Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп  отыруына байланысты сингормонизмнің  мына секілді заңдары болады: 
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.  
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз. 
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. 
Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер,үй-де-гі-лер-іміз. 
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.  
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады. 
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан. 
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады. 
1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. 
Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл – дар – дан. 
Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден. 
Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен – саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық. 
Түрік тілдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі – үш буыннан құралғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке) түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінен байырғы лексикасына қатысты деп түсіну қажет. 
Анығырақ айтқанда, біркелкі жуан буындардан немесе біркелкі жіңішке буындардан құралған сөздер көбінесе байырғы сөздер болып табылады. Жуанды – жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздердің тобына енеді. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына икемделіп жалғанады. (кітап - қа, мұғалім – ге, антоним - дер) 
Лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде де аффикстердің басым көпшілігі түбір сөздегі дауыстының ыңғайына (жуан немесе жіңішке болуына) қарай алғанады да, бірен – саран аффикстер ғана үндесуден сыртт қалып, бір вариантта ғана ұшырасады. Олар мыналар: 
Қазақ тіліндегі – нікі, (-дікі, - тікі) аффиксі, (баланікі, әкенікі, досымдікі, қарындастікі), -паз, - қор, - кеш, - гөй, хана аффикстері (өнерпаз, білімпаз, дүниеқор, пәлеқор, ақылгөй, асхана, шеберхана). 
2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis «еріндік» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуі бұл түрі ері үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің барлығына да бірдей тән болатын болса, лабиольдық сингармонизм, біріншіден, түркі тілдерінің әрқайсысына көріну дәрежесінің өзі әр түрлі. Атап айтқанда, ерін үндестік заңы орын тепкен түркі тілдерінде алдыңғы буынның ерін дауысты сынық соңғы буынның немесе буындардың дауыстысына еріндік болуы жағынан әсер етуі түрліше болады. 
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов.  
Дыбыстардың бірін-бірі игеруі

Үндестік заңы: буын үндестігі, дыбыс үндестігі

Үндестік заңы – түбір  сөзбен қосымшаның жігіндегі және сөз  аралығындағы көрші келген дыбыстардың  ыңғайласып, біріне-бірімен  үйлесіп, біркелкі болып қолданылуы. Мыс: ат-қа; Жандос.

Үндестік заңы 2 түрлі: 1. Буын үндестігі   2. Дыбыс үндестігі.

1. Буын үндестігі – сөздің соңғы буынының не жуан, не жіңішке болып ыңғайласып жалғануын айтамыз. Бұл ғылымда сингормонизм деп аталады.(грек. Sun- бірге және harmonia- байланыс, үндесу). Мыс: кітап-тар, қызмет-ші т.б.

2. Дыбыс үндестігі – түбір мен қосымшаның жігіндегі немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын дыбыс үндестігі дейді. Немесе оны ассимиляция деп атайды (лат. ұқсау).

Дауыссыз дыбыстардың  бір-біріне ықпалы 3-ке бөлінеді:

  • Прогрессивті (ілгерінді) ассимиляция
  • Регрессивті (кейінді) ассимиляция
  • Тоғыспалы ассимиляция.

 

 

32. Ықпал, аккомодация,  ассимиляция және олардың түрлері

Аккомадация лат. бейімделу деген береді, яғни морфемалар жігінде келген дауысты мен дауыссыздардың өзара үндесіп, бейімделіп айтылуы. Ол тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық. Мәселен, дауысты түбірдің соңғы позициясында келсе, қосымша қандай дауыссыздармен келіп үндесуі керек және түбірдің соңғы дыбысы дауыссыз болса, қосымша қандай дауыстыдан басталуы керек деген мәселелерді жан-жақты қарастырады.

Ассимилияция лат. ұқсастық деген мағына беретін термин және түбір мен қосымша аралығында қатар келетін дауыссыздардың өзара ықпал етіп, бір-бірін игеріп тұруын қамтамасыз етеді. Ассимиляция үшке бөлінеді (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы). Оларды ықпалмен шатастыруға болмайды. Ықпал дауысты, дауыссыздың өзара әсерін жалпы қарастырады.

 

39. Тілдегі әр  түрлі фонетикалық құбылыстар. Олардың  пайда болу себептері.

Фонетикалық құбылыстар –  сөздің құрамында болатын әр алуан  дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде  мұндай өзгерістердің әрқайсысының атауы бар: протеза, эпентеза, редукция, абсорбция, синкопа, гаплология, эпитеза, метатеза, апакопа, элизия т.б. Енді осылардың  әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз.

Фонетикалык заңдар орыс фонетические законы —тілдін дыбыстык материясынын кызметі мен дамуынын зандылыктары. Олар дыбыстык бірліктердін түрактылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу проиесінде болып отыратын күбылыстарды, аллофондык түрленулерді (варианттарды), дыбыстардын сөз кұрамындағы позициялык алмасуларын тілдін дыбыстык материясынын кызмегіндегі заңдылыктар аркылы түсіндіруге болады. Аллофондыктүрленулер көрші дыбыстардын әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.

Мысалы, казак тіліндегі  екі дауысты дыбыстын арасындағы катан дауыссыздын ұяндауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардын бір-біріне икемделуі ( ерінбеу—ерімбеу, сөзіиең  — сөшіиең). Тіл дыбыстары- нын  даму зандылыктарына сай дыбыстардын  калыптаскан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялык өзгерістердін  тарихи тұрактануынын нәтижесі болып  табылады.

Мысалы: соқ — согым  — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз  — сөйле. "Фонетикалык заңдар" уғымын тіл біліміне жасграмматиктер  енгізген. Олар Фонетикалык заңдарды бір тілдін диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын эр түрлі кезеніндегі (синхрондык күйіндегі) дыбыстардын  үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы  деп есептеген. Фонетикалык өзгерістер тұракты зандылыктар нәтижесінде  болып отырады. Біркатар фонетикалык  өзгерістердің себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай — маңлай, квңіл — кеуіл, иіоқ — чоқ, Шідерті — Шідерлі, Өлеңті—  Өлеңді, Буқтырма — Бүқтарма). Фонетикалык  заңдар-дыңбарлык тілдерге тән түрлері  де, тек белгілі бір туыс тілдерге тән түрлері де болады.

 

56. Көне түркі алфавитінің құрылымы. Қолдану ерекшеліктері

Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). «Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды

Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығыкезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа  таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

  1. Енисей ескерткіштері.Талас ескерткіштері.Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған  жылдарының айырмасында және жалпы  жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі  жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда  алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен  Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп  таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

  1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
  2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
  3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.

 

8.Дүние жүзі  тілдерін тілдік семьяларға топтастыру

Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние  жүзі тілдерін өзара бір-бірімен  туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану  ғылымында тіл жанұялары деп  аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін  макрожанұяларға топтастырылады.

Қазіргі кезде әлем тілдері  төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді:

1. Үндіевропа тілдеріне  қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль,  маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз,  испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан,  келть, армян, нуристан тіл  жанұялары жатады. Сонымен бірге  өлі тіл жанұялары анатлия,  тохар, иллирия, скиф, кушан т.б.  енгізіледі.

2. Афразиат тілдері: семит  (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад   және бербер тілдері.

3) Дравид тілдері Үндістан  түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам).

4) Орал тілдеріне фин-пермь  (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады.

5) Алтай тілдеріне түркі  (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады.

6) Чукот-камчатск тілдеріне  чукот және камчат тіл жанұялары  жатады.

Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар.

Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады.

Келесі үлкен тіл жанұясы  осы палеоазиат тілдері. Оған:

  1. Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)
  2. Син-тибет (қытай, тибет)
  3. Енисей (кет, юг)
  4. На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады.

Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады.

 

6.ХV-ХVІІ ғасырлардағы  әдеби тілдегі көне сөздер

Ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен әдебиет саласындағы  жаналықтар лексикаға да үнемі ыкпалын  тигізіп отырады. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары  халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады. 
Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Мысалы: шоқпар, соқа, сойыл, найза, айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл, әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан, барымта, дабыл тәрізді сөздер бүгінгі өмірде көп қолданыла бермейді. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін. 
Тіл — тілде көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары — сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы: сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуан басы, дүре, малай, күң, құл, бай, болыс т. б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: жасак, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатак, — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал т. б. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"