Әдебиеттік шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 09:18, контрольная работа

Краткое описание

Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудiң экологиялық қауiпсiздiкке және халықтың денсаулығын сақтауға кепiлдiк беретiн, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн, ғылыми негiзделiп жол берiлетiн шектi нормаларын белгiлеу мақсатын көздейдi.

Содержание

Кіріспе
Ι Әдебиеттік шолу
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Нормативті-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыздандыру
Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативті регламенттерді басқару жобасының сұрақтары
Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер
2 Кәсіпорын туралы жалпы мағұлмат
2.1 Жұмыс жүргізілетін ауданның климаттық жағдайы
2.2 Геологиялық сипаттама
3 Атмосфералық ауаға әсері
3.1 Құрылыс кезінде кәсіпорынның қоқыс шығру көздері туралы қысқаша сипаттама
3.2 Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың тізімі
3.3 Құрылыс кезеңінде ПДВ нормативтерін анықтау және есептеу
3.4 Құрылыс кезеңінде атмосфераның зиянды заттармен ластануын есептеу нәтижелерін талдау
3.5 Санитарлық-қорғау аймағының сипаттамасы
3.6 Құрылыс үрдісінде атмосфералық ауаға келтірілетін зиянды әсерлерді азайту үшін ұсынылатын шаралар
3.7 Жер бетіндегі және жер асты суларын ластанудан және тартылудан қорғау
3.8 Жер телімін қалпына келтіру (рекультивация), топырақ құнарлылығын пайдалану
3.9 Кәсіпорын қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
4 Эксперименттік бөлім
4.1 Қоршаған ортаның ластануынан келген зиянды алдын-ала есептеу
4.2 Құрылыс кезінде атмосфералық ауаның ластануынан келген зиянды алдын ала есептеу
4.3 Су тұтыну және канализация жүйелеріндегі есептеу жұмыстары
4.4 ШРК мөлшерлемелері бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом толығымен.doc

— 654.00 Кб (Скачать файл)

 

Бір заттектер  организмнің ішіне түскенде ғана қолайсыз әсер тигізсе екіншілері сырттай  ұштастырылғанның өзінде зиянды әсерін тигізеді, осыған байланысты іс жүзінде  әр түрлі шектеулер қолданылады.Мысалы, санитарлық шектеулерге сәйкес бір заттектердің суда болуы шомылу мен жуынужы шектейді, ал санитарлық- гигиеналық шектеу басқа заттектердің болуына қарай оны ішуге және тамақ пісіруге лимиттейді. Сондықтан, ШРК-мен қатар су обьектілеріне басқа шектеу нормативі – зияндылықты лимиттеу көрсеткіші (ЗЛК) қолданылады. Ол суды сандық жағынан емес, тек судың сапасына қойылатын талаптарды сипаттайды. ЗЛК үш түрге бөлінеді:

  • Санитарлық- токсикологиялық (заттектердің адам организмін және жануарлар уландыруын сипаттайды);
  • Жалпы санитарлық (заттектің су обьектісінің жалпы санитарлық жағдайына, сондай-ақ өздігімен журетін процестердің жылдамдылығына тигізетін әсерін сипаттайды);
  • Органолептикалық (заттектің судың органолептикалық қасиетін –иісін, дәмін, түсін, көбіктенуін өзгерту қабілетін сипаттайды, яғни адамның сезім мүшелерімен бағаланатын қасиеттер).

Мәдени-тұрмыстық  және шаруашылық-ауыз суға арналған су объектілері токсикологиялық, жалпы  санитарлық , органолептикалық лимиттерге, ал балық шаруашылығына арналған су объектілері – негізінде токсикологиялық және аздап органолептикалық лимиттерге негізделіп нормаланады.

Ауыз суға шипалылығын  пайдалануға бағытталған сулар  негізгі 11 көрсеткіштермен нормаланады. Қазіргі кезде 1200 – дей улы  заттектерге ШРК белгіленген. Ал балық шаруашылығына қолданылатын су негізгі 8 көрсеткішпенен нормаланады. 1000 үстіндегі заттектерге ШРК жасалған.

Түйіндеп айтқанда, судағы ластағыштар су экожүйесіне  және адам денсаулығына бірнеше түрдегі  қолайсыз әсерді тигізеді, олардың әрқайсысы өздеріне тән қауіпсіздік концентрациямен сипатталады. Бұл әсерлердің ішінде концентрациясы ең төмен ластағыштыкі лимиттелінеді [9,10].

 

1.7 Топырақтағы зиянды заттектерді нормалау.

Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта нормаланады:

    1. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшер;
    2. Кәсіпорынның территориясындағы улы заттекредің жинақталуы;
    3. Елді мекендердің, қөбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырағының ластануы.

Егістік қабаттағы улы химикаттардың нормалауға екі көрсеткіш қолданылады: Шекті рауалы концентрация (ШРКт) және уақыташ рауалы концентрация (УРК т).

    • ШРК т – топырақтағы егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы , мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет, сонымен қатар топырақтың өздігінен тазалану қабілетіне де;
    • ШРК ө (РҚМ) –  азық-түлік өнімдеріндегі заттектердің шекті рауалы концентрациясы (рауалы қалған мөлшері), мг/кг.

ШРКт белгілеу үшін қарастырылып отырған заттектің фондық концентрациясы , оның физикалық-химиялық қасиеті, тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады. Сонымен тәжірибе арқылы келесі мәліметтер анықталады:

  • Топырақтың заттектің шекті рауалы концентрациясы, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір рауалы қалдықтық мөлшерден аспауы қажет, басқаша айтқанда, тамақ өнімдеріндегі  ШРК ө –дан;
  • Заттек топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген  ШРК-дан аспайтын рауалы концентрация (ұшатын заттектер үшін);
  • Микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер ететін рауалы концентрация.

Қарастырылған көрсеткіштердің ең қатаң шартты түрде қабылданатын  ШРКт, топырақтағы  зияндық сапаларына қарай салыстырғанда негізгі болып қолданылатын да тек осы көрсеткіштің өзі ғана. Өсімдіктерді зиянкештерден, аурудан, арамшөптерден қорғау үшін үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға белгіленген  ШРКт бар.

Жалпысанитарлық ЗК (зияндылық көрсеткіші). Жалпысанитарлық зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті концентрациясы – топырақтағы химиялық заттың максималды мөлшері (мг\кг), ол 5…7 тәулікте негізгі физиологиялық топтардың микроорганизмдерінің жалпы санын 50% артық өзгертпейді, сонымен қатар топырақтың ферментативтік белсенділігі (инвертазды, дегидрогеназды, т.б.) – салыстырмалы бақылау байқауынан 25% артық.

Осында ескерілетін  негізгі көрсеткіштер:

  • 1 гектарға санағанда микроорганизмдердің жалпы санының өзгеруі;
  • Топырақтың «ферментативті айнасының» өзгеруі (ферментативті реакциялар – топырақта өтетін биологиялық үрдістер және жағдайының көрсеткіші, мысалы, топырақтың дегидрогеназды, каталазды, протеазды, уреазды, фосфатазды, нуклеазды, целлюлазды және инвертазды белсенділігі, олар топырақтың тотығу-тотықсыздану дәрежесін қалыптастыруында, ондағы азоттың және фосфордың, көміртегілердің қосындыларын ауыстыруында маңызды роль атқарады.

Ауамен қоныс  аударудың ЗК. Ауамен қоныс аударудың зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті шоғыры – заттың ауаға түскен кезінде ауаға арналған орташа тәуліктік ШРК қосылмайтын заттың топырақтағы максималды мөлшері.

Сумен қоныс  аударудың ЗК. Сумен қоныс аударудың  зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті шоғыры – су қоймаларының сулары үшін ШРК аспайтын, оның жер  асты сулары және үстіңгі суларға топырақ суларымен және үстіңгі ағындармен түскен заттың топырақтағы максималды мөлшері [9,11].

 

    1.  Антропогендік физикалық әсерлер және оларды нормалау.

 

Радиациялық әсердің  шекті рауалы деңгейі. Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсердің ШРД. Бұл нормативті белгілейтін санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметтері белгілегенде негізге алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет.

