Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 12:46, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: «Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек», – деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 73.46 Кб (Скачать файл)

Сабақты хронометрлеу сабақтың педагогикалық талдауын айтарлықтай нақтылап тереңдете түсетін жалпы және қозғалыс жиілігі туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Хронометрлеудің келесі материалдары жетіліп келеді: хронометрлеу хаттамасы, сабақтың жалпы және қозғалыс жиілігін есептеу (пайызбен), сабақ тығыздығының мәтіндік талдауы.

Сабақ басталмас бұрын хаттамада сабақ туралы мәліметтер толтырылады. Хаттаманы одан әрі жүргізу сабақ үстінде іске асырылады,  және де екі бағана толтырылады: “Әрекет түрлері” және “Секундомер көрсетуі”. Хронометрлеу секундомердің жылжымалы көрсеткіші бойынша жүргізіледі. Мәліметтерді өңдеу сабақ біткен соң жүргізіледі.          

Алынған материалдарды талдап бағалау кезінде сабақтың жалпы жиілігі 100% жақындау керек екенін білу керек. Сабақтың қозғалыс жиілігі сабақтың типіне байланысты. Ой әрекетіне көңіл бөлінетін сабақта қозғалыс жиілігі 50% және одан төмен болуы мүмкін. Хронометрлеу мәліметтерін талдау оқу-тәрбие жұмысын дұрыс бағалай білу, дұрыс ұйымдастыру және сабақта кеткен уақытын тиімді қолдануға мүмкіндік береді.  

Нақты пайымдау мен нандырарлық ұсынымдарға жету үшін сабақтың болжамды педагогикалық міндеттерін, оқу материалының ерекшеліктерін, материалдық-техикалық мүмкіндіктерінің жағдайын және оқу-тәрбие жұмысының барлық ерекшеліктерін анықтайтын басқа шарттарын ескеру қажет. Осы талдауда пульсометрия мәліметтерін қолданған жөн.  Жүргізілген талдау негізінде қорытынды шығарылып нақты ұсыныстар баяндалуы керек.

Пульсометрия (жүрек соғысын есептеу). 

Пульсометрия  мәліметтерін талдау жүктеме мен демалыс мөлшерін дұрыс бағалауға, сонымен қатар сабақ барысында оларды бөлу мен реттеуге   жағдай туғызады.

Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымының өзгеруіне қарай  бұлшық еттеріне түскен күш анықталып бағаланады.

Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны мен жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі баланың қан қысымын өлшеу керек.    Тамыр соғысы жаттығулар орындап болғаннан кейін есептеледі хронометраждың сәйкес бағанасына немесе тамыр соғысын қадағалау хаттамасына енгізіледі.

Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуының графикалық кескіні физиологиялық қисық деп аталады.

Даладағы 2-3 мин. жүгірістен кейін жүректің соғу жиілігі 140-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш 40-60 % тең. Күш салғанға дейін минутына 90-100 рет соғады.

Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 141-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі. Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60%, дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30% дейін төмендейді. Сөйтіп, сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек. Жүрек соғуы балалардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин уақытта бастапқы қалыпқа келеді.

Дене тәрбиесі сабағы үш функциональды байланысқан бөлімнен тұрады: дайындық, негізгі, қорытынды.

Сабақтың дайындық бөлімінің негізгі мақсаты – оқушыларды жаттығуларды орындауға дайындау. Осыған қарай келесі әдістемелік міндеттер шешіледі:

- оларды сабаққа психологиялық  тұрғыдан сабаққа дайындығы;

- шұғылданушының көңілін  сабаққа аударып, эмоциональды көңіл  күйін көтеру;

- белсенді бұлшықет қызметіне  ағзаның жалпы дайындығын қамтамасыз  ету;

- сабақтың негізгі бөлімінде (қорытындылаушы және дайындық  жаттығуларын орындау) жаттығудың  алғашқы түріне арнайы дайындығын  қамтамасыз ету.

Сабақтың дайындық кезеңінде шұғылданушылардың зейінін аудару үшін, көңілдерін жоғарлату үшін (2-3 мин) ойын тапсырмаларын, тез әрекет етуге, үйлестіруге ("Біз естімейміз", "Керісінше істе", «Дәулер, ергежейлер») тәрбиелеу, үйлестіруді дамытуға арналған жаттығулар, саптағы жаттығулар, жүрудің, жүгірудің түрлі түрлері, қозғалыстағы, затсыз, затпен бір орындағы жаттығулар жиынтығы; гимнастиклық қабырға мен орындықтағы жаттығуларды қосу қажет.

Қарқыны жоғары жаттығулар дайындық кезеңіне енгізілмейді, олар оқушының жұмыс істеу қабілетін төмендетуі мүмкін.

Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасы және сабақ  міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. 

Жаңа  материалды меңгеру, жаттығулар техникасын үйрету, қайталау, жетілдіру секілді күрделі міндеттер сабақтың негізгі  бөлімінің басында орындалады, соңында дене  қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі.  Барлық жатығулардың құрамы ағзаға жан-жақты әсер ететін болуы қажет.

Бұл бөлімде алға қойған міндеттерді орындау үшін әрбір сыныпта оқу бағдарламасында  белгіленген әр спорт түрінің негізгі жаттығулары кеңінен қолданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы  оқу сабағында 30-35 мин.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушы ағзасының функционалдық  белсенділігі  біртіндеп төмендейді, келесі теориялық сабаққа дайын жайбарақат күйге әкелінеді. Қорытынды бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігі және  ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жай қарапайым сипаттағы  ойындар т.б.

Сабақты қорытындылау, талдау, баға қою, снарядтарды жинау, сабақ аяғында сапқа тұру сияқты әрекеттер оқушыларды тыныштандырады, ағзаның қалпына келуіне септігін тигізеді. Бұл бөлімде сабақ қорытындыланады, баға қойылады, оқушылардың қимыл белсенділігін арттыратын, негізгі жаттығулар  техникасын жетілдіруге  көмектесетін үй тапсырмалары  беріледі. Қорытынды бөлімге  3-7мин.  уақыт бөлінеді.

 

 

2.2 Дене тәрбиесі  педагогикасының қазіргі ерекшеліктері

 

Қазақ халқының бай мұрасы ұлттық қозғалмалы ойындары педагогикалық жүйе мен дене шынықтыру педагогикасында кеңінен қолданылып келеді. Бірақ бұл ғылыми негізделу қазіргі кезде тәжірибеде жеткілдікті деңгейде өз орныны таба алған емес.

Жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесінде қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын салт-дәстүрін, жағрапиялық, климаттық және демографиялық ерекшеліктерін толықтыра отырып, дене шынықтыру бағдарламасын нәтижелі пайдалану Қазақстан Республикасында дене тәрбиесінің деңгейін орындауға нәтижелі ықпал етеді.

Қазақтың ұлттық ойындары – адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты әсер ететін әмбебап құрал. Ол өзін-өзі тәрбиелеп, өзіне өзі білім берудің бүгінгі біртұтас педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық негіздегі педагогикалық-әлеуметтік ахуалды байыта түсетін оқу-тәрбие құралы. Ұлттық ойындардың бойындағы осы қасиеттері бүгінгі егемен елдің өз ерекшелігін айқындап беретін, тілін, ділін айқындайтын өткен тарихынан хабар беріп, ойлау жүйелерінің ұлтқа тән логикалық негіздерін қалайтын, денсаулығын оңдап, салауаттық өмір салтын мұра тұтқан жан-жақты дамыған дара тұлғаларды қалыптастыратын адам өмірінің даму барысында басқа да тәрбие құралдарымен астаса отырып, бүгінгі егемен елдің белсенді азаматтарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосатын пәрменді құрал.

Қазақтың ұлттық ойындарын қарастыру барысында, біздің ұлттық ойындарға деген көзқарасымызды айқындап, адам баласының адам тәрбиесіне арнайы жасаған дүниелерінің ішінде, оның көп қырлы жан-жақты, алуан салалы тәрбие құралы екендігіне көзімізді жеткіздік. Олай болса ойын егеменді елдің жас ұрпағын дара тұлға етіп, денсаулығын мықты, салауатты өмір салтына бағдарлай тәрбиелеуде бүгінгі талапқа сай мектептегі тұтас педагогикалық үрдісті жетілдіре түсудің дидактикалық әдісі қызметін атқарары сөзсіз.

Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтын, күрделі іс-әрекеттердің басын құрайды. Ұлт ойындарының жастарға берер тәрбиелік негіздерін, олардың тәжірибедегі қолдану мүмкіншілігінің пайдалы салмағын ескере отырып, былайша топтастырмақпыз. Атап айтқанда: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, дене тәрбиесі, дене саламаттылығы тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық және өнер тәрбиесі, патриоттық тәрбие,интернационалдық тәрбие т.б. Бұлардың мектептегі тұтас педагогикалық үрдісті, жеке дара тұлғаны, салауатты өмір салтына бағыттайтын, жастар бойына білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді дарытатын оқу орындарындағы басқа да дидактикалық құралдармен астасып,

ұштасып негізгі мақсатқа жетуге ықпал ететіні анық.

Қалыптасқан дене тәрбиесінің іс-тәжірибесі жұртшылық арасында, әсіресе, жастар арасындағы дене дайындықтарының жеткіліксіздігі қазіргі қоғамда үлкен алаңдатушылық туғызып отыр. Әрине, бұның себебі өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта оқу, еңбек және тұрмыс жағдайларының қатты өзгеруі, сондай-ақ мектептер ұзақ жылдар бойы күйзелістерге ұшырап, халқымыз әдет ғұрыптан, салт санасынан тыс қалып келді және біріңғай мәдениет жасаймыз деп, ұлттық мәдениет атаулыны менсінбеудің нәтижесінде қазақ жастарының арасында өз елінің тарихын, тілін мәдениетін білмейтін, мәдени және әдеби мұрасын өз тілінде оқып, тәлім-тәрбие ала-алмайтын жастар көбиеді, мұның өз тәлім-тәрбие жұмысының тұйыққа тіреліп, жастар арасында келеңсіз құбылыстардың көбеюіне, мейірімділік пен қайырымдылық сияқты қасиеттердің азайып кетуіне, адамгершілік пен имандылықтың құлдырауына әкеп соқтырады.

Адамгершілік қасиеттерді игеруі адамның осы қасиеттерге деген сезім ерекшелігінің қатынасын байыта түседі. Бұл қасиеттер біздің ұлттық-этникалық және психологиялық құрылым жағынан мынадай үш құрылымнан тұрады: ол – ұлтық сезім, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық адамг8ершілік мінез-

құлық. Ұлттық сезім – адамдардың келісімен анасының әлдилеп тербеткен бесік жырынан бастап, жасына қарай құрбыларымен ұлттық қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарды ойнау арқылы қоршаған ортасын жан-жақты танып, өз тілін меңгере түседі. Осының арқасында туып-өскен жеріне, туған елі ана тіліне, ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі оянып, ол қасиет қанына сіңіп, бойына біртіндеп дари түседі. Мысалы, адамдардың өз ұлтының ана тіліне деген сүйіспеншілігі – ұлттық сезімнің ерекше түрі. Өйткені, ана тілі адамның ішкі жан дүниесін, сезімнің басқа ой қиялға жақын, жүрегіне жылы, ойға тез оралатын сезімнің сыртқа шығар көрінісін басқаға білдіретін күшті құрал.

Ұлттық салт-дәстүр - әрбір қоғамның ондағы әлеуметтік топтардың белгілі бір өмір сүру тәсілі. Бұл ұғым қоғамның, оның таптары мен топтарының өздерінің тән жұмыс, тұрмыс жағдайларына және мәдениетінің дамуы мен отбасындағы сондай-ақ тұрмыстағы қарым-қатынас ерекшеліктерін бейнелейді. Осы асыл мұра өмірде қолданылмаса, біртіндеп шетке ығысып, бар-бара ұмтылады. Ал, тіл сақталмаса, ол халық ұлт ретінде жойылмайды. Яғни, тіл бар жерде ел бар, ел бар жерде салт-дәстүр бар.

Ұлттық адамгершілік мінез-құлық – Бұл қасиет әр ұлтқа тән тәжірибелік, психологиялық, адамгершілік, рухани саласымен ерекшелініп көзге түседі. Әрине бұндай қасиеттер басқа халықтарда жоқ деген ұғым тумауы қажет, олар әр елде, әр түрлі қырынан көрініс табады.

Адамзат өзіне мақсат етіп, белгілі бір азаматтық талап қойған жағдайда өз тарапынан баға беруін, адамгершілік борышын өтеуін ар деп түсінеміз. Яғни, ары таза адам жалпы адамгершілік қасиетерді атамай, күнделікті өмірде борышын мен қызметін орындауы. Аталған бұл қасиетерді меңгеруде

төменгі сынып оқушылары жоғарғы қарқында қабылдап, оны орындаумен ерекшеленетіндігін психологтар анықтап, атап көрсеткені белгілі. Бұл қасиетер балалар мен жасөспірімдердің дұрыс дамуына, дер кезінде адамгершіліктің негізін қалауға жағдай жасайды. Сондықтан балалық кезеңнен бастап, адамгершілікті дамыту ретінде тәрбиені негізі болып гуманистік қатынастарды және балалардың бір-бірімен өзара қарым қатынасындағы сезіміне эмоционалдық қайырымдылықты дамытуға аса көңіл бөледі.

Ал жасөспірім кезеңіде өзін қоршаған ортада меңгеруде белгілі тәжірибе қалыптасады. Құрбыларымен тұрақты қарым-қатынас қалыптасады, өзінің қандай екенін, қабілетінің мүмкіндігін білгісі келеді. Ол үшін көзге түсіп, жұртқа танылғысы келіп, өзінің батылдығн, өжеттігін, күштілігін, тағы басқа дене қасиетері мен қабілеттерін сынап келеді. Бұл оның сезімдік ерекшеліктері мен сезім қасиетт қалыптастырып, өзіне сенімділінгін арттырады. Жасөспірімдер өздерін қоршаған адамдардың ішінен өздеріне ұнаған адамдарды іздеп тауып, өзін қалыптастыру кезінде өзі қалаған адамына ұқсап бағуға тырысады. Сондықтан осы кезеңде жасөспірімдерге дұрыс адамгершілік бағытты өте маңызды.

Өз іс-әрекетінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысу еріктілік пен жігерлікті қатар дамытады. Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық дамуы, кейбір кезде моральдық сезімдер мен адамгершілік тәрбиенің дамуын басып озады. Бұл, әсіресе, өзін қоршаған ортадағы бірігіп жұмыс жасау барысында қарым-қатынасқа түсетін спортық ойындарда анық байқалады. Ұлттық ойындар балалардың жас ерекшелігіне орайластырып жасалған. Баланың сәби шағынан бастап ер жетіп, азамат санатына қосылағанға дейінгі өмірін қамтып қана қоймайды, адамның бүкіл өмір бойға жан серігіне айналады. Атап айтқанда, дүниеге жаңа келген нәрестеден бастап, ер жеткенге дейінгі ойын арқылы тәрбие алады. Жігіттік шағында байсалды ұлттық ойындарына қатынасып, жарыс аренасына шығады.

Одан кейінгі жігіт ағасы жасында, ойынды ұйымдастырушының рөлін атқарады. Келесі кезеңді сол халық дәстүріне өз ұрпағын тәрбиелеуші, баулушы, ақылшы-кеңесші ретінде де, сондай-ақ көрермен ретінде де қатынасады. Қай халықтың болмасын ұлттық ойындарына тән негізгі ортақ қасиет - дидактикалық негізі, көздейтін мақсаты жас ұрпақты өз ортасының салт-санасы, әдет-ғұрпы мен дәстүріне сай, психологиялық ерешеліктеріне байланысты білім беріп тәрбиелеу. Олай болса, әр ұлттық ойындардың бойында педагогикалық әлеуметтік негіз бар.

Информация о работе Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы