Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.

Содержание

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.
Кіріспе:
І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері.
ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызы.
2.2. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің тиімді жолдары.
2.3. Сабақ жоспары.
Қорытынды. Қосымша.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Дүниетану-сабағында-бастауыш-сынып-оқушыларының-танымдық-белсенділігін-дамыту-мен-жетілдіру-.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.

Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі 5-6 жас балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейд і. Балалап өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені магнит ұстап тұр? Жапырақтың неге жасыл? Жаңбыр қайдан болады? – деген сияқты сұрақтарды үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше  сұрақтар балалардың ақыл ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да өзара таласуды, пікір айтуды түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың  «Неге?», «Не үшін?», «Қалай?» деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде оларды жауаптарына өзінше қанағаттанбай шүбәланады. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.

Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным  белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығымен шеберлігіне байланысты. Демек,  мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашу қажет.

Танымдық белсенділік – оқушының оқуға білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен еркшеленеді, сонымен қатар оларда білуге құмарлық, әуестікке байқалады деп айтуымызға болады. олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен  қабылдайды.

Қызығу – шындықтағы заттарымен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның бір шама тұрақты жеке рекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамдарды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.

Олардың зейініде еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен  зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мативтерімен бірге дамиды (оқу іс әрекеттерін табысты болуына деген жауапкершілік).

Бұл жастағы балалар өте сезімтал оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға өте берілгіш келеді. Балалардың қиялы мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп- оңай тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.

Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстарын заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіңе түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады.

Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ойы еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс - әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс - әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастаға оқушыны мектепке қатысқы жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар ( Мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын ( мектеп, сынып), іс - әрекеттің жаңа түрі оқу және т. б.

Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік сипаты мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдақ қызығудың қалыптасу және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс - әрекетке және жеке өмір тәжірибесінде байланысты болады. Сондықтанда баладағы танымдық қызығудың даму деңгейдің тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмүны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін,

Балалар жасына байланысты осы мәселені зерттеу бір қатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н Рыбникова, Л Гордон, М. Беляева, И. Цветкова, Л. Маневцова, Н. Постникова, К. Романова, Р. Римбург, П. Сирбиладзе ( Мектеп жасына дейінгі кезең ), И. Шевченко ( Жеткіншек жас ) В. Ильина, В. Иванова, Н, Костина, Л. Рожина.   (ересек мектеп жасы ). 60 – жылдардың барысында бастауыш мектеп оқушылары байынша А, Абдулаева, М. Морозова, Чо Чюн Силь, Ф. Гусейнова. ( бастауыш сынып оқушылары қызығуының жүйесін зерттеу ), А. Дусавицкий (оқушылардың танымдық қызығулары дамуына оқыту құралдарының әсері ), Л. Склярский ( үлгерімі нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері ), М. Щеломенцова ( бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың дануында ғлыми көркем кітаптардың рөлі ) еңбектері шықты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелер В. Дорохова, Р. Жданова, Е. Киричук, О. Саулина, Л. Трегубованың жұмыстарында да қарастырылған.

Қызығуына өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында – ақ оны ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады. Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды және оларды қайта – қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялдық тартымдылығына сәйкес уақытша және оны қызығудың алды деп те есептеуге бролады.

 Білуге  құмарлық – бала табиғатына  тән қасиет, ол баланың көргендерін  тануына, оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мүндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге білуге, ұстануға деген қызығунан байқалады. Балалардың өте ерте балалық шағында “қайда?”, “неге?”, “бұл не?”, “неліктен” және т.б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуы мен байланыстаруға болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты көсетеді. Мұны танымдық қызығудыңбастауы десек болады.

Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайдығ ол әлеметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу – тәрбие жұмыстарын ұйындастыруда әр тұрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескерту қажет.

Адамның бар қасиеті: мінез – құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.

Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайын негізгі үлгіні ата – анасынан, мұғалімнен алады. Баланың таныпбілсем деген ниетін қалыпты дәрежеге сақтап, танымдық белсенділігін одан әр күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білу керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер.

Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар туралы ғана емес, әрә айналасындағы әлуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар, түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына жауап кұтеді. Осыдан келеп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі тауды.

Балалардың қоғамда алатын орны, үлкендермен қарым – қатынас, әлуметтік өмірге араласуы, олардың өзіне ғана тән ішкі әлемі, қызығуы, қабылдау, ойлау, қиялы, тағы басқада көптеген мәселелер ғылымның сан – саласын тығыстыратын күрделі әлем.

Балада мектеп жасына дейінгі жастың соңына қарай үлкендердің әсерімен мектептегі оқуға деген қызығу қалыптаса бастайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп жасында балалардың алғаш мектепке келген күнінен бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшіліктері қандай болатынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгірімін арттырудың маңызы зор. Бала оқуға, сабақты үлгіруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс- әрекеті жақсы болады, білімді де сапалы бітіреді. Баланың оқу пәніне, тәрбие жұмысына қызығуы болмаса, онда “оқудың да, тәрбиенің де” нәтижесі дұрыс болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор.

Баланың қызығуын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалімдер ұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта береді. Сәтімен меңгерілген білім қуаныш туғызады. Пәнге қызыққан сайын білімді сәтті меңгерген бала алдымен оқудың мазмұнына, оқытудың әдісіне қызыға бастайды. Бала әуелі жеке пәнге, кейін бірнеше пәнге қызығады. Бара-бара бір уақытта бірнеше пәнге, сонан соң барлық пәнге қатарынан тұрақты қызығады. Сөйте-сөйте оқудың барлық саласына қызығу дамып өріс алады. Тұрақты қызығу ересек және жасөспірім кезінде орнығады.

Мақсатсыз жұмыс – ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да оқушылардың оқуға қызығуы туындауы үшін олардың не істеп жатқанын және қандай нәтиже алатынын білуі, сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болуы аса қажет. Оқушыларға өздерінің бос уақытын мақсатты қолданып, өз қызығуын қанағаттандыру үшін іс- әрекеттің әр түрімен шұғылдануы қажет. Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс- әрекет, танымдық мүмкіндіктер қызығудың дамуына негіз болады.

Адамның кез келген әрекеті белгілі себептен туып, нақты мақсатқа жетуге бағытталған. Оқушы іс- әрекетінің негізгі түрі: оқудың да өзіне тән мотивтері болады. Егер балалардың іс- әрекетінде мотив болмаса, ол белгісіз үрдіске айналуы мүмкін. Мұғалімге және оқушыға тиісті мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Демек, қажеттілік пен қызығу осы түрткіге негіз болады. Балалар білімнің қажеттілігін сезінуі қажет, ал қажеттілік олардың оқуға деген қызығуын арттырады. Оқуға байланысты негізгі түрткінің бірі – қызығу. Бұл адамды еліктіріп әкететін ынтызарлық. Оқудың жемісті болуы оған деген қызығудың нәтижесі. Оқушы оқуға өзі қызықпаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Ескертетін бір жайт, балаға барлығы оңай болатын оқу ешбір қызықты болмайды, таным мен қуаныш әкелмейді.

Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс- әрекет барысында қызығу өз-өзінен дамиды және баланың ақыл-ойы дамуына әсер етеді.

Қызығудың тағы бір ерекшілігі, оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің жақсы нәтижесі ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сипаты  тұтастай өзгереді: белсенді, дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б.

Алда тұрған негізгі міндет – бала үшін қызықсызды қызықтыға айналдыру. Осылай жасағанда ғана оны өзі- ақ орындайтын болады. Бұл жағдайда оған қиыншылықты жеңу оңай болады. Оны жеңу балаға қуаныш әкеледі, өз күшіне сенім ұялтады.

Бірақ “қызығу” түсінігін “ермек”, “жұбаныш” түсінігімен бірдей қоюға болмайды. Бала өмірін қызық, қуанышқа кеңелту, оның көңілін көтеру деген сөз емес. Бала өмірінің негізгі мазмұны – оқу. Оқу баланың негізгі іс- әрекеті, сондықтан ол бірінші кезенкте қызықты болуы керек. Бұдан басқа бала еңбекпен, спортпен айналысады, мұражай, үйірме және басқа да мәдени мекемелерге барады. Баланың дәл бүгінгі өмірі саналы, парасатты, мазмұнды және қызықты болуы керек.

Қазіргі уақытта осы аталған зерттеулердің нәтижесінде “қызығу” түсінігі оның даму сатылары нақтыланған, танымдық қажеттіліктер мен қызығулардың байланысы, танымдық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшеліктері ашылған. Дегенмен, қазіргі бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуын қалыптастыру міселесі мына бір жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді: қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған мәліметтерден өзгешелігі болады. Бұған белгілі дәрежеде жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар, бастауыш оқытудың теориялық және ғылыми деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі де ықпал етеді.

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуының мынадай көрсетекіштері байқалады:

  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен обьектілерге және іс- әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
  • білім алуға және оны меңгеруге тырысу;
  • таным үрдісі мен танымдық іс- әрекетінің эмоционалдық көрінуі;
  • танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
  • бос уақытын пайдалана білу сипаты;
  • танымдық белсенділігін жалпы сипаты;
  • жаңаны білуге ұмтылыс;
  • мектепке және оқуға жағымды қатынасы.

Неге балаөмірдің қызығын бүгін көрмей, кейін көруі керек? Көптеген оқушылар мектепте көңілсіз, қызықсыз деп шағымданады. Неге бізге балалардың өмірін бүгін қызықты етуге болмайды?    Қызығу қуаныш, қанағат әкеледі және еңбек сүйгіштікті тәрбиелеуге әсер етеді.

Информация о работе Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері