Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен, қазіргі таңдағы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға деген қажеттіліктің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауына байланысты зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды.
Курстық жұмысымның мақсаты: Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................
1 ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тұлға белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Оқушының белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
2 ТАРАУ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемесі
2.2 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой танымдык.doc

— 201.00 Кб (Скачать файл)

Ғалым А.Ғ.Қазмағамбетовтің пікірінше, ізденімпаздық жеке тұлғаның белсенділігінің маңызды көрсеткіші, ал белсенділік – жеке тұлға іс-әрекеттерінің көрсеткіші деп анықтайды.

Сонымен білім берудің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық іс-әрекетке қатысты, әсіресе, белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде жалпы төрт бағытты бөліп көрсетуге болады. Олар әлеуметтік-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік, психологиялық-дидактикалық, жаңашыл педагогикалық бағыттар.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдері, ежелгі грек ғұламалары (Сократ, Платон,  Аристотель), баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін-өзі тәрбиелеуде де маңызды екендігін, жан-жақты жетілудің әрі объекті, әрі субъекті екендігі жан-жақты негізделген. Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып, балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі  артады деген пікірде болды. Ал қазақ философы Шәкәрім Құдайбердіұлы тек логикалық ойлау жүйесі арқылы дүниені тану мүмкін емес екендігін көрегендікпен айтты. Тән мен жанның үйлесімділігін, жанның саналық толысуын түсініп, өмірді танып білу арқылы ақиқатқа жетуге болатындығына тоқталды.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдау негізінде мынадай қорытындылар жасадық:

а) танымдық іс-әрекет, белсенділікті дамытудағы басты идея: ойлау қабілеті дербес іс-әрекет нәтижесінде, ал дербес іс-әрекет білім алушының белсенділігі нәтижесінде ғана дамиды. Оның жүзеге асырылуы өзіндік таным нәтижесіне байланысты;

ә) таным іс-әрекетінің мәнін ашуда оның эвристикалық әңгімелесу арқылы ақиқатты тану, еске түсіру (Сократ), ақиқатқа апаратын жол (Платон); тән мен жанның үйлесімділігі (Шәкәрім) түсініктерін анықтадық;

б) әлеуметтік-педагогикалық бағыт белсенділікті түсіндіруде баланың өзіндік даму теориясына сүйенеді.

Дидактикалық-әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады.Оның «Ұлы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, балалардың өз  бетінше істейтін белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен білім алушының іс-әрекетін талдау мәселелерін қарастырды. Бұл бағыт бірнеше ғасырлар бойы өз жалғасын тауып, одан  әрі  дамытылды.

Дидактикалық-әдістемелік бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдай  отырып,  мынадай тұжырымдар жасалды:

а) бұл бағыттың өкілдері оқытуды білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға бағытталған педагогтың іс-әрекеті ретінде белгілейді;

ә) бұл бағыт теорияларында танымдық белсенділікке қатысты мынадай ұғымдар берілген: таным бастамасы – сезімнен, бақылау арқылы – шәкірттің ойын дамыту, өз бетінше белсенді іс-әрекет ету-шынайы білім мен дұрыс түсіну кілті (Коменский); баланың өзіндік жұмысы – белсенділікті дамытудың қажетті шарты (Локк); өз бетінше іс-әрекет ету - бұл белсенді оқыту ұстанымы (Руссо); оқыту әдістері – бұл баланың өз бетінше және өзіндік іс-әрекеті; тәрбиенің шешуші рөлі – баланың өз бетінше іс-әрекет етуін және өзін дамытуға ұмтылдыру (Песталоции); өз бетінше іс-әрекет - өздігінен білім алуға жетелейтін таным еркіндігі  (Дистерверг).

Психологиялық дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады. Білім алушының өзіндік іс-әрекеті тек оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде емес, сондай-ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады. К.Д.Ушинский танымдық іс-әрекет мәселесіне мән беріп, «Өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді. Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім менбілім алушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді. К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет шәкірттердің өз бетімен іс-әрекетіне философиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдау жасады. Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-іс-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады. К.Д.Ушинскийдің осы пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал баланың білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.

Психологиялық-дидактикалық бағыттың ерекшелігі:

а) бұл бағытта мынадай пікірлер бар: өз бетінше іс-әрекет ету – бұл «мұғалімнің көмегінсіз» танып білуге ұмтылу (К.Д.Ушинский); өз бетінше белсенді іс-әрекет ету - бұл білім алушының жаңа білімді игеруге қажетті ішкі үрдісі (П.Ф.Каптерев); оқыту әдістері оқушының ізденіс деңгейі арқылы бағаланады (Ы.Алтынсарин); бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек (А.Байтұрсынов); өз бетінше белсенді іс-әрекет етуде заттар мен құбылыстардың, ойлардың сындары мен себептерін білу (М.Жұмабаев);

б) психологиялық-педагогикалық бағыт өкілдері тұжырымдарында оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен белсенділігі қалыптастыру мен дамыту процесін толық анықтау жолын көрсете алмады.

Жаңашыл-педагогикалық бағыт бұл қоғамдағы білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.

Оқытудың жаңа технологиясы, озат зерттеушілер мен жаңашыл педагогтар идеясы білім беру қызметіне жаңаша сипат әкелді.

Аталған бағыттар белсенділікті қалыптастыруда ерекше орын алады. Біз өз зерттеуімізде әлеуметтік-педагогикалық бағытты негізге ала отырып, мектепке дейінгі ортада оның маңыздылығын атап көрсетеміз.

Салалық түсіндірме сөздігінде белсенділік – 1) психологиялық, философиялық қағида деп көрсетілген. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. 2) күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кезедесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету  барысында батылдық көрсетіп, қиындықты жеңіп шыға алады.

Философиялық сөздікте белсенділік мәні әлемдегі барлық объектілердің және процестердің қажетті жақтарын көрсететін категория ретінде сипатталған. Мән - терең байланыстардың бірігуі немесе қарым-қатынас және ішкі заттардың бірігуі, материалдық жүйенің негізгі ерекшеліктері мен тенденциясын анықтаушы болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда белсенділіктің ақыл-ой белсенділігі, интеллектуалды белсенділік және танымдық белсенділік түрлеріне бөліп қарастыруға болады. 

Ақыл-ой белсенділігі қарапайым іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап келген іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі жағдайларда ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы зерттеу іс-әрекетіне бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде, интеллектуалды ынталылық түрінде (Д.Б.Богоявленская) көрінетін тұлғалық белсенділік ретінде көрінуі мүмкін.

Ал Н.С.Лейтестің пікірінше, ақыл-ой белсенділігі әрбір кез-келген дені сау балаға тән, бірақ ол әртүрлі деңгейде болады. Н.С.Лейтес өзінің бақылау нәтижелері бойынша «балалық шақтың әр кезеңі – белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді.

Интеллектуалдық белсенділік өзіндік шарттарға сай ой іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бұл терминнің кең өріс алуы, әрі жиі қолданылуы  Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. Оның пікірі бойынша, тұлғалық белсенділік интеллектуалды белсенділіктен (алдымен мотивациялық) көрінетін жүйенің біріккен қасиеті болып табылады.

Түрлі педагогикалық-психологиялық негіздерде субьектінің танымдық іс-әрекеті сипатымен байланысты анықталатын ақыл-ой белсенділігінің мынадай деңгейлері анықталды:

  • репродуктивті - ақыл-ой белсенділігінің төменгі шегі; деңгей ақыл-ой талабының болмауымен, оның енжарлығы және селқостығымен сипатталады. Мұнда оқушылар танымдық тапсырмаларды тек қана үлгі бойынша орындайды.
  • эвристикалық; деңгей жаңа шешімдер әдісін іздеуге дайындығымен, берілген іс-әрекетті жетілдіруге ұмтылуымен сипатталады.
  • креативтілік – ақыл-ой белсенділігінің жоғарғы шегі; деңгей себепті байланыстар мен тәуелділікті анықтауға ұмтылатын мақсат қоюдағы талап қоя білумен сипатталады.

Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендендіру мәселесіне байланысты әрбір еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі және оның құрамды белгілері бөлшектеніп, мазмұны мен көлемі анықталады. Таным белсенділігі  мәселесі педагогикалық зерттеудің терең негізі екенін атап өту керек. Бұл зерттеулерге маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Бұл мәселе қазіргі дидактикада және білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналады. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерделеу барысында танымдық белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар екендігін анықтадық:

  • адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф.Добрынин);
  • таным субьектісінің, ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубинштейн);
  • адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев);
  • білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс; (Н.А.Половникова);
  • субьектінің қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу іс-әрекетінің көрінуі (Л.П.Аристова);
  • білім алушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина).
  • таным мақсатына жетудегі адамгершілік-еріктік іс-әрекеттерді жиюға ұмтылуы, білім беру сипатына және мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, іс-әрекет сапасы (Т.И.Шамова).

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Шындықтың мәнді жақтарын бейнелеуге бағытталған танымдық белсенділік адамзатпен табылған танымның мөлшерін ашып, ғылыми ақиқатқа ену мүмкіндігімен тұжырымдалады. Танымдық іс-әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық іс-әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық таным процестерін өз даму деңгейінен белсендендіруде танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру іс-әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.

Тұлға құндылылығының негізі ретіндегі танымдық белсенділік бір-бірімен байланысты процестерден тұрады:

- интеллектуалдық процестер; олар тек логикалық іс-әрекеттер мен операцияларды (талдау, біріктіру, жалпылау, салыстыру, индуктивті және дедуктивті процестердің бірлігі) жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар ойлау, ой қорытындылау, пікірлесу қызметтерін атқаруы;

- эмоционалдық процестер; психикалық бейнелеудің маңызды формасы ретінде көптеген сенсорлы процестер мен эмоционалды көңіл-күйді (жетістікке жету, таным қуанышы, табысқа жеткен кездегі өзіне көңіл толушылық, өз іс-әрекетіне қанағаттанушылық) басып озады;

- реттеуші процестер; мақсатқа бағытталушылық, ерік-жігер, шешім қабылдау, батылдық және т.б.;

- шығармашылық процестер; қиялды, фантазияны, жаңа бейнелер мен модельдерді қайта жасауды жүзеге асыруды өзектендіреді.

Танымдық белсенділікке енетін процестер түрлі аспектілі ой, ерік, зейін, эмоция, қиял сияқты іс-әрекет пен сана күйін бейнелейтін барлық процестерде белсенді келеді. Ой – ерік, ой - іс-әрекет, ой – қайғы, осының барлығы бір-бірімен байланысты процестер танымдық белсенділік ретінде тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекет субъектісі адамға ғана тән болып табылады.

Танымдық белсенділіктің сыртқы және ішкі жақтары бар. Сыртқы жағына оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелілігі жатады. Ал ішкі жағына қажетті мотивациялық сфера, ақыл-ой, денелік және адамгершілік, еріктік сфералар жатады. Осы процестер субъектінің оқу мақсатына жетуге бағытталған танымдық мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуынан көрінеді. Танымдық белсенділік шынайы жетістікке жету және іс-әрекетке дайындық болуы мүмкін, осылардың негізінде алға қойылған мақсат орындалады. Мұнда объектілерді, амалдар мен тәсілдерді және формаларды таңдау жүзеге асырылады.

Танымдық белсенділік ізденушілік сипатқа ие. Танымдық іс-әрекеттің түрі мен формасын сипаттап, оның мынадай мүмкіндіктерін атап өтуге болады:

  • білім, іскерлік, дағды және біліктілікпен қаруландыру;
  • дүниетанымдық, адамгершілік, және эстетикалық сапаларды тәрбиелеуге қатысу;
  • танымдық күшті, тұлғалық қалыптасу жағынан балаларда өзбеттілікті дамыту;
  • балалардың ішкі мүмкіндіктерімен санаса білу;
  • ізденушілік пен шығармашылық іс-әрекетке ұмтылдыру.

Қорыта келе, белсенділік-жалпы белсенділік құбылысының маңызды саласы, оның негізі адамның ең маңызды қасиеті болып табылады. Мұнда қоршаған әлемді тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтік мақсатта тану ғана емес, сонымен қатар әлемге деген  ең мәнді қарым- қатынасымен, яғни оның алуан түрлілігіне енуге ұмтылуымен, санада мәнді жақтарын бейнелеуімен, себеп салдарлы байланыстар, заңдылықтар және қайшылықтарымен түсіндіріледі деп тұжырымдаймыз.

Іс-әрекет тұрғысын негізге ала отырып, белсенділікті баланың қоршаған ортаға іс-әрекеттік қатынасы, субьектілік тәжірибе негізінде өзгерістерді жасауға қабілеті, адамның белсенді өмірлік позициясы деп анықтама береміз.

 

1.2 Оқушының белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

 

 

 

1994жылы жазылған Wооd Критериялар кітабында 6 жастағы балалар дамуына төмендегідей сипаттама берілген:

Информация о работе Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту