Әдебиеттік шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 09:18, контрольная работа

Краткое описание

Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудiң экологиялық қауiпсiздiкке және халықтың денсаулығын сақтауға кепiлдiк беретiн, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн, ғылыми негiзделiп жол берiлетiн шектi нормаларын белгiлеу мақсатын көздейдi.

Содержание

Кіріспе
Ι Әдебиеттік шолу
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Нормативті-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыздандыру
Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативті регламенттерді басқару жобасының сұрақтары
Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер
2 Кәсіпорын туралы жалпы мағұлмат
2.1 Жұмыс жүргізілетін ауданның климаттық жағдайы
2.2 Геологиялық сипаттама
3 Атмосфералық ауаға әсері
3.1 Құрылыс кезінде кәсіпорынның қоқыс шығру көздері туралы қысқаша сипаттама
3.2 Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың тізімі
3.3 Құрылыс кезеңінде ПДВ нормативтерін анықтау және есептеу
3.4 Құрылыс кезеңінде атмосфераның зиянды заттармен ластануын есептеу нәтижелерін талдау
3.5 Санитарлық-қорғау аймағының сипаттамасы
3.6 Құрылыс үрдісінде атмосфералық ауаға келтірілетін зиянды әсерлерді азайту үшін ұсынылатын шаралар
3.7 Жер бетіндегі және жер асты суларын ластанудан және тартылудан қорғау
3.8 Жер телімін қалпына келтіру (рекультивация), топырақ құнарлылығын пайдалану
3.9 Кәсіпорын қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
4 Эксперименттік бөлім
4.1 Қоршаған ортаның ластануынан келген зиянды алдын-ала есептеу
4.2 Құрылыс кезінде атмосфералық ауаның ластануынан келген зиянды алдын ала есептеу
4.3 Су тұтыну және канализация жүйелеріндегі есептеу жұмыстары
4.4 ШРК мөлшерлемелері бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом толығымен.doc

— 654.00 Кб (Скачать файл)

 

    1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативті регламенттерді басқару жобасының сұрақтары

 

Қоршаған орта сапасын және ластаушы заттар эмиссиясын нормалау табиғат қорғау жүйесінің  ең бір маңызды бөлігі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексінде де көрініс  тапты. «Экологиялық нормалау» атты 4 бөлімде экологиялық нормалаудың және қоршаған орта сапасының нормативтер мақсаттары және олардың бекітілу реті қарастырылды. Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасы мен эмиссияларды нормалау үлгісі қабылданған,  ол санитарлық-гигиеналық (мысалы, атмосфералық ауадағы заттардың ШРК) немесе биологиялық (мысалы, балық шарушылығының суқоймаларындағы заттардың ШРК) табиғаты бойынша шекті рұқсат деңгейге (концентрациялар) жетудің белгілі-бір қағидаларына негізделеді.   Құзырлы органдар белгілеген бұл нормативтер санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дегенмен бұл  нормативтер көмегімен ластаушы заттар эмиссияларына шектеуді анықтау  кезінде кейбір мәселелер туындайды. Көп жағдайда қоршаған орта сапа стандарттарының нормаланатын объект ерекшелігін ескермей кеңінен қолданылуы байқалады. Батыс елдері, Ресей Федерациясы және Қазақстандағы тәжірибелік зерттеулерде өзінің тиімділігін көрсетіп келген үлгілердің кеңінен қолданылуы көрініс табады. Эмиссияларды нормалау дамытуды қажет ететін математикалық үлгілерді қолдану арқылы жүргізіледі. Одан басқа нормаланатын заттардың кең тізімі аналитикалық қондырғылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келе бермейді, бұл белгіленген стандарттардың толық қанды мониторингін жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БӘСҰ) кіретін болдғандықтан, елде қабылданған экологиялық нормативтерді  халықаралық стандарттармен жақындастыру керек. Қазақстан Республикасында  Еуропалық одақ мысалында қоршаған орта сапасының мақсатты критериилер жүйесі қабылдануы қажет. Қауіпті бағалау кезінде және аймақ ерекшелігі (табиғи объект) мен нақты жағдайды ескере отыра анықталатын бұл критериилер құзырлы органдармен қоршаған ортаның сапасын жақсартуға кететін нақты мерзімге белгіленеді. Мақсатты-қорытынды және аралық нормативтер әлеуметтік-экономикалық сұрақтарға сүйене отыра, қоршаған ортаның сапасына қойылатын талаптарды әртүрлендіру керек. Мысалы, демалыс аймағындағы ауа және су сапасы ірі өндірістік орталықтағы ауа және су сапасынан ерекшеленуі керек.

Қазақстандағы басқару практикасының талдауы  бойынша, қоршаған орта сапасының мақсат критерилері:

  • Аймақтық жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
  • Тұрғындарды және табиғи қоршаған ортаны қауіпті есептеу және бағалау негізінде қолайсыз әсерден қорғау;
  • Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне жауап беру;
  • Елдегі қоршаған орта жағдайын үнемі жақсартуға бағытталған іс-шаралардың болуы [6].

 

1.4  Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер.

 

Қоршаған орта сапасына қарай тазаға немесе комфордты (адамдардың дені саулығына қарай) және зиянды (адам денсаулығы нашарлаған) ортаға бөлінеді. Егер де адамдар ортамен байланысқанда олардың денсаулық жағдайлары қайтымсыз өзгеріске ұшыраса, мұндай ортаны көбінесе экстремалды орта деп те атайды. Осыған орай біздің еліміздің тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін қоршаған орта сапасын барлық уақытта бақылауда ұстау қажет. Ол үшін қоршаған орта сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапасының стандарттары жасалған. Стандарт экологиялық және өндірістік шаруашылық болып бөлінеді.

Экологиялық стандарт қоршаған ортаға шекті рауалы әсер нормаларын белгілейді. Егер де осы экологиялық  регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік  жүктеме шамасы белгіленген мөлшерден асатын болса, адам денсаулығына қауіп төнуі, ал өсімдіктер мен жануарлар әлеміне оларды құртатын әсер орын алуы мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозуы болмайды, биологиялық әр алуандылық пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталынады. Қоршаған табиғи орта сапасының нормативтері үш түрге (топтарға) бөлінеді: санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік шаруашылық), қосалқы нормативтер.

Санитарлық - гигиеналық нормаларға - адамды қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық нормативтерге зиянды заттектердің (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентрациясы немесе  шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі жатады. Қолайлы денсаулығына қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді.

Екінші нормативтер тобына экологиялық норматив – экологиялық  негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен реттеу бірлігінде.

Қазақстан Республикасының  қоршаған орта қорғау жаңына сәйкес, осы нормативтер тобына зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациялар (ШРК немесе ШРМ) нормативтерін, радиация, шу, вибрация, магнит өрістері әсерінің шекті рауалы деңгейлер (ШРД) нормативтерін, зиянды заттектердің тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер нормативтерін жатқызуға болады [7].

Атмосфералық  ауаның ластануы .

    Атмосфераның  негiзгi ластануы түстi металлургия,  жылу энергетикасы, қара металлургия,  мұнай-газ кешенi кәсiпорындары  мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның  тозуына әсер етедi.  
        Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.  
        Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiстiң ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағының болмауы себептi өндiрiс орталықтары халқының басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып  жатыр.  
        Автомобиль санының күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көмiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шектi мөлшерден асып түседi.  
        Ауа бассейнiнiң ластануы, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.  
        1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейiнде тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.  
         Aуa бассейнi ластануының жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi қажеттi шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда көзделетiн болады [8].

 

1.5  Ауадағы зиянды заттектерді нормалау

Зиянды заттектер  үшін биосфераның әр компонентіне (ауаға, суға, топыраққа) арнайым белгіленген  ШРК-ның шамалары бар. Мысалы: атмосфералық ауаға ШРК – жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/ . Ол сегіз сағаттық жұмыс күнік немесе ұзақтығы басқа мерзім ішінде (демалыс күндерсіз), яғни аптасына қырық бір сағаттан аспайтын уақыт аралығында , қызмет ететін барлық жылдар бойы казіргі және кейінгі буындардың денсаулығын бұзбайтын концентрация мөлшері. Жұмыс зонасы деп қызметшінің тұрақты немесе уақытша еденнен немесе жерден биіктігі 2м – ге дейінгі кеңістікте болатын орнын айтады.

Ластағыш заттектердің класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Қауіптілік класы ШРК мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді: 1 класс (ШРК ) – айрықша қауіпті; 2 класс (ШРК )- жоғары қауіпті;  3 класс (ШРК ) – орташа қауіпті; 4 класс (ШРК ) болымсыз қауіпті 1-кесте.

  • ШРК елді мекеннің ауасындағы заттектердің шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы, . Бұл концентрация ауаны 20 минуттай жұтқанда адам организмінде рефлекторлық реакцияны туғызбауы қажет;
  • ШРК елді мекеннің ауасындағы улы заттектердің шекті рауалы орташа тәуліктік концентрациясы , . Зиянды агенттің адам организміне өткенде (демалу, тамақпен бірге және т.б) оларға әлі құртатындай ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.

Атмосфералық  ауаны ластайтын басқа да көздері  бар аймақта жаңа кәсіпорынды  салу жобаланса, онда оның ауаға жіберетін  қоспаларын нормалағанда бұрыннан салынған және істеп жатқандардың шығарындылары  міндетті түрде ескеріледі. Ал белгілі  шығарындылардың мөлшері фондық концентрация ретінде қарастырылады [9].

 

  1. Кесте Ауадағы кейбір лас заттардың ШРК

 

Ластайтын зат

ШРК о.т.,

мг\м3

ШРК м.б.,

мг\м3

Қауіптілік  сыныбы

Бенз(а)пирен

0,000001

-

1

Сынап

0,0003

-

1

Қорғасын

0,0003

-

1

Хром оксиді

0,0015

0,0015

1

Азот диоксиді

0,04

0,85

2

Кадмий оксиді

0,001

-

2

Марганец оксиді

0,001

0,01

2

Мырыш

0,002

-

2

Метилмеркаптан

-

9*10-6

2

Мышьяк

0,003

0,003

2

Никель

0,001

-

2

Күкіртсутек

-

0,008

2

Күкірткөміртек

0,005

0,03

2

Фенол

0,003

0,01

2

Формальдегид

0,003

0,035

2

Фторлы сутегі

0,005

0,02

2

Хлорлы сутегі

0,2

0,2

2

Күкірт диоксиді

0,05

0,5

3

Азот оксиді

0,06

0,4

3

Шаң

0,15

0,5

3

Цинк

0,05

-

3

Аммиак

0,04

0,2

4

Көміртегі оксиді

3,0

5,0

4


 

    1.  Судағы зиянды заттектерді нормалау .

1. ШРК шаруашылық ауыз сумен мәдени тұрмыстық жағдайға қолданылатын су қоймаларындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/л. Бұл концентрация адамның бүкіл ғұмыры ішінде оның мүшелеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізбеуі, сонымен қатар келесі ұрпақтардың денсаулығына да және қолданатын судың гигиеналық жағдайын да төмендетпеуі қажет.

2.   ШРК  б балық шаруашылығында қолданылатын суаттардың суындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/л;

  • Судың интегралды көрсеткіштері:

ОБҚ – оттекке  биологиялық қажеттілік – сынау  инкубациясының белгілі уақыт ішінде (2, 5, 20, 120 тәулік) органикалық заттектердің (нитрификация процесін кіргізбегенде ) биохимиялық тотығу (ыдырау) процестеріне пайдаланылған оттектің мөлшері.

ОХҚ – оттекке химиялық қажеттілік – судағы барлық тотықсыздандырғышты тотықтыруға қажетті, яғни тотықтырғыштың жұмсалатын мөлшеріне эквивалентті, оттектің мөлшері (бихромды әдіспен анықталады), мг О / л суға.

ОБҚ/ОХҚ қатынастарына  қарай отырып, заттектердің биохимиялық тотығуының тиімділігін айтады.

Су ластайтын  және гидробионттар үшін токсинды заттардың  төрт қауіптілік класы бөлінген: I –  аса қауіпті ластайтын заттар; II – жоғары қауіпті ластайтын  заттар; III – қауіпті ластайтын  заттар; IV – бірқалыпты қауіпті ластайтын заттар. IV класта, су қоймасының экологиялық жағдайының өзгеруінде болатын заттар көрсетілген. Заттарды нақты бір қауіптілік класына кіргізгенде, ШРК шамасы бойынша заттың токсинділігін, осы заттың су қоймасындағы тұрақтылығын және оның 2­кестеге сай кумулятивтік қасиеттерін ескереді.

2­кесте Гидробионттар  үшін химиялық заттардың қауіптілік  класы

 

Заттың қауіптілік класы

ШРК,

мг/л

Заттың тұрақтылығы, тәулік

Материалды  кумуляция (Кн)

I

0,00001…0,0001

180 артық

200 артық

II

0,0001…0,001

60…180

51…200

III

0,001…0,01

10…60

1,1…50

IV

0,01 артық

10 кем

Жиналмайды 

Информация о работе Әдебиеттік шолу