Радиациялық әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді айтады. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып ыдырайды [12].

1.9 Экологиялық ( өндірістік- шаруашылық) сапа нормативтері.

Зиянды әсер тигізетін көздерге , оларлың қызметтерін белгілі шектік шамадан аспауын талап етіп, өндірістік-шаруашылық сапа нормативтері белгіденеді. Осы нормативтерің ішінде басты негізгісінің бірі шекті рауалы шығарынды (ШРШ). Кәсіпорындардың және басқалардың зиянды заттектер шығарындылары мен төгінділерін, микроорганизмдерді, биологиялық заттектерді қоршаған ортаға жібергенде атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластану дәрежесін бақылауды іс жүзінде осы норматив тобы арқылы өткізеді.

ШРК нормативін пайдалану арқылы қоршаған табиғи ортаның экологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайына баға беріледі. Ал ластағыш көздердің зиянды әсерін бақылауға, оның әрекетін реттеуге ауа үшін шектік рауалы шығарынды (ШРШ, г/с, т/жылына) немесе су үшін шектік рауалы төгінді (ШРШ, г/с, т/жылына) нормативтері қолданылады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның белгілі уақыт ішінде қоршаған ортаға тигізетін әсерлі жүктемелерін сипаттайды, олар міндетті түрде кәсіпорынның экологиялық паспортына (немесе осы тәрізді басқа да құжаттарға ) кіреді.

Шекті рауалы шығарынды – жермен астасқан ауа қабатындағы негізден немесе негіздер тобынан түскен ластағыш заттектің шамасы тұрғындарға жануарлар мен өсімдіктер әлеміне арналған сапасының нормативінен аспайтындай етіп белгіленген ғылыми-техникалық норматив. Атмосфераны ластайтын әр көзден шығатын зиянды заттектердің шекті рауалы шығарындысының шамасы осы заттектердің жермен жанасқан ауа қабатындағы ШРК дегейінен аспауы қажет. Есепке алынған негіздің шекті рауалы шығарындысын анықтағанда атмосферадағы басқа негіздердің шығарындыларынан түзілген шаманы ескеру қажет. ШРШ 5 жылға тағайындайды.

Шекті рауалы төгінді – бақылау пунктіндегі судың сапасын қамтамасыз ету мақсатында белгілі су объектісінде кесімді уақыт ішінде, бекітілген режим бойынша барынша жоғары рауалы жіберілімді ақаба судағы заттек массасы. Бұл жергілікті су пайдалану жүйесіндегі заттектің шекті рауалы концентрациясы, су объектісінің ассимиляциялық мүмкіндігі және су пайдаланушылар арасында бөлінді заттек массасының оңтайлы бөлінуі  ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

1.10 Кешенді сапа нормативтері

Жан-жақты қарастырылып жасалған нормативтерге шекті рауалы жүктеме (ШРЖ) және санитарлық пен қорғау нормативтері жатады. Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының құрылысын  салғанда, елді мекендерді дамыту жұмыстарын жүргізгенде, территориялық-өндірістік комплекстерді ұйымдастырғанда жобалаушылар мен жергілікті әкімшілік басшылары қоршаған табиғи ортаға арналған ШРЖ потенциалдық мүмкіндігін табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды, тіршілікке қолайлы жағдайды қамтамасыз етуді, қоршаған ортада қайтымсыз өзгерістер болмауды ескере отырып оны басшылыққа алады.

  Шекті рауалы жүктеме – экожүйені эклогиялық сиымдылық шегінен шығарып жібермейтиндей, табиғи ортаға кешенді және қисынды барынша жоғары қарқынды әсер етудің барлық антропогендік факторлардың жиынтығы. ШРЖ нормаларын жасау мен қолдану мақсаты – қорғалатын ортаның шаруашылық пен дем алу қызметтерін тиімді түрде байланыстыру. ШРЖ салалық және аймақтық нормаларға бөлінеді. ШРЖ нормативтерін жасап және бекітетін салалық немесе жергілікті экологиялық ұйымдар. Мысалы орманға қатысты ШРЖ орман шарушылығына жауапты органдар, қорықтардыкін, ұлттық парктердікін - осы ұйымдардың басшылары белгілейді. Бұл нормалар қоршаған табиғи орта мен оның кейбір ресурстарына байланысты ғылыми ұсыныстарға негізделіп өзгеріп отыруы мүмкін [13].

 

1.11 Қоршаған орта ластану деңгейін бақылау

Соңғы жылдар ішінде қоршаған орта ластануының физиологиялық  шекті нормаларын анықтау бойынша  ауқымды жұмыстар жургізілді. Судағы, ауадағы және топырақтағы зиянды заттардың ШРК-сы анықталды. Егер де ластану көлемі мен ластаушылар саны, сонымен қатар олардың қоршаған ортаға салыстырмалы қауіптілігі белгілі болса, онда физиологиялық нормаларды ескере отыра қоршаған орта ластану деңгейінің сандық бағасын алуға мүмкіндік болады.

Қоршаған орта ластану қоэффициенті Z (j)  мүмкін болатын барлық ластаушылардың S келтірілген  ластаушылар санына (М) қатынасы түрінде:

Z (j) ꞊ S/M   (1)

Мұндағы: j-M ластаушылар  ішінен белгілі бір реттілі номері.

S мәнін анықтау үшін ластаушы концентрациясын (N) биосфера мен оның элементтерінің қалыпты тіршілігі үшін физиологиялық шекті концентрацияға (Ф) қатынасы ретінде беріледі:

Сонда мынаны аламыз:

S ꞊

F (j)     (2)

Мұндағы: F (j) қандай да бір функция, формальды қатынаста белгіленеді.  J Ластаушылар ішінен белгілі бір реттегі ластаушыларды нормалау. Физикалық мағынада F (j) функциясы ластаушының салыстырмалы қауіптілігін анықтайды. Сонымен (1) анықтамаға кіретін әрбір құрамдас бөліктің өлшемі белгілі болса, яғни j꞊1 мәні F (j1), ал j꞊2 үшін F (j2) т.б онда келтірілген ластаушылар санының мәнін анықтауға болады: 

M꞊∑ F (j)    (3)

(2) Және (3) мәндерін  енгізе отыра қоршаған орта  ластану коэффициентін анықтайтын  формуланы шығарамыз:

F (j)

                    Z (J) ꞊ ----------------             (4)

          ∑ F (j)   

        Оның мәні 0-ден 5-ке және одан  да жоғары өзгеріп отырады.  Мысалы:  ластану деңгейі Z (J)꞊1 тең болған жағдайда  мекен  ету ортасы қауіпсіз болып  саналады, Z(j)꞊5 тең болғанда ластану деңгейі аса қарқынды және экологиялық нысандардың апатты жағдайларына алып келуі мүмкін.  Табиғи жағдайларда әр түрлі ластаушылар қанша мерат түзе отыра, араласады. Практикалық есептеулерді жүргізу үшін кониломераттық улылық деңгейін анықтау маңызды болып табылады.  Шамалас есептеулер үшін салыстырмалы улылық деңгейін F(j) функциясының орташа мәні ретінде анықтайды. Мысалы атмосфера құрамында  әр түрлі заттары бар шаң газды қалдықтар лақтыратын химиялық өнеркәсіптер орналасқан аймақтың есептеуін  Z (j) көрсетейік 4-кесте.

 

4-кесте Химиялық  ластаушылардың аттары

 

N

Ластаушылар

N  мг/

F(j)

Ф мг/

1

2

3

4

5

Бутифокс

Диметиламин

Азот диоксиді

Ацетьальдегид

Изопропилді спирт

0,033

0.09

0,128

0,021

0,72

1

0,72

0,53

0,29

0,21

0,01

0,05

0,085

0,01

0,6


 

1 кестедегі  заттар экологиялық нысандарға  қауіп тигізу реті бойынша  орналасқан, ал ластаудың физиологиялық  нормалары анықтама  мәліметтерінен  алынды. Бұл мәліметтер бойынша  ластану коэффициенті Z(J)꞊2,28 тең  деп есептейді, бұл ластану  деңгейін бағалау бойынша мекен ету ортасының едәуір мөлшерде ластанғанын  білдіреді [14].

Информация о работе Әдебиеттік шолу