Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 12:46, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: «Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек», – деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 73.46 Кб (Скачать файл)

Ұлттық ойындардың әрқайсысына тән қасиет, көздейтін негізгі мақсат – адамға әсер ету, оған қоршаған орта туралы мағұлмат беріп, дүниетаным көзқарасын өсіріп қалыптастыру. Әр ұлттық ойынының бойында адамды білімге, білуге, үйренуге, өмірді танып білуге дене ынтаны оятатын, ұжымға деген ынтымақ, жолдасқа деген ілтипат, сыйластық, тіл табысу, басқалармен санаса білу т.б. өмірге аса қажетті адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру секілді дидактикалық негіз, тұтас педагогикалық үрдіс, іргелі идея бар.

Осы күнге дейін біреулер ойын десе, күлкіні, жеңіл-желпі көңіл көтеруді көз алдына елестетеді. Дәл осылай ойлағанның өзінде де ойын өз дегеніне жетіп, әлеуметтік-педагогикалық бір мақсатты көздеп, тәрбие құралы қызметін атқаратыны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуының әдіснамалық негіздемесін жасау ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын қазақ педагогикасын әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде анықтауға негіз болды.

Көшпелі қоғамдық өмірдің рухани кеңістігінде дүниеге келген алғашқы тәрбие мазмұны, исламдық ой-сананың қалыптасуы мен дамуы, еуразиялық Ұлы далада қалыптасқан түркі-иран-араб мәдениеттерінің тоғысуы, Қарахандар дәуіріндегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму ерекшеліктері түркі тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары болып табылады.

Әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің және М.Қашқаридің педагогикалық теорияларында тәрбие мен оқыту, білім беру мәселелері өзара тығыз байланыста қарастырылады. Мұның өзі ғұламалардың адам тәрбиесі жөніндегі ілімдерінің ғылыми үндестігін, мазмұндық ықпалдастығын білдіреді. Ал оның кейінгі дәуірлердегі түрік ойшылдары Ахмет Йүгінекидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, қазақ ағартушылары А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, алаш қайраткерлері С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейханның, сонымен бірге батыстық педагогика өкілдерінің - чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің, орыстың халық ұстазы К.Д.Ушинскийдің, қазіргі жаңашыл-педагогтар Ш.А.Амонашвилидің, Н.Е.Щуркованың педагогикалық ой-пікірлерінде тарихи жалғастық табуы заңды құбылыс, педагогика ғылымының даму үрдісі болып табылады.

Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретінде ғылыми негіз болатын еңбектер педагогиканың мазмұнын жетілдірудің мәдениеттілік, өркениеттілік және инновациялық бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Мәдениеттілік тұрғыдан ұлттың педагогикалық бейімделген әлеуметтік-мәдени тәжірибесін жалпыадамзаттық деңгейге көтеру, өркениеттілік тұрғыдан  қазақ педагогикасын тұтас әлемдік деңгейге көтеру, инновациялық тұрғыдан қазақ педагогикасының келешегін айқындау міндеттерін шешу қажеттілігі айқындалды.

Әрине, зерттеу проблемасы көп жақты, әрі өте күрделі. Оны бір зерттеудің аясында шешу мүмкін емес. Бұл - өміршең мәселе, ұзақ уақыт пен қажымас еңбектің еншісі, өйткені артына өлместей мұра қалдырып кеткен бабаларымыздың ілімі - таусылмас қазына. Сондықтан келешекте, біздің ойымызша, қазіргі қазақ педагогика ғылымының мазмұнын жетілдіру, еңбектер білім беру жүйесінде сатылап (мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектеп, орта арнайы оқу орындары, жоғары оқу орындары) пайдалану бойынша әрқайсысын жеке-жеке, әрі терең зерттеу қажет. Мұның өзі білім берудің мазмұны мен тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік беріп, жаңа заманның ізгі адамдарын тәрбиелеуге жол ашады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қоянбаев Р., Қоянбаев  Ж. Педагогика. Алматы 2004.

2. Омаров С.Қ., Мұқатаев  А.А., Сарсекеева Ж.Е. Педагогика. Оқытудың  несиелік жүйесіндегі сабақтар. Қарағанды, 2007.

3. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003. 

4. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Да¬рын, 2004.  
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Мектеп. Алматы, 2002.

6. Сарбасова Қ.А., Шаушекова  Б.Қ. Педагогика негіздері. Қарағанды, 2004.

7. Сейталиев К. Тәрбие  теориясы. –А., 1986.

8. Хмель Н. Педагогический  процесс в общеобра-зовательной  школе. –А., 1984. 
9. Гершунский Б.С.; Никандров Н.Д. Методологическое знание в педагогике. –М., 1986

10. Краевский В.В. Методология  педагогического исследования. Самара, 1994. 
11. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. М. 1981.

12. Абенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – А., 1992. 
13. Абилова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – А.,1996.

14. Айтмамбетова Б. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. / РБК. Алматы, 1995.

15. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 1991. 
16. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру /Методикалық нұсқау/. – А., 1990.

17. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. – А., 1995.

18. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. – А., 1994. 
19. Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. М.1998.

20. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу. –А., 1990. 
21. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой, ақыл, адамгершілік. –А., 1994.

22. Педагогикалық ізденіс. –А., 1989.

23. Сабыров Т. Жастарды тәрбиелеудегі коллективтің ықпалы. –А., 1988.

24. Сабыров Т. Болашақ мүғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. – Алматы, 1999. 

25. Ұзақбаева С. Халық педагогикасындағы  эстетикалық тәрбие. –А., 1990. 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы