Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………............3

І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны..............................4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы........................7
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері................................11

ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.................................................................................................................17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы.................................................................................................22

ІІІ. Қ.Р-да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
3..1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері..........................................................24
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары...........................29



Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер.....................................

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_3175.doc

— 233.00 Кб (Скачать файл)

Қоғам үшін өндіріс, бөлу және айырбас кезеңдерімен қатар экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор. Өнімді алу жеткіліксіз, оны тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін колдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну ұғымы өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін сипаттайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігін арпыратын, ұлттық табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну. Сондықтан тұтыну кезеңінде өнімнің қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетінін білген жөн. Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі - әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында анықтай аламыз.

Әлеуметтік тиімділік - бұл коғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында, сонымен қатар тиісті материалдық, әлеуметтік және рухани кұндылықтарды пайдалануда жалпы оң нәтижелерге қол жеткізуі. Егер оны «өндіріс-бөлу-айырбас-тұтыну» жүйесіне қолданатын болсақ, ол тек өндіріс кезеңінде ғана емес, басқа да кезеңдерде орын алып, жүйе үшін ортақ болып, жалпы оның жағдайын сипаттайды.

Әлеуметтік тиімділік кез келген еңбектің маңыздылығын, ұтымдылығын және тиімділігін көрсетеді. Егер өнімге кеткен шикізаттық, энергетикалық және басқа да материалдық шығындарды «шегеріп тастасақ», онда адамдардың еңбегі және таланты, білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен ар-ұяты толығымен әлеуметтік тиімділікте көрініс табады. Әлеуметтік тиімділіктің көлемі қоғамдық құрылымдар мен реттеуіштердің ұғымдылығын сипаттайды. Егер экономикалық немесе өндірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік инфрақұрылымға, адамдардың денсаулығына және т.б) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе, онда мұндай жағдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымсн қатар тапқан табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша, қысқа мерзімді қол жеткізген жетістіктер әлеуметтік тиімділікті білдірмейді.

Әлеуметтік тиімділік жоғары сапа мен қазіргі заманғы технологиялық көрсеткіштерге негізделген. Онда ғылыми-техникалық революцияның жетіктіктері толық көрініс табады. Ол тек баскару субъектілерін, ең алдымен мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарын ұтымды ұйымдастыру, басқарылатын объектілердің оңтайлы қызмет жасауы,олардың белсенділігінің қоғам заңдылықтарымен және мүдделерімен сәйкес үйлесуінің нәтижесінде пайда болады. Әлеуметтік тиімділіктің мәні оның тұрақты, өндіруші, прогрессивті болуында, жүзеге асқан қызметтің қолданған нәтижесі ғана емес, сонымен қатар болашақта дамудың қайнар көзі мен құралына айналып, қоғамдык өмірдің ұдайы өндірісінде берік және тұрақты буыны ретінде көрініс табуында.

М Жергілікті мемлекеттік басқару жайлы жоғарыда айтылғандар онымен атқарылатын іс-әрекетгің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан құбылыстар, карым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып, сонымен бірге олардың ұтымдылық пен тиімділік түрғысынан пайдалануын қадағалайды. Адамдардың тек ұятына, адал ниетіне, адамгершілік қылықтарына ғана сенім білдіру жеткіліксіз. Тек қана заңға, мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының орындалу міндеттілігіне ғана сенім артуға болады Ал олардың нақты орындалу деңгейі қоғамға, адамдарға белгілі пайда әкелетін, оларды материалдық және рухани аспектіде дамытатын әлеуметтік тиімділікпен анықталуы қажет.

 Жергілікті мемлекеттік басқару  қызмет түрі ретінде басқа басқару түрлерінен ең алдымен, мемлекеттік билік және мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылатындығымен, әлеуметтік топтар мен азаматтардың қоғамдық мүддесін білдіретін саяси басшылықтың саясаттың басым ролге ие болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан «мемлекеттік басқарудың тиімділігі» түсінігінің және оның өлшемдерінің (критерий) мазмұнды анық-тамасы «шығындар-өнім шығару» моделі бойынша технологиялық операцияларды емес, бірқатар саяси аспектіден тұратын саяси субъектінің басқару қызметінің элементі болып табылады.

 Жергілікті мемлекеттік  басқарудың тиімділігі қабылданған  шешімдердің іске асырылуының  «шығындар-өнім шығару» немесе  «шығындар-нәтиже» іспетті объективті  көрсеткіштерімен емес, саяси жүйенің стратегиялық мақсаттарына жету және жалпы мемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың нәтижелері мен қолданылған әр түрлі ресурстардың аракатынасы арқылы анықталады. ІІІығындар мен нәтижелердің арақатынасының өлшемі жеке, нақты шешімдердің тиімділігінің шарпы көрсеткіші ретінде колданылады, бірақ экономикалық талдауларға қарағанда аталған терминдердін мағынасы кең ауқымда қолданылады. Қызмет (минималды шығындар тұрғысынан алғанда) тиімді-үнемді болуы мүмкін, бірақ алға қойылған әлеуметтік-саяси мақсаттарға жету жағынан тіпті тиімді болмауы мүмкін. Тиімді қызмет әлеуметтік-саяси аспектіде нәтижелі болғанымен де үнемі үнемді, әсіресе ұтымды бола бермейді.

Жоғарыда айтылғандарды корытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқару тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатка сай кызмет ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекттік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұғым. Тиімді басқару - қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізетін қызмет түрі. Тиімділік - басқарушы субьектінің және коғамның алдына қойылған мәселелерді шешу үшін жұмсаған күш-жігерінің (ресурстар) қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқанын (көрініс тапқанын) білдіретін көрсеткіш.

Сонымен «мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» категориясы келесідей түсініктер арқылы анықталады: «қоғамдық мақсаттар», «нәтижелер», «қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделер». Олардың әрқайсысы мемлекеттік басқарудың саяси астарымен бірге өзіндік белгілерін анықтайды. «Қоғамдық мақсаттар» - түптеп келгенде — бұл саяси мәнді мақсаттар; «нәтижелер» - (саясатта көрініс тапқан) қоғамдық кажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандырумен байланысты болатын объектілер, кызметтер, үрдістер; «мемлекеттік ресурстар» - қоғамдық мақсаттарға сай болу тұрғысынан да, құқықтық негізделуі жағынан да мемлекетпен белгіленетін экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, ақпараттық капиталдар.

« жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» түсінігін анықтағаннан кейін тиімділік өлшемдерін қарастырған жөн. Тиімділік өлшемдері басқарудың көрініс табуының белгілерін, қырларын, әр түрлі жақтарын білдіреді. Оларды талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы, оның қоғамның қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келуі анықталады.

Жүйенің, яғни мемлекеттік басқарудың субъектілері мен басқарушы объектілерінің жиынтығының, атқарған қызметінің нәтижесін көрсететін мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері (критерилері) құрайды. Мұндай өлшемдер бір жағынан, қоғамдық дамудың (жалпы ұлттык, аймақтық) қажеттіліктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен объективті түрде байланысты, ал екінші жағынан, толғағы жеткен қажеттіліктердің, мүдделер және мақсаттардың мемлекеттік басқару арқылы қанағаттандырылатын шамасын көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Осылардың негізінде мемлекеттік басқарудың қоғамның серпінділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге қаншылықты дайын екендігін анықтауға болады.

 Жергілікті мемлекеттік басқару  қоғамдық, ұжымдық және жеке қажеттіліктердің, мүдделер мен мақсаттардың дамуын үнемі және объективті түрде зерттеуі, бағалауы және талдауы, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың ұтымды формаларын, ресурстары мен құралдарын табуы қажет. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ұтымдылығы түрғысынан алғанда қажеттіліктер мен олардың негізінде туындайтын мәселелердің қоғамдық ресурстарды ұтымды қолдану арқылы, тұрақты да сенімді түрде дер кезінде және толығымен қанағаттандырылуы және шешілуі өте маңызды.

Басқарудың жалпы әлеуметгік тиімділігінің өлшемдеріне (критерийлеріне) келесілерді жатқызуға болады:

а) өзінің сәйкес түрлері бойынша әлемдік параметрлермен 
салыстырылатын еңбек өнімділігінің деңгейі;

э) БҰҰ-ң әдістемесі бойынша есептелетін ұлттық байлықтың қарқыны мен ауқымы;

б) жан басына шаққандағы және әр түрлі категориялардың 
табыстарына бөлгендегі, сонымен бірге дамыған елдердің 
стандарттарымен салыстырғандағы адамдардың өмір сүру 
деңгейі;

    в) қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, қауіпсіздігі және сенімділігі, олардың оң нәтижелерге қол жеткізе отырып одан әрі дамуы. Аталған мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері қоғамдық өмірдің салалары бойынша бөлінеді. Егер қарқынды дамушы елдердің экономикасындағы процестерге көңіл аударатын болсақ, мұнда ең бастысы — еңбек өнімділігінің өсуіне, шығарылатын өнімнің сапасының, түрлерінің артуына алып келетін жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген қоғамдык өндірісті ұлғайту екендігін аңғаруға болады.

 

2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті басқарудың ағымдық  жағдайы.

Биліктің объективті тиімділігі өмір сүрудің сапасын арттырады. Әкімнің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің өкілі ретінде жергілікті атқарушы органдардың бақылауында бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қызметтерімен сәйкестелінген және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын жауапкершілігін алып және мемлекеттік басқару өкілеттікті пайдалану арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу.

Бұл мақсатқа жету мемлекеттік қызметшілердің жақсы сапалы түрде жұмыс аптқаруына байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саясатында маңызды орынды мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесі алады. Оның кәсібилік деңгейді арттыру, кадрларды тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіби жоғарылауды қадағалау, адал қызмет, жемқорлыққа қарсы күресті және құқық бұзушылықты болдырмау деген сияқты маңызды бұйрықтары үнемі облыс әкімшілігінің назарында тұрады.

Бүгінгі таңда облыс маслихатының 2006 жылғы желтоқсандағы отырысында бекітілген басқару схемасына бойынша жиырма облыстық департаменттер мен басқармалар, сонымен қатар облыс әкімінің аппараты, он бес қалалық және аудандық әкімшіліктер жұмыс істеуде. Бұл органдар арқылы әкім жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Басқаруға және атқаруға жоғарыдағы барлық органдардың құжаттары, әкімнің жарлықтары, облыс әкімінің бұйрықтары мен тапсырыстары қабылданады.

2006 жылдың ішінде облыс әкімінің  аппаратына Президент Әкімшілігінен,   премьер-министр кацеляриясынан, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарынан 2492 құжаттар келіп түсті. Бұл құжаттар мазмұны бойынша: нормативті-құқықтық актілер, Президент бұйрықтары, Қазақстан Республикасының премьер-министрінің, оның орынбасарларының, министрлердің тапсырмалары тағы да басқа мәліметтерден құралған. Олардың ішінен облыс әкімдеріне нақты тапсырмалары және белгілі уақытпен шектелген  бар  1869 құжат назарға алынды. 1013 қысқа мерзімді тапсырмалар орындалды. Және де көптеген тапсырмаларды орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Жоғарыда аталған органдардың актілері облыста әкімдер мен әкімшіліктердің  қабылдаған облыстық бағдарламалары және нормативті-құқықтық актілері негізінде атқарылады.

Қазіргі кезде облыс әкімшілігінің 49 жарлығы бақылауға алынған. Халықпен кездесу , жиналыстар мен басқа да шаралар бойынша әкімдердің берген бұйрықтары мен тапсырмалары да назарға алынады. Облыс департаменттері мен басқармалардың басшыларына 337 тапсырма берілген, оның 241 – ұзақ мерзімді сипатта, ал 96 тапсырма орындалды.

 

 

 

Кесте 2

Аудан аты

Тапсырмалар саны

Орындау мерзімі аяқталмаған және үнемі бақылауда болатын тапсырмалар саны

Орындалған тапсырмалар саны

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

 

Арыс қаласы

Кентау қаласы

Түркістан қаласы

Шымкент қаласы

Бәйдібек ауданы

Қазығұрт ауданы

Мақтарал ауданы

Ордабасы ауданы

Отырар ауданы

Сайрам ауданы

Сарыағаш ауданы

Созақ ауданы

Төлеби ауданы

Түлкібас ауданы

Шардара ауданы

 

110

114

110

131

92

109

106

108

102

108

115

103

111

109

106

 

50

51

41

66

38

50

49

48

51

54

55

58

47

54

55

 

60

63

69

65

54

59

57

60

51

54

60

45

64

55

51


 

2006 жылы облыс әкімінің аппаратына 2311 аса жазбаша арыздар түсті, әкімдер мен орынбасарлары 400-ден  аса азаматтарды қабылдады. Облыс  халқының арыздану себептер сарапталып  отырып, осы мәселелер мен сұрақтарды шешуде қажетті шаралар жасалып жатыр.

Информация о работе Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі