Шығыстағы діни экстремизм мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Шығыс елдеріндегі қазіргі кезеңгі ауқымды мәселелерін қарастырғанда, соның ішінде діни экстремизм. Қазіргі таңда Шығыс аймақтарындағы діни экстремизм проблемалары тек дербес феномен ретінде ғана қарастырыла алмайды. Ол шешімінен адамзат өркениетінің әрі қарайғы өмір сүруі тәуелді болатын, соғыс және бейбітшілік фундаментальді мәселелерімен байланысқан, жалпы әскери-саяси жаһандық проблемалардың негізгі маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан да діни экстремизм қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Діни экстремизм – қатерлі құбылыс.
2. Діни экстремизм мен терроризм.
3. Экстремистік топтар.
4. Экстремизмге қарсы күрес.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Шығыстағы діни экстремизм мәселелері.docx

— 52.77 Кб (Скачать файл)

Абылай хан атындағы Қазақ  Халықаралық Қатынастар және Әлем

                                      Тілдері Университеті

 

 

 

 

                                   Факультет: Шығыстану

                   Кафедра: Әлемдік мәдениет және  өркениет

 

 

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра  меңгерушісі                                          Есеркепова Ж.О.

 

 

 

 

 

                         Жоба жұмысы

 

Жоба тақырыбы: Шығыстағы діни экстремизм мәселелері

Мамандық бойынша 050209 –  Шығыстанушы

 

 

 

 

                                                                     Орындаушылар: 410 топ студенті

                                                                                                   Семей Айнаш

                                                            Ғылыми консультант: Тоқсанбаев  А.К.

 

 

 

 

 

 

                                              Алматы 2013

          Жобаның басты ойы: Шығыстағы діни экстремизм мәселелері

 

          Жобаның мақсаты: .Бүгінгі таңдағы діни экстремизмнің басты мәселесін талдау жасау.

    

          Жобаның  міндеті: Бүгінгі таңдағы діни экстремизмнің басты мәселесі

 

          Жобаның зерттелу деңгейі: Жоба жұмысы әр діндегі экстремизм мен терроризмнің қазіргі таңдағы басқа жаһандық проблемаларын қамтиды.

 

           Жобаның өзектілігі: Шығыс елдеріндегі қазіргі кезеңгі ауқымды мәселелерін қарастырғанда, соның ішінде діни экстремизм. Қазіргі таңда Шығыс аймақтарындағы діни экстремизм проблемалары тек дербес феномен ретінде ғана қарастырыла алмайды. Ол шешімінен адамзат өркениетінің әрі қарайғы өмір сүруі тәуелді болатын, соғыс және бейбітшілік фундаментальді мәселелерімен байланысқан, жалпы әскери-саяси жаһандық проблемалардың негізгі маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан да діни экстремизм қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

 

           Дерекнамалық көзі:  Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, Москва, 1998., Сатпаев Д.А. Терроризм как явление политической жизни // Саясат – 1999.

 

           Күтілетін нәтиже: Бұл жобаны студенттер арасында лекция ретінде ұсвнамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Жоспар

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    1. Діни экстремизм – қатерлі құбылыс.
    1. Діни экстремизм мен терроризм.
    2. Экстремистік топтар.
    3. Экстремизмге қарсы күрес.
    1. Қорытынды
    1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Кіріспе

         Бүгінгі таңда діни экстремизм — Батыс пен Шығыстың үлкенді-кішілі елдерінің басты мәселесі. Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.

          Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.

          Түркілер кіріп-шыққан манихейшілдік, бұддашылдық, маздак сықылды діндерде ет жеуге, мал союға мүлдем тыйым салынғаны белгілі. Кейін қабылданған христиандықта болса монахтардың (еркек яки әйел) үйленуіне, бала қызығын көруіне тыйым салынған. Кейбір діндер дүниелікті жауыз, күнәкарлық деп санаған да дүние-мүлік жинауды жексұрын ғып көрсеткен. Пайғамбарымыз жомарт байларды мадақтап, мұсылмандарды саудамен шұғылдануға, саудада адал болуға және қайырымдылық жасауға шақырған. Исламият дүниелік байлықты харам деп санамайды. Әбу Бәкір, Осман сықылды сахабалар өз уақытында дәулетті адамдар еді. Бірақ, дүниелік жинау өмірдің, жаратылыстың басты мақсаты болмауы керек. Аллаһ Тағалаға жақындататын жолдың бәрі халал, ал Оның разылығынан алшақтататын әр нәрсе жағымсыз, харам болып саналады, міне, критериямыз осы болмақ.

         Маркстік фәлсәфә жеке меншікті (мүлкият) жамандық атаулының қайнар көзі деп санаған; сондықтан, меншікті құрытсақ, қоғамдағы барлық жамандықты жоямыз деп ойлаған. Бірақ, тәжрибе мұның солай болмағанын көрсетті. Өйткені, меншік сезімі адамның жаратылысында (фитрат) бар нәрсе, меншікті жою жаратылыс заңдарына қайшы келеді. Адам болмысындағы нәпсі, меншік хұқұғы болмаса да өзінің арманына жету үшін басқа қайла-шарғыларды іздейді, табады. Бұл болса қоғамда жаман қылықтардың көбеюіне, ахлақсыздыққа, құлдыраушылыққа (коррупция) апарып соқтырады. Сондықтан, Исламияттың нағыз орта жол екені, қайталап айтқанда машрұғ (шарғи, заңды) талаптардың харам саналмағаны анық болады.

         Исламиятта фұндаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.

         Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан террорист Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы «христиан/католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емес! Токйодағы метрода улы газ шашып көптеген адамдардың өлуіне себеп болған Жапониядағы бұддист «Аум Синрике» сектасы туралы «Буддист террористтер» деп ешкім айтқан емес. Сондықтан, мұның негізінде Исламды көре алмаушылық және Исламды жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз пиғылдар болғанын айта кетуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Діни экстремизм – қатерлі құбылыс

 

          Қазіргі заманғы қауіп-қатерлердің ең бастысы халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм. Осыған орай соңғы жылдары біздің елімізде «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданып, Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде әлемдік қауымдастыққа діни экстремизмге қарсы күрес шараларын қабылдау жөнінде Үндеу де жолданды, Алматы қаласында 40-халықаралық ұйымдар басшыларының қатысумен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Комитетінің ланкестікке қарсы комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Қазақстан саяси тәуелсіздік алғаннан бері еліміз бұрын соңды болмаған жоғары жетістіктерге ие болды. Адамдардың әл-ауқаты да артып, тұрмыс деңгейі де күннен күнге жақсара түсуде. Оны көре алмайтын, барлық мақсат мүддесі үстемдік жүргізу болып табылатын діни экстремистік ұйымдар біздің ұлтаралық, дінаралық татулығымызға іріткі салу үшін жанталасуда. Ақиқатын айтар болсақ, жалғыз Ислам ғана емес, әлемдегі қай дін де өз табиғатында экстремизмге жат. Әлемде ланкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын бірде-бір дін жоқ. Ислам діні де солай. Оның жарқын жол көрсетушісі қасиетті Құран Кәрімде бір адамның өмірін қию бүкіл адамзатқа жасалынған қастандық ретінде бағаланады. Жалпы, қазақ даласындағы Ислам дәстүріне фанатизм әу бастан-ақ жат болған.

         Бәріміз экстремизм атаулының идеология ілгішінен басталатынынан хабардармыз, яғни, адамдарды мотивациялап іс-әрекетке итермелейтін идеялар шоғыры. Сондықтан да діни экстремизмді КСРО тарауының көп салдарының бірі ретінде көрсетсек қателеспейміз. Ескі идеалдар құлады, ал қоғам жаңаларын қалыптап үлгермеді. Міне, нақ сол сәтте посткеңестік кеңістікке әлемнің түкпір түкпірінен қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың әралуан нұсқалары ентелей енді. Бұл дүрмектен шетелдік діни және діни-саяси топтар да тыс қалмады. Бұған біздің батыс шекарамызға таяу аумақта Ресей Федерациясының лаңкестерге қарсы әскери қимылдар жүргізгенін қосыңыз. Олар өздерінің діни-саяси түсініктеріне сәйкес федерация құрамынан бөлініп шығуға тырысты. Бұл оқиғалар еліміздің батыс өңірлерінде идеялық тұрғыда тымау секілді жұқты.

         Осындай әсерлердің нәтижесінде кейбір жастар дәуірлер қиылысындағы бағдарсыз буын ретінде идеалогиялық ықпалға ұшырады, мұны тіптен, шетелдік экстремистік орталықтар тарапынан туындаған идеологиялық диверсия деп атауға да болады.

Сондықтан да бүгінгі экстремистің портреті жалпы кескінінде мынадай: шетелден келген идеялық бағдарларды  қабылдаған және де идеологиялық манипуляция елегінен өткен 20-30 жастағы адам. Бұған әлеуметтік түйткілдер шоғырын да қосқан жөн. Өйткені, барша адам субъективті яки объективті себептерге байланысты өмірден өз орынын, яғни, Ұлы Абай айтқан «дүниеден өз кетігін тауып, кірпіш болып қалана» алмауы мүмкін. Бәлки оларға университетке оқуға түсіп, жоғары жалақылы қызметке тұру қол жетпес арман шығар. Осыдан да бірқатар әлеуметтік игіліктерден шеттетілгендей болып жүрген жас өзіндік бір реваншқа бой ұруы ықтимал. Бұл мақсатына жету үшін ол қандай да бір ықпалды топтың немесе қоғамдық күштің мүшесі болуға ықылас білдіреді. 1990 жылдары жастардың қылмыстық топтарға кіруге ұмтылғаны есімізде. Кейіннен бұл сәннен қалды, тіпті маңызды болмай қалды. Ал бүгінгі маргиналдық қуатты сыртқа шығарудың бір арнасы – діни экстремизм.

         Сондықтан да экстремист дегеніміз ең алдымен күнделікті проблемалар батпағына батқан жан. Бұл идеологиялық, әлеуметтік, қаржылық яки психологиялық мәселелер. Рас, кейде адамның жағдайы дұрыс болуы мүмкін: жоғары білімді, жақсы қызмет, үлгілі отбасылы, керек десеңіз аса дарынды. Дегенмен, ол радикализмнің соңынан еріп кете барады. Бұл жердегі себеп – психологиялық тұрақсыздық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Діни экстремизм мен терроризм

 

          Соңғы кездері терроризм проблемасы халықаралық қатынастар саласымен байланысқан қазіргі таңғы өткір жаһандық проблемаға айналды. Бұл келесі себептермен байланысты: біріншіден, терроризм ғаламшарлық масштабта кеңінен таралуда. Терроризм тек дәстүрлі шиеленіс аймақтарында ғана емес (Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия), сонымен қатар, дамыған және сәтті дамыған әлем мемлекеттерінде де (АҚШ, Батыс Европа) байқалады. XX және XXI ғасырларда жаһандық проблемалардың өршуі әлемдік қауымдастық дамуындағы қазіргі заманғы кезеңінің ерекше сипатына, бүгінгі халықаралық қатынастардың ерекшеліктері мен әлем саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын шындыққа айналды.

          Екіншіден, терроризм жеке мемлекеттермен қоса бүкіл әлемдік қауымдастықтарға да қауіпті. Жыл сайын әлемде терроризмнің жүздеген әрекеттері болып, оның салдарынан мыңдаған адамдар өліп және мыңдағаны

жарымжан болып қалады.

         Үшіншіден, терроризммен күресте тек бір ұлы державаның немесе жоғары дамыған мемлекеттер тобы жеткіліксіз. Терроризимді өршіп келе жатқан жаһандық проблема ретінде жеңу үшін, көпшілік мемлекеттер мен халықтардың, бүкіл әлемдік қауымдастықтың бірлескен күші қажет.

         Төртіншіден, терроризмнің қазіргі таңдағы басқа жаһандық проблемалармен байланысы ашық және айқын болуда. Терроризм проблемасына басқа жалпы адами проблемаларының көптеген ерекшеліктері тән: ғаламшарлық масштабта таралуы, шешімді шұғыл қабылдауды талап ететін жағдайлардың болуы, теріс динамизм, адамзат өміріне теріс әсер көбейгенде қолданылуы және т.б.

         Терроризмнің анықтаушы факторлары болып, әлемнің жаңа жаһандық проблемалары – мемлекеттер аралық қатынастардың шиеленісулері, әртүрлі діңдердің арасында байланыстар, ғаламшар халқы санының артуы, ұлтаралық қатынастардың өткірленуі, халықаралық қылмыстың артуы, заңсыз есірткі айна-лымы және т.б. болып табылады.

         Орталық-азиялық аймақ Еуропа мен Азияның, үш діннің – христиан, ислам және буддизмнің тоғысқан жерінде орналасқан, сондықтан да Орталық Азиядағы тұрақтылық әр кезде бұзылуы мүмкін. Аймақ потенциалды діни-саяси, этникалық немесе билік үшін ашық идеологиялық себеппен ұмтылған күрес шиеленістеріне толы болып келеді.

         Барлық аймақтарда терроризм проблемасы әлемдік қауымдастықтар мен жеке мемлекеттер қауымдарының негізгі қызмет сфераларымен байланысты:

саясат, ұлттық қатынастар, дін, экология, қылмыстық қауымдастықтар және т.б. Бұл байланыс келесілер жататын терроризмнің әр түрінің болуынан көрініс тапты: саяси, ұлттық, діни, қылмыстық және экологиялық терроризм. Жалпы бүкіл әлемдегідей, Орталық Азияда да саяси террор жасаушы топ мүшелері алдарына белгілі мемлекетте саяси, әлеуметтік немесе экономикалық өзгерістерге қол жеткізу, сонымен қатар мемлекетаралық қатынастарды, халықаралық тәртіпті бұзу деген тапсырмалар қояды.

          Терроризмнің діни түрі мемлекетте үстем болып тұрған дінге, діни бағыттарға қарсы басқа дінді ұстанатын, қаруланған топтардың күресімен сипатталады. Жалпы Орталық Азиядағы терроризм проблемалары спецификалық, өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастық ислам дінімен жасырынған терроризм бірінші орынға шығуына қатты мазалануда. Террористік ұйымдар көптеген мұсылмандардың діни сезімдерін пайдала-нып, оларды өз жақтарына тартуға тырысуда. Исламдық бағытшылық өкілдері мен қорлары арасында ең белсенді қызметті «Мутакалим», «Ихсан-Хария», «Аль Вакь Аль Ислами», «Ислам жастарының бүкіләлемдік ассамблеясы», «Халықаралық гуманитарлық шақыру», «Азия мұсылмандарының комитеті», «Ислам джихадының одағы» атқарады.

Информация о работе Шығыстағы діни экстремизм мәселелері