Ислам дініндегі термин сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:45, доклад

Краткое описание

1. Арафа күні -Зүл-хиджа айының 9-шы күні, құрбан айттан бір күн бұрынғы күн.
«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені арапа Аллаһу та’ала қадірлеген күн.» (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)
«Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі-өткен жылдың, екіншісі келер жылдың күнәлары». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)
«Арапа күні 1000 рет Ихлас сүресін оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады. Барлығын “бисмиллә”мен оқу керек». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)

Вложенные файлы: 1 файл

Ислам дініндегі термин сөздер.docx

— 44.07 Кб (Скачать файл)
  1. Субханаллаһ -“Аллаһу та'аланы кемшілік және нұқсан сипаттардан пәк деп білемін, ұзақ деп қабылдаймын” (яғни Аллаһу та’аланың кемшілік сипаттары жоқ) деген мағынадағы мүбәрәк, қасиетті сөз.

«Әр намаздан кейін 33 тәсбих (Сүбханаллаһ), 33 тахмид (Әлхамдулиллаһ), 33 тәкбір (Аллаһу әкбар) және бір тәһлил: “Лә илаһә иллаллаһ уаһдәһу лә шәрикә-ләһ ләһул-мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәйин қадир” деген адамның теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі.» (Хадис шәриф – Халеби)

«Айтылуы өте оңай, таразыда өте ауыр басатын екі сөз бар. Аллаһу та'ала бұл екі сөзді  өте жақсы көреді. “Субханаллаһи  уә би хамдиһи, субханаллаһил азыйм”» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани)

Субханаллаһ деу тәубенің кілті, тіпті нағыз өзі. Сондықтан  субханаллаһ деп айту күнәлардың жойылуына және жамандықтардың кешірілуіне  себеп болады. Сол себепті таразыда хасанат (ізгілік), жақсылық тарапын  толтырып, өте ауыр басады. Аллаһу та'аланың сүйікті құлы болады. Субханаллаһ  деген және хамд (шүкір) еткен мұсылман барлық кемел және жамал қасиеттердің Аллаһта бар екенін, Оған лайық болмаған қасиеттердің, сипаттардың, кемшіліктердің жоқ екенін білдіргенде кәрим және ихсан иесі болған Аллаһу та’аланың сол құлын пайдасыз нәрселерден алыстатуы және оған кемелдік сипаттарын ихсан етуі үміт етіледі. (Имам Раббани)

 

26. Сүннет- Жол, ереже, әдет деген имағыналарды береді.

1) Сүйікті пайғамбарымыздың  мүбәрәк сөздері, істері және  көрсе де кедергі болмаған  нәрселер. «Ұмытылған бір сүннетімді қайта жандандырған адамға жүз шәһид сауабы беріледі.» (Хадис шәриф - Хадиқа)

Он нәрсе сүннет болып  табылады: «Мұртты қысқарту, сақал өсіру, мисуак қолдану, мазмаза (ауызды шаю), истиншақ (мұрынға су тарту), тырнақ алу, аяқ саусақтарын жуу, қолтық асты және қопал әурет жердің қылдарын қыру, сумен истинжа (алдан және арттан шыққан нәжісті тазалау).» (Хадис шәриф – Тәбйинул-Хақайық)

2) Дін үкімдерінде дәлел,  діннің қайнар көзі болып саналатын  негізгі төрт дәлелдің бірі. Хадис  шәрифтер.

"Әдилләи шәрийа (шариғаттың  дәлелдері) деп аталатын дін  үкімдерінің қайнар көзі төртеу: Құран кәрім, Сүннет, Ижма-и үммет (бір ғасырда өмір сүрген Құран кәрім және хадис шәрифтерден мағына шығара алатын мүжтәһид деп аталатын терең білімді ғалымдардың діни мәселелер үкімінде бірігуі және ижтиһадтарының бір-біріне сәйкес келуі) және Қияси фуқаха (үкімі, мағынасы насста яғни Құран кәрім мен хадис шәрифтерде мағынасы жабық, жасырын болған үкімді, үкімі ашық білдірілген және бұған ұқсаған басқа мәселенің үкімімен салымтыру арқылы түсіну)." (Ибн Абидин)

"Сүннет – Құран  кәрімнің тәфсирі, түсіндірмесі. Мазһаб имамдары (Ханафи, Шафии, Малики, Ханбали) сүннетті ашып түсіндірген.  Дін ғұламалары да мазһаб имамдарының  сөздерін ашып берген. Қияметке  дейін осылай болады. Сүннет болмағанда: суларға қатысты мәселелер, дәрет  алу (тазалану) мәселелерін, намаздардың  қанша рәкаттан тұратынын, рүку  және сәждеде оқылатын тәсбихтерді,  айт және жаназа намаздарының  қалай оқылатынын, оразаның, қажылықтың  парыздарын және неке, құқық мәселелерін  ешбір ғалым Құран кәрімнен  таба алмас еді және үйрене  алмайтын еді." (Имам Шарани)

3) Шариғат яғни ислам  діні.

«Сүннетімді тәрк еткен  адамға шапағатым харам болды.» (Хадис шәриф – Шәрхи Хадис Әрбаин)

 «Ислам діні әлсіз-ғарип болып басталды. Ақырғы замандарда да әлсіз-ғарип болып қалады. Сол әлсіз адамдарға сүйіншілер болсын! Олар адамдар бұзған сүннетімді түзелтеді.» (Хадис шәриф – Мәктубат)

"Сүннетті өте жақсы  білетін адам имам болады." (Қудури)

"Сүйікті пайғамбарымыздың  көрсеткен ислам дінінің жолымен  және оның сүннетімен жүру  үшін ең әуелі дұрыс иман  келтіру керек. Сосын харамдардан  сақтану керек. Парыздарды орындау  керек. Мәкрухтардан сақтану керек.  Содан кейін мүстаһабтарды орындау  керек." (Имам Раббани)

"Аллаһу та’алаға  апаратын ең сенімді жол –  барлық іс-әрекеттерінде және  ғибадаттарында сүйікті пайғамбарымыздың  сүннетіне мойынсұну болып табылады." (Әбу Әли Журжани)

 

  1. Сүннетке отырғызу-баланың сүннет терісінің кесілуі.

Баланы сүннетке отырғызу пайғамбарымыз алейһиссаламның  маңызды сүннеттерінің бірі болып  табылады. Сүннеттеу – ислам дінінің  белгісі және нышаны. Баланы сүндетке отырғызу жасы нақты білдірілмеген. Ең жақсысы 7-12 жастың аралығы. Сүннеттелу кезінде топталып жоғары дауыспен айт  тәкбірі айтылады. "Сүннеттелмеген адамдарда әртүрлі аурулар болады." (Алауиддин Хаскәфи)

"Пайғамбарымыз алейһиссалам  туылған кезінде кіндігі кесілген  және сүннеттелген болып көрінді.ә (Имам Қасталани)

"Иманға келген кәрі  адамның сүннеттелуі шарт емес. Сүннеттелмесе де болады." (Абдулғани Наблуси)

 

 

 

  1. Уәжіп- орындалуы парыз сияқты нақты әмірлер. Мұндай әмірлердің Құрандағы дәлелдері парыздардағыдай ашық емес. Құран кәрімде ашық білдірілмеген немесе бір сахабаның нақты білдіруімен түсінілген әмірлерге уәжіп делінеді. Уәжіптер занни дәлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дәлелдерге сүйенеді. Шафии мазһабында уәжіп делінген кезде фарз түсініледі.

Үәжіпті тәрк ету тахримән мәкрух яғни харамға жақын мәкрух. Уәжіпті орындамаған адам тәубе  етпесе тозақта азапталады. (Ибн Абидин)

Намаздың уәжіптерінің бірін біле тұра орындамау намазды  бұзбайды бірақ күнә болады. Ал ұмытып орындамаған адам сәһу сәждесін (ұмыту  сәждесін) жасайды. Парыздың алғашқы  екі рәкатында зәм сүресін (фатихадан  кейін оқылатын сүрені) оқуды ұмытқан  адам үшінші және төртінші рәкаттарында оқып, кейін сәһу сәждесін жасайды. Соңғы рәкатта отырмай орнынан  тұрған адам сәжде етпей есіне  түсетін болса дереу отырады, отыруды кешіктіргені үшін сәһу сәждесін жасайды. (Тахтауи) 

 

  1. Фасық (Пасық) -ашықша (адамдардың көзінше) күнә істеуден тартынбайтын, қарсы шығушы, күнәһар мүмин.

«Пасықтың азғындығына  кедергі болуға құдіреті жете тұра, ешкім кедергі болмаса, Аллаһу та’ала бұлардың барлығына дүниеде және ахиретте азап береді.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

«Пасық мақталған кезінде  Раббымыз ашуланады.» (Хадис шәриф – Бәйһақи, Ибн Ади)

«Қызын пасыққа берген адам малғұн.» (Хадис шәриф – Зәуажир)

Үйренуі парыз және уәжіп  болған фиқһ (дін) білімдерін үйренбеу пасықтық, яғни күнә болып табылады. Пасықтардың куәлік етулері қабыл  етілмейтіндіктен куәлерге наразылық  болған кезде сот төрешісі куәгерлерден фиқһ ілімінен сұрайды. (Ибн Абидин)

Пасықтың, бидғатшының (ақидасы  бұзық адамның) үйіне, шақырған дастарханына тек қана зарурет (мәжбүр болған) жағдайда немесе біреудің жұмысын бітіріп  беру үшін ғана баруға болады. (Имам Ғазали) 

 

 

 

 

 

 

  1. Шапағат -қиямет күні Аллаһу та'аланың рұқсатымен пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бастауымен барлық пайғамбарлар, ғалымдар, шәһидтер, салихтер (жақсы адамдар), кішкентай жаста қайтыс болған мұсылман балалар және Аллаһу та’аланың рұқсат еткен басқа да құлдары күнәсі көп мұсылмандардың күнәларының кешіріліп, жаһаннамнан шығарылуы үшін, жаннаттағылардың дәрежелерінің  көтерілуі үшін Аллаһу та’аладан жалбарынып сұраулары, осы тұрғыда себепші болулары.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «Ол күні Аллаһу та’аланың өзіне шапағат етуге рұқсат берген және сөзінен разы болған адамдардан басқаның шапағаты пайда бермейді.» (Таха сүресі 109)

«Үмбетімнің ішінен үлкен  күнә істегендерге шапағат етемін» (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Ханбәл)

«Шапағатыма сенбеген адам оған қауыша алмайды.» (Хадис шәриф – Шират-ул-Ислам)

«Қиямет күні алдымен пайғамбарлар, содан кейін ғалымдар, шәһидтер шапағат  етеді.» (Хадис шәриф – Ихия)

Шапағат хақ. Тәубе етпей қайтыс болған мұсылмандардың үлкен-кіші күнәларының кешірілуі үшін пайғамбарлар, әулиелер, тақуалы кісілер, періштелер және Аллаһу та’аланың рұқсат еткен басқа да құлдары шапағат етеді және қабыл болады. (Мәулана Халид Бағдади)

Кішкентай балалар анасына  және әкесіне шапағат етеді. Тіпті  түсік болған балалар да анасына  және әкесіне шапағат етеді. (Имам Биргиуи)

Махшар күнінде (қияметте барлық адамдар жиналып, есепке тартылатын жерде) шапағат бес түрлі болады. Біріншісі: Қиямет күні махшарда адамның  көптігінен, ұзақ күтуден шаршаған күнәһарлар шыңғырып, тезірек есептің  басталуын қалайды. Есептің тезірек  басталуы үшін шапағат етіледі. Екіншісі: Сұрақтың, есепке тартудың оңай және тез  болуы үшін шапағат етіледі. Үшіншісі: Күнәсы бар мұсылмандардың сират  көпірінен тозаққа түспеуі, жаһаннам азабынан қорғалуы үшін шапағат етіледі. Төртіншісі: Күнәсі көп мұсылмандардың жаһаннамнан шығарылуы үшін шапағат  етіледі. Бесіншісі: Жаннатта сансыз ниғметтер  беріліп, мәңгі қалынатын болса  да, сегіз дәрежесі болады. Адамдардың дәрежесі, мақамы, иманы және амалдарының  мөлшеріне сай болады. Жаннаттағылардың дәрежелерінің  көтерілуі үшін де шапағат етіледі. (Мәулана Халид Бағдади)

Пайғамбарлардың соңғысы  Расулуллаһ алейһиссалам сияқты бір  шапағатшы болмағанда, бұл үмбеттің күнәлары өздерін құрдымға кетіретін  еді. Шапағатқа ең көп мұқтаж болған осы үмбет. Өйткені бұл үмбеттің күнәлары көп. Алайда, Аллаһу та’аланың  кешірімі мен мейірімділігі шексіз. Аллаһу та’аланың бұл үмбетке  кешірімімен мейірімін төгетіні соншалық өткен үмбеттердің ешбіріне мұндай рақымдылық еткені білінбеген. Тоқсан тоғыз рақымдылығын құдды  осы күнәһар үмбетке бөліп  қойғандай... (Имам Раббани)


Информация о работе Ислам дініндегі термин сөздер