Шығыстағы діни экстремизм мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Шығыс елдеріндегі қазіргі кезеңгі ауқымды мәселелерін қарастырғанда, соның ішінде діни экстремизм. Қазіргі таңда Шығыс аймақтарындағы діни экстремизм проблемалары тек дербес феномен ретінде ғана қарастырыла алмайды. Ол шешімінен адамзат өркениетінің әрі қарайғы өмір сүруі тәуелді болатын, соғыс және бейбітшілік фундаментальді мәселелерімен байланысқан, жалпы әскери-саяси жаһандық проблемалардың негізгі маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан да діни экстремизм қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Діни экстремизм – қатерлі құбылыс.
2. Діни экстремизм мен терроризм.
3. Экстремистік топтар.
4. Экстремизмге қарсы күрес.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Шығыстағы діни экстремизм мәселелері.docx

— 52.77 Кб (Скачать файл)

Ал ендi, Америкадағы ең белгiлi фундаменталисттер жөнiнде  бiр-екi ауыз сөз айтатұғын болсақ;

          1993 жылғы сайлауда Джордж Бушқа «Християндардың хұқұқтары» (Сhristian Right) атындағы фундаменталистiк ұйым болысқан. Бұл ұйымды католик фундаменталисттердiң жетекшiлерiнен Патрик Ж. Буханан да қолдап, көмек беруде. Екiншi үлкен фундаменталист ұйым Джерри Фальвелдiң жетекшiлiгiндегi «Рухани көпшiлiк» (Moral Majority) қозғалысы. Үшiншi орынды, «Теледидар рұһбаны» деп атағы шыққан Пат Робертсонға қарайтын «Христиан одағы» (Christian Coalition) ұстауда. Джерри Фальвелден бөлiнген фундаменталисттер (iргешiлдер) тарапынан құрылған «Християн әрекетi желiсi» (Christian Action Network) төртiншi орынды иемденуде.

         Осылардан кейiн жүз мыңға жуық мүшесi бар екi қоғамды атауға болады. Бұлар – Луи Шелдонның жетекшiлiгiндегi «Дәстүрлі бағалар одағы» (Traditional Values Coalition) және Лон Мабонның басқаруындағы «Азаматтар бiрлiгi» (Citizen Alliance). Сонымен қатар ғамалия арқалы бала алдыруға қарсы күресушi «Құтқару әрекетi» (Operation Rescue) атындағы ұйым да жоғарыда аталған iргешiл қозғалыстарға болысуда. Олар, тіпті, ғамалияларды жасайтын дәрiгерлердi өлтiрiп, ғамалиятханаларды (операционное) жарылғыш заттармен атқылауға дейiн барған.

         Бұларға қосымша ретiнде, жиһанға аты әйгiлi Американың «Time» (Тайм) апталығының 8 Мамыр 1995 күнгi санында үлкен мақалаға тақырып болған, фундаменталистiк көзқарастағы азаматтар тарапынан негiзi қаланған «Отансүйерлердiң жасақтары» атындағы белсендiлердiң заңнан тыс жасақтарын айтуға болады. Осы күнде, Американың Бiрiккен Мемлекеттерiне ең үлкен қауiп төндiрiп отырған осы iргешiл, асырашыл топтар. Атақты басылым үлкен мақаланы «Мемлекеттiң жаулары» (Enemies of State) деп атапты! Осы аса қауiптi ұйымдар қалың бұқараны қыру қимылдарына дейiн барған. Мысалы, 1995 жылы Оклохама қаласындағы бала бақшаны бомбалап, жүздеген бейкүнә сәбилер мен азаматтардың қырылуына себеп болған осы жасақтанған топтар (Алайда, қылмыскерлер ұсталғанға дейін батыс баспасөзі тек мұсылмандарды айыптаумен шұғылданған). Тайм басылымы, осы заңнан тыс қарулы топтардың негiзгi құрамын христиан фундаменталисттер, салықты сөгушiлер және Американың негiзгi заңын қорғаушылар құрайды деп тағриф қылады.

         1993 жылдың 19 сәуiр күнi Одақтық Тергеу Кеңсесi (ФБР) Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» фундаменталтисттерiнiң диқаншылық базасына шабуыл жасағанда 80 iргешiл ұсталатындарын аңғарып өздерін өртеп өлтірген. Мемлекеттiң бұл жойқын шабуылынан кейiн iргешiл топтарды жақтаушылардың саны күрт көбейеді. Осы топтардың аймақтардағы бастықтарының көбiнесе христиандық рұһбан қызметiндегi және ақ нәсiлдiң үстемдiгiн орнатқысы келетiн фундаменталисттер екенiн көремiз.

         Мысалы, «Тайм» басылымының баяндауына қарағанда, «Християнның белгiсi» (Christian Identity) атындағы топтың өкiлдерi, солтүстiк Еуропалықтар Көне Өсиетте (Библия) аталған таңдаулы пенделер, ал, йаһұдилер (жөһиттер) – шайтанның ұрпақтары деп сенедi. Мишиган аймағындағы қарулы топтардың жетекшiсi Норман Олсон, баптист сектасының рұһбаны һәм қару-жарақ сататын дүкендер торабының иесi. Оның тобында он екi мың қарулы адам бар және олар БҰҰ, АБД-ін социалистiк елге айландырғысы келедi деп сенедi. Тағы да осы аймақта фундаментализмдi таратушы Марк Корнки «Дүниежүзiлiк христиан радиосы» (Worldwide Christian Radio) арқалы хабарлар таратуда.

           1990 жылы Ирақ көршiсi Кувейтті жаулап алған соң, Американың Төрағасы Джордж Буш 11 қыркүйек 1990 күнгi арнауында «Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жетекшiлiгiнде жаңа жиһан низамын орнату керек» деген еді. Фундаменталист бағыттағы қарулы топтар бұл жүйені Американың билiгiн қолынан тартып алғысы келетiн сионистiк жоспар дейді. Мисалы, Солтүстiк Каролайна аймағындағы «Конституцияға сәйкес мемлекеттiң қайтадан қалпына келтiрiлуiн жақтайтын азаматтар» (Citizens for Reinstatement of Constitutional Government) атындағы топтың негiзгi ұраны; «Қасиеттi Библияны және Атазаңды Американың негiзгi заңына айналдырамыз!» деп мәлiмдейдi Тайм апталығы.

         Америкадағы экстремист ағымдар туралы толық бiр кiтап жазуға да болар едi! Бiрақ бұл мақаланың мақсаты осы деректi мысалдар арқалы экстремизмнің шын мәнiнде не екенiн, қайдан шыққанын анықтаумен шектеледі. Аталмыш фундаменталист ұйымдар Америкада ғана емес, сонымен қатар, Канадада мен Еуропа елдерiнде де ұйымдасқан түрде өсiп, өрбуде. Таяу уақыттарда осындай асырашыл топтардың кесiрлi қылықтарына куә болуымыз әбден мүмкiн.

         Қорыта айтқанда, фундаментализм АБД-де және христиандықтан пайда болған. Мың төрт жүз жыл бойы жиһанды ғылымға, әдiлеттiлiкке, тазалыққа, имандылыққа, абзалдылыққа, өркениетке, адамшылыққа бөлеген хақ дiн Исламға және оған иман етушi мұминдерге фундаменталист деген жаланы жабудың жалғыз ғана мақсаты – ең жылдам һәм өздiгiнен өсiп, таралып келе жатқан хақ дiн Исламның алдын тосу, оған жүректерi жiбiп келе жатқан пенделердi айнытудан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Экстремизмге қарсы күрес

 

         Ақиқатын айтар бол-сақ, жалғыз Ислам ғана емес, әлемдегі қай дін де өз табиғатында экстремизмге жат. Әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын бірде-бір дін жоқ. Ислам діні де солай. Оның жарқын жол көрсетушісі қасиетті Құ-ран Кәрімде бір адамның өмірін қию бүкіл адамзат-қа жасалынған қастандық ретінде бағаланады. Жалпы, қазақ даласындағы Ислам дәстүріне фанатизм әу бастан-ақ жат болған. Бізде еш уақытта да діннің зайырлы билікке қарсы тұруы да орын алып көрген жоқ. Бүгін «Ислам экстремизмге қарсы» деген та-қырыпта әңгіме қозғап отырғанымда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» ат-ты еңбегінде Исламдық қауіп-қатер туралы айт-қан парасатты ойлары менің есіме еріксіз оралады. Мемлекет басшысы бұл жөнінде өз кітабында: «Исламдық қауіп-қатер» деген ұғым-ды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифті қауіп-қатер туралы емес, Исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді» деп айтқан болатын.

         Қазіргі таңда дүние жүзіндегі 254 мемлекетте 2 миллиард христиан, 172 мемлекетте 1,5 миллиард ислам, 86 мемлекетте 700 миллион будда дінін ұстағандар тұрады, ал қалғандары Иуда және тағы да бас-қа діндегілер. Алайда діні, тілі, ұлты, ұлысы- ның әртүрлі болғандығы-на қарамастан, олардың бәрі де Адам пайғамбар (с.ғ.) ұрпақтары. Бұлардың діні, тілі жағынан мұндай ерекшеліктерге ие болуы Аллаһ Тағаланың олар- ды бірін-бірі тереңірек тануы, бір-бірімен жақы-нырақ қарым-қатынас жа-сауы үшін арнайы нәсіп еткен амалы. Мысалы қасиетті Құран Кәрімнің «Хұжурат» сүресінің 13 аятында былай деп ай-тылған ғой: «Ей, адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір әйелден (Адам мен Хауадан) бір ата, бір анадан жаратып (өрбіттік)... Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көп-теген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Ал ерекше діндар болғандарыңды Тәңірі құрметті адам санайды. Анығында Алла барлық нәрсені біліп, бәрінен хабар алып отырады».

        Иә, адамдар – бір-біріне дос, бауыр. Ал енді дін жолында таза жүрген адамдардың қай-қайсы да – жоғары адамгер-шіліктің, қайырымдылық пен татулықтың, адалдық пен әділдіктің, ең бастысы, имандылықтың ұйыт-қысы. Мінеки сондықтан да халықаралық қауіпсіз- дікті, дінаралық татулық-ты нығайтуда өркениет- ті елдердің әлемдік және дәстүрлі діндерге арқа сүйеуі – заңдылық. Олай болса, қай дін өкілдері де өздері ұстанған дін- нің қадір-қасиетін халық-қа сабырлы да салмақты түрде ақыл-парасатпен түсіндіруге, өзгелердің ді-ни нанымына түсіністікпен қарауға, бірін-бірі кемсітуге жол бермеуге тиісті. Яғни, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін ең алдымен, әлемдік және дәстүрлі діндердің арасында өзара татулық пен кешірімділік ахуалын қалыптастыру қажет. Әлемдік және дәстүрлі діндердің қай-қайсы да халықты құді- реті күшті Құдайдың ақ жолына бастаушы, оларды бірлік пен берекеге бөлеу-ші. Ал осы діндердің ішін-де тағы да қайталап ай- тамыз, Исламның татулық-қа шақыруда шоқтығы тым биік. Аллаһ субхана уа тағаланың Мұхаммед Мұстафа Расулдың (с.ғ.с.) үмбеттеріне тартқан рахым нәсібі болар, Ислам діні қашаннан достық пен мейірімділікті, таза-лық пен адамгершілікті уағыздайды. Ол еш-қашанда өркениеттерді бір-біріне қарсы қойып, текетірестірмейді. Керісінше, әріптестікке, ынтымақ-ырысқа, төзімділік пен кешірімділікке шақырады.

         Діни экстремизм негізінен, кедей елдерге тән жағдай. Ал біздің Қазақ-стан халқының тұрмыс дәрежесі Орталық Азия елдерінің бәрінен де ал-да. Сол себепті біздер, Мешіт имамдары жәмиғат-пен болған жүздесулер-де, халық алдындағы уа-ғыздарымызда еліміздің осынау артықшылығын орынды насихаттап, Ислам радикалдарымен мұсылмандық-құқық- тық теория проблемала-ры бойынша бетпе-бет пікірталастан тайсақтамай, қажет болған жағдайда оларға нақты тойтарыс та беріп отырамыз. Әлемдік тәжірибе күш көрсетуге иек арта берудің экстремистік пиғылдарды қоз-дыра түсетінін дәлел- деп отырған жоқ па? Осыған орай біздер экстремизммен күресте Ислам дінінің құндылықта-рын халыққа түсіндіруге, ұғындыруға, діни экстремистік топтардың іс-әрекеті жөнінде молырақ мағлұмат беруге айрық-ша назар аударамыз.

         Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісә-лі, Мешіт имамдары, ислам дінін зерттеушілер қашанда Исламда экстремизм, лаңкестік тағы да сол сияқты «измдердің» жоқ екенін, бұлардың дінімізге он қайнаса сорпасы қосылмайтынын әрдәйім халыққа айтып түсіндіруде. Алайда бас- қа тілді газет-журналдар мен теле-радио хабарларында «ислам экстремистері», «Ислам лаңкес-тері» деген сөз тіркестері жиі қолданылып, аққа күйе жағу оқиғалары орын алуда. Бұл күннен-күнге күшейіп бара жатқан қасиетті Ислам дініне қасақана жала жауып, оның беделін түсіруге тырысушылық, Исламды өзгелерге құбыжық етіп көрсетуге жанталасу. Бұл - әрі саясат. Әйтпесе, Исламды қаралаушылар да жақсы біледі, Исламның ешкімді ұлт пен ұлысқа, нәсіл мен сенімге, түрі мен тегіне бөлмейтінін, алаламайтынын, кемсітпейтінін. Өйткені Ал-лаһ Тағаланың алдын- да адамдардың барлы- ғы бірдей. Аллаһ Тағала-ға адамдардың жақы-ны-тақуалысы. Ал тақуа адам-ешкімнің ала жібін аттамайтын, ісімен де, тілімен де өзгелерге зә- бір көрсетпейтін, кім-кімге де тек жақсылық жасайтын, кешірімшіл, мейірімді, қантөгіс қырғынды, ұрыс-керіс, жанжалды, араздықты қаламайтын Аллаһ Тағаланың жұмыр басты пендесі. Құран Кәрімде айтылғанындай: «Олар құдай жарлығын адал орындайды, берген серттерін бұзбайды» («Рағыз» сүресі, 20 аят). Яғни, мұндай адамдар ешқашан діннің немесе халықтың қамқоршысы болғансып өзгелерге тіл де тигізбейді, елім, жерім, Отаным деп ел қамында жүрген азаматтарға жа-ла жаппайды, жамандық жасамайды, ағайынның ортасына от тастамайды, ұлттар мен ұлыстар-дың, діндердің арасында алауыздық туғызбайды, түрлі қақтығыстардың тууына ұйытқы болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Қорытынды

 

          Қорыта айтатұғын болсақ, тарихта мәдениет қатынастарының дамып, өзара бірігуі һәм кірігуі (интеграция) тек Исламнан кейін ғана мүмкін болды. Оған дейін мәдениеттер арасында өшпенділік пен пышақ сырты ғана байланыс болған болса, Исламмен бірге шығыс пен батыстың барша мәдениеттері жамырасып, үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Оған дейін белгілі бір мәдениетке ғана тән боп есептелген нәрселер мұсылмандардың арқасында бүкіл әлемдік мәртебеге ие болды. Мисалы, араб цифрлары деп атағы шыққан сандардың ежелгі дәуірде тек Үндістандықтарға ғана мәлім болғаны белгілі. Мұсылмандар осы цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқ, оларды құр символдықтан шығарып, мағналы белгілерге айналдырды. Бәшериет тарихында бірінші рет нөл (сыфыр) цифрін мұсылман ғалымдар тапты уә еңбектерінде пайдаланды; мәселен, нөлді бірінші рет сан ретінде қолданған Мұхаммед Мұсаұлы әл-Хорезми (780-850) болды /[13]/. Арал теңізі маңында дүниеге келген дана бабамыз сонымен қатар 1-ден төмен қарайғы сандарды белгіледі, жүздік, мыңдық және ондықтарды жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті. Оның бұл табыстары мүмкін тарихтағы ең маңызды ғылыми жаңалықтарға жатады. Үстіміздегі информация ғасырында, телекоммуникация дәуірінде мұсылмандар ашқан осы жаңалықтың қызығын бүкіл әлем көруде. Орыс тіліндегі цифр мен батыс тілдеріндегі cipher сөздері арабша нөл дегенді білдіретін «сыфыр» сөзінен алынған. Шындығында араб сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы өте икемді һәм оңай. Әл-Хорезми ашқан бұл жаңалық Еуропаға тек X-XIIғғ. ғана мәлім болған; осы жаңалықты батысқа жеткізген Герберт есімді адамның абырой-беделінің артқаны соншалық, кейін ол Рим Папасы сайланған /[14]/. Оның есімі Папа Силвестер II болып, Еуропа тарихында қалды. Әл-Хорезмидің «Китаб әл-жәбір уә-л Мұқабала» (Алгебра мен теңдіктер кітабы) латын тіліне аударылғанда (XIIғ.) әл-жәбір сөзі алгебра деп аударылғандықтан осы сөз термин боп қалыптасты. Оның екінші бір кітабы латыншаға «Algorithmi de numero Indorum» деп аударылғандықтан, алгоритм сөзі тағы да терминге айналды.

          Адам хұқұқтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсек, он төрт ғасыр бұрын Раббымыздың Құран Кәримінде барлық адамдардың хұқұқтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп таң қаламыз:

«26/183: Адамдардың хұқұқтарын қыспаңдар! Жер бетінде бұзақылық  шығарып, бүлік жасамаңдар!» .

           Міне, көптеген аяттар мен хадистер мұсылмандарды орта жолға, қанағаттылыққа, адамгершілікке шақыруда. Сондықтан, Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындағысы келетін мұсылман ешқашан да экстремист, террорист т.т. бола алмайды. Ислам дініндегі автоконтроль жүйесі мұсылмандарды асыра сілтеушілікке жібермейді. Ислам дінінде дүниедегі өмір мен ахиреттің, құлшылық пен пендеуи өмірдің, дүнияуилік пен ұхрауиліктің балансы жасалған. Мұсылман сондықтан ифрат уә тәфриттен, яғни әр түрлі әсірешілдіктен аулақ болады. Қоғамдағы һәм жанұядағы орнын сақтайды, көршілерімен тату-тәтті қатынас орнатады, мемлекеттің дамуына үлес қосады. Мұсылмандар ешқашанда «құлатушы» болған емес, қайта «тұрғызушы» болған үммет. Ал, Ислам атын жамылып адамзатқа зиянды іс-әрекет жасаушылардан сақ болған жөн, олардың негізінде Исламнан басқа нәрселерді іздестірген жөн. Үйткені, Ислам діні күллі адамзатқа рахмет ретінде жіберілген дін. Басты мақсаты адам нәсілін қорғау, көркем ахлақты уағыздау, бейбітшілікті орнату. Дініміздің қадірін білейік ағайын һәм дінімізді қанаушыларға жол бермейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, Москва, 1998.
  2. «Ислам терпимо относился к местным традициям и в то же время удерживал их в приемлемых для себя рамках… все участвовали в формировании исламской культуры, сами развивались и сохранились под покровительством ислама». Кривец, Е.А., Ислам в Центральной Азии, Леном, Москва, 1999.
  3. Сатпаев Д.А. Терроризм как явление политической жизни // Саясат – 1999.

Информация о работе Шығыстағы діни экстремизм мәселелері