«ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 19:34, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.

Содержание

Кіріспе
3
1 Басқарудағы персоналды еңбегін ынталандырудың теориялық негіздері

1.1 Персоналды басқарудың мәні мен маңызы
5
1.2 Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
9
1.3 Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың шетелдік тәжірибесі

13
2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау

2.1 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның жалпы ұйымдастырушылық сипаттамасы

17
2.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
20
2.3 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның басқарудағы персоналды еңбегін ынталадыруды бағалау

23
3 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды еңбегін басқару және ынталандыру жолдары

3.1 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персонал еңбегінің тиімділігін ұйымдастыру

27
3.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды басқару мен ынталандыру бағыттары

30
Қорытынды
34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Kursovoy.doc

— 856.50 Кб (Скачать файл)

 

3.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды басқару мен ынталандыру бағыттары

 

 Қазіргі  уақыттағы әлемдік нарықтағы  болып жатқан өзгерістер Қазақстан  экономикасына да елеулі әсерін  тигізуде. Зейнетақы жүйесі республиканың  әлеуметтік - экономикалық жүйесіндегі қарқынды дамушы секторлардың бірі болып табылады. Осыған қарамастан, он жылдан астам уақыт шамасында қызмет етіп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы қорының өзіндік проблемалары бар. Сондықтан зейнетақы жүйесін қолдау және дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының басымдылықты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары оны одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау үзақ мерзімді ішкі инвестициялар көздері ретіедегі зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтікжәне саяси модернизация жолында" атты жолдауында " Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттанрын қалыптастыру қажет" екендігін алға қойды, сонымен " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Қазақстан Республикасы халқына жолдауында  " ағымдағы іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз" деп атап өтті. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы лдердің жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған. Жолдауда көрсетілгендей, зейнетақы мөлшерлемесін ұлғайту зейнеткерлердің тұрмыс- жағдайын жақсарта отырып, әлемдік рейтингте жақсы көрсеткіштерге ие болуға бағыт алады.

Ерекше мəртебеге ие болған жəне еліміздің зейнетақы реформасына  бастама болған «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы  қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылы 24 қыркүйекте құрылған. Зейнетақы реформасы басында, салымшылар зейнетақы қорын таңдауда өз таңдауларын айқындамаған кезде, салымшылардың барлығына ГНПФ-те қызмет көрсетілді.

«ГНПФ »ЖЗҚ »АҚ мынадай бағыттарға негізделеді:

– салымшылар мен алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдау құқығын беру;

– жүйеге барлық жұмыс істейтін халықтың міндетті түрде қатысуы;

– зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандырудың басқа формаларын шектеу;

– салымшылардың зейнетақы жинақ ақшасының дербестендірілген есебі алынады, егер:

– зейнетақымен қамсыздарылуға құқығы бар әрбір адамға әлеуметтік жеке код иелену және салымшының иеленген әлеуметтік жеке кодына сәйкес зейнетақы жарналарын бұдан әрі аудару;

– зейнетақы жарналарын есептеу және жеке зейнетақы шоттарында қалыптасқан жинақ ақшаларын сақтау

– зейнетақы жинақ ақшаларын сақтау кепілдік мыналар есебінен:

– салымшының зейнетке шығу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріндегі зейнетақы жинақ ақшасының сақталуына мемлекет кепілдігі;

– жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына немесе алушыларына зейнетақы жинақ ақшасының жағдайы туралы ақпараттарды міндетті түрде беру

      – жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың қызметтерін мемлекеттік реттеу (жинақтаушы зейнетақы қор (ЖЗҚ), кастодион –банк және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдар (ЗАИБҰ)), ЖЗҚ, ЗАИБҰ, кастодион – банктерді лицензиялау және пруденциалды реттеу, қаржылық және статистикалық есеп беру негізінде олардың қызметтер мониторингі, сондай-ақ, жылдық қаржылық есеп берудің жыл сайынғы аудиті, зейнетақы активтерін басқару және әртараптандыру жөніндегі талаптарды орындау үшін міндетті ендіру.

Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бағытында қолданылып жатқан шаралар әлемдік тәжірибедегі жоғалтқан табысты алмастыру стандартына жақындауымызға мүмкіндік беріп отыр.

«ГНПФ»ЖЗҚ»  АҚ ұйымдастырудың бағыттары:

– зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу;

       – зейнетақы каржы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарды жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;

– азаматтарды белгіленген зейнетақының аз мөлшерімен қамтамасыз етуге тікелей мемлекеттік кепілдік беру;

– зейнетақы және басқа әлеуметтік қамтамасыз ету формаларына шек кою;

– зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастағы әр азаматтың қатысуы міндеттілігі;

– енбекке қабілетті азаматтардың қартайған шағында өздерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне жеке жауапкершілігі;

– жинақтаушы зейнетақы қорларына ақша салудың қауіпсіздігі мен сақталуынын халықка тиімділігі;

– жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақыға азаматтардың мұрагерлік құқығын қамтамасыз ету;

– әр азаматтың өз еркімен қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілу кұқығы;

– азаматтардың зейнетақысын сақтауы инвестиция арқылы экономикаға қосқан үлесі айқындалады.

«ГНПФ» зейнетақы қорының  қызметі Қазақстанның барлық өңірінде толық кешенді зейнетақы қызметін ұсынуға бағытталған. Қазіргі кезде  Қордың Қазақстан бойынша 18 филиалы, және 117 агенттік пункті жұмыс істейді. Осылайша,  ГНПФ-тің өңірлік желісі республикамыздағы жинақтаушы зейнетақы қорларының ішіндегі ең тұрақтысы және тармақталғаны болып табылады. Ауқымды өңірлік желі барлық өңірлердің, кішігірім қалалар мен ауыл тұрғындарының Қор қызметін пайдалануын қолайлы етеді.

 Қаіргі жағдайда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ- ның кешенді қадағалау жүйесі мен зейнетақылық қызмет көрсету нарығын реттеу, жоғары дәрежелі ақпараттық-технологиямен қамтамасыз ету және техникамен қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды жүзеге асырудың бағыттары айқындалды. Республикалық жинақтау жүйесінде біріңғай жүйеленбеген маркетингтің әр түрлі элементтері бар. Осы меркетингтік жүйені дамыту арқылы, зейнетақы жүйесімен қамсыздандыру персоналдары адамдарға жақсы жарнама жасай отырып, өзінің жағдайын және болашақ зейнеткерлердің қолайлылығын қамтамасыз етуді көздейді.

«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ салымшыларына арналған артықшылықтары:

          – жазатайым жағдайлардан тегін сақтандыру;

         – «Дисконт клубы» бағдарламасының аясында қор салымшылары ГНПФ серіктестерінің тауарлары мен қызметтерін жеңілдікпен ала алады;

– кредиттеу мен ипотека алу үшін серіктес банктерден жеңілдетілген талаптар.

Бүгінде, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік  қоғамы – бұл жалғыз акционер Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі (100% акциялар) арқылы мемлекеттің қатысы бар, еліміздің қарқынды дамып келе жатқан қоры. Клиенттерге бағытталған стратегияның арқасында «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ басты нәрсеге қол жеткізді бұл- 1,8 миллион салымшылардың тарапынан «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ - на артылған сенімі болып табылады.

Салымшыларға  зейнеткерлікке жеткен кезде қаржылық еркіндік жағдайын тудыру үшін, "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ сеніп тапсырылған зейнетақы жинақтарын басқарудың тиімділігі, зейнетақы қызметтерінің қолайлылығы мен сапасы сияқты қалыптасқан дәстүрлерді сенімді түрде алға тартуда.

Қазіргі Қордың дамуынд сипаттайтын көрсеткіштерге  мыналар кіреді:

– бизнес - процесстер мен ақпараттық жүйелердің қаржы нарығының жəне заңнамасының өзгеріп тұратын жағдайларына жедел түрде бейімделу;

–  жоғары білікті мамандардың клиенттерге қызмет көрсетуі;

–  зейнетақы реформасы мен зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша халықпен ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

– интернет арналары бойынша интерактивті қызмет көрсетуді қосқандағы, өзара əрекеттесудің кез келген мүмкін жəне қорғалған арналары арқылы қызмет көрсету;

– қаржы нарығының қатысушыларымен, Қордың салымшылары мен қызметкерлерімен өзара əрекеттестікте əділдік жəне айқындылылық ұстанымдарына шынайы берілгендік, ұмтылыс.

Осылайша, Қордың қаржылық жағдайын дамытумен қатар , алдыға қойылған мақсаттарды іске асыру, жинақталған зейнетақы қаражатын сақтауға, көбейтуге жəне оны төлеуге, сондай - ақ зейнетақымен қамсыздандырудың отандық жүйесін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді қарым - қатынастарды құру арқылы азаматтарды əлеуметтік қорғау мүддесіне арналады.

 

         

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

Қорытынды

Персоналды  басқарудың қызметінде еңбекті ынталандыру  негізгі орынға ие және оның басты  қызметі-салымшылар санын көбейтіп, экономиканы жандандыру.Кәсіпорынның жоғары басқармасында персоналды басқару өмірлік маңызды элементке айналды. Персоналды басқару жалпы басшылыққа және стратегиялық жоспарлауға ену керек деп санайтын фирмалар  саны жыл санап өсуде. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасының негізін қазіргі уақытта қызметкерлердің жеке тұлға ретіндегі ролінің өсуі, ұйымның алдына қойған мақсатына сәйкес оларды ұйымдастыру және бағыттау жатады.

