Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:20, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсету.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................. 3-5 бет

І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ............................... 6-11 бет

1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері .................................................... 6-11 бет

1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы............................................................. 12-22 бет

ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері .................................................................... 23-37 бет

2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ................................................................... 23-37 бет

2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі ..................................................... 38-55 бет

Қорытынды ................................................................................... 56-57 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................... 58-59 бет

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-білім-мазмұнындағы-Абай-шығармаларындағы-құлықтық-тәрбие-мәселелері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

    Халқына  өлмес  мұра,  ұлылық  ой  қалдырып,  ұлтымыздың  рухани көсеміне  айналған  Абай  тұлғасы – бүкіл  адамзатқа,  әсіресе  жастарға  үлгі- өнеге  боларлық  тұлға.

    Абай – халқын бауырластық  пен  ауызбірлікке,  жемісте  де  қажырлы  еңбекке,  оқу – білімге,  ғылым  мен  мәдениетке  әлемдегі  ізгілікті үлгілерден үйренуге  үндеген  қазақ  халқының  басына  біткен  бағы.  Абай  даналығын  шәкірттерге  таныту,  оларды  Абай  шығармалары  арқылы  адамгершілік  пен  ізгілікке  тәрбиелеу  қазіргі кездегі мектеп  алдында тұрған  басты  мақсат болып   табылады. [13] 93-112 б.

    Ендігі  мәселе – бастауыш  сыныпта  алынған  өлеңдер  қалай  оқытылуы,  түсіндірілуі  тиіс?

    Ең  алдымен,  төменгі  сыныптарда  оқушыларды  мәнерлеп,  әуезді – сазды ерекшеліктерін  сақтай  отырып  оқуға  үйретіп,  сонан  соң  оқығанын  түсіне  білуге  жетелеген  жөн.  Бұл  мәтіндегі  сөздерді  түсіндіруден  барып  қалыптасады.  Сондықтан   көрсетілген өлеңдерді  оқытудың  әдістемесі  сыныбына  қарай  алуан  түрлі  болып  іске  асырылады. (Мысалы,  іштен  оқу  жоғары  сыныптарда  басым, т.б.).

    Көбінесе  Абай  өлеңдерін  мәнерлеп  оқу  үлгісін  мұғалім  өзі  көрсетеді.  Осыдан  кейін  өлеңдегі  сөздер  мен  тіркестерге  ерекше  тоқталып, олардың  мән мағынасын  ашуы,  сөздердің,  тіркестердің  мағыналас   қатарын,  синонимдерін  тапқызу  қажет.  Бұл  ретте  өмірден  қарапайым  мысалдар  келтіріп,   салыстырып  әңгімелеудің  мәні  ерекше.  Мысалы,  «әсемпаз  болма  әрнеге» өлеңіндегі «әсемпаз»,  «өнерпаз» сөздерінің  мәнін  ұғындаруда  «әсемпаз  адам  қандай ?»,  «өнерпаз  адам  ше ?»,  Неге  Абай  «арқалан» деп  тұр?  «Сен  де  бір  кірпіш» дегенінесі?  «Кетігі»  деген  сөзді  қалай  түсінесің? Оны  тағы  қандай сөздермен  ауыстыруға  болады? т.б.  сұрауларға  оқушылардың  өздерінен  жауап  алу – оларды  ойлантуға,  онан  әрі  өз  пікірі  мен  ойын  ауызша  жеткізуге  жетелейді, яғни  ойы  мен  тілін  дамытады.  Ал  оқып  отырған  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясын  түсіндіруге  ақынның  көзқарасын  оның  ой – пікірімен қоса түсіндіру, өмірмен  байланыстыру, баланың  жан  дүниесіне  әсер  ету  сияқты  мәселелерді  бала  түсінігіне  сай  жеткізу  мұғалімнің  әдіскерлігіне,  шеберлігіне, тіл  байлығына  байланысты.

    Осылардың  бәрінің  түйіні,  сайып  келгенде,  Абай  өлеңдеріндегі  сұлу  суреттеулерге,  теңеулерге,  т.б  оқушы  көңілін  аударту.  Балаларға  шығарманың   көркемдігін,  бейнелілігін  танытып  тұрған  көркем  сөздерге  тоқталу.  Айталық,  суреттеп  тұр  ма,  сипаттап  тұр  ма? т.б.  анықтап  алған  соң,  оқушыларға  сол  сөздерді  тапқызу. Мысалы, «Күз» өлеңіндегі  «сұр  бұлт», «дымқыл  тұман»  тіркестерінің  мәнін  ашу  арқылы  табиғат  құбылыстарын,  ауа – райындағы  өзгерістерді  көз  алдарына  елестеткізу,  ол  өзгерісті  қазақ  тұрмысын  байланыстыра  баяндату,  мұндағы  суреттеу  тәсіліне  тоқталу  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  оятуға  әбден  болады. [14] 65-78 б.

    Бастауыш «Ана  тілі» өқулықтарындағы  Абай  шығармалардың  берілу  тәртібін сызба  арқылы  көрсетейік:

 

 

 

 

 

Бастауыш  білім  мазмұнындағы  Абай  шығармалары.

 

Оқулық

Авторлар

Берілген Абай       шығармаларының  тақырыптары.

1

«Ана  тілі» 1-сыныпқа  арналған Алматы, «Атамұра»

Әуелбаев Ш.

Наурызбаева Ә.

Ізғұттынова Р.

Тәжімбаев  С.

«Қыс»

 «Адам  болам десеңіз»

2

«Ана- тілі» 2- сыныпқа арналған.

Алматы, «Атамұра»

Рахметова С.

Жаманқұлов П.

Қабатаева Б.

«Күз»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Желсіз  түнде  жарық  ай»

3

«Ана тілі» 3-сыныпқа  арналған.

Алматы, «Атамұра»

1999ж

Әбдікәрімова Т.

Рахметова  С.

Қабатаева  Б.

Абайдың  Крыловтан  аудармасы – «Шегіртке  мен  құмырсқа»

«Қыс»,  «Жазғытұры»,  «Жаз»,  «Адам болам  десеңіз»

4

«Ана  тілі» 4-сыныпқа  арналған.

Алматы, «Атамұра» 2002

Рахметова  С.

Әбдікәрімова  Т.

Қабатаева Б.

«Абайдың  қара  сөзі»


 

Бастауыш  сынып  білім  мазмұнында  Абай  туралы  қандай  шығармалар  берілген  деген  сұраққа  жауап  берсек, 2-сыныпта  М.Әуезовтың  «Бала  Абай», Т.Жұртбайдың  «Бала  Мұхтар  мен  Абай»,  3-сыныпта  ел  аузынан  жазылып  алынған «Абай  мен  Әбіш », К.Оразалиннің «Абай  шаңырағы»,  М.Әуезовтің  «Боран»,  «Әке  арманы», 4- сыныпта  М.Әуезовтың  «Бүлдірген  тере  барғанда»  деген   шығармалары  келтірілген.  Абай  шығармаларының  және  Абай  туралы  шығармалардың  бастауышта  әр  сыныпта  осылайша  топтаса  берілуін біз  оқулықтың ұтымды  жағы ретінде  атап  өткіміз  келеді.  Өйткені,  бұл  шығармалардың  қай – қайсысының  болмасын  танымдық – тәрбиелік, дамытушылық  мүмкіндіктері  мол.  Абай  туралы  шығармалардан  ақынның  өмірі,  өскен  ортасы,  көзқарасы туралы  мағлұматтар  алса,  Абайдың  төл  туындылары – оларды  адамгершілікке  тәрбиелеу  мектебі.  Өйткені  Абайдың  қай  шығармасын  алып  қарасақ  та,  адамгершілік  мәселесі  ту  етіп  көрсетілген.  Оған  көзімізді  келесі  сызба  арқылы  жеткізуге  болады.[15] 64-79 б.

 

Абай  шығармаларындағы  адамгершілік  мәселесі.

 

«Ғылым  таппай мақтанба»

Ғылым  таппай  мақтанба,  Орын таппай  баптанба

Дүние  де  мал  да  өзі

Ғылымға  көңіл  бөлсеңіз.

Ғылымға, өнерге  шақыру

Қара  сөзінен

Күллі  адам  баласын  қор

Қылатын  үш  нәрсе  бар.  Сонан  қашпақ  керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік,  үшінші – залымдық.

 

И.Крыловтан аударма

«Шегіртке мен құмырсқа»

 

 

Ала  жаздай  ән салсаң

Селкілде  де  билей  бер.

Еңбекке  шақыру

 «Қыс»,

 «Жазғытұры»,

 «Жаз»,

 «Күз»,

 «Желсіз түнде жарық  ай»

 

 

Табиғат  лирикасы,  сұлулықты  сезінуге баулу.

 

      Бастауыш  сынып  балаларының  жанына  жақын  Абайдың  табиғат  лирикасы  мен  өсиеттері.  Абайдың  табиғат  лирикалары  өз  алдына  жеке  сөз  етуді  міндеттейді.  «Абай  бейнелеген  жаз  бен  қыс,  көктем  мен күз,  жайлаудағы  ауыл,  даланың  түнгі  тынысы,  әр  түрлі  кейіптегі  табиғат көріністері  ғана  емес,  адам жанының құбылыстарымен,  елдің  тіршілік – тынысымен  тікелей  байланысты  өміршең  суреттер» дейді  ғалым  Т.Ақшолақова.

    Абай – табиғатқа  жан бітіре, көркем  де  әсерлі бейнелеудің  теңдесі  жоқ  шебері. Абайға дейін  қазақта табиғаттың белгілі бір  сәтін,  көрінісін  немесе  жылдың  әр мезгілін  арнайы  жеке  өлең етіп  жазу  дәстүрі  болмаған.  Ақынның  айтуынша  табиғат – күллі  тіршілік  атаулыны  құтты  қоныс  мекені,   алтын  ұя,  тал бесігі,  Абайдың  осы  тақырыпқа жазылған   шығармалық  мазмұны  қоршаған  табиғаттың  жанды  бояуын,  іңкәр  сәтін  кінәрәтсіз құрметпен,  оның  ішінде  қазақтың  барлық  іс- әрекетін,  салт- дәстүрін,  мінез,  ой  қабілетін  көрсете  білгенін  дәлелдеді.

    Сондай  туындылардың  бірі – “Жазғытұры” өлеңі.  Көктемнің  жазға ұласар  шағындағы  қазақ  жерінің  табиғаты  мен  елінің  тіршілігіндегі  көркем  де  көңілді  өзгерістер  ғажайып  суретті  тілмен,  құлпырған  жарқын  бояқтармен, қуанышты  көңіл  күймен  жырланады.  Дала  табиғатының  әсе  де  шат  үнге, алуан  түрлі  құлпырған  бояқтарға  толы  көрінісі  мен  қыр  елінің  жайдары  да  қуанышты  абыр-дабырлы  тіршілігінің ғажап  салтанатын  ақынның  қалай  суреттеп  жеткізгенін  сөзбен  айтып  беру  мүмкін  емес.  Масатыдай  құлпырған  жер,  аң- құстың, адамдардың  қуанышты,  ата – анадай  елжіреген Күн,  жан – жануар,  жәндіктің,  ағаш  пен  гүлдің  Анасы  Жердің  иіп  емізуі,  әкеңдей  алып  Аспан,  Күн- күйеу,  Жер-қалыңдықтың  сағынышы,  Жер- қалыңдықтың  көңілі  Күн  лебіне  тойғаннан  соң,  толысып  тоты  құстай  түрленуі- бәрі-бәрі  оқушының  күз  алдына  үлкен  алдына панорама  туғызғанда,  оларға Абайдың  ақындық  пафосын  аңғартады.  Өлеңді  оқып  тұрып:  “Балалар,  тыңдандаршы,  осы  өлеңде  адамдардың  дауысы,  күлкісі  естіле  ме?” деп  сұраймыз.  Балалар  қуана  шу  ете  түседі: “Апай  естіледі, кемпір – шалдың  дауысы,  балалардың  дауысы,  қозы – лақ қуған, таймен  шапқан  балалардың  шуы,  қыз – келіншектердің әдемі дауысы  естіледі”. Содан  соң  өлеңді  оқып  отырып,  оған  көз  жеткізеді   де  бала  жаны  қиялмен  жазғытұрымдағы  жайлауға  кетеді.

    Абай  шығармалары  1- сыныптан  бастап  бастауыш  сынып  бағдарламасына енген.  1-2 сыныпта  оқытылатын  “Ғылым  таппай  мақтанба”,  “Әсемпаз  болма  әрнеге”, “Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім” өлеңдерінің  тәрбиелік  мәні  ерекше. Ақын  осы  өлеңдері   арқылы  адамгершілік  қасиеттерді  дәріптеп,  жат  қылықтан  жирендіріп,  оқушыға  үлкен  ой  салады.  3-4  сыныптардан  оқушылар ақынның  табиғат  лирикаларымен,  аудармасымен,  қара  сөзімен  танысады. [16] 46-59 б.

    Абай  шығармаларын  бастауыш  сыныптарда  тәрбиелік  мақсатта  пайдалануда  педагог- ғалымдар  мен  психологтардың  жас ерекшеліктері  туралы  ілімі  және  Абайдың  жас  балаларға  арнаған  тәрбиелік  пікірлеріне  сүйену  іс- шаралардың  нәтижелі  болуының  кепілі.

    Абай  атамыз  жер  ортасы  жасқа  келгенде  бірыңғай  кітап  оқып,  өлең  жазуға  отырғанынан біз хабардар  болдық.  “Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім” өлеңі – осы  кезеңнің  алғашқы  туындыларының  бірі.  Оқу – білімді  шексіз  ардақтаған  ақын,  жасымнан  біржолата  ғылым  соңына  түспедім  деп  өкінеді.  Өз  заманының  ең  оқымысты  кісісі  бола  тұра,  білгенін   азырқанады.

    Абай,  өз  сөзімен  айтқанда,  “бұзылған  заманды  түзетудің” жолын  іздеді.  Сондағы  бір  сенгені  жаңаша терең  білім  алып  адамшылықты  бойына  мол   дарытып  өсер  ұрпақ  болады,  содан  көп үміт  қүтті.  Оның “Әсемпаз  болма  әрнеге” атты  түрі  мен  мазмұны  жаңа  тамаша  өлеңіне  сол  үміті  арқау  болған.

    Данышпан  ақын  жас ұрпаққа  ертеңгі  дүниенің  кем – кетігін  бүтіндеуші,  өмір  сарайының  құрылысшысы  деп  қарады.  Сондықтан  оған:  “Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге,  Кетігін  тап  та,  бар,  қалан !”-деп  аталық  әмір  беріп,  адамдық  ұлы  міндет  жүктейді. Ол  үшін  қайырымдылық  пен   адалдық  қайрат  пен  ақыл  керек  екенін  ескертеді.

     “Ғылым  таппай  мақтанба” – жас  ұрпаққа  деген  аталық   мейірден,  үміт  пен  сенімнен   туған  өлең.  Абай  “адам  болам” деген  жасөспірімге  тікелей  тіл  қатып,  ашыла сырласады,  тілі  де  жеңіл  түсінікті.  Ең  ардақты  мақсатың – ғылымды  меңгеру  дей  тұра, бес  зиянды   нәрседен аулақ  болып,  бес  асыл  қасиетті  бойыңа  дарытпасаң,  ғылымнан  да  опа  жоқ  дегенді  бірден  ашып  айтады.

    Дана  ұстаз  бұл  өсиет  өлеңін жазарда  көп  ойланып,  көп  толғанғаны байқалады.  Ол  бұрынғы өткен  “не  бұлбұл  шешен,  не  дүлдүл  көсемдерді” еске  алады.  Диуани  сықылды  атақты оқымыстылардың  айтқандарын  ой  елегінен  өткізеді  (өзі: “Ақыл  сенбей  сенбеңіз,  бір  іске  кез  келсеңіз”,- дейді  ғой).  Сөйтіп,  “тілеуі  мен  өмірі алдағы” ұрпағына  өлмейтін,  ескірмейтін  аылын  айтады.

Болмасаң  да ұқсап  бақ,

Бір  ғалымды  көрсеңіз.

Ондай  болмақ  қайда  деп

Айтпа  ғылым  сүйсеңіз,

- деген сияқты шексіз  сүйіспеншіліктен  туған  даналық  ақыл  кеңес  беріп,  жамандықтан  сақтандырады,  адамгершілікке  жетелейді. [17] 365-371 б.

    Әдебиет – сөз өнері,  “ішіндегі  пікірді,  қиялды үнін  тәртіптеп  қисынын,  қырын,  кестесін  келістіріп  сөз  арқылы  тысқа  шығару – сөз шығару” өнері  дегенімізде,  ең  алдымен,  өзі  айтқандай  “қуаты  оттай  бұрқыраған” /2/ сөздің иесі – Абай, оның артында  қалдырған  мол  мұрасы,  асыл  қазынасы – көркем  шығармалары  тілге  оралады.  Бастауышта Абайды  таныту,  оқушыларды  Абай  әлеміне  апару,   оқушыларға  ұлы  ақынның   шығармаларындағы  адамгершілік  мұраттарын  ашып  көрсету “Әдебиеттік  оқу” пәнінің  оқушыларды сөз  өнерінің  қыр – сырымен  таныстыру  арқылы  оларды  инабаттылыққа,  сұлулыққа  т.б.  тәрбиелеу  міндетімен астасып  жатыр.  Олай  деуімізге   толық  негіз бар.  Абай  шығармалары – сұлу сөзбен  өрнектелген  адамды  адамгершілік  тұрғысынан  жетілдіруді  көздейтін  үлкен  даналық  ойлармен  ұштасып  жатқан  философиялық   тұжырымдар.

    Абайдың  мұраты – адамды  адамгершілік,  кісілік  жағынан  жетілдіру  арқылы қоғамды,  қазақ  қоғамын  ілгері  дамыған  мәдениетті елдер қатарына  қосу.

    Саналы  ғұмырын  Абай  мұрасын  зерттеуге  арнаған  академик М.Әуезов  ол  туралы  “Сахараны  басқан  қара  түн – түнекті қақ  жарып, жалғыз  қолда  жалынды  жалғыз  шырақ  ұстап,  халқына  бет нұсқап:  «Таңың  белден  атады,  күнің  сонау  жақтан  шығады» – деп  кеткен  ақын  едің  дейді  тебіреніп .  Абайша  сөйлесек, “... жүрек  айтыпты: Мен – адамның   денесінің  патшасымын,  қан  менен  тарайды,  жан  менде  мекен   қылады,  менсіз  тіршілік  жоқ.  Жұмсақ  төсекте,  жылы  үйде  тамағы  тоқ  жатқан  кісіге  төсексіз  кедейдің,  тоңып  жүрген киімсіздің,  тамақсыз  аштың  күй – жайы  қандай  болып  жатыр  екен  деп  ойлатып,  жанын  ашытып, ұйқысын  ашып,  төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен  ұят  сақтап,  кішіге  рақым қылдыратын – мен ,  бірақ  мені  таза  сақтай  алмайды, ақырында  қор  қылады.  Мен  таза  болсам  адам  баласын  алаламаймын:  жақсылыққа  елжіреп,  аритұғын – мен  жаманшылықтан жиреніп,  тулап кететұғын – мен, әділет,  нысап,  ұят,  рақым,  мейірбаншылық  дейтұғын  нәрселердің бәрі  менен  шығады,  менсіз осылардың көрген  күні  не  ?”. Ұлы  ұстаздың  осы  ұлағатты  сөзінің  мағынасын ашатындай  мәтіндер бастауыш  “Ана  тілі”  оқулықтарында  төмендегідей  ретпен  берілген:  “Ғылым  таппай  мақтанба”,  “Желсіз  түнде  жарық  ай”,  “Күз” (ІІ сынып);

Информация о работе Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері