Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.

Содержание

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.
Кіріспе:
І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері.
ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызы.
2.2. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің тиімді жолдары.
2.3. Сабақ жоспары.
Қорытынды. Қосымша.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Дүниетану-сабағында-бастауыш-сынып-оқушыларының-танымдық-белсенділігін-дамыту-мен-жетілдіру-.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны.

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.

Кіріспе:

І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.

1.1. Бастауыш  мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

1.2. Оқыту  барысында бастауыш сынып оқушыларының  танымдық белсенділігін дамыту  мен жетілдірудің мәселелері.

ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.

2.1. Бастауыш  мектеп оқушыларының таным белсенділігін  арттырудағы дүниетану пәнінің  рөлі мен маңызы.

2.2. Дүниетану  сабағында оқушылардың танымдық  белсенділігін жетілдірудің тиімді  жолдары.

2.3. Сабақ  жоспары.

Қорытынды. Қосымша.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық  және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп  негіздің негізі түп қазығы.

Бастауыш сыныптағы әр балаға неке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тәән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға  деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымсын, өмірлік мақсаты мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытыпоны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.

Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі  қлғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.осыған байланысты оқушыларының  танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі  педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.

Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады. Таным белсенділігінің мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М.Н. Скаткин,

И.Ф. Харламов, М.А. Даншов, И.Л. Лернер, М.И. Махмутов, Т.Ш. Шашова, Г.И. Щукина, және тағы басқа.

Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді  әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие барысындағы таным белсенділігін жетілдіру.

Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептегі 1-сыныптың дүниетану пәні.

Зерттеудің мақсаты: Дүниетану пәні арқылы оқушылардың таным белгісін дамыту мен жетілдірудің тиімді жолдарын анықтап беру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Тақырыптың  мазмұнына байланысты жазылған ғылыми теориялық еңбектерге талдау жасау.

2. Оқушылардың  таным белсенділігін дамыту мен  жетілдіру барысындағы озат педагогикалық, психологиялық, философиялық тәжірибелер, зерттеулерді салыстыру, қолдану  мүмкіндіктерін анықтау.

3. Оқушылардың таным белсенділігін арттыруда дүниетану пәні сабағының ролін анықтау.

Зерттеудің әдістері: Психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді жинақтай-талдай отырып оқушылардың танымдық белсенділіктерін анықтау, шығармашының және дидактикалық материалдарды іріктеу.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, саналы ұлттық ойлау қабілетімен біліміне, іскерлігіне байланысты.

Осы орайды егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне  ерекше мән берілуде. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында оң өзгерістер байқалады. Оқыту мазмұны жаңарып, жаңа типті орындар көбеюде. Мұнда бала табиғатынана берілген тума қасиеттерінің қоғамдық саяси әлеуметтік жағдай, іс әрекетпен  қарым-қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы арқылы саналы азаматтың көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім берудегі қаланатыны белгілі.

Бастауыш мектеп- өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты еліміздің көрейіп өркендеуіне, ел талап тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясыда айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.

Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді. Сондықтан да бірінші кезекте, бастауыш сынып мұғалімдері алдына педагогикалық ғылым теориясы және оқыту әдістері негіздерін жан-жақты меңгерумен қатар әр жастағы балдырғадардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылды. Әр оқушының өзіне ғана тән мінез құлық, тәртіп, ерік, жігер, эмоциялық сезім, танымдық қызмет ерекшеліктері болады. соған сәйкес жеке адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтар жөнінде терең түсінікке, білімге негізделген жекелей қарм-қатынас жүзеге асырылуы тиіс. Бұл мұғалімнен шәкіртерінің жекелей қаситтерін айқын ажырата білетін психолог ұстаз болуды талап етеді. Бұл оған оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді. Мұғалім өзінің күнделікті қызметінде бұл міндетті ойдағыдай шешекн жағдайда оқу тәрбие жұмысын бүгінгі талапқа сәйкес шұғыл жақсартуға берік негіз қаланады. Сондықтан да қазіргі таңда әр мұғалім бұрыннан қалыптасқан ұстаздық әдістемелік мүмкіндіктерін қанағат тұтумен шектелмей, өз бетімен теориялық білім деңгейін көтеруге, әсіресе педагогикалық психология және физиология ғылымы саласындағы жетістіктерінен жан-жақты қарулануға батыл бет бұрыс жасалуы қажет.

Педагогика баланың дамуын өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Даму процесстерінің қозғаушы күштері- ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы, баланығң даму процесіне мынадай заңдылықтарды байқауға болады. алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөйлеу кезінде бала тілінің дамуы сөздік қорына байланысты. Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қоймайды, ол жетіле түседі. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы адамдарымен қарым қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтарымен сөздеріне түсіне байстайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. осының нәтижесінда баланың ақыл ойы дамуының кезеңіне көшеді.

Даму - әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктері атап көрсетуге болады. организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Ал, әртүрлі мүшелер бір қалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені, организмнің өсу қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездей кезеңдерін баяулау кеөеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады.

Баланың жоғарғы нерв қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты шарлары қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми қабығының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау естің, қиялмен ойлаудың т.б. негізгі механизмі болады. осы нерв процестері арқылы бала өзінің мінез құқы мен қылығын табиғи және әлеуметтік ортамен сәйкестендіру жолдарын іздетіреді. Жеке адаммен ортаның қатынасын реттеуде екінші сигналдық система зор рөл атқарады. Жоғарғы нерв қызметі екі сигналдқ системаға байланысты. И.П.Павловтың айтуы бойынша тері, көз, құлаұ т.б. сезу мүшелері арқылы түйсіну қабылдау елестету жануарлар мен адамға ортақ бірінші сигналдық системаға жатады. Заттар мен құбылыстарда тікелей алынатын сигналдарды  алмастыратын сөз. Сондықтан И.П.Павлов сөзді сигналдардың сигналы деп атады. Екінші сигналдық система ойлау мен сөйлеудің фмзиологиялық негізі. Сонымен екінші сигналдық система бірінші системамен өзара әрекеттесіп, ойау іс әрекеті және бақылау мен ес және сезімнің тікелей байланысты қызметтердің де физиологиялық негізі болады.

Бала организмі мен нерв жүйесінің даму негізінде оның психикалық қызметінің (түйісіп, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.) дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметінің негізгі механизмі мидың үлкен жарты шарлар қабығының әрекеті болады. Психиканы объективтік шындықтың біздің нерв жүйемізде бейнеленуі болад дейміз. Баланың әрбір даму кезеңінде жас ерекшеліктің алатын орны ерекше.

Жас ерекшелігі психологиясы – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасын, даму үстіндегі адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білміді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді. Педагогикалық – психологиялық оқыту процестерінің басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерін қалыптасуын зерттейді, оқыту процесіндегі ақыл ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды. Мұғаліммен оқушылардың арасындағы қарым қатынастарын, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым қатынастарын қарастырады.

Жасына немесе жас шамасына қарай даму, адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарм қатынасқа байланысы болады. әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының  өзіндік құрылымының  жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістерімен сипатталады. Л.С.Выгодский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, бір шама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызды дамуының жалпы циклінде алатын орны мен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табумен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрыңғы кезедерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барсының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жиынтығы мен анықталады. Бұл әр балаға оның өмірінің осы кезңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасын-дағылармен қарым қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін біліммен іс әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағынан тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтыған баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері де енеді.

Жас шағы  ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тіелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты  әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жғдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерешеліктерін анықтайды да ал олардың арасындағы қарым қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігімен ерекшеліктеріне сабақтас келеді. Жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиолгиялық ерекшеліктерімен жиынтығымен сипатталады. Жас кезеңін айналасындағылармен қарым қатынас жсаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б.Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін құрайды. Мысалы  баланың ерте сәбилік шағында сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай қарым қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қалыптасады, үлендермен қарым қатынас жасау тәсілдері, дүние танымы кеңейеді. Осының бәрі баланың дербес әрекеттер жасау мүмкінігінің кеңеюіне демек айналасындағылармен қарым қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. Ал  соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын өзгертеді.

Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршіік жағдайларын өзгерту жимынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарм қатынас формаларын өзгертуге әекп соқтыратын осыған ұқсас жағдай жеткіншек шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым қатынастар ескерілмей, қалыптасқан және айналасындғылармен өзара қарым қатынас жасаудың алдыңғы  кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезң барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлеміділік бұзылған жағдайда пайда болады.

Информация о работе Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері