2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................

5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............

13

ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................

23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................

23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58

Қорытынды ................................................................................................

60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61

Вложенные файлы: 1 файл

2-сыныпта сөз мағынасын .doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

 

Оқушылар білуі тиіс:

  • Көркем шығарманы талдай;
  • Көркемдеуіш құралдарды қолдана;
  • Сөйлемдегі   сөздердің орындарын;
  • Қолдану ерекшеліктерін.

 

Оқушылар істей білуі тиіс:

  • Оқу тапсырмаларының деңгейлеріне қарай қажетті материалдарды таңдай;
  • Мәтіндерге сипаттама беруді;
  • Жанрларды салыстырып, айырмашылықтарын түсіндіруді;
  • Ауызекі сөйлеу мен әдеби тілді қолдана білуді;
  • Кейіпкерлердің әрекетіне өз көзқарастарын айта;
  • Тірек сөздер арқылы сөйлей.

Берілген мәтіннен ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөздерді көрсет, асты сызылған сөздерге лексикалық талдау жаса?

 

Қайнар көзден қандырмаған сусынын,

Қырға барып сілікпеген гүл шығын,

Тауға шығып, талап тамақ ішпеген,

Сормаңдай Жан өткен өмір құр шығын

                                                (М.Әлімбаев)

Жұптық жұмыс. Оқушылар екі-екіден жұпталып жұмыстанады. Мысалы: Ақын өлеңдерінен диктант. Екі оқушы бірі оқып, екіншісіне жаздыртады, содан кейін рөлдерін алмастырады,бірін-бірі тексереді.

Топтық жұмыс. Оқушылар бірнеше кіші топқа бөлініп, бірлесе жұмыс істейді.Мысалы: тапқырлар, білгірлер, іскерлер т.б.Әр топ білім деңгейін жұмбақтарды шешу арқылы көрсетеді.

 

Түкірігімен түйреп өлтірген,

Түгірігі тигенді түгел өлтірген

                                                  (Мылтық пен оқтары).

 

Шуылдаманың үстінде ауылдама

                                                   (Орман үстінен ұщқан само лет).

Қақпақсыз қазан,

Іші толы сазан

                          (Көл).т.б.

 

Ұжымдық жұмыс.Барлық оқушы бір уақытта жұмыстанады.

Мысалы:Сөз мағынасының адамның есте сақтау қабілетіне тигізетін әсерін тексеру мақсатында өлеңнен мысалдар келтіре отырып, мәтін құрамындағы сөздерден тапсырма әзірленеді. Есте сақта!

 

І нұсқа

Достық+        Бақытсыздық-         +жағымды сөздер

Сөгіс-             Әсемдік+                 -жағымсыз сөздер

Сыйлық+       Өсек-                        0 әсерсіз сөздер

Жақсылық+  Терезе 0

Зат 0              Әріп 0

Мереке+        Жоғалту-

Бояу 0            Жеңіс+

Тақта 0          Музыка+

Алғыс+          Ашу-

Кедергі-        Терезе 0

Ауру-            Қасық 0

Жазу 0           Реніш-

 

Тумайды жұртын ақын жылатуға,

Туады жүректерді нұрлантуға

Өлеңін орамал ғып өтеді олар,

Көз жасын адамзаттың құрғатуға

 

Айнымас ол - әлсіздік баласт да,

Қыңбайды күншілдердің таласына.

Жүрегін көпір етіп төсейді ақын:

«Жетсін», - деп., - жұртым бақыт жағасына!»

                                                    (М.Әлімбаев)

ІІ нұсқа

Қарапайым Ақын шығармасынан мәтін оқып, есте сақтау керектігін ескерту. Есте қалғандарын жазып тапсырады.

Сөзбе-сөз жазса-1 балл,100%.

Берілген сөздердің көпшілігін қолданса-0,7 балл, 70%.

Өз сөзімен жеткізсе-0,5 балл, 50%.

Жекелеген сөздерді жазса- 0,3 балл, 30%.

Жаза алмаса-0.

0-40%- төменгі деңгей.

50-60%- орташа деңгей.

70-100%- жоғары деңгей.

Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қажетті сөзді табыңыз:

Үлгі:                             Тапсырма

1.Жұмыртқа                 Адам  …

 қабық                           киім, дауыс, үй, тері.

2. Қасық                       Шанышқы  …

күріш                            май, ыдыс, қуырдақ, сүт.

3. Шана                        Қайық  …

  қыста                           мұз, ескек, жазда, өзен.

Шығармашылық тапсырма:

1.Салыстыр,айырмашылығын, ұқсастығын  түсіндір.

2. Көркемсөз сарынымен мәтін құра, талда.

3. Мәтін бойынша танып-білгеніңді  айт.

 Сөз мағыналарын оқытуда көрнекі құралдары қолданудың да маңызы аса зор.

Балаларға қазақ тілін үйретуде көрнекіліктің алатын орны жөнінде К.Д.Ушинский «көрнекілікке үйретуді ана тіліне үйретуден бөлу мүлде қате» деген болатын. Өйткені көрнекілік бақылампаздықты, ойлауды дамытады және балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып беруге, одан логикалық қортындылар шығаруға дағдыландырады [21, 82].

Қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктерді қолдану мүмкіндігі орасан мол: кестелер, сызбалар, картиналар, дидактикалық материалдар, суреттер, оқулықтағы суреттер. Балаға берілетін білім мен тәрбиені нақты нәрселер (сурет, сызба, кесте, т.б.) төңірегінде ұйымдастырған жөн. Себебі сабақты түрлі деректі заттармен байланыстыра оқытудың сапалылығы мен ұтымдылығы мол. Берілетін білім түрлі көрнекілікпен оқытылған жағдайда, бала өтілген материалды көру, есту қабілеті арқылы бірден есінде ұстап қалуға және байқағыштыққа төселеді. Сабақтың көрнекілігі өтілетін тақырыптың ауыр-жеңілдігі, күрделілігіне байланысты әрқилы бағытта ұйымдастырылады [21, 41].

Сабақта көрнекілік арқылы оқыту баланың қабылдауын жеңілдетіп, ойының айқын болуын қамтамасыз етеді, естіген, көрген және оқығандарын ұмытпауға, берілген білімді саналы меңгеруге баулиды. Көрнекілік оқушының білуге деген ынтасы мен ізденгіштігін оятады.

«Сөз және оның мағынасы» тақырыбын меңгертуде кесте, тірек сызба, сызба, топшамалар қолдануға болады.

 

 Көрнекі құралдармен жұмыс істегенде мұғалім ең кемінде мынадай үш нәрсені есепке алғаны жөн:

    1. Көрнекі құралдардың мазмұнына талдау жасау;
  1. оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни, оқушының ойлау әрекетін басқару керек;
  1. Қалыптастыратын сезімдік бейне оқу міндетін орындау мен байланыстыру керек [22, 20].

 

ІІ. 2. Сабақ үлгілері

І нұсқа

 

Оқушыларға кейбір сөздердің бірнеше мағынасы болатыны туралы түсінік беріп, бұл сөздерді түрлі мағынада қолдануға үйрету, олардың ана тіліне қызығушылығын арттыру, сонымен бірге сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру жаңа сабақтың мақсатын көздеп, сабақта түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ауызша баяндау, көрнекілік әдіс-тәсілдері қолданылады.

Тіл дамыту, дүниетану, айналамен таныстыру, математика пәндерімен байланыстырылып, сабақтың көрнекілігіне әртүрлі суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, «Жаңылтпаштар» жинағы пайдаланылады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мақсаты: үйге берген тапсырманың дұрыс орындалуын тексеру.

Батпақ – саз, жетістік – табыс, қалғу – мүлгу, тосу – күту.

Сонымен, балалар, бұлар қандай сөздер? (мәндес сөздер).

Сұрақ-жауап арқылы толықтыру.

ІІІ. Білімді тексеру.

Бағалау.

ІҮ. Оқушыларды білімді сапалы, белсенді меңгеруге даярлау.

Мақсаты: сөз жұптарын салыстырып, мағынасын түсіндіру.

а) Жаңа материалдың мақсатын хабарлау. Көрнекіліктерді даярлау.

Ү. Жаңа білімді меңгерту.

Мақсаты: Кестеде берілген сөйлемдер талданып, әңгіме әдісі арқылы әртүрлі мағынада қолданылып тұрғаны түсіндіріледі.

Жаңа сабақ кестенің көмегімен түсіндіріледі.

 

Бірнеше мағынасы бар сөздер

Бірінші мағына

Екінші мағына

Үшінші мағына

Гүлнұр шашын тарады.

 

Мен бүгін түс көрдім.

Олар үйірмеден кешке тарады.

Бұл – қоңыр түс.

 

 

Сатымен төмен түс.


 

«Кейбір сөздердің бірнеше мағынасы болатынын» оқушылардың өздері-ақ пайымдай алады.

Оқулықпен жұмыс.

Аталған тақырып туралы түсінік берілгеннен кейін 232-жаттығуы орындау. Алдымен оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын талдайды, түсіндіреді.

Ауыр екен қап,

Әттеген-ай, қап! (М.Әлімбай)

«Ауыр екен қап» деген жолдағы «қап» сөзі қандай мағынада айтылып, нені білдіреді?

  • Бұл жолдағы «қап» сөзі кенептен тігілген «қанар» деген мағынаны білдіреді.
  • Ал «Әттеген-ай, қап!» деген жолдағы «қап» сөзі қандай мағынада қолданылған?
  • Бұл жерде «қап» деген сөз өкіну мағынасында қолданылған.
  • Балалар, енді «қап» сөзіне –ым, -ың буындарын қосып айтайық.
  • Менің қабым. Сенің қабың.
  • Қандай өзгеріс байқадыңдар?
  • Сөз соңындағы «п» дыбысы «б»-ға айналды. өйткені дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, «п» дыбысы «б» дыбысына өзгереді.

Бірнеше мағынасы болатын сөздер жайлы оқушылардың білімдерін бекіте түсу үшін оларға сауат ашу кезеңінен жақсы таныс «араның» екі мағынадағы суретін пайдалануға болады.

Ара (жәндәк) – Ара гүлге қонады.

Ара (құрал) – Ара – ағаш кесетін құрал.

Немесе мынадай кесте пайдаланылады:

                                          адамның жасы

Жас


                                          көз жасы

Сұрақ-жауап әдісі арқылы әрқайсысының қалай аталатынын сұрап, сол атауларды қатыстырып сөйлем құрату.

Мысалы:

Шыңғыс биыл он жасқа толды.

Шынардың көзі жасқа толып кетті.

Осыдан кейін оқулықтағы жаңылтпашты (233) оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын талдау:

Көрмеген үш қыс,

Көкеңді ұшқыш,

Құшақтап қыс, құш!

Мұндағы бірінші қыс – жыл мезгілі, екінші қыс - өзіне қарай қыса тартып, құшақтау (қимыл атауы).

Немесе:

Алма алма, бал ал,

Жая алма, жал ал.

Алма – жеміс, алма – қимыл атауы дегенді білдіреді. Жаттығу осылайша ауызша талданғаннан кейін, жаңылтпашты жатқа жазады.

234-жаттығуда берілген сөздері  екі мағынада қолданып, сөйлем құрау тапсырылған. Мұны шығармашылық бағыттағы тапсырма ретінде ұсындық.

Мысалы: ою - әжем ою ойды.

Тұскиізге өрнек ою керек.

Бірінші сөйлемдегі ою «өрнек» деген мағынаны білдіреді, ал екінші сөйлемдегі ою қимылды білдіреді. Осы ретпен қалған сөздерге де екі сөйлемнен құрап, мағыналары түсіндіріледі.

ҮІ. Сабақты «Кім көп біледі?» ойыны арқылы қорытуға болады.

Ойынның шарты: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар сөздерді айтады, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Мысалы: 1. Қой – мал

Қой – қимыл атауы

2. Өкпе – дене мүшесі

Өкпе – реніш

3. Ара – жәндік

Ара – құрал, т.б.

«Мұғалімдер» мен «оқушылар» рөлдерін ауыстырып отырады.

ҮІІ. Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не ұнады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 235-жаттығу.

ІХ. Бағалау [23, 10].

 

ІІ нұсқа

Сабақтың тақырыбы: Сөз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 2-сыныпта оқытылған сөйлемнің сөздерден, сөз дыбыстардан құрылатынын, дыбыс әріппен таңбалатынын оқушылардың есіне түсіру, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, әдемі қатесіз жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: балалардың сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, кесте, топшамалар, дыбыстар кассасы, суреттер, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Өткен сабақты қайталап бекіту.

Оқушылардан үй тапсырмасын жалпы сыныпта қатыстырып тексеріп, оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылардың сөз туралы ұғымдарын кеңейту, олардың 2-сыныптағы білімдеріне негізделеді. Ең алдымен оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп, бұрын айтылған ұғымдарды сұрақ қою арқылы, өздеріне сөз мағынасының мәнін аштыру.

  • Балалар, біз жыл басынан бері дыбыстар туралы көп мағлұматтар алдық. Ал осы дыбыстардан не құралады?
  • Сөз құралады.
  • Ал сөзден ше? Олар не құрайды?
  • Олар сөйлем құрайды.
  • Сөйлем қанша сөзден құралады?
  • Сөйлемдегі сөздердің саны әр түрлі болады. Өткен материалды меңгерген оқушылар осылайша жауап береді. Ал оны ұмытыңқырап қалған бала сұрақ-жауаппен әңгімелесу барысында ғана еске түсіреді. Бұл білім дағдылары төмендегі кестені талдау барысында ғана еске түсіреді. Бұл білім дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі.

Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі