Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:20, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсету.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................. 3-5 бет

І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ............................... 6-11 бет

1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері .................................................... 6-11 бет

1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы............................................................. 12-22 бет

ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері .................................................................... 23-37 бет

2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ................................................................... 23-37 бет

2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі ..................................................... 38-55 бет

Қорытынды ................................................................................... 56-57 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................... 58-59 бет

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-білім-мазмұнындағы-Абай-шығармаларындағы-құлықтық-тәрбие-мәселелері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

-  Ақ  киімді,  ақ  сақалды  Аяз  атаға.

-  Өлеңдегі  шалдың  мінезі  қандай ?

-  Ол – қатал, соқыр,  мылқау  адам сияқты.

-   Соқыр, мылқау  дейтін  себебі  не ?

-   Ол  ештеңені  көрмейді,  аямайды,  бәрін  тоңдырады.

-  Түрі,  түсі  қандай ?

- Түсі  ақ қырау  сияқты,  түсі  суық.

- « Түсі  суық» дегенді  қалай  түсінесіңдер ?

- Қатал,  ашулы Адамның  түсі  суық  болады.

            4. Дауыстап  оқу (мәнерлеп  оқу  талабы  қойылады).

    5.  «Сөзбен» сурет  салу.  Ол үшін  бірінші  шумақ бойынша  мынандай  сұрақтарды  қамтитын  жоспар  жасалады:

    1)  Шалдың киімді  қандай ? (Аппақ). 2). Денесі,  түрі  қандай? (Денесі  ұзын, ақ  сақалды). 3). Мінезі  қандай ? (Мінезі  қатал,  ештеңені көрмейтін  соқыр  адам  сияқты). 4) Үсті  қандай ? (Үстін ақ  қырау,  мұз басқан, сондықтан  жүргенде сықырлайды).

    Осы айтылғандарды  көз  алдарыңа келтірсеңдер,  сонда қыстың  қатал көрінісі  немесе  сұсты  Аяз  ата  елестейді.  Егер  сендер  суретші  болсаңдар  осы  суретті  қалай  салар  едіңдер деп,  оқушыларға ауызша «сөзбен» сурет   салғызады.  Екінші  шумақтағы «Бұлттай  қасы  жауып  екі  көзін» дегенде,  ақын  қысты  аспанды  торлаған  бұлтты  айтып  тұр.  Қыста  бұлт  қар  болып түседі.  Егер  жел   болып  тұрса, ұйытқып  жауады.  Шумақтың екі  жолын  оқушылардың өздерінше  суреттеп  айтып  беруді ұсынады.  Ал  екінші  шумақтың  үшінші  жолындағы қатты бораннан  «алты  қанат  ақ  орда  үй  шайқалды» деген  сөйлемді  жете ұғындару  үшін  киіз  үйдің  макетін  пайдаланған  тиімді.  Үшінші шумақты  да  осылай  бейнелеп  айтқызуға  болады.

    6. Сөздік  жұмысын  жүргізу.

Соқыр, мылқау – түк көрмейтін,  аямайтын  қаталдық;

бұрқ – сарқ – қатты дауыл,  боран;

долданғанда – аяз, жел,  тым  күшейген;

шидем – шекпен (қалың киімнің  ең  сыртынан  киетін  жүннен  тоқылған  киім);

 

 

    7. Шығармашылық  жұмыс  жүргізіледі.

«Жазық,  орманды  даланы,  ауыл  көрінісін  көз  алдарыңа елестетіңдер» деп әр   қатарға жеке  тапсырма беріледі:  жазық даланы  бірінші  қатар,  орманды даланы  екінші, ал ауыл көрінісін  үшінші  қатар  әңгімелеп беруі  тиіс.

    Мұғалім «Жер  аппақ, теп – тегіс, ағаштар  көрпе  жамылғандай,  бүкіл  орман  тыныш - шатықта» деп  келіп,  осы айтылғандарын  көз  алдарына  1 – 2  минут  балалардың көзін  жұмғызып , елестетуді  ұсынады.  Осыдан  соң  біртіндеп  көздерін  ашқызып, «әне, қоян  көрінеді,  аю  қозғалды,  түлкі  жүгірді,  құстардың  даусы  естілген,  орман  жәндіктерінің  тіршілігі   басталды» деп, балаларға  түрлі елестер  беру  арқылы  оларға эмоциялық   әсер  бере  оқыта, оқушылардың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін,  сабаққа  деген  ынтасын  арттырады.  Әрине,  мұндай  творчестволық жұмыстың сәтті  шығуы  мұғалімдердің  шеберлігіне  байланысты.

