Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен, қазіргі таңдағы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға деген қажеттіліктің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауына байланысты зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды.
Курстық жұмысымның мақсаты: Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................
1 ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тұлға белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Оқушының белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
2 ТАРАУ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемесі
2.2 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой танымдык.doc

— 201.00 Кб (Скачать файл)

Денелік жағынан:

-оқуға деген жақсы, визуалды ұмтылысы болады;

-көптеген жағдайда балалар саусақтарын құрал ретінде қолданады;

-олар олақ асығыс сияқты көрінеді,  бірақ та  асығыстық 6 жастағыларға тән ең негізгі ерекшелік;

       -сыныпта өте шулы, отырғыштардан жиі құлайды;

-оң мен солын айырып үйренеді;

-шайнау белсенділігінің жоғарылауы;

-қарындашты, , шашын, тырнақтарын тістелейді;

-тез шаршайды, жиі аурады;

-таза ауада, спорт залында болғанды ұнатады.

Әлеуметтік тұрғыдан:

-бірінші болғанды ұнатады;

-жарысқанды ұнатады, интузиазмге толы келеді;

-кейде жеңіліп қалса әдепсіз көрінеді немесе әділетсіз ережелерді ойлап табады;

-қандай да бір нәрселерді жасауға тырысады, шектеулерді тексереді;

-мақтауды жақсы көреді;

-жолы болмағанға қиналады;

-қанағат алуға деген үлкен қабілеттілік байқалады, сыйлықтарды жақсы көреді.

Моторлық қабілеті:

-бұйрық бергенді, мазақтағанды, сынағанды жақсы көреді;

-оны біреу ренжіткенде ол тез ашуланады;

-дос ол үшін үлкен маңызға ие(ол жақсы дос болу мүмкін);

-ол үшін мектеп өте маңызды қоршаған орта болады.

Тілдік даму  жағы:

-жұмыс жасағанды жақсы көреді;

түсіндіргенді жақсы көреді.

ол үшін айту мен көрсету пайдалы келеді;

жұмбақтан тұратын әзілдерді жақсы көреді;

жиі арызданып, шағымданады:

Танымдық  дамуы:

  • сұрақ қойғанды жақсы көреді;
  • жаңа ойындар мен идеяларды жақсы көреді;
  • бояғанды, сурет салғанды қалайды;
  • бәрін де дауыстап оқығанды жақсы көреді;
  • нәтижесіне қарағанда өту үрдісін ұнатады;
  • орындау қабілетіне қарамастан, көбірек жасауға тырысады;
  • драмалық рөлдерді орындауға икемді келеді;
  • сипат белгілері ерекше маңызды келеді;
  • арнаулы және қызметтік байланыстарды жақсы түсінеді;
  • қазіргімен тығыз байланысты болған жағдайды және өткен туралы бастапқы білімі бар;
  • қызық келген дағдылар мен тәсілдерге қызығушылық таныта бастайды және өзінде қызығушылық көріне түседі.

Көру және нәзік келген моторлық қабілеті:

Балалар тақтадан көп көшірмеу керек. Егер балалардан өтінсе, олар бұл тапсырманы оңай шешеді, бірақ  кейде бұл тапсырмалар олар үшін қиын болуы мүмкін. Балаларға сөз арасындағы артықшылықтан, олар үшін жолдан шықпай жазудың өзі  қиынға соғады. Бала көзі бақылай алу мен оқуды тез үйренуге мүмкіндік береді.

Моторлық қабілеті:

Іскерлік шуға және белсенділікке тыйым салуға болмайды. Балалар көбінесе тұрып жұмыс жасайды. Мұғалімдер жай жұмыс аясын кеңейту керек және  жұмыс сапасын арттыру мақсатында жммыс көлемін шектеу керек.

Танымдық дамуы:

Ойынның барлық түрлері белгілі, әрі пайдалы келеді. Ойын, өлең, жұмбақтар мен эндер балға қанағат береді және оқуды жақсартады. Ойын арқылы оқыту, кітап пен жаттығу арқылы оқытуға қарағанда беріктеу модель болып табылады. Шығармашылық белсенділіктің көрінуі байқалады.Бала ең алдымен бояуды қолдана бастайды, ол бояйды, билейді, кітапты жаттайды және ән салағанды ұнатады. Бала өзінің іс-әрекетінің дұрыс болғанын және шығармашылық заттарды қолданарда дұрыс немесе дұрыс емес не түрі жоқ екенін сезінуі тиіс. Қазіргі уақытта аздаған тәуелді шығармашылық жағдайларға және болашақ дағдыға қабілетті келеді. Өнімнің орындалу санының жоғары деңгейі, бірақ та оның орындалу сапасының төмендігі байқалады. Балалар сыртқы түріне ешқандай көңіл аудармай алынған сапаға қуанады.Балалардың қандай да бір істі (көбінесе өздері үшін) орындағандағы қуанышына көңіл аудару керек. Олар жекелей және топтық жауапкершілік экспериметке дайын.Қоғамдық сабақтар шындықпен сай келуі тиіс.Балалар өткен жағдайды(тарихты) шындықпен тығыз байланысты болған жағдайда дұрыс түсіне алады.

 

Кесте-1 Балалардың белсенділігін дамытушы орта арқылы қалыптастырудың  өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері

 

Өлшем-дер

Көрсеткіштер

Деңгейлер

Жоғары

Орта

Төмен

Мотивациялық

Балалардың белсенділігі заттардың сыртқы қасиеттеріне деген қызығушылық деңгейі сол затқа ғана байланысты.

Танымдық сұрақтарды өзбетімен қояды және  іс-әрекетке ұзақ түрде қызығушылық танытады, жаңаны білуге деген ұмтылысы тұрақты келеді.

Танымдық сұрақтарды ересектердің ынталандыруымен қояды,  іс-әрекетке деген қызығушылық танытуы байқалады, жаңаны білуге деген ұмтылысы тұрақсыз келеді.

Танымдық сұрақтарды қоймайды, іс-әрекетке қызығушылығы әлсіз, белсенділігі жоқ, жаңаны білуге

деген ұмтылыс танытпайды.

Эмоционалдық - еріктік

Балалардың белсенділігі эмоцияларына байланысты болады, еріктік сферасы үлкендердің көмегімен анықталады.

Іс-әрекетті өзбетімен орындауға ұмтылады, өзбетімен ұзақ және орнықты түрде іс-әрекетпен айналыса алады.

Іс-әрекетті ересектердің көмегімен орындайды, өзбетімен ұзақ

және орнықты

іс-әрекетпен ересектердің көмегімен

ғана айналысады.

іс-әрекетті орындауға ұмтылмайды, ұзақ және орнықты іс-әрекетпен айналыспайды.

Іс әрекеттік

Күткен нәтижеге жетуі өз іс-әрекетін ұйымдастыруда көрінеді Балалар белгілі бір заттармен танысуға талпынып қана іс-әрекет жасайды.

Қиындықтарды өздігінен жеңе алады және бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алады, білімді меңгеруде жоғары белсенділік көрсетеді.

қиындықтарды жеңуде және бастаған ісін аяғына дейін тек ересектердің көмегімен ғана жеткізе алады, білімді меңгеруде ішінара ғана белсенділік көрсетеді.

қиындықтар кездескен жағдайда бастаған ісін аяғына дейін  жеткізе алмайды, білімді меңгеруде белсенділік көрсетпейді, іс-әрекетке интеллектуалдық сезім, жағымды қатынас көрсетпейді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың белсенділігін қалыптастыруды екі тәсілмен оздыруға болады:

1. дамытушы орталықтарда ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеттерін өткізу арқылы  балалардың іс-әрекетін байқау, балалармен  біріккен қарым- қатынас орнату  педагог- тәрбиеші  жұмысында үйлесім  табады.

2. балалар белсенділігін қалыптастыруға  бағытталған ойындар, жаттығулар тапсырмалар пайдаланылады.

Біздің эксперименттік жұмысымызда осы екі тәсіл қарастырылды. Балалар белсенділігін қалыптастырудың өзі бірнеше сатыға бөлініп жүргізілді.

  1. іс-әрекетте ынталылық таныту, белсенді іздену;
  2. қабылдау және есте сақтау;
  3. үйренгенін, көргенін, естігенін баяндай алу;
  4. игерілген білім- біліктілік, дағдыны пайдалану;
  5. ортаға бейімделуге мүмкіндік алу;
  6. іс-әрекетте қабілеттілігін пайдалану.

 

 

 

Кесте  12 –  «Ғылым» орталығында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

 

Дамытушы орталық

Ғылым

Сыныбы

Мектепалды даярлық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Экология

Тақырыбы:

«Құстар келді ән салып»

Мақсат міндеттері

Балаларға көктемде келетін құстар туралы түсінік беру, құстарды күтуге, қамқорлық жасай білуге үйрету. Сөздік қорларын кеңейту. Ойлау белсенділіктерін дамыту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білуге жаттықтыру. Экологиялық және адамгершілік сезімге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау, көркем сөз, ынталандыру

Көрнекіліктер

Суреттер, суретшелер, атрибуттар

Мотивациялық қозғаушы:

Педагогтің іс-әрекеті:

Баланың іс-әрекеті:

Нұрға толы бар аймақ,

Күн шыққанда арайлап.

Ұйқымыздан тұрғанда,

Күлімдейді жан анам.

«Қайырлы таң ботам» -деп,

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Хормен: әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.

Ізденуші – ұйымдастырушы:

Құстардың дауысы жазылған фонаграмма қойылады.

  • Қандай құстардың дауысы екендігін тауып айту керек.
  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Ойын: «Бұл қай құс?»

Ойынның шарты: құстың суретін көрсетіп қандай құс екендігін айту, тіршілік ететін ортасын анықтау.

- Балалар мен сендерге  жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдап  шешуін табыңдар:

Кеудесі қайқаңдаған,

Жүреді байпаңдап.

Қызыл, бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ауық-ауық айқай салып,

Өңешегін кергенінше айқайы бар.

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды не?

 

Схемалы суреттермен жұмыс: «Дала құстары мен үй құстарының қандай пайдасы бар?»

1.Бұл не?

2.Түсі қандай?

3.Не істейді?

 

Сергіту сәті:

1,2,3-қарлығаш боп ұш,

4,5,6-қарлығаш боп қалқы.

7,8,9,10-қарлығаш боп өз  орныңа қон.

Балалар көздерін жұмыс, үнтаспадан құстардың дауысын тыңдайды.

Көктем мезгілі.

  • Көктемде күн жылынып қар ериді.
  • Айналаның барлығы өзгеріске түсіп табиғат көркейеді.
  • Көктемде ағаштардан бүршік шығады.
  • Көктемде жыл құстары ұшып келеді.

 

Үй құстары: Тауық, әтеш, үйрек т.б.

Дала құстары: Қараторғай, тырна, қарлығаш т.б.

Су құстары: Шағала, аққу, үйрек т.б.

Қаз

 

 

 

 

 

Әтеш

 

 

Қарға

 

 

Қарлығаш-адамның досы,

Қарлығаш-еңбекқор құс.

 

Қарлығаш

Қара-ала

Ұшады.

 

 

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивті – коррекциялаушы:

 

 

Балалар құстар туралы қандай ертегілерді білесіңдер.

Енді осы құстар туралы білетін ертегінің мазмұнын айтып беріңдерші.

Толғаныс: «құстарға қамқорлық жасау керек» деген тақырыпта шағын әңгіме жүргізу.

Қарлығаш пен дәуіт,

Қарға мен түлкі.

 

Балалар ертегіні әңгімелейді.

 

Құстарға ұя жасап қарсы алып, оларға жем беру керек.

Құстар табиғаттағы зиянды құрт, құмырсқаларды, шыбын, масаларды құртады.

 

-Құстардың табиғатқа қандай  пайдасы бар?

-Бүгін не үйрендік?

 

Баланың білуі:

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін, көктемде келетін құстар туралы түсінікті біледі.

Баланың меңгеруі:

Құстарды күтуге, қамқорлық жасай білуді меңгереді.

Баланың жасай

 алуы:

Сөздік қорлары кеңейеді, ойлау белсенділіктері артады,


 

 

 

 

 

 

Дамытушы орталық

Өнер

Сыныбы

Мектепалды даярлық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Мүсіндеу

Тақырыбы:

«Қарлығашқа ұя жасау»

Мақсат міндеттері

Ойын тәсілдерімен таныстыру

 

Құстардың өмір сүру ортасы, құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Сөздік қорарын молайту. Қол  саусақтарының ептіліктерін дамыту.

Әдіс – тәсілдері

Көрсету, түсіндіру, мүсіндеуге көркем сөз, ынталандыру

Көрнекіліктер

Суретті үлгі, мүсіндеуге саз балшық, тақтайша, шүберек.

Мотивациялық қозғаушы:

Ата-ананың іс-әрекеті:

Баланың іс-әрекеті:

- Балалар сендерді аналарың құстардың  атына байлансты қалай еркелетеді?

-Менің анам аққуым дейді.

-Менің анам қарлығашым  дейді.

-Менің анам балапаным  дейді.

- Менің анам көгершінім  дейді.

Ізденуші – ұйымдастырушы:

Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?

Жыл құстарын атап беріңдер!

 

 

Көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді. Мұндай құбылысты көшіп-қону миграция деп атайды.

Құстар суреттерін атап, мекен ететін ортасына тақтаға орналастырады және құс туралы мәлімет айтып береді.

 

 

 

 

Құстар туралы кім тақпақ біледі?

Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан томаға,

Секең-секең ауысқан.

 

Сергіту сәті:

Құста екі қанат бар,

Құс іздесең сайға бар.

Құста екі қанат бар,

Ұстаймын, ұстаймын.

 

Құстарға ұя жасап берелік:

Тәрбиеші саз балшықтан ұя жасау тәсілін түсіндіреді.

 

Қарға, көгершін, торғай,  сауысқан.

-Ұзақ, қараторғай, қарлығаш, тырна, шағала, көкек, аққу, құтан, ләйлік

 

Ең алғаш ұшып келетін құс ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады. Қарлығаш кімнің үйіне ұя салса сол үйге бақыт келеді деп, көне көз қариялар киелі құс деп санайды. Олар ұсақ шыбындармен масалармен қоректенеді, үнемі ауада ұшып жүреді.

 

 

Балалар қайталап айтады, білетін тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

Балалар бірге орындайды

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әркім өз алдында саз балшықтан сопақша жасайды ең соңында құрастырады.

Рефлексивті – коррекциялаушы:

-Құстардың табиғатқа қандай  пайдасы бар?

- Көрдіңдер ме, балалар  жер шарын қаншама құстар мекендейді, бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен  жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды.

Құстар табиғаттағы зиянды құрт-құмырсқаларды жояды.

Баланың білуі:

Құстар туралы, олардың өмір сүру ортасын ажырата білу керек.

Баланың меңгеруі:

Құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөнінде түсінеді.

Баланың жасай алуы:

Қарлығашқа сазбалшықтан мүсіндеп ұя жасайды


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Ж.Аймауытов: «Бала білімді жасынан тамызықтап жинайды», - демекші, сол жинайтын білімде тек танымдық белсенділік болсын деп тілейміз. Белгілі ғалым М.Жұмабаевтың пікірін негізге алсақ: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық етіп шығару керек», - деген тілегіне қосылып, заман талабына лайық ұрпаққа білім бере отырып, олардың танымдық белсенділігін дамытуды естен шығармауымыз керек. Егер мақсатымыз білімді ұрпақты қалыптастыру болса, онда бұл жұмыс жолындағы қолымыздан келер барлық тиімді әдіс – тәсілдерді аямауымыз керектігі айдан анық.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне сүйене отырып, бүгінгі жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын дамытып, олардың танымдық белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын қалыптастырмай оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігі болмайды.


Информация о работе Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту