Тұрлаулы мүшелерді оқыту
Курсовая работа, 17 Июня 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше.
Содержание
І. Кіріспе 3 – бет.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың міндеті мен мақсаты.
ІІ. Негізгі бөлім 4 – 21 беттер.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары
және оны оқытуда кездесетін қиындықтар.
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
ІІІ. Қорытынды 26 - бет.
Тұрлалы мүшелерді оқытудың маңызы.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27 – бет.
Вложенные файлы: 1 файл
Турлаулы муш окыту курсов раб.doc
— 171.50 Кб (Скачать файл) Баяндауыш
сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап
тұратындықтан, баяндауышты
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырған жердің жүзі, - деген өлең жолдарындағы баяндауыш, өлеңді ойша қалыпты сөйлемге айналдырып баяндауышқа сұрақ қою арқылы тапқызылады. Сонымен бастауыш сөйлемде айтылған ойдың иесі болса, баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтап, аяқтап тыңдаушы мен оқушыға түсінікті етіп тұрады. Баяндауышты өтер алдында оқушыларға оның сөйлемдегі қызметі жайында түсінік берілу керек.
Сонан кейін мына таблицаны пайдалана отырып, баяндауыштың өіндік белгілерін, анықтамасын танытқан дұрыс.
мысалдары |
Баяндауыш болатын сөз таптары |
Асқарға Бүркітбай Ботагөз жайлы айтты. Ердің сыншысы – елі. Мектебіміз биік, кең, таза. Біз – төртеуміз. Әбілханның ағасы сонда. Біздің баратын ауылымыз әлі ілгері. |
Етістік.
Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік Үстеу |
Осы таблицадағы
әр сөйлем арқылы
- Баяндауыш сөйлемдегі ойды аяқтайды, тиянақтайды.
- баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді де, не істейді? Не болды? Не етеді? Қайтеді? Кім? не? Деген сұрақтарға жауап болады.
- Баяндауыш атау, жатыс септіктегі етістіктердің және көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулы есім сөздерден және есімдіктерден, атау, жатыс септігіндегі мезгіл, мекен үстеулерден жасалады.
- Баяндауышта дара, күрделі және бірыңғай болып келеді.
- Баяндауыштың негізгі белгісін таяныш етіп, оған мынадай анықтама беру лайық:
Сөйлемдегі ойды тиянақтайтын, аяқтайтын мүшені баяндауш дейміз.
Оқушылар баяндауыштан алған теориялық білімді берік есте сақтау үшін, мынадай дағдыларды бойларына қалыптастыру шарт: кез келген етістікті сөйлемнің баяндауышы етіп айта да, жаза да алу; атау тұлғадағы бастауышпен шатастырмау; олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін білу; бір тұлғадағы сөздердің бірде бастауыш, бірде баяндауыш қызметін атқарып тұрғанын дәлелдей білу; жатыс септіктегі баяндауышты сол тұлғадағы сөйлемнің басқа мүшелерінен ажырату; қандай жағдайда мезгіл, мекен үстеулерінің баяндауыш болатынын айту, баяндауыштың анықтамасын және өзіндк белгілерін өз сөзімен түсіндіру т.б.
Есте болатын
бір нәрсе, оқушылар
Бастауыш сияқты баяндауыш та құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Дара баяндауыш бір ғана сөзден жасалады да, күрделі баяндауыш бірнеше сөзден жасалады. Мұны оқушылар төменгі сыныптан біледі, сондықтан кейбіреулері қандай баяндауыш күрделі болатынын өздері – ақ айтып береді.
Ендігі қиындық – қандай тұлғадағы сөздер мен сөз таптарының күрделі баяндауыш деп аталатынын оқушылардың есте сақтауы. Оны білдіру үшін мына кестені пайдалану керек:
Күрделі баяндауыш |
Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары. |
Машина баяу жүріп келе жатыр. |
Күрделі етістік. |
Ол музыканы, ән – күйді жақсы көретін адам еді. Келе жатқандар үшеу екен. |
Есім сөздер мен көмекші етістіктер. |
Осы – Тереңсайдың тұсы. |
Ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі. |
Біздің сыныптағы үздіктер он үш. Кореяның жер көлемі – 220 мың шаршы километр. |
Күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер. |
Оның көңілінің алалығы жоқ еді. Ол келуге тиіс екен. |
Жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі. |
Біз оқуға бел байладық. |
Тұрақты сөз тіркестері (идиома) |
Оқушылар кестені қарап шығып, сол кестедегі машина бояу жүріп келе жатыр сөйлеміндегі күрделі баяндауыш – жүріп келе жатыр деген күрделі етістіктен; екінші, үшінші сөйлемдерде адам еді, үшеу екен күрделі баяндауыштары есім сөздер мен көмекші етістіктерден; төртінші сөйлемде Тереңсайдың тұсы күрделі баяндауышы ілік септіктегі зат есім мен көмекші есім тіркесінен; бесінші сөйлемдегі он үш күрделі баяндауышы күрделі сан есімнен; алтыншы сөйлемдегі 220 мың шаршы километр баяндауышы есім мен шама, мөлшерді білдіретін сөздер тіркесінен; жетінші, сегізінші сөйлемдердегі жоқ еді, тиіс екен баяндауыштары жоқ, тиіс сөздері мен көмекші етістіктер тіркесінен; соңғы тоғызыншы сөйлемдегі бел байладық баяндауышы тұрақты сөз тіркесінен жасалғанын айтады. Әрине, мұның бәрін айту бір ғана оқушыдан талап етілмейді. Ондай жұмысты бүкіл сынып орындауға тиіс.
Мұнан соң оқушыларға оқулықтағы күрделі баяндауыш жайындағы түсінікті оқытып, онда күрделі баяндауыштың неше түрлі жолмен жасалатыны жайында айтылғанын сұрайды.
Ең соңында мұғалім таблица мен оқулықта берілген күрделі баяндауыштың жасалу жолдарын топтап, ықшамдап айтады, оқушылардың жауабын толықтырады:
Оқулықтағы
бір жаттығуды ауызша, екінші
бір жаттығуды жазбаша
Осындай жұмыстар
арқылы күрделі баяндауышты
Бұл сияқты
жұмымтарды орындату арқылы
Сөйлемдегі
сөздердің байланысын оқығанда
оқушылар бастауыш пен
Мына тәрізді
жұмыстарды орындату арқылы
- Екі оқушыға әнші, ұшқыш сөздерін жекеше, көпше жіктету. Жіктік жалғаулы сөздердің астын сыздыру. Бастауыш пен баяндауыштың қалай байланысқанын айтқызу.
- Өзіміз келеміз, Бәріміз келеміз, Үшеуіміз келеміз сөйлемдерін дәптерлеріне жазғызып, бастауыш пен баяндауыштың өзара қалай байланысқанын айтқызу.
- Еңбек ширатады, өмір үйретеді. Мен, Саят, Сапар үшеуіміз құрдас едік, дос едік. Сен Ғазиз екеуің сыйлас едіңдер, сырлас едіңдер деген сөйлемдерді тақтаға жазғызып, баяндауыштың қай сөзбен байланысып тұрғанын дәлелдету.
Осы жұмыстарды орындатқаннан кейін мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік туады.
Бастауыш пен
баяндауыш қиыса байланысады.
Бастауыш пен баяндауыш
- Баяндауыш бастауышпен жақпен, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қиысады.
- Етістік пен есімнен болған баяндауыштар жіктік, өздік, жалпылау есімдіктері мен жинақтау сан есімнен болған бастауыштармен 3 жақта, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде байланысады.
- Есім сөзден болған бастауыш пен баяндауыш тек үш жақта ғана қиысады.
- Сөйлемде әр жақтағы бірыңғай бастауыш және жалпылауыш сөз болса, баяндауыш жалпылауыш сөзбен қиысады.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны өту үшін, бастауыш пен баяндауыштың байланысын пысықтау қажет. Ол үшін мына тәрізді жұмыстарды орындатқан жөн:
- Оқушыларға баяндауышын есім сөз етіп, мысалы, дәрігер, кәсіпкер сөздерін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктету керек.
- Баяндауыштарын етсітік етіп, ІІІ жақта тұрған бастауыштармен қиыса байланыстыру. Мысалы, Мен, Сәуле, Зеріп – үшеуіміз айырылмастай дос едік. Сен, Сырым екеуің, жас едіңдер. Өмір шынықытырады.
Осы жұмыстарды
орындатқаннан кейін, қиыса
Тілімізде
бірсыпыра бастауыштар
Мысалдар |
Сызықшаның қойылу себебі. | |
бастауыш |
Баяндауыш | |
Менің досымның бойындағы жақсы қасиет – еңбекқорлық. |
Зат есім |
Зат есім. |
Жақсы – ісімен жақсы. |
Сын есім |
Сын есім. |
Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын. |
Есімдік |
Зат есім. |
Екі бесіміз – он. |
Сан есім |
Сан есім. |
Елдің шетін күзету – ең ардақты құқың. |
Тұйық етсітік |
Зат есім. |
Ән шырқаған – сол. |
Есімше |
Есімдік. |
Көрдім деген – көп сөз. |
Есімше |
Зат есім. |
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ. |
Көмекші есім |
Зат есім. |
Кестедегі
бірінші сөйлем «Менің