлық-әпидемиологиялық қауіпсіздік нормативтерінен асатын иондаушы және иондамайтын сәулеленудің, шудың, дірілдің әсер етуінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс және уытты заттарды бөлулердің көзі болмауы тиіс;

15) электр жабдығын пайдалану кезінде туындайтын дірілакустикалық әсер ету адам мен қоршаған ортаға зиянды әсер көрсететін рұқсат етілетін деңгейден жоғары болуы тиіс.

Электр жабдығына арналған талаптар (көрсеткіштер):

1) жабдық мынадай жолмен құрастырылуы тиіс: кернеуде орналасқан бөлшектерден электр тогымен соғудан қажетті қорғаудың болуы; қолмен орындалатын операцияларда электр тогымен соғу қаупінің болмауы (қоректендіру кернеуін орнату немесе қоректендіру түрін өзгерту, индикаторларға жарық бергіштердің балқытылған қыстырғыштарын және әлементтерін ауыстыру, жылжымалы бөлшектерді манипуляциялау және т.б.);

2) токты шектеумен тізбектер рұқсат етілетін шектеулер қалыпты жағдайларда және жабдықтағы кейбір бүліну жағдайларында пайдалану кезінде аспайтындай осындай конструкциясы болуы тиіс;

Информация о работе Жартылай өткізгішті аспаптардың сипаттамаларын зерттеуге арналған зертханалық аспапты жобалау