«Қазакстан Республикасының еңбек» туралы заңы  еңбек қатынастары саласында туындайтын мәселелер санынын қысқартуға, жұмыс беруші мен қазметкер үшін қарастырылған көптеген міндеттемелер мен құқықтарды орындауға көмектеседі. Персоналды оқыту, персонал мотивациясы, қызметкерлер біліктілігінің дәрежесін бағалау-  кадрлар потенциялының өсуіне, ұйым алдында тұрған міндетті орындауға деген күшті мотивациясы, жоғары мүмкіндіктері бар еңбек қорларын құруға әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасындағы  дамыған, дамып келе жатқан компаниялар  тиімді басқару үлгісін таңдау үшін өзіміздің әдеп – ғұрпымызды ескере отырып, әлемде жақсы нәтижеге жетіп отырған елдердің алдыңғы қатарлы компанияларының персоналды басқару стилін қолдануымыз керек. Персонал қызметін ұйымдастырудағы және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарға - белгілі бір кәсіпорынды басқару шеңберіндегі басқарушылыр мен бағыныштылар арасында достық қарым – қатынасты орнату және басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің болуы.

Қазақстан нарығында  мемкекеттік бюджетін қалыптастыруда улкен улесін алатын «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ еліміздің ең ірі жинақтаушы зейнетақы қорларының бірі болып табылады және барлық қорлар арасында салымшылар саны бойынша көшбасшы үштігіне кіреді, ол халық тарапынан көрсетілген сенім дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар«ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері мен жарналары, инвестициялық кіріс және жинақтаған зейнетақы қаражатын төлеу бойынша да жетекші позицияға ие.

«ГНПФ»ЖЗҚ»  АҚ негізгі факторы - халықтың болашақ  қорларын қалыптастыру және ел экономикасын дамыту болып табылады. Сонымен қатар , «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ - инвестициялық стратегиясы сенімділік, тұрақтылық, қауіпсіздік және салымдарды тиімді басқару талаптарына сай келетін инвестициялар қоржынын қалыптастыру арқылы жинақталған зейнетақы қаражатын сақтауға бағытталған.

Даму стратегиясын айқындау кезінде Президенттің «Жаңа  онжылдық - жаңаэкономикалық өрлеу  – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында қойылған міндеттеріне, оның ішінде зейнетақы  қорлары үшін өзекті мəселе - өмір сапасын жақсарту жəне əлеуметтік қорғауға баса назар аудару керек.Осыған байланысты, болашақта бүгінгі салымшыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, зейнетақы активтерінің құны мен құндылығын сақтау мақсатымен оларды тиімді инвестициялық басқару - зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті болып қала береді.

«Жалпыға ортақ  қор» мəртебесін алып тастағаннан кейін, ГНПФ жаңадан құрылған зейнетақы  қорларымен бірге зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметін жалғастырып келеді.

Қабылданған стратегия  жəне қалыпты-консервативті инвестициялық  саясат, салымшылар саны мен жинақталған  зейнетақы қаражатының көлемі жөнінен  нарықта көшбасшы ретіндегі позицияны  сақтауға себепші, сондай-ақ салымшылардың  жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына мүмкіндік беретін инвестициялық кірістің қалыпты деңгейін   қалыптастырады. Орта мерзімді болашақта ГНПФ клиенттік базаның өсуін, инвестицияланатын зейнетақы активтерінің көлемдерінің, инвестициялық кірістің артуын жəне сəйкесінше капитализацияның артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы жинақталған зейнетақы қаражатын жоспарлау мен қалыптастыру технологияларын пайдалана отырып салымшылармен жұмысты ұйымдастыруда жаңа əдістерді əзірлеу міндетін жүктейді. Клиенттер мен инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізгі стратегиялық мақсаты: қызметімізде, оның сапалы көрсетілуіне баса назар аудару арқылы қаржылық жетістіктерге қол жеткізу.

      «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ жүзеге асыратын қызмет, бірінші кезекте зейнетақы кірісінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы көрінетін салымшылардың мұқтаждықтарын іске асыруға бағытталған.

Қорытындылай  келе, Қор өзінің міндетін табысты іске асыру үшін бұдан бұрын қабылданған бағыттың жалғасы болып табылатын позициясын айқындап алды. Бұдан келе, дамудың осы кезеңінде Қордың бағыты мен міндеті қалыптастырылды.

     

Информация о работе «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау