Ауыл шаруашылығын несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 15:46, курсовая работа

Краткое описание

Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді. Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.

I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.

1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.

II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру

III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 224.00 Кб (Скачать файл)

    Енді Елбасының нұсқауы бойынша елімізде ауыл шаруашылығында мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Агрохолдинг” компанияның құрылғандығы жайлы айтып кетуді жөн көріп отырмын. Осы құрылған Ұлттық компания жұмысының тиімділігі алдымен мемлекеттегі мемлекеттік ақша-несие саясаты құралдарына тікелей байланысты болатыны белгілі. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қаржыландыру және несиелеуге. Өйтпеген күнде бұл құрылымдық қайта құру Ауыл шаруашылығы министрлігі мен құрылатын “Агрохолдинг” арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді қарапайым ғана бөлісу болып шығады. Сондықтан менің ойымша, мемлекеттік компанияны (Агрохолдинг) құрумен қатар және оның жұмысының тиімділігін арттыру үшін ауылға арналған барлық ақша ағыны шоғырланатын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы банкін құру мәселесін де қарастырған жөн. Қазіргі ауыл шаруашылығын несиелеудің басты кемшіліктері: 
   1. Қолданыстағы коммерциялық несиелеу жүйесі жоғары айналымды капиталға қатысты салалардағы табыстылыққа бағытталған. Оның пайыздық ставкалары және талабы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге несие ресурстары рыногына тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік бермейді.

  2. Ауыл шаруашылығы үшін несие ресурстарын тарту проблемасы шешімін таппаған күйінде қалуда. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі төңірегінде құрылған барлық қаржы институттары қаржы ресурстарын тартумен емес, ауылды дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты қайта бөлумен айналысып отыр. Қаражат тартпай нарықтық жағдайда ауылда жұмыс істеу дегеніміз ақылға сыймайды және тиімсіз. Дамыған экономикасы бар барлық мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өндірісін нарықтық жағдайдағы ерекшелігін есепке ала отырып құрылған ауыл шаруашылығы несиесінің мамандандырылған жүйесі бар. Біздің республикамызда осындай қаржы институтының жоқтығынан ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген орасан бюджеттік қаражат жыл сайын белгілі бір уақытқа дейін жекелеген коммерциялық банктердің айналымында жүреді. Бұл бөлінген бюджеттік қаражат пен оны мақсатты пайдалану алдындағы жауапкершілікті мойындамауға жайлы ахуал тудырады.

   3. Қолданыстағы ауыл шаруашылығын несиелеудің жүйелі сипаты жоқ. Ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін көктемгі егіс және оны жинау жұмыстарына несие беру жобасы жыл сайын өзгертулерге ұшырайды. Нәтижесінде ауылды несиелеу механизмін жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген нормативтік және әдістемелік база жоқ болып тұр. Және бұл болашақта бюджет қаражатының қайтарымына өзінің жағымсыз ықпалын тигізбей қоймайтын болады. Солай, ауыл шаруашылығындағы қаржы саясаты реформа басталғалы бері ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға еш мүмкіндік бермейтін, тек «жыртықты жамау» саясаты болып келеді.

    4. Елімізде ауыл шаруашылығы жерлерінің ипотека механизмі (кепілдік) жоқтың қасы. Жерді кепілдікке алып, берілетін жер-ипотекалық несиесі ауыл шаруашылығының ірі ұйымдарымен қоса, шағын және орта агробизнесті де дамыту және оларға қолдау көрсету үшін ауылға бюджеттен тыс қосымша қаржы ресурстарын тарту мен құрудың маңызды қаржы механизмі болып табылады. Сонымен бірге, басқа механизмдерді қолдану заңдық тұрғыда мүмкін болмаған және экономикалық жағынан тиімсіз болған жағдай да ипотека жерді қайта бөлу мен айналымның қосымша, әрі жеткілікті түрде тиімді құралы болып табылады. Жер реформасының негізгі идеясы ауыл шаруашылығы жерлерін рыноктық айналымға ендіру болғанына қарамастан бұл мәселені қазіргі қаржы институттары шеше алмайды.

     Елдің ауыл шаруашылығы банкін құру қажеттілігі  
ауыл шаруашылығы ел басшыларының назарын баса аударып отырған нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын ынталандыру мақсатында әр түрлі қаржы-экономикалық және ұйымдастыру механизмдерін пайдаланудың үлкен тарихы бар. Бірақ бүгінгі күні ұлттық ауыл шаруашылығы өндірісінің ауыл шаруашылығының проблемаларын шеше алатын мамандандырылған банкі жоқ. Бұл проблемаларды шешу үшін тек бюджеттік қаржы ағынын жүргізуші түрінде ғана емес, банк жүйесінде ерекше орын алатын осы ресурстарды пайдалану үшін негізгі бақылаушы және қаржы операторы ретінде қызмет жасайтын мемлекеттік жүйені құратын банк құру  қажет болып тұр.  
   Тағы да бір айта кететін жайт, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық секторды тұрақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттің стратегиялық қызметін жеңілдететін банк керек.

   Банктің міндеті -  ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту саласында мемлекеттің несие-ақша саясатын жүргізуге қатысу.

- Ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарын несиелеу арқылы  мемлекеттің мақсатты даму бағдарламалары  мен экономиканың агроөнеркәсіп  секторына қолдау көрсетуін жүзеге  асыруға қатысу.

- Ауыл шаруашылығына  қолдау көрсету үшін Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған агроөнеркәсіп кешендерін, лизингтік және басқа да институттарын жеңілдікпен несиелеуге қызмет көрсету.

-   Ауыл шаруашылығы  тәуекелдігін сақтандырумен қамтамасыз  ету бойынша қаржылай қолдау  көрсету. 

-   Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тартуды банк кепілдігімен ұйымдастыру.  
-   Жерді мелиорациялау, жерді пайдалануды қорғау, ауылды минералдық тыңайтқыштармен, өсімдікті химиялық заттармен қорғаумен қамтамасыз ету, құс, мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығының басқа да салаларын көтеру.  
Өндірісті отандық ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету, оны сатып алуды ұйымдастыруда және елдің ауыл шаруашылығы өндірісшілері үшін лизингті қаржылай қамтамасыз ету.

-   Жерге байланысты  кепілдік операцияларды жүзеге  асыру және жерді сатып алу және сату, соның қатарында ипотекалық операциялар келісімдерін қаржыландыру.  
-  Ауылдың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі операцияларды қаржыландыру.  
-  Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыруға қатысу.  
Несие кооперативтері мен серіктестіктерін құру және дамыту шараларын жүзеге асыру

-  Республикалық деңгейдегі  ауыл шаруашылығы шеңберіндегі, сонымен қатар ТМД елдері арасында  клиринг және өзара есепті  ұйымдастыру.  
-   ТМД елдерінің ортақ аграрлық рыногын құруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу.

-  Банк лицензиясымен  қарастырылған басқа да операцияларды  жүзеге асыру.  
   Банктің стратегиялық мақсаты – мемлекеттік несие және бюджеттік қаражаттарды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өз ақша ресурстарын отандық ауыл шаруашылығын дамытуға пайдалану үшін аккумуляциялау болып табылады. Бүгінгі күні қажетті игіліктер мен ауыл кедейшілігінің екі ортасын терең жар бөліп тұр деуге болады. Бірақ адам санасы осы екі ортаға аспалы көпір орнатуға қабілетті. Сол көпір – банк несиесі, ол әр ауыл адамының қолы жететіндей болуы керек.

   Ауыл шаруашылығынын  несиелеу жүйесімен қатар, лизингтік  қаржыландыру да қазіргі таңда  ауқымды мәселелердің біріне  айналып отыр.

2.4. Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру

Машина-трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы.

Республикада 137,2 мың  шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым  сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы  техникалары бар.  
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.

 Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:

 тракторлар -1117 дана;

 астық жинайтын комбайндар - 1605 дана;

 тұқым сепкіштер - 819 дана;

 егіс кешендері - 394 дана;

 дестелегіштер - 308 дана.

 2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:

тракторлар -586 дана;

 астық жинайтын комбайндар - 656 дана;

тұқым сепкіштер - 303 дана;

дестелегіштер - 140 дана.

Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады.  
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:  
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарылатуға;

 - қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;  
- жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.

   Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы.  
Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады.

 Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады.  
Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15% ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.

 Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ.

 Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ.

 Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде.

 Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы айналым өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда 17,6 млрд. теңге көлемінде бағаланған. Оның ішінде елімізде 15,9 млрд. теңге, экспорт – 1,7 млрд. шамасында.  
2007 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын және қосалқы бөлшектерді шығару көлемі 6,7 млрд. теңгені құрады.

  • ауыл шаруашылығы машиналарын және қосалқы бөлшектерін ішкі нарықта сату – 6,0 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 3,3 млрд. теңгеге көп);
  • экспорт – 0,7 млрд. теңге.

Ауыл шаруашылығы тауарын  өндірушілерді жанар-жағар маймен (ЖЖМ) қамтамасыз ету.

 Маусымды жұмыстар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ЖЖМ үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында:  
- Ауыл шаруашылығы министрлігімен дизел отынына қажеттілігі анықталған;  
- Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен республиканың мұнай өндіруші зауыттарын қажетті мөлшерде шикі мұнаймен қамтамасыз ету және дизель отынының жеткілікті көлемін өндіру туралы шаралар жасалды;  
- облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту жүргізілді;  
-   ай сайынғы дизель отынын тиеу кестесі, МӨЗ жөндеу жұмыстары жүргізу, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жылжымалы құрамын мұнай өнімдерін құюға жіберу келісілді.

 Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу.

 2007 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін республикамыздағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) ЖЖМ қажеттілігі:  
дизель отыны - 328,0 мың тонна;

 бензин - 56,7 мың тонна;

дизель майы - 19,4 мың тонна;

Республикамызда ЖЖМ  қамтамасыз етілуі 100 % құрады.  
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын еркін нарықтан да, облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту Кестесі бойынша мұнай өңдеуші зауыттардан да алды.

 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен еркін нарықтан 64000 тонна дизель отыны көтерме және жеке бағамен 57000-61000 теңге/тонна (460-510$/тонна) көлемінде сатып алынды.

 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеуші зауыттармен 264,0 мың тонна дизель отыны тоннасын 398 – 460$ бағасымен жөнелтілді, соның ішінде:

  • «Атырау МӨЗ» ЖШС – 77100 тоннаны бағасы 53475 теңге/тонна (430-445$/тонна);  
    - «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ («Меркурий» ЗК» «МанғыстауМұнайГаз» АҚ көлемінен – 100900 тоннаны бағасы 53600 және 54600 теңге/тонна ($ 432-455/тонна);
  • «Петро Қазақстан Ойл Продакте» ЖШС (Шымкент МӨЗ») 86000 тоннаны бағасы 49000 – 55000 тонна ($ 390-460/тонна).

 Күзгі дала жұмыстарын жүргізу.

 Егін жинау жұмыстарын  жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы  тауарын өндірушілерді жанар-жағармаймен  үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында қол жетімді бағамен сатылатын дизель отынының қажетті көлемін негізгі мұнай ресурстарын ұстаушылармен келісім жасалды (1тоннаның бағасы 460$ аспайтын еркін нарықта ҚР МӨЗ сатылатын дизель отынының бағасы 510-520$ болған жағдайда).

 Технологиялық карталарға сәйкес 2007 жылғы егін егу жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жанар-жағармай қажеттілігі:  
дизель отыны - 366,0 мың тонна;

 бензин - 67,1 мың тонна;

дизель майы - 21,4 мың  тонна;

Жалпы республика бойынша ЖЖМ қамтамсыз етілуі 100 % құрады.  
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын еркін нарықтан да облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту Кестесі бойынша мұнай өңдеуші зауыттардан да сатып алды.

Информация о работе Ауыл шаруашылығын несиелендіру