    8. Қайталап  оқыту – мәнерлеп оқуға  жаттықтыру: а) оқи  отырып,  қай  жерде  аз,  қай  жерде  ұзақ  пауза  жасау  керек  екенін  аңғарту. Мысалы: 1-3- жолдардан кейін сәл  ғана  пауза  (себебі  ой  толық  аяқталмай,  әрі  қарай  жалғауды  қажет  етіп  тұр), 3-4- жолдардан  кейін  ұзақ  пауза (себебі  ой толық  аяқталады) жасалады. 5-6 –жолда  ұзақ  пауза (себебі  ой  толық  әрі  жалғасады), 7-8 –жолда ұзақ  пауза (себебі  ой  жинақталып  қалды) болады.         9-10-жолда  сәл  пауза (себебі  ой аяқтауды  қажет  етіп  тұр) 11-12 –жолда  ұзақ  пауза (себебі ой  аяқталады) жасалады.

    Мұғалім  бұдан  соң  өлеңнің  қай  жерлерін шапшаңдау  оқу  керек  екенін  ескертеді. «Боранды  бұрқ – сарқ  етіп  долданғанда,  Алты  қанат  ақ орда  үй  шайқалды.  Әуес  көріп  жүгірген  жас  балалар» деген  жерлер  жылдамдау  оқылуы  керек.  Осыдан  кейін  жоғарыдағы  қайталап,  яғни  мәнерлеп оқыту  жоспары  бойынша  оқушыларға  өлеңдегі  негізгі  ой  бөлшектерін  бөліп – бөліп  оқыту  қажет:

 1-шумақ – қыс көрінісі  немесе ақ  сақал шал;

 2- шумақ 1-2- жолы –қардың  жаууы;

 3- 4-жолы – боран, дауыл;

3-шумақтың 1-2-жолы- балалардың  көңіл-күйі, яғни  ойын;

3-2-жолы – малшылардың  жағдайы.

    Оқушылардан өлеңнің  ішкі  мазмұнына  беріліп  оқу  талап  етіліп,  оларды  үнемі  қадағалап отыру  керек.  Қойылатын  талап  мынандай  болғаны  дұрыс: 1 – оқушыға  1-шумақты бір  қалыпты  баяу және  әр  сөзді  анық,  салмақпен  оқыту. Бұл шумақтың ішкі  мазмұны  үлкендерше  сезінуге машықтандырады.  2-ші  оқушы  2-шумақтың   1-жолын  сәл  көтеріңкі  дауыспен,  қалған 3-жолды  шапшаңдау  оқыту керек.  Жалпы 2-шумақты  1-шумаққа  қарағанда  сәл  тезірек  және  сөздердің  мағынасына  қарай,  яғни  табиғат  құбылысының  өзгеру  ыңғайына  қарай  оқытқан  жөн.  Ал  3-шумақтың  1-жолын  көтеріңкі  дауысқа  салып  оқыса, 2-жолды жаймен  төмен  түсіп, 3-4- жолдарын біркелкі  баяу  ырғақпен  оқу  қажет.  Оқуға қойылатын  мұндай  талаптың  себептерін  мұғалім  оқушыларға  түсінікті  тілмен  жеткізуге  тиіс.

    6. Қорытындылап оқыту. Бұл  мұғалімнің  қайта  мәнерлеп  оқуға  немесе  ең  жақсы оқитын  оқушыға  мәнерлеп  оқыту  арқылы  іске  асырылады.

    Үйге  тапсырма: 1). Өлеңді  оқуға  жаттығу  және  жаттау.  2). Қыс  туралы өлең  және  жұмбақ  тауып  келу.  3). Әр  шумақты  оқып,  соңынан  бейнелеп  айтуға – «сөзбен» сурет  салуға  машықтану.[23] 57-59 б.

        Семей  қаласындағы № 34 орта  мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Ж.Ошақбаеваның  сабақ  үлгісін  қарастырып  көрейік:

    Тақырыбы: «Ғылым  таппай  мақтанба».

     Білім  беру – қазақ халқының  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбаевтың  өмірімен  және  шығармашылығымен  таныстыру.  «Ғылым  таппай  мақтанба» өлеңінің мәнін  ашып  меңгеруге,  ой - өрісін  кеңейту,  мәнерлеп  сауатты  оқуға  жаттықтыру.

    Дамытушылық – сөйлеу мәдениетін  қалыптастыру.  Сөздік  қорын  дамыту  (байыту), тіл  байлығын  молайтып,  ойлау,  көру,  сезіну,  қабылдау қабілеттерін  дамыту.

    Тәрбиелік – жақсы мен  жаман  әдет – қылықтарды  ажырата  білуге,  бойларына  жақсы  қасиеттерді  жинай  білуге,  өздігінен  жетілуге  талпынған,  жауапкершілік  сезімі,  парызы  бар  өнегелі  ұрпақты  тәрбиелеу.

    Сабақтың  түрі: жаңа  білім  беру.

    Сабақтың  өткізілу  әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,  сұрақ – жауап,  көрнекілікпен  жұмыс, шығармалық  жұмыс, мәнерлеп  айту.

    Сабақтың  құрал – жабдықтары  мен көрнекіліктері: оқулық,  плакаттар, карта,  тақта.

    Сабақтың  барысы:

    Ұйымдастыру  сәті:

    Абай туралы  не  білеміз ? Оқушының  өз  ойын  білу.

    (1-кестемен  жұмыс)

    Жаңа сабақтың тақырыбымен,  мақсатымен  таныстыру.

    Балаларға,  біз  бүгінгі  сабақ  барысында  қазақ халқының  ұлы ақыны  Абай Құнанбаевтың  өмірімен  және  шығармашылығымен  танысамыз. «Ғылым  таппай  мақтанба»   өлеңінің  мәнін  ашып  меңгеріп,  ой - өрісін  кеңейтіп,  мәнерлеп  сауатты  оқуға  жаттығамыз. [24] 36-45 б.

    Кіріспе  әңгіме. Картамен  ұғындыру (2-кесте).

    Абай  қазақ  халқының   ұлы  ақыны,  данышпан  ойшылы.  Абайдың  шын  аты – Ибрагим. Абай Құнанбаевтың  1845  жылы  тамыздың оныншы  жұлдызында  туып, 1904 жылы  шілденің  алтыншы жұлдызында  қайтыс  болған.

    Абай  Семей  обылысы  Абай  ауданының Шыңғыс  тауының  бауырындағы  Қасқабұлақ  деген  жерде  туған.

    Абайдың  әкесі  бай  болған.  Абайдың  анасы  Ұлжан – ақылды, мейірімді  кісі  екен,  ал  Абайды  әжесі  Зере  тәрбиелеген.  Ол  Ибрагимді  еркелетіп  «Абай» деп  атаған.

    Қос ана  қазақтың  ертегі,  аңыз- жырларын  көп  білген.  Абайға  кішкене  кезінен  әңгімелерді қызықтыра  айтып, оның  санасына  құя  білген.

    Абай  ауылындағы  Ғабитхан  деген  татар молдасынан  үш- төрт  жыл  сабақ  алады.  Әкесі  Абайдың  зеректігін  байқаған  соң  оны  Семейдегі  Ахмет- риза  медресесіне  оқуға  береді.  Сонда  жүргенде  өз  бетімен  орыс  тілін  үйренеді.

    Абай  12  жасынан  бастап өлең  жаза бастайды.  Өз  өлеңдеріне 20-дан  астам  әндер  шығарған  үлкен  сазгер.

    Абай  үлкен  аудармашы  Лермонтовтың,  Пушкин,  Крылов  өлеңдерін  қазақшаға  аударған.

    Абай атамыздың шығармаларындағы  ең өзекті  мәселе  жастар  мәселесі,  оның  ішінде  оларды  білім  алуға,  оқуға, еңбекке,  мәдениетке  шақыру  жетекші  орын  алатын  өлеңдері:  «Әсемпаз  болма  әрнеге», «Интернатта  оқып  жүр»,  «Ғылым  таппай  мақтанба», т.б.

    Таласбек  пен Зерделі  сияқты  оқушылар  «Адам  болам десеңіз» деп,  оқулықтан  Абай  өлеңдерін  оқып  үйренеді.

    Өлеңді оқымас  бұрын сөздік  жұмыс  жүргізіледі.

    Рақым – адамның  өзге кісіге  жасайтын  жақсылығы, көмегі.

    Қанағат – барға  риза  болу.

    Бекер  мал  шашу – қолда  бар  дүниесін,  ақшасын,  мал – мүлкін  дұрыс  пайдалана  алмау.

    «Ғылым  таппай  мақтанба,

    Білім  таппай  баптанба...» - дегендегі  орын  деп  отырғаны – алған  білімді,   үйренген  ғылымды  жұмсайтын  орын.  Ақын  ғалым  мен  адам  болу  екеуінің  тамыры  бір  дейді.  Ғалым болудың басты  шарты – не  нәрсені  болсын  ақылға салу, ақылың сенген  нәрсеге  ғана  сену. [25] 57-65 б.

    Бес  жаман  істе  адамның  бойындағы  жағымсыз  қасиеттерді  сынға  алады.

    Өсек – біреуді  сыртынан  кінәлау,  жала жабу,  сөз  тасығыштық. (Осы  арада сұрақ  қоя  отырып  балалардың пікірін  білемін,  сөйлетемін).

    Өтірік – бұған  өтірік  сөзді  шын  деп  ант  еткен,  азған  адамды  жатқызады.  (Осы арада сұрақ  қоя  отырып  балалардың  пікірін  білемін, сөйлетемін).

    Жаман  қылықтардың  бірі мақтаншақтық, даңғойлық. Ондай  адамдар өзін  мақтауды  сүйетін,  басқалардың  алдында  білімді,  жағымды  болып  көрінгісі  келетін  бөспе, сөзгеқұмар. (Осы  арада  сұрақ  қоя  отырып  балалардың  пікірін білемін,  сөйлетемін).

    Бекер  мал шашу – қолда  бар қаржы  мен  мал мүлкін  дұрыс  пайдалана  алмау, өз  пайдасын  білмеу,  сырт  көзге  жомарт  болып  көрінуге  тырысатын  мақтаншақ  адамды  айтады.  (Осы  арада  сұрақ  қоя  отырып  балалардың  пікірін  білемін, сөйлетемін).

    Ал  осы  жаман  әдеттерден  аулақ  болу  үшін  қазақ  халқы «Тоқсан  ауыз  сөзден  тобықтай  түйін  шығарған» мақал-мәтелдер қалдырған.

    Шығармашылық  жұмыс.

    Плакаттағы  сөздерді  дұрыс  пайдаланып  мақалды жазу.

  1. Өрге  баспас  сөз  өтірік.( Өтірік  сөз  өрге  баспас).
  2. Түбі – қорлық  ұрлық, ұрлық. (Ұрлық,  ұрлық  түбі – қорлық.)
  3. Ертеңі  таусылмас  еріншектің. (Еріншектің  ертеңі таусылмас).
  4. Жалқау  жатады,  белшеден  қарызға  батады.

Ал,  жаман  қасиеттерге  қарама – қарсы  Абай  атамыздың  өлеңіндегі  бес  жақсы  қасиетті  тыңдайық. [26] 38-46 б.

    Талап – талаптың  ішіндегі  ең  негізгі – бұл  бір  өнерді  таңдап, содан  нәтиже  шығару,  болашшаққа  талпыну.

 Еңбек – Абайдың  пікірінше  ерінбей  еңбек  еткен кісінің  жетпейтін  арманы  болмайды. (Оқушылардың  пікірін  білемін,  сөйлетемін).

  Терең  ой – адамды  барлық  жан – жануарлардан ерекше  айырып  тұрған  екі  қасиетті Абай  жоғары  бағалайды.  Оның  біріншісі  - ақыл- ой, екіншісі –сөз.

   Нағыз  адам  өткен- кеткеніне  қорытынды  жасап,  келешекке  үмітпен  қарайды.  Адам  үнемі  үздіксіз  ойлану  керек.  Өйткені  ақыл – ой  ғана  адамды  алға  бастайды.  Терең  ойдың  негізі ми  мен  ақыл.

   Қанағат – барға  риза  болу,  місе  тұту. Ы.Алтынсариннің  «Әке  мен  бала» әңгімесінен  оқушылар  көрініс  көрсетеді.

    Рақым – адамның өзге  кісілерге  жасайтын  жақсылығы,  мейірімі,  көмегі. Рақымдылықтың  негізі – жүрек пен  сезім.  Барлық  адам  баласын  өз  бауырындай  көру,  өзіне  ойлаған  жақсылығын  өзгеге  де  жасау.  (Рақымшылықтың  мазмұнына  сурет  бойынша  әңгімелесу).

    Жаман  қасиеттерден  ада болып,  жақсы  қасиеттерді  бойымызға  сіңірсек  болашақта  Отанын  сүйер  азамат  болып  шығарымыз  сөзсіз. «Ғылым  таппай  мақтанба» өлеңін  оқушыларға  мәнерлеп  оқыту.

     Қорытынды.

   Сабақты  қорытындылау  сұрақтармен  жұмыс  жүргізу  және  жұмбақ  шешу  ойыны  арқылы  жүргізіледі.

  1. Адам болуға  кері  әсер  ететін  қандай  қасиеттерді  білесіңдер?

Оқушылар  жауап  бере отырып,  адам  бойындағы  жаман  қасиеттерді  сызбадан  атап  табады.

2.Ал  адам  болу  үшін  қандай  қасиеттерді  бойға  сіңіру  керек  екен?

Осы  сұраққа  да  жауап  бере  отырып  сызбадан  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  атап табу.

   Абай  Құнанбаев  былай  деген:

   Үш –ақ  нәрсе  адамның  қасиеті:

    Ыстық  қайрат, нұрлы  ақыл,  жылы жүрек.

    Осы  үшеуінің  басын қосып,  оны  үлкен  күшке  айналдыратын – ғылым.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей  ұста,  сонда  толық  боласың  елден  бөлек.

  Яғни  осы  қасиет  бірігіп,  біліммен  көзге  түседі.

   Үйге  тапсырма:

  1. Өлеңді  мәнерлеп  оқы.
  2. Өлеңнің  өзіңе  ұнаған  жолдарын  жаттап  ал. [27] 65-79 б.

Информация о работе Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері