Уикипедияшыларды тез ақпараттандыру
мақсатында хабарлама тарату жүйесі
құрылды. Осы орайда, өздеріңізден хабарлама
тарату тізіміне тіркелуіңізді сұраймыз. Тіркелу
Әйел құқығын қорғау
Уикипедия
— ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа стандарттарына cәйкес болу үшін жетілдіру қажет.
Осы мақаланы әрі
қарай дамытуға көмек беріңіз. |
|
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Мақаланы
безендіру нұсқаулығына сәйкес көркемдеңіз. |
|
1. Әйел құқығын қорғау саласы
Әйел құқығын қорғау
және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін
қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің
басымдық бағыттары болып табылады.
Әйел құқығын қорғау
саласында негізгі осы заманғы
мәселелердің бірі әйелдерді
қоғам өмірінде екінші кезектегі
орын алатын теңсіз құқықты
субьекті ретінде бағалайтын
қоғамдық сананың кертартпалығы
болып табылады. Тіпті орталық
мемлекеттік органдармен жұмыста
да біз гендерлік қағиданы
түсінбеушілік, халықаралық құқық
қорғау стандарттарын білмеушілікпен
кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз
ету саласында жұмыс істейтін
мемлекеттік қызметшілердің бәрі
бірдей бүгінде өз қызметінде
әйелдерге қатысты кемсітудің
барлық нысандарын жою туралы
Конвенция ережелерін, оның үстіне
Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің
ұсынымдарын басшылыққа алмайды,
кейбірі Республиканың халықаралық
құқыққорғау міндеттемелерінің
басымдық сипатын сезінеді.
Сонымен қатар,
келіп түскен өтініштер куәландырғандай
көп жағдайларда әйелдердің өздері
өзіндік құқықтарға ие екендіктерін
түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын
дәлелдер (уәж) арасында ерекше
құқыққа жүгіну түріндегі өте
“әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық
дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге
әйелдер өз өтініштерінде жыныстық
белгі бойынша кемсіту дәйектерін
сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай
жағдай әйелдер құқығының бұзылу
жағдайларының жоқтығымен емес,
әйелдердің өз құқықтарын сезінудің
төмен деңгейімен байланысты. Неғұрлым
ақталды деп мемлекет саясатының
гендерлік сезімтал қоғамдық
сананың дамуына жалпы бағыттылығы
саналады.
Әйелдер құқығын
қорғау және көтермелеу бойынша
Уәкіл қызметті іске асыру
тетіктерінің бірі болып халықаралық
ұйымдармен және қорлармен бірлесе
отырып, омбудсмен мекемелерінің
жүзеге асыратын жобалары саналады.
2005 жылғы сәуірде Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер
және даму” бюросымен және
Швецияның “Квинофорум” консалтингілік
компаниясымен бірлесе отырып
іске асырылатын “Омбудсмен және
тең мүмкіндіктер” жобасын бастады.
Жоба Швецияның (классикалық үлгі)
және Литваның (аталмыш бастаманы
транзитті мемлекетте іске асыру
үлгісі) тең мүмкіндіктері бойынша
омбудсмен институтының жұмыс істеу
тәжірибесін неғұрлым терең зерделеуге,
Қазақстандағы тең құқықтар мен
мүмкіндіктер бойынша Уәкіл мекемесін
құру мәселелерін зерттеуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, жоба қызметтің
арнаулы саласы – гендерлік теңдікті
қамтамасыз етуде Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл мекемесінің
қызметкерлерін даярлау деңгейінің
жоғарылауына ықпал етеді.
Жоба шеңберінде
Астана және Алматы қалаларында
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
офисінің қызметкерлері, үкіметтік
емес ұйымдардың өкілдері –
Атырау, Петропавл, Өскемен, Алматы
және Шымкент қалаларындағы омбудсмен
мекемелерінің серіктестері, сондай-ақ
уәкілетті мемлекеттік органдардың
өкілдері үшін үш күндік тренингтер
топтамасы өтті.
Оқыту “Көру-Түсіну-Қолдану”
әдісінде құрылған, яғни гендер
туралы хабардар болу, ерлер мен
әйелдер арасындағы теңсіздік
және айырмашылық себептерін
түсіну, алуан түрлі құрал-саймандарды
пайдалану арқылы күнделікті
жұмыста осы білімдерді қолдану
Тренингте мемлекеттік басқару
жүйесінде және еңбек қатынастары
саласында тең мүмкіндіктер қағидасын
сақтау, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді
қорғау саласында жауапкершілікті
енгізу, “оң кемсітушілікті” қолдану
мәселелері өзектілендірілді.
“Омбудсмен және
тең мүмкіндіктер” жобасы шеңберінде
2005 жылдың 30 қарашасында Уәкілдің
жанындағы Консультауиялық кеңес
мүшелері және Қазақстанның әр
түрлі қалаларының серіктес қоғамдық
ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ
мемлекеттік органдар өкілдерінің
қатысуымен үйрету семинары өткізілді.
Семинарға қатысушылар гендерлік
теңдік мәселелерін, тең құқықтар
мен мүмкіндіктерді қорғау мен
көтермелеудің, халықаралық заңнамаларында
көзделген тетіктерін талқылады.
Жұмыстың келесі бағыты әйелдер
құқығын қорғауға қатысты халықаралық
стандарттарды Қазақстанның орындау
қажеттігі өзектілеу болып табылады.
Уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №
1677 Жарлығымен бекітілген, 2006-2016 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасында
гендерлік теңдік Стратегиясын өңдеуге
белсенді түрде қатысты.
2. Қазақстан Республикасында гендерлік
теңдік стратегиясы
Қазақстан Республикасында гендерлік
теңдік стратегиясы Мемлекет басшысының
2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында
Қазақстан әйелдерінің IV Форумында
берген тапсырмасы бойынша Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы
отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
Ұлттық комиссиясымен өңделді. Стратегияны
өңдеуге және оны талқылауға барлық
мемлекеттік органдардың, үкіметтік
емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері
қатысты. Стратегия жобасында Уәкілетті
мекеменің ескертпелері мен ұсыныстары
ескерілді.
Стратегия мемлекеттік
гендерлік саясатын жүзеге асыруға
бағытталған негіз қалаушы құжат,
оны мемлекет және азаматтық
қоғам тарапынан мониторингті
жүзеге және іске асырудың құралы болып
табылады. Құжат БҰҰ Әйелдер қорының (ЮНИФЕМ)
аймақтық офисімен бірлесе өңдеген, саясатта,
экономикада, білім беруде, отбасында,
денсаулық қорғау және әйелдер мен балаларға
қатысты зорлықтың алдын алу мәселелерінде
гендерлік теңдікке жету бойынша индикаторлардан
тұрады.
Әйелдерге қатысты
кемсітудің барлық нысандарын
ескерту туралы Конвенцияның
нормаларын имплементациялау мақсатында
елдің еңбек заңнамасына адам
құқықтары бойынша Уәкілеттімен
есептік кезең ішінде Қазақстан
Республикасы еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне
жүкті әйелдердің еңбек құқықтарын
қорғау қаеттігі туралы ұсынымдар
жіберілді.
Уәкіл келіп түскен өтініштерге
сүйене отырып, министрлікке күші мерзімі
өтуі бойынша жүкті әйелдермен жеке
еңбек келісіміне заңнамалық тұрғыдан
тыйымды кіргізу жолымен күші
бар заңнамаларға өзгерістер енгізуге
бастамашылық етуге ұсыным берді.
Жұмыстың тағы
бір маңызды бағыты әлеуметтік-маңызды
күндерге арналған іс-шараларды
ұйымдастыру және өзге ұйымдар
өткізетін осындай іс-шараларға
қатысу болып табылады. 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу
қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі
уәкілетті мекемесі “Ақмола-Феникс”
АҚ Малиновка селолық округінде
ауылдық жердегі әйелдер құқығын
өзектілеуге арналған іс-шаралар
өткізді.
Уәкілетті мекеме өткізген іс-шараның
мақсаты қоғам назарын ауыл әйелдерінің
құқығына аударту болды. Адам құқықтары
бойынша Уәкілетті және Уәкілеттінің
мекемесі қызметкерлері № 5 мектепке,
отбасылық дәрігерлік амбулаторияға,
тұрмыстық үйге барды.
Жер шары халқының
ширегін (төрттен бірін) азық-түлік
өндірісінде, сонымен қатар ауыл,
аудандардың дамуы және тұрақтылығында
басты рөл атқаратын ауыл әйелдері
құрайды. Әлемде 500 млн. ауыл әйелдері
кедейлік шегінде өмір сүреді.
Олардың қоғамдық өмірге қосатын
өмірлік маңызды үлестері көзге
көрінбейді. Қазақстанда ауылдық
жерде халықтың 43% тұрады. Олардың
жартысы әйелдер. Алайда оған
қарамастан олардың көбінде жерге
өз меншік құқығын қорғауға, несие
немесе оқу сияқты өмірлік
маңызды қызметке қол жеткізу
мүмкіндіктері жоқ.
Ауыл әйелдерінің
іс жүзінде жағдайын, оларға қатысты
таптаурындарын назарға ала отырып,
жер реформасы туралы заңдарды
жүзеге асыру барысында гендерлік
көзқарасты көздеу қажет. Әйелдер
стратегиялық жоспарларды, экономикалық
бағдарламалар мен реформаларды
өңдеу деңгейінде ұсынылуға тиіс.
Әйелдердің экономикалық ресурстарға,
оның ішінде жерге қол жеткізуін
қамтамасыз етуге ерекше көңіл
бөлу қажет.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің
қазіргі заманғы кезеңінде қалалық
және ауылдық әйелдердің мүмкіндіктері
арасындағы айырмашылық маңызды
түрде шиеленісіп кетті. Қаладағы және
ауылдағы өмір салтын ұйымдастыратын
және жүйелі түрде ықпал ететін сыртқы
мән-жайлардың обьективті айырмасы,
өмір салтымен қалалық әйелдерден ерекшеленетін,
олардың құқықтарын қосымша қорғауды
талап ететін ауыл әйелдерін жеке топға
бөлуге мүмкіндік береді.
Еуропада жыл сайын
15 қазанда Ауыл әйелдерінің күнін
(World Rural Women,s Day) атап өтеді. Қазақстанда
ауылдың еңбекші әйелдерінің
ерекше рөлі мен мәртебесінің
бекітілмеуі және ресми жалпы
мемлекеттік дәстүрде белгіленбеуі
ауыл әйелдерінің мәселелері
мен қажеттіліктерінің әрдайым
ескерілмеуінің дәлелі. Мысалы, ауыл
әйелдерінің ақпаратқа қолы жетімсіз,
қазіргі жағдайларда оларды талап
етусіз қалған кәсіби білімді
жүзеге асыру, біліктілігін арттыру
мүмкіндіктері шектелген. Статистика
көрсетіп отырғандай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдаланатын әйелдер
саны мардымсыз. (орташа 25 % және кедей
ауыл-аудандарда 0 %). Міне, сол себепті
осы жағдай өзгеру үшінкүш
салу қажет.
3. Қазақстан
Республикасында әйелдер құқығын
қорғау ұйымдары
Есептік кезеңде
Отбасы және әйелдер істері
жөніндегі ұлттық комиссиямен
ынтымақтастық жемісті болды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіле
мен оның аппаратының қызметкерлері
2005 жылдың 24-26 тамызы аралығында
Алматы қаласында өткен “Қанатты
әйел – 2” әйелдер идеялары
мен тауарларының ұлттық жәрмеңкесі
жұмысына қатысты. Жәрмеңке Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
ұлттық комиссияның, БҰҰ-ның “Гендер
және даму” бюросының және
Швецияның “Sprang bradan” консалтингілі
компаниясының бірлескен жобасына
айналды.
Жәрмеңкенің мақсаты
шағын және орта бизнеспен,
қоғамдық қызметпен табысты шұғылданып
жүрген әйелдерді анықтау және
насихаттау, әйелдер мәртебесін
көтеру, олардың зияткерлік және
шығармашылық мүмкіндіктерін ілгерілету,
сонымен қатар, тәжірибе алмасу
болды.
Аталған іс-шарада
Қазақстанның барлық аймақтарының,
ТМД мемлекеттерінің, сондай-ақ
Швеция, АҚШ, Қытайдың өкілдері
қатысты. Жәрмеңке барысында 70-тен
астам дөңгелек үстел, семинарлар,
25 мыңнан аса адам қатысқан
отбасы, әйелдер және балалардың жағдайын
жақсарту бойынша тренингтер мен мастер-кластар
өткізілді.
Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл мен Қазақстанның
Іскер әйелдер Қауымдастығы өкілдері,
Облыстық отбасы және әйелдер
ісі жөніндегі комиссиялардың
мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың,
БАҚ өкілдері қатысқан “Қазақстанда
әйелдер құқығының сақталуы туралы”
дөңгелек үстел өткізілді.
Сондай-ақ Уәкіл мекемесінің қызметкерлері
бірқатар өзге іс-шараларға қатысты:
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Отбасы
және әйелдер ісі жөніндегі
ұлттық комиссиясы мен Азия
даму банкімен (АБР-АДБ) ұйымдастырған
“Кедейшілікті төмендету бағдарламасына
гендерлік көзқарасты енгізудің
өзекті аспектілері” семинарына
(14.04.05ж);
Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Отбасы
және әйелдер ісі жөніндегі
қалалық комиссия мен “Ана
алақаны” үкіметтік емес ұйым
ұйымдастырған “Әйелдерді көшбасшылықтың
жаңа технологияларына үйрету, олардың
заңды құқықтары мен мүдделерін
ілгерілету және қорғау” семинар-тренингінде
(15.04.05ж);
“Отбасы” депутаттық
тобы, Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Отбасы және әйелдер
ісі жөніндегі ұлттық комиссия,
БҰҰ-ның “Гендер және даму”
бюросы, Швецияның “Sprang bradan” консалтингілік
компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған
семинарға;
ЕҚЫҰ және Қазақстанның
Дағдарыс орталықтарының Одағымен
бірлесіп өткізген, Қазақстанның
Дағдарыс орталықтарының заңгерлері
үшін Республикалық университетінің
шеңберіндегі семинарға 2005 жылы
21 қарашада Уәкіл мекемесімен:
«Түсікке құқық» тақырыбында
әдіснамалық семинар өткізілді.
Семинарға Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл мекемесінің қызметкерлері,
орталық мұсылман мешітінің және
орыс православ шіркеуінің діни
қызметшілері; отбасын жоспарлау
орталығының медициналық қызметшілері,
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері
қатысты.
Қазақстан Республикасының
заңдарында кемсітушілік нормалары
жоқ, тұтастай ол әйелді дәстүрлі
және діни некелерден туындайтын
қосымша кемсітуден қорғамайды,
сондай-ақ әйелдердің мүліктік
құқығы да қорғалмаған.
Некеге тұруға бірдей құқықтар, жұбайлардың
отбасындағы теңдігі діни және ұлттық
дәстүрлердің күшімен некелесуде жиі
бұзылады. «Неке және отбасы туралы»
Қазақстан Ресупбликасының Заңында
көп әйел алу немесе өзге жағдайларда
бейресми некелермен байланысты қатынастарды
реттейтін нормалар жоқ. Заң тек
ресми түрде тіркелген некеде
тұрған жұбайлардың мүліктік құқығын
қорғайды. Сондықтан діни немесе ұлттық
дәстүр күшімен қиылған некеге жұбайлардың
ортақ балалары болса да және ортақ
шаруашылық жүргізсе де неке ресми
тіркелмегендіктен, әйелдердің құқығы
қорғалмаған. Қосымша кемсіту еңбек
заңнамаларында да орын алады. Елдің
заңнамалары ерлер мен әйелдердің
мүмкіндігін теңестіретін тетіктерді
әзірге қарастырмайды.жұмыс берушілерге
бұрынғыша, әйелдерді жұмысқа алу
тиімсіз, өйткені бұл жүктілігі
бойынша және бала күтімі бойынша
демалысқа шығумен тығыз байланысты.