Шығыстағы діни экстремизм мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Шығыс елдеріндегі қазіргі кезеңгі ауқымды мәселелерін қарастырғанда, соның ішінде діни экстремизм. Қазіргі таңда Шығыс аймақтарындағы діни экстремизм проблемалары тек дербес феномен ретінде ғана қарастырыла алмайды. Ол шешімінен адамзат өркениетінің әрі қарайғы өмір сүруі тәуелді болатын, соғыс және бейбітшілік фундаментальді мәселелерімен байланысқан, жалпы әскери-саяси жаһандық проблемалардың негізгі маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан да діни экстремизм қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Діни экстремизм – қатерлі құбылыс.
2. Діни экстремизм мен терроризм.
3. Экстремистік топтар.
4. Экстремизмге қарсы күрес.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Шығыстағы діни экстремизм мәселелері.docx

— 52.77 Кб (Скачать файл)

          Соңғы кездері исламизация қоғамында Сауд Арабиясы, Пәкістан, Иран және Түркия сияқты ислам елдерінен келген миссионерлер белсенділік көрсетуде.

         Олардың «патронаждарын» пайдалана отырып, «Салафиттер», «Акромидтер», «Ваххабиттер», «Нурджулар» сияқты радикалды бағыттар өз қызметтерін жүзеге асыруда. Салафизм мен ваххабизм – 18 ғасырда Мухаммад ибн Абдуль-Ваххабпен қалыптасқан діни оқыту болып табылады. Теоретикалық негіздері 14-ғасырда арабтық ибн Таймиимен негізін қалаған болатын. Салафизмнің идеологиялық негізі «дінге сенбейтіндерге» қарсы қарулы күрес жүргізу болып табылады (джихад). Ибн Таймии идеяларын діни террористер қазіргі кезде зорлық әрекеттер негіздеу үшін пайдаланылады. Атақты француздық сарапшы Жиль Кепелт «джихат, исламизмнің экспансия мен құлдырауы» атты еңбегі 1997 жылы «Джихад туралы декларацияны» жазуда, еңбектің авторы, барлық мұсылмандарды АҚШ-қа қарсы әскери күреске шақырушы, «Аль-Каида» көшбасшысы Усама Бен Ла-ден ибн Таймииның еңбектеріне сүйенгені туралы көрсетеді. Және де ӨИҚ мен ТИҚ-ның көшбасшылары өз әскерлерін идеологиялық дайындағанда ибн Таймии жұмыстарының негізінде құрылған материалдарды қолданған.Сонымен қатар аймақта ерекше қауіпті жыл сайын күшейіп келе жатқан, аймақтағы ең белсенді «Хизбут-Тахрир» діни-экстремистік партиясы төндіруде.

Алайда кейбір жағдайларда  терроризм сылтауы саяси, экономикалық мақсаттарға жету үшін де пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі таңда ірі державалардың бүкіл Орталықазиялық аймаққа ықпалын артырудағы күресі ушығуда. Бұл күресте барлық әдістер, яғни террорризм де қолданылуы мүмкін. Ресей, АҚШ, Қытай, ЕО мүшелері, Түркия, Иран сияқты мемлекеттер Орталық Азияны өздерінің өмірлік маңызды мүдделері аясына қосуы, әртүрлі себептерге сәйкес аймақтың олардың ұстанатын саясаттарына байланысты маңыздылығының ар-туы аймақтағы жағдайды шиеленістірді. Осының бәрі еуразиялық құрлықтың Орталық-азиялық бөлігі ірі мемлекеттердің геосаяси мүдделерінің тоғысу сах-насына айналғанын білдіреді. Негізінен Еуразияның әлемдік тарихтағы ерекше орны туралы XX ғ. өзінде айтылған. Танымал ағылшын зерттеушісі Х. Маккин-дер «Тарихтың географиялық осьі» атты 1904 жылғы еңбегінде Орталық Азияға байланысты болжау жасаған. Оның ойының негізгі мәні ұлы географиялық ашулар дәуірінен кейін Еуразия арқылы өтетін құрлық жолдарының маңызы артады, аймақтың құрлық жолдарына бақылау жасау үлкен артықшлық береді деп, кейін «Еуразия хартлэнді (Орталық Азия, Орал мен Сібірдің үлкен бөлігі) әлемдік саясатта үлкен орынға ие болады» деген тезиске айналған.Маккиндер ойлары кейіннен басқа геополитик Н. Спайкменмен зерттеліп, «Кім Римлэндті (еуразиялық континенттің периферийлік аймақтары) бақылауда ұстаса, сол Еу-разияны басқарады, ал кімде-кім Еуразияны бақылауда ұстаса, ол бүкіл әлемді басқарады» деп тұжырымдаса, З.Бзежинский Орталық Азия аймағын өзінің Еуразия құрлығындағы стратегиялық маңызды орналасуының, бай табиғи ресурстарға ие болуының нәтижесінде, ұлы державалардың мүдделерінің қақтығысуына алып келетін «Еуразиялық Балқан» деп атаған.

          Сонымен қатар, терроризм сыбайласқан мемлекеттік шенеуніктер мен саясаткерлер көмегімен қолдау көрсетілетін, трансұлттық қылмыстық ұйымдардың кең қанат жаю процесінің ажыратылмайтын бөлігі де болып табылады. Ағылшын ғылымдарының жұмыстарында кең танылған «Жаһандық трансформацияда» былай деп көрсетіледі: «Халықаралық ұйымдардың теріс формалары да бар, әсіресе, есіртке саудасымен байланысқан террористік және қылмыстық құрылымдар (қазіргі уақытта, сарапшылар бағалауына сәйкес оның жылдық айналымы 300 млрд доллардан жоғары). Олармен күрес барлық әлемнің биліктері мен полиция қызметкерлері үшін маңызды және қиын шешілетін тапсырма болуда». Сөйтіп терроризм себептері әртүлі жағдайларда, әртүрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Жалпы Орталық Азия мемлекеттеріндегі кейбір шабуылдар мен олардың себептерін келесідей анықтауға болады:Қырғыстан 2010 жылдан бастап аймақта қарулы шабуылдар жиілей бастады. 2010 жылдың маусымында Ферғана даласының Ош және Джалал-Абад қалаларында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында шиеленіс болды. Американдық Statfor зерттеуші ұйымының жазуынша Қырғыз билігі экстремисттерді іздеу сылтауымен өзбектер көп шоғырланған аймақтарда бірнеше рейдтер өткізді. Шын мәнінде бұл рейдтер этникалық өзбектерге қарсы бағытталған болатын. Сөйтіп, қырғыз билігі діни экстремизм туралы айтқанда, мәселе шын мәнінде ішкі этникалық және саяси проблемалар туралы болуы мүмкін.

          Жалпы терроризмнің ерекше жаһандық проблемасы бар - ол оның қиын болжамдылығы болып табылады. Көп жағдайларда психикалық арсы-күрсі мінезі бар адамдар, аса ызақор саясаткерлер немесе материалды хал-жағдайы өте нашар, білім сауаттылығы төмен адамдар терроризм субъектілеріне айналады.

          Сонымен, терроризм халықаралық аренада және халықаралық қатынастарда көбінде басқа әдістермен қол жеткізу мүмкін болмай тұрған жағдайларда, өз мақсаттарына қол жеткізу әдісі ретінде қарастырылуда. Сөйтіп, қазіргі заманғы жағдайларда террористік қызмет формалары күрделі болып, олар жалпы адамзат құндылықтарымен және әлемдік даму логикасымен үлкен қарама-қайшылыққа түсуде. Осылайша, терроризм проблемасы әлемдік қауымдастыққа шы-найы қауіп төндіруде. Өзін басқа жалпы адами қиындықтардан ерекшелейтін, өзінің жеке ерекшелігіне ие. Сонымен қатар, террорризм проблемасы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың көптеген жаһандық проблемаларымен тығыз байланысты. Соңғы террористік әрекеттер, бәрінен бұрын 2001 жылдың 11-қыркүйегіндегі Нью-Йорк қаласындағы трагедиялық оқиға, өзінің масштабы мен әлемдік саясатқа әрі қарайғы әсер ету көлемі бойынша адамзат тарихындағы бұрын сонды болмаған жағдайға айналды. XXI ғасырдың басында болған терактілерден зардап шеккендердің саны, бүліншіліктің өлшемі мен сипаты қарулы шиеленістер мен жергілікті соғыстардың зардаптарымен бірдей болып шықты.

           Сонымен, қазіргі таңда Орталық Азияның кейбір аймақтарындағы терроризмнің проблемалары тек дербес феномен ретінде ғана қарастырыла алмайды. Ол шешімінен адамзат өркениетінің әрі қарайғы өмір сүруі тәуелді болатын, соғыс және бейбітшілік фундаментальді мәселелерімен байланысқан, жалпы әскери-саяси жаһандық проблемалардың негізгі маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан бұл жауыздыққа қарсы күресте әрбір саяси билік қоғамның қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, біріккен өзара қимылдарды күшейтіп, ішкі және сыртқы қауіптерді жоюды жалғастыра беруі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Діни экстремистік топтар

 

          Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния уилаятындағы (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Фырансаның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995 күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз керек.

          Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде, теледидар хабарлары мен әуе толқынындағы таралымдарда бiзге орыс тiлi арқалы енген «фундаментализм» (iргешiлдiк) сөзiн жиi кездестiрiп жүрміз. Осы мағлұматтарда фундаментализм сөзі көбінесе мұсылмандық һәм осы дiнге сенушi халықтарға тән мағыналарда ғана қолданылады! Осы даурықпа хабарлар «исламдық фундаменталисттер», «мұсылман фундаменталисттер» немесе «мұсылмандардың заңнан тыс қауiптi ұйымдары мен зиянды iс-әрекеттерi» деп жырлайды. Бұл терминдi, шын мағынасын бiлетiн адамдар да бiлмейтiн адамдарша кез келген жерде қолданып, әйтеуiр, шулата бередi. Ал, ғылыми тұрғыдан екшеп, аталмыш терминнiң сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналары мен дiни-саяси әдебиеттерде пайда болу барысына қарағанымызда, фундаментализм деген сөздiң хақ дiн Исламмен және осы хақ дiнге сенушi имандылармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын анықтаймыз.

          Ең алдымен, мұсылмандарға пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналарын түсiнiп алғанымыз жөн. Бұл сөздiң түбiрi, көне латын тiлiндегi fundare (фундаре) деген етiстiк. Фундаре – жерге төсеу деген мағынаны бiлдiредi. Осы етiстiктен fundamentum (фундаментум) зат есiмі пайда болған. Оның мағынасы – төсегiш, iрге. Кейiн келе мағынасы толығып, жер тағаны немесе iрге тасы деген түсiнiктердi беретiн болған. Жә, жоғарыдағы фундаментум, яғни осы күнгi батыс Еуропа тiлдерiндегi fundament (фундамент) пен онымен бір түбiрден өндiрiлген фундаментализм сөзiнің мағыналары тым алшақ.

          Фундаментализм дегенiмiз дүниежүзiлiк әдебиеттерде бiрiншi ретi Америкада пайда болған дiни-саяси термин. Мен осы мақаламда терминологиялық һәм этимологиялық анықтамалы екi беделді деректi алдарыңызға ұсынбақшымын. Бiрiншiсi күллі әлемге әйгiлi «Oxford Advanced Learners’ Dictionary of Current English» (Бүгiнгi ағылшын тiлiн кәмiл үйренушiлердiң Оксфордтық Сөздiгi) деп аталады. Менiң қолымдағы нұсқасы Оксфорд университетiнiң баспасы тарапынан 1982 жылы он алтыншы рет басылғаны. Бұл құнды деректе фундаментализм былай деп түсiндiрiлген; «maintenance of the literal interpretation of the traditional beliefs of the Christian religion (such as the accuracy of everything in Bible)», яғни «христиан дiнiнiң дәстүрлі сенiм-нанымдарын үзiлдi-кесiлдi сақтау (мисалы, Библияда жазылған нәрселердiң барлығының мүлтiксiз хақ екенiне сену)».

          Жә, Америкада екi ғасырдан берi қарай жарияланып келе жатқан беделді «Webster’s New World Dictionary of the American Language» (Американ тiлiнiң Вебстер жаңа дүние сөздiгi), 1986 жылғы басылымы. Мұнда фундаментализмнiң екi мағынасы берiлген;

• Religious beliefs based on literal interpretation of everything in the Bible and regarded as fundamental to Christian faith and morals.

• The 20th century movement among some American Protestants, based on these beliefs.

Яғни;

• Библияның мазмұнына  сөзбе-сөз һәм мүлтiксiз сенуге негiзделген және христиан руханияты  мен иманының негiзi болып есептелетiн  дiни нанымдар.

• Осы нанымдарға негiзделiп, Америкадағы кейбiр протестанттар  тарапынан 20 ғасырда басталған қозғалыс.

Жиһан ғалымдары дәрiптеген осы екi беделдi деректе мұсылмандарға  жала болып жабылған фундаментализм сөзінiң хақиқи мағналары көрсетiлген. Демек, фундаментализм мұсылмандармен ешқандай қатынасы жоқ ұғым.                                   Христиан әлемiнiң, әсiресе, солтүстiк Америка мен батыс Еуропа християндарының, өздерiндегi рухани шиеленiстiктер мен қақтығыстар үшiн тапқан атауларын, сондай нұқсандар мұсылмандарда да бар шығар-ау деп, жаңылыстықпен қолдануының салдарынан осы күнi кенедей жабысқан, сүлiктей сорған, осы мұхиттың аржағынан келген жаладан құтыла алмай жүрмiз!

          Фундаментализмнiң отаны Американың Бiрiккен Мемлекеттерi (АБД «АҚШ»). 1993 жылғы президент сайлауында Америкадағы фундаменталист ұйымдардың үлкен әсер тигiзгені мәлiм. Ал, олардың 1996 жылғы сайлауларға да күштiрек қатысқаны байқалады. Алдымыздағы жылдары фундаменталисттердің Американың iшкi һәм сыртқы саясатында ықпалды орындарда болатыны шүбәсiз шындық.

          Фундаментализм ХХ ғасырдың бас шенiнде АБД-нің солтүстiгінде пайда болған ағым. Ол 1950 жылдары оңтүстiк аймақтарға дейiн таралып кеткен. Бұл екi мыңнан астам шiркеу өздерiн «Фундаменталист християндармыз» деп әшкере жариялауымен жиһанға белгiлi бола бастаған діни-экстремистік ағым. Жаппай қалаландыру һәм өнеркәсiптендiруден, сонымен қатар, шаруашылық тапшылықтардан әбден жаны қиналған кедей-жарлы һәм орташа ауқатты жүз мыңдаған християндар азаттықты осы шiркеулерде iздеп, жиналған.

          Фундаменталист шiркеулер жамағаттарды христиандықтың жоғарыда аталған негiздерiне бағынуға шақырып, сондай жағдайда ғана кедейлiктен, әлеуметтiк қысымдар мен оның зардаптарынан құтылатмыз деп насихаттаған. Сүйтіп, үнемі өскен фундаменталист ұйымдар 1960 жылдары саяси қозғалыстарға айналады. Америкада сол жылдары фундаменталист болу үшiн протестант мәзһәбiнiң бiр тармағы пентекостал (Pentecostal) жолына кiру керек едi. Пентекостал тармағындағы протестанттар Киелi Рұхтың хауариларға (Апостолдарға) қонғанына сенедi һәм жексенбi күнiн ерекше қасиеттеп өткiзедi. Олар Киелi Рұхпен бүгiнгi күнде де бiрлесуге болады деп сенедi және Библияның сөздерiне, ешқандай тәфсiрсiз, яғни, сөзбе-сөз иланады. Фундаменталисттер Библияның алғашқы бес кiтабына аса мұқияттықпен, сөзбе-сөз иман етудi мiндеттейдi. Мысалы, Библияда, жер планетасы алты мың жыл бұрын жаратылды деп жазылған. Фундаменталисттердiң сенiмi бойынша, осы мәлiметтi қаз қалпында қабылдап, оған мүлтiксiз сену керек. Тағы да мысал келтiретұғын болсақ; Библияда жазылуына қарағанда, ұлық Тәңiр бұл жиһанды алты күнде жаратып, шаршағандықтан жетiншi күнi дем алыпты-мыс. Мiне, сол үшiн олар жексенбi күндерi дем алады екен. Фундаменталисттердiң имандарындағы осындай кереғарлықтардың басқа да мысалдарын келтiруге болады.

          Америкадағы фундаменталисттердiң тұңғыш саяси дауы 1963 жылы басталған. Сол жылы Американың Жоғарғы Соты (American Supreme Court) мектептерде дiн сабағының оқытылуына тиым салады. Фундаменталисттер Америкада жаңа бiр дiн таратылады деп, бұл қарарға қарсылық бiлдiредi. Олардың пікірінше, Америкада таратылатын жаңа дiннiң аты «дүниешiл гуманизм» (Secular Humanism) едi. Фундаменталист ұйымдар осы жаңа дiнге қарсы айқасып келедi. 1973 жылы Жоғарғы Сот 46 уилаятта (штатта) ғамалия (аборт) арқалы жүктi әйелдердiң бала алдыруына рұқсат етеді, сол себепті мемлекет пен фундаменталисттердiң айқасы одан ары өршелене түседі. Басқа да християн топтары фунадаменталист болу үшiн алдымен «дiншiл» (Religionist) болу керек деп сенгендiктен, олар бiр дiннiң дiншiлiмiз деп фундаменталисттердi осы күрестерiнде қолдауға ұйғарысады. Сондай-ақ, католик әлемiнiң Ватикандағы бас рұһбаны (Папа) өзiнiң үндеуiнде; «дүниешiл гуманизм – християндықтың ең үлкен жауы!» деп жариялайды.

Информация о работе Шығыстағы діни экстремизм мәселелері