2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................

5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............

13

ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................

23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................

23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58

Қорытынды ................................................................................................

60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61

Вложенные файлы: 1 файл

2-сыныпта сөз мағынасын .doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады.

Ойын тәртібі: оқушылар «мұғалімдер» мен «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «оқушылар» өз рөлдерін ауыстырып отырады.

Мысалы,

    1. ара – жәндік            2) алма – жеміс            3) ою – зат 

    ара – құрал                   алма – қимыл                 ою – қимыл

«Ойлан, тап» ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.

Ойын тәртібі: мұғалім бір сөзді ақырын ғана айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарам-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім «ұзын» десе, оқушы «қысқа» дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы, мұғалім «Отан» десе, оқушы «туған жер», «ел», «атамекен» дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.

«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады. Мысалы, сәбіз, алма, қияр, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры, т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады.

Сәбіз, қияр, картоп – көкөністер [14, 18-19].

«Антоним сөздер» ойыны. Оқушылар бір-бірден шығып, таратпа материалдардағы синонимдерге мағыналас сөздерді тауып, айтуы тиіс. Немесе мұғалім сөздерді тақтаға бір жол етіп жазады да, оқушылардан тиісті синонимдес сөздерді тауып, екінші қатарға жазуды талап етеді. Ойынның тәртібі бойынша берілген сөздердің синонимдерін кім бөгелмей дұрыс жазса, сол ұпай алады. Ұпайды көп жинаған қатар жеңіп шығады. Мұғалім антонимдерді өткенде оқушылардың түсінігін байқау үшін өткен жолғы ойындарды жалғастыра түседі. Тақтаға екі оқушы шақырылады. Бірінші оқушы тақтаға жазған антонимге екінші оқушы қарсы мағыналы сөзбен қолма-қол жауап қайтарып, ол да тақтаға жазады. Егерде бірінші оқушының жазған сөзіне екінші оқушы қарсы мағыналы сөзді тез тауып жаза алмаса, онда оның орнына басқа оқушы шығады. Мысалы, биік – аласа; үлкен – кіші; күн – түн; жуан – жіңішке; суық – жылы; жарық – қараңғы; қатты – жұмсақ; кең – тар, т.б. ойын жалғаса береді. Белгілі уақытта оқушылар орындарын ауыстырады. Бөгелмей дұрыс жауап қайтарған оқушы ұпайды көп алып, жеңіске жетеді. Сыныптағы оқушыларды түгелдей ойынға тарту үшін мұғалім оқушылардың алған ұпайларын санап отыратын бір оқушы белгілейді. Ол ұпай санын белгілеп, кімнің алда келе жатқанын хабарлайды. Ойын аяқталған соң мұғалім жеңіске жеткендерге антонимнің ережесін қорытқызады [15,12].

«Синоним сөздер» рөлдік ойыны. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, оқушылар «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша рөлдік ойын ойнатады.

Мұғалім сыныптағы оқушыларды екі топқа бөледі. Қай топтың оқушылары рөлін жақсы ойнап, топқа берілген тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңіске жетеді.

Алғашқы болып, 2-топ оқушылары шықты. Мұғалім автор сөзін оқытып тұрды. Түйе рөлін ойнап шыққан оқушы түйе тәрізді шайқала басып келеді. Ойынның ережесі бойынша рөлде ойнап тұрған оқушының ненің рөлін ойнап тұрғанын табу керек. Оқушылар бірауыздан «түйе» деп, дұрыс табады. Осылайша барлық балалар хайуанаттардың қимыл-қозғалысын айнытпай салып шықты. Мұнан кейін хайуанаттардың рөлдерінде ойнап жүрген оқушыларға сөз беріледі.

Жылқы: мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.

Түйе: сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр: адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, одан құрт, май алады, жыл басы болу маған лайық.

Қой: мен болмасам, адам үйін немен жабар еді, жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит: мен болмасам сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап хабар беремін.

Әтеш: мен болмасам, барлық кісі ерте жұмысына бармай ұйықтап қалар еді. Мен таңертең тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан: бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Мұғалім І топтың оқушыларын да ертегінің рөлін ойнауға шақырады. Екі топтың сахналық көрінісі салыстырылып, бағаланады. Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар береді:

    1. Жыл басы қандай хайуанат боды?
  1. Жыл басы болған хайуанаттың қандай жақсы қасиеттері болу керек?
  1. Сендер жыл басына нені сайлар едіңдер?

Бұл оқушылардың өзара пікір таласуына жағдай туғызды.

Мұғалім кейін оқушыларға хайуанаттар сөзі жазылған кеспе қағаздар үлестіріп, мынадай тапсырмалар берді.

1-топ оқушыларына, мәтінді кез-келген бас сөзге мағыналас сөздер табыңдар! Соңынан бір-біріңнің қателеріңді тексеріңдер.

2-топ оқушыларына мәтіндегі бас сөзге антоним сөздер табу. Антоним сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем құрату.

«Ойлан, тап!» ойынында өтіліп отырған тақырыпқа орай тапсырма беріледі. Мысалы: берілген сөздердің мағынасы шығатындай бәріне ортақ жалғауды тап.

 

Бі

 

 

(...)

Ше

Ті

Көй

Ә


 

Немесе, берілген сөздің мағынасы шығатындай алғашқы буынды тап деген тапсырма беруге болады.

 

(...)                                      кіт


(...)                                       та


(...)                                       рік


(...)                                        за [16, 5].


 

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады [17, 27-28].

Бастауыш сыныптарда оқушылардың сөздік қорын молайтуға арналған жаттығулар туралы професор С.Рахметқызы былай дейді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі арта азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс» [18, 159].

Н.Ж. Құрманова жаттығулар туралы былай дейді: «Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек» [19, 7].

Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады; екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы тиіс:

  1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындайтын
  2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.
  3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы керек.
  4. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы тиіс.

Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл-ой әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасалы, дамытылады.

Жаттығулар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты бірінен соң екіншісі орындалады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығулар болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:

  1. оқушы өзі танып-білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан ажыратыпалады;
  2. оқушының өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілерімен саналы түрде танысады;
  3. оқушы нақты қандай заңдылықты «ашу» керектігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.

Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жұп» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы сөз мағынасының грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

Оқушыға орындайтын грамматикалық-тілдік жаттығулардан кейбір үлгілер көрсетейік:

1-жаттығу. Сөз жұптарын салыстырып оқы, олардың әрқайсысына сұрақ қой. Олардың бір-бірінен өзгешелігі неде?

Домбыра – домбырашы, балық – балықшы, сурет – суретші, құрылыс – құрылысшы, қобыз – қобызшы, теңіз – теңізші.

2-жаттығу. 1-жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар аударып, олардың ішінде өзара ортақ белгілері бар сөздер бар не жоқ екенін анықтаңдар.

Домбыра, домбырашы, балық, балықшы, сурет, суретші, құрылыс, құрылысшы, қобыз, қобызшы, теңіз, теңізші. [20, 12]

Стилдік лексикалық жаттығулар негізінде  сөздер мен жұмыс жүргізу болып есептеледі. Лексикалық жаттығу жұмыстарын мұғалім ең алдымен, оқушының тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөздік қор мен оны қолдануға, ерекшеліктерді үйретуге, ерекше назар аудара отырып, жүргізіледі. Лексикалық жаттығулар сондай-ақ оқушылардың лексикадан білімін бекітумен лексикалық икемін қалыптастыру үшін жүргізіледі. Стилдік лексикалық жаттығулар жүргізуде ең негізгі мәселенің бірі – ол сөздің мағынасын және сөздердің стилдік қоладнуын сезе білуге  үйрету болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат сөздердің жалпы беретін мағынасымен контекстерден қолданудағы мағынасын ажыратып түсінуге жаттықтыру.

Лексикалық жаттығулар сонымен бірге сөздік жұмыстарын жүргізуді қамтып оқушының сөздік қорын молайту мақсатында көздейді. Сөздің мағынасына байланысты жаттығу жұмыстарында, әсіресе, сөздің тура және ауыспалы мағынасы антоним, синоним, омоним және  фразеологиялық тіркестер, терминдер диалектизмдермен кәсіби лексика жөнінде мәліметтер берілу  мен бірге олардың тілдегі қолданылуы тіл стилдеріне қатысты қызметтерімен стилдік реңдерін анықтау байланыстыра жүргізіледі. Сондай-ақ сөздерді орынды дұрыс қолдануға  яғни тіл нормасын ажыратуға  дағдыландырады. Мұндай жаттығуладың негізгі мақсаты сөздердің негізгі және ауыспалы мағынасынан байланысты қолдану ерекшеліктерін көркемділігін, бейнелілігін танытуды мақсат етеді. Сондай-ақ мұндай типтегі стилдік лексикалық жаттығулар берумен орындаттыруда мынадай мақсаттар көзделеді.

  1. Сөздің мағынасын ажырату.
  2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы болатындығы және оның қолданудағы стилдік реңдері
  3. Сөздің образ жасауға қатысы
  4. Сөздердің эксперссиялылығы мен эмоциональдылығы.
  5. Сөздердің синонимдері олардың мағыналық реңдік стилдері.
  6. Сөздердің тіл стилдеріне қатысы Мысалы, сөз мағынасы бойынша сабақтан жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Ол бесінші сыныптан бастап-ақ оқытылады. Онда мынадай таблицаны пайдаланып, олардың ауыспалы мағынасы туралы мәлімет беріледі.

 

Тіл дамыту үшін мынадай әдістерді қолдану керек:

1) мазмұнды сөйлеу;

2) жүйелі сөйлеу;

3) мәнерлі сөйлеу;

4) дәл сөйлеу.

 

Тіл мәдениетін қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмыс түрлері:

  1. сөздік қорын байыту;
  2. суретпен жұмыс;
  3. мазмұндама, шығарма;
  4. мақал-мәтел, нақыл сөздер,шешендік сөздер т.б.

 

Тіл мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізіледі:

 

Мамандық     дағдысы

1.Ойланып

оқу

Үйрену әдіс-

тері

Жай оқу,қайта-

лап оқу,керек

сөзді бөліп оқу

Оқу пәндері

 

Сыныптан тыс

оқу

Өздік жұмыс

Бағдарламадан тыс

оқу

2. Көркем шы-

ғарма талдау

Негізгі ойды

таба білу

әдебиет,әдісте-ме,қазақ тілі

Көркем шығарма

талдау

3.Өз ойын жа-

зып жеткізу

Жүйелі жаза

білу

Қазақ тілі,әдебиет

Үзінді жаттау,пікір

айту,қорыту

4.Топ алдында

сөйлеу

Дәлдік,шебер-

лік

Үйірме,курс-

тық жұмыс,мү-

шәйра,семинар

Даусын жаттықтыру,фонетикалық жаттығу жасау

Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі