Тәжірибе өту орны туралы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 12:46, практическая работа

Краткое описание

ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;
Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………........................2
Тәжірибе өту орны туралы мағлұмат…………………………….................3
Утилиттер………………………………………………….....…...…...............4
Антивирустік бағдарламала……………………………………....................4
Архивтік бағдарламалар……………………………............................... ....5
Қолданбалы бағдарламалар……………………….....………......................7
Microsoft Word бағдарламасның мүмкіншіліктері…..................................7
Microsoft Access- те кесте құру……………………….................................10
Microsoft Excel бағдарламасы туралы түсінік............................................14
Арнайы бағдарламалар…...………………..........…........…......…..............15
Corel Draw векторлық графикалық редакторы туралы түсінік................15
Photoshop графикалық бағдарламасы...…………….….............................19
Мәліметтер қорымен жұмыс........................................................................21
Видеотека мәліметтер қоры………...….............…………..........….............23
Техникалық қауіпсіздік ережесі…...………………..........…........…......…..28
Қорытынды……....…………...........……………..………..……………..…29
Пайдаланған әдебиеттер………........….……..………………………...….30

Вложенные файлы: 1 файл

ПРАКТИЧЕСКАЯ РАБОТА.doc

— 1.42 Мб (Скачать файл)

                                                  Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………........................2

Тәжірибе өту орны туралы мағлұмат…………………………….................3

Утилиттер………………………………………………….....…...…...............4

Антивирустік бағдарламала……………………………………....................4

Архивтік бағдарламалар……………………………............................... ....5

Қолданбалы бағдарламалар……………………….....………......................7

Microsoft Word бағдарламасның мүмкіншіліктері…..................................7

Microsoft Access- те кесте құру……………………….................................10

Microsoft Excel бағдарламасы туралы түсінік............................................14

Арнайы бағдарламалар…...………………..........…........…......…..............15

Corel Draw векторлық графикалық редакторы туралы  түсінік................15

Photoshop графикалық бағдарламасы...…………….….............................19

Мәліметтер қорымен жұмыс........................................................................21

Видеотека мәліметтер қоры………...….............…………..........….............23

Техникалық қауіпсіздік ережесі…...………………..........…........…......…..28

Қорытынды……....…………...........……………..………..……………..…29

Пайдаланған әдебиеттер………........….……..………………………...….30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

                                                    Кіріспе

        Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

 ОЖ-ның екі негізгі қызметін  атап айту керек, олар:

1) Барлық қолданбалы және жүйелік  программалардың жұмысын, оларды  бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен  байланыстыра отырып, қамтамасыз  ету;

2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

 Компьютерді басқару ОЖ-нің  командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді  көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату  сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар. Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

-компьютердің барлық аппараттық  құрал-жабдықтарын басқару;

-файылдық жүйемен жұмыс істеуді  қамтамасыз ету;

-қолданбалы программаларды іске  қосу.

Бұған қоса WINDOWS жүйесі:

         -бір уақытта  бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

         -әр түрлі  программалар арасында мәліметтер  алмасуын;

         -масштабталатын  шрифтерді сүймелдеуді;

         -мультимедия  мүмкіндіктерін пайдалануды;

         -біріңғай  анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз  ете алады

WINDOWS жүесінің негізгі ұғымдары

Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.

 

                Тәжірибені өту орны туралы жалпы мағлұмат

         ТОО “Серик Секьюрити Астана” 2008 жылы құрылған осы уақыт аралығында өзін тұрақты таныта білді. Өткен уақыт аралығында тәжірибелі болып танылды. Бұл компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлер  қатарында күш жігерлі қызметкерлер жұмыс істейді.

ТОО “Серик Секьюрити Астана”қауыпсыздік қызметін атқарады. Алдына қойған мақсатты жауапкершілікпен атқарады. Жаңа заманәуи әдістемелерін қолдана отырып клиент қауыпсыздігін  қамтамасыздандырады. Атқаратын қызыметтері сонын ішінде әеімшілік  ғимарат кеңсе күзеті қоршаулы  үйлер  ж.т.б.

ТОО “Серик Секьюрити Астана” мемлекеттік ішкі органдармен бірлесе отырып істер атқарады. Бұл қабылдау іс-шараның  тиімділігін  және ол дәлме дәлділікті заңын ауытқымауына кепілдік береді.

 ТОО “Серик Секьюрити Астана” қызметкерінің кәсіби дайындығына оның физикалық түкпілікті жетілдіріп қосымша тәлім тәрбиеге жұмысқа улкен көңіл аударады. Бұл ұйымға кез келген адам қабылданбайды. Ережесі өте қатаң, үлкен сараптамадан өтіп барып қабылданады. Біріге отырып қызымет көрсететін ортақ серіктестері өте көп. Солардың бір қатары:

• ТОО «Коллекторское Агентство «Алатау»

• - ГУ «Каз.Нац. Университет Искусств» Мин.Образ.и Науки Респуб.Каз.

• - ТОО Монумент «Астана-Байтерек»

• - АО «Банк Развития Казахстана»

• - ЖК «Нурсая» - охрана подземных паркингов «Северный» и «Южный»

• - Университет Назарбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

                                                       

        Утилиттер. Утилиттер – программалау ортасында белгілі бір қызмет атқаруға пайдаланылатын қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде түрлі программаның тілдерінде жиі кездеседі.  Мәліметтерді қысатын  (архивтейтін) компьютерді вирустан тексеретін программалар.

       Антивирустік бағдарламалар.  Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).

Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресуде үлкен тәжірибе жинақталды, антивирустық программалар жасалды, программалар мен деректерді қорғау шаралары айқындалды. Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріліп және дамытылып отырады. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

          Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

           Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор-программалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы – Д.Лозинский, Scan, Norton AntiVirus және Doctor Web жасаушысы – И.Данилов программалары болып табылады.

           Ревизор-программалар вирустрдан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. Ресейде Д.Мостов жасаған ADinf ревизор-программасы кең таралған. Бұл программаны барлық оқу орындарындағы компьютерлерге орнату ұсынылған. Ол тек вирустардың белсенділігін ғана емес, кейбір оқушылардың зиянды әрекеттерін де (оқушылардың тиісуіне болмайтын файлдар мен қапшықтарды жылжытуын, өшіруін, жазуын) бақылауға мүмкіндік береді.

        Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - үнемі компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекеттерді орындамақшы болғанда, «күзетші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді немесе тыйым салады. Пайдаланушылар, әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым берілетін ескерту жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-программалар вирусты көбеймей тұрып, оның өмірінің ең алғашқы сатысында табуға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдар мен дискілерді «емдемейді», сондықтан вирустарды жою үшін фагтарды қолдану қажет болады.

         Вирустардан қорғайтын программалық құралдардан басқа винчестердің белгілі бөлімдерін сенімді қорғауды қамтамасыздандыратын тағы арнайы қосымша құрылғылар болады. Мұндай құрылғыға Ю.Фомин жасаған Sheriff платасы мысал болып табылады.

         Антивирустық программаларды қолдану ақпараттың толық қорғалуын қамтамасыз етпейді. Профилактикалық алдын алу шараларын қолдану керек, мысалы төмендегідей:

             1. резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;

             2. зақымдануы ықтимал кездейсоқ «заңды өнім болып табылмайтын» ұрлық программаларды қолданбау;

              3. дискеттерден файлдарды шығарып оқымай тұрып, оларды вирусқа тексеру;

             4. антивирустық программа дискетте сақталуы керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдануы мүмкін;

             5. компьютерді үнемі вирусқа тексеріп отыру керек!

Вирустар үнемі өзгереді және олардың саны күн сайын көбеюде, антивирустық программалар да жаңарып отырады, сондықтан әрқашан антивирустардың жаңа нұқсаларының шығуын қадағалап жүру қажет. Егер антивирустардың ескі нұсқасы тексеруден кейін «бәрі таза» деп хабарласа да, сақ болу керек, өйткені ол бүркемеленудің басқа әдісін қолданған жаңа вирусты байқамауы да мүмкін.

          Архивтеу.  Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу программалары көмегімен архивтеледі (сығылады). 
Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар тізбегі, ал графикалық редакторда – бір түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін) қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген. Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын тізбегі қатар келеді. Архивтеу барысында ол 3 байтпен (бірінші байт – алмастырылатын символды кодтайды; екінші байт – архивтеу жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол бірінші байттағы байттарды архивтен тізбек түрінде ашу қажеттілігін көрсетеді; үшінші байт – қайталанатын байттар санын көрсетеді) алмастырылады . Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы программалар – архиваторлар (WinZip, WinRAR, PowerArchiver жѕне т.б.) бар. Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару құрылғыларының бірі – MS-DOS, Windows, Linux жѕне т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады. WinRAR RAR және ZIP архивтерімен жұмыс істеуге, сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданып көптомды және өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды құруға мүмкіндік береді. Файлдарды архивтеу. WinRAR архиваторының көмегімен файлдардарды архивтеуді, және файлдарды архивтен қайтадан алуды ұйымдастыруға болады.

  1. WinRAR архиваторын іске қосыңыз.

2. Файлдарды белгілеңіз және  Командалар-Архивке файл қосу  командасын енгізіңіз

          

                      1-сурет. WinRAR архиваторының терезесі.

Информация о работе Тәжірибе өту орны туралы мағлұмат