Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………............3

І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны..............................4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы........................7
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері................................11

ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.................................................................................................................17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы.................................................................................................22

ІІІ. Қ.Р-да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
3..1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері..........................................................24
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары...........................29



Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер.....................................

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_3175.doc

— 233.00 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………............3

 

І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері

1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны..............................4

1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы........................7

1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері................................11

 

ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары

2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.................................................................................................................17

2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық  жағдайы.................................................................................................22

 

ІІІ.   Қ.Р-да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары

3..1.Қазақстан Республикасындағы  Жергілікті мемлекеттік басқарудың  қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері..........................................................24                                  

3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру  бағыттары...........................29

 

 

 

Қорытынды........................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.

Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады.

Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпымемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді.

Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т.б. бақылаулар арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды.

Президентіміздің биылғы жылғы халыққа Жолдауында тұрғын - үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты арзандату мақсатында тұрғын-үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс" дей келе, "облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, дансаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс" деп нақты әрі ашық міндеттерді алға тартты.

Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

 

 

 

 

 

І.    Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері

 

    1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны

 

Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы органның құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін, сондай-ақ, маслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қалайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституцияның 8-ші бөлімінің 85 бабында жазылған жергілікті мемлекеттік басқару тиісті аумақтағы істің жай - күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқару органдарының тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуді, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет коммуналдық заңда тұлғаларға  бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:

  1. Жалпы  мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
  2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.
  3. Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік стандартты ұстану.

4. Азаматтардың құқықтары  мен заңды мүдделерінің сақталуын  қамтамасыз ету.

Аймақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімшіліктердің қолданатын жоспарлары елдің стратегиялық даму жоспарына сәйкес келуі тиіс және оларға бірыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтер көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.

Жергілікті өкілді орган мәслихат халықтың, өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген.

Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңында жазылған: "Жергілікті өкілді орган - мәслихат - бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды білгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган".

Жергілікті өкілді органның өзіндік ерешеліктері. Мәслихат өзінің қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты мәселелерді шешуге құқылы халықтың кең тараған өкілді органы. Мәслихаттар күнделікті қыхметтерінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады.

Мәслихат аппараты дегеніміз - бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекеме. Мәлихаттардың ең басты ерекшеліктерінің бірі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністерінің жергілікті тұрғылықты азаматтарына тек мәслихат депутаттарының қойылмайтындығы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың қызметтері:

  1. Негізгі өкілеттікті анықтайтын жалпы мәселелер:
  • тиісті аумақты дамытудың жоспарлары, әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларын жергілікті бюджеттік және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту.
  • Тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту және осы мәселеге қатысты өзге де жағдайларды шешу.
  • әкімшілік ұсынысы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту.
  • әкімшілік ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімшіліктің дербес құрылымын бекіту.
  • Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламасын бекіту.
  1. Мәлихаттың айрықша өкілеттігі:
  • өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұғымының шекараларының айқындау мәселелерін шешу.
  • Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың және ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.
  • Қазақстан Республикасының әкімішілік-құқық бұзушылық туралы кодексінесәйкес әкімшілік құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленген еределерді бекіту.
  • Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардыңжергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау.
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  • Маслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құру, олардың қызметтері туралы есептерді тыңдау тағы да басқа мәселелер.

Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:

- аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергілікті атқарушы  органдардың және әлеуметтік  бағдарламаларын, жергілікті басшыларын  қызметке тағайындау бюджетті  әзірлеу және қызметтен босату, жергілікті қамтамасыз ету.

- жергілікті атқарушы  органдардың басшыларын қызметке  тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың  жұмысын ұйымдастыруға байланысты  өзге де мәселелерді шешу.

  • коммуналдық меншікті басқару.

- Жергілікті мемлекеттік  басқару мүддесіне сай республика заңдарымен жергілікті атқару органдарға жүктелетін өз ге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

    1. Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы

 

Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады.

Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) - сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар, өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция, департамент, қауым, т.б.)

Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық бөліктер құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап, белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен жоғары тұратын билік деңгеімен және мемлекеттік басқару органымен ара қатынасын заңдастыру қажет.

Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшелінетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды кешенді пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді (1 кесте).

Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі. Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жүзеге асырылады.

Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды, тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.

Информация о работе Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі