Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)
  • халықаралық аударымдар;
  • құжаттық аккредитивтердің барлық түрлерін шығару, растау және авизолау;
  • кепілдемелер шығару және растау;
  • Клиенттерден инкассоға қабылдау, авизолау инкассолық тапсырыстарын төлеу;
  • форвейтингтік операциялар.

Банктің негізгі қызметі шикізат ресурстарын (мұнай, қымбат және түсті металлдар) экспорттау және импорттаумен айналысатын кәсіпорындарды  саудалық қаржыландыру болып табылады. банк бизнесінің негізгі бөлігін жанұя мүшесіне есептегенде айлық табыстары мың және одан жоғары доллардан келетін клиенттер құрайды. «Альянс Банк» АҚ-ы мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

- теңгелік және валюталық шоттар  бойынша кассалық-есеп айырысу  қызметтері;

- тікелей корреспонттік шоттар  арқылы төлемдер жүргізу

- резидент және жұмсақ түрдегі  валюталар бойынша конверсиондық  операцияциялар;

- экспорт, импорт келісім-шоттары  бойынша қызмет көрсету;

- құжаттық операцияларды қаржыландыру;

- теңге және валюталық қаражаттарын  депозитке салу;

- ақша аударымдары;

- банк клиенттерін әр түрлі  формада несиелеу;

- жеке тұлғалар үшін валюта-айырбас  операциялары;

- заңдық мәселелер бойынша кеңес  беру қызметі, әр түрлі мемелекеттік органдарда мүддесін қорғау.

Енді осы аталған қызмет түрлеріне қысқаша сипаттама берейік:

«Альянс Банк» АҚ- ында заңды тұлғалардың шот ашуы.

Шот ашуда заңды тұлғалар келесідей құжаттар көрсетеді:

- шот ашуға өтініш;

- банк шотының келісімі;

- нотариялдық бекітілген қол  қою үлгісі мен мөр басу  үлгісі көрсетілген карточкалар;

- жарғының нотариалдық бекітілген  көшірмесі;

- мемлекеттік тіркеуден өткендегін  растаутын куәліктің нотариялдық  бекітілген көшірмесі;

- стастистикалдық карточканың нотариалдық бекітілген көшірмесі;

- нотариалдық бекітілген Қазақстан  Республикасы салық төлеушісінің  куәлігінің көшірмесі;

- нотариалдық бекітілген Құрылтайшылар  келісім шарттарының (егер бар  болса) көшірмесі;

- жиналыс қаулысы немесе Құрылтайшылар шешімі;

- орынбасарла мен бугалтерлерге  жарлықтар.

Дербес кәсіпкер шоттарын ашу үшін:

- шот ашуға өтініш;

- банк шоттарының келісімі;

- нотариялдық бекітілген қол  қою үлгісі мен мөр басу  үлгісі көрсетілген карточкалар;

- дербес кәсіпкердің куәлігінің  нотариалдық бекітілген көшірмесі;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- нотариалдық бекітілген Қазақстан  Республикасы салық төлеушісінің  куәлігінің көшірмесі.

Өкілдіктің шотын ашу үшін:

- шот ашуға өтініш;

- банк шотының келісімі;

- нотариялдық бекітілген қол  қою үлгісі мен мөр басу үлгісі көрсетілген карточкалар;

- өкілеттік туралы ереженің  нотариалдық бекітілген көшірмесі;

- өкілге берілген бас сенімхат;

- нотариалдық бекітілген Қазақстан  Республикасы салық төлеушісінің  куәлігінің көшірмесі;

- стастистикалдық каточканың нотариалдық бекітілген көшірмесі;

- мемлекеттік тіркеуден өткендегін  растаутын куәліктің нотариялдық  бекітілген көшірмесі.

Несиелеу қызметі. «Альянс Банк» АҚ-ның несие саясаты мыналарға негізделеді:

- несиеге қабілетті қарыз алушылар  іздеу;

- өзара тиімділік жағдайында қарыз алушылармен ұзақ мерзімдік тұрақты қарым-қатынас орнату және сақтау.

- қарыз алушылар үшін қалау  білдірген несиесін ұсыну.

Қарыз алушылар Қазақстан Республикасының территориториясында тіркелген заңды тұлғалар бола алады. Несиелеу Қазақстан теңгесімен немесе американ долларымен қысқа және ұзақ мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының 2-ші деңгейлі банктері арасында салыстырғанда неғұрлым тартымды болып келеді. Несиенің мақсаты шаруашылық субъектісінің айналым қаражатын немесе негізгі құралдарды алуға арналады.

Несиелердің түрлері: қысқа мерзімдік жедел несие, ұзақ мерзімдік жедел несие және несие линиясы.

Қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қарыз алушы өз саласында 3 жылдан кем емес уақыт жұмыс істеп, жақсы қаржылық нәтиже көрсеткен шаруашылық субъектісі болуы керек. Соңғы үш жылдағы қаржылық есептері аудиттік тексеруден өткізілген болуы қажет.
  2. Қарыз алушы мына талаптарды қанағаттандыруы керек: қызметті тұрақты, қаржылық жағдайы тұрақты, ішкі басқаруы унификацияланған, қатаң түрде Қазақстан Республикеасының заңдылықтары сақталуы керек.
  3. Қарыз алушы банкті қанағаттандыратын кепілдік ұсынуы қажет, соның ішінде өтімді кепілдеме заттары немесе талап ету құқығы.

Валюталық бақылау қызметі. «Альянс Банк» АҚ-ы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес клиенттермен валюталық операциялар жүзеге асыруда валюталық бақылау агенті функциясын жүргізеді. Банктің мамандары жоғары кәсіби деңгейде келесідей қызметтер көрсетеді:

– Банк клиенттерінің валюталық операцияларының Қазақстан Республикасының заңдылықтарына, лицензиялау шарттарына және рұқсатқа сәйкестігін, сонымен бірге валюталық бақылау органдарының нормативтік актілерінің талаптарының сақталуын валюталық бақылауды жүзеге асырады.

– Капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуді валюталық бақылау және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен тіркеу куәлігін немесе сәйкес лицензияны алуды бақылайды.

– Экспорттық және импорттық келісімдер бойынша мәмілелер паспортын рәсімдеу және жүргізу.

– Тауарлар, жұмыстар, қызметтер, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін импорттаушы резиденттер төлемдерінің негізделуін валюталық қадағалау.

– Резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы Қазақстан Республикасының валютасымен жүргізілетін операцияларды валюталық бақылау және құжаттарды тексеру.

– Бейрезиденттердің шетел валютасындағы инвестициялары мен қарыздарына байланысты операцияларды валюталық бақылау.

– Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы шетел валютасын сатып алу операцияларын валюталық бақылау.

– Валюталық реттеу және валюталық бақылау бойынша нормативтік актілерге сәйкес құжаттардың толтырылуына  кеңестік көмек беру.

Кепілдік операциялары бойынша қызмет. «Альянс Банк» АҚ-ы банктік кепілдіктің барлық түрлерін береді. Дәлірек айтсақ, келісімді орындау кепілдігі, төлем кепілдігі, тендерлік кепілдік, аванстық төлемдерді қайтару кепілдігі және т.б. банктік кепілдік – гарант-банктің банктік кепілдікті алушыға белгілі бір ақша сомасын кепілдік алушының жазбаша талабы бойынша шартсыз төлеу міндеттемесі. Банктік кепілдік – келісім жасасқан жақтардың қандай да бір міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Банк кепілдікті клиенттің тапсырысы бойынша, клиент есебінен жүргізеді.

Форвейтинг қызметі. Экспорттау кезінде көп жағдайда экспортер өз өнімін сатып алушыға төлем мерзімін ұзартып өткізеді. «Альянс Банк» АҚ-ы форвейтинг жүзеге асырады. Форвейтинг – банк экспортердан импортердың тауарлар немесе көрсетілген қызметтер бойынша қарыз міндеттемесін сатып алатын қаржылық операция. Артықшылықтары:

- Экспорттық келісімдер бойынша бағаны экспортердың пайдасына жоғарлатудың мүмкіндігі туындайды.

- Кәсіпорындардың айналым қаражаттарының  оперативті толтырылуын және  айналым капиталының жеделдеуін  қамтамасыз етеді.

- Банк беретін басқа несие  немесе овердрафт бойынша экспортердың лимитына әсер етпейді.

- Фирма балансындағы ұзақ мерзімдік  талаптар азаяды, сол арқылы оның  несиеге қабілеттілігі артады.

- Импортердың өз қарызын төлеуі  бойынша барлық тәуекелді қаржыландырушы  банк өз мойнына алады.

Құжаттық аккредитивтер қызметі. Қазақстан алыс, жақын шетелдер арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастың нығаюы халықаралық есеп айырысудың қарапайым және кепілдік етілген құралына деген қажеттіліктің маңыздылығын арттырып отыр. Осы жағдайда  өте кең тараған есеп айырысу құралы ретінде құжаттық аккредитивтер қолданылады. Есеп айырысудың мұндай түрінің бірқатар артықшылықтары бар:

Сатушы үшін – егер сатушы аккредитивтің барлық шарттарын орындаса, сатып алушыдан тәуелсіз экспорттық түсім алатынына сенімді болады; тауарды тиегеннен кейін құжаттар банкке тапсырылысымен тез, әрі сенімді түрде тауарға төлем алады.

Сатып алушы үшін – сатушы тауарды жеткізу бойынша келісімнің барлық шарттарын орындамайынша  түсім алмайтындығына кепілдіктің болуы; несие линиясын қолдану арқылы аккредитив шығару.

«Альянс Банк» АҚ-да аккредитив аша отырып, клиенттер мынадай артықшылықтарға ие болады:

- екі елдің тәжірибесі және  ережелері бойынша кәсіби кеңес  ала алады;

- негоциация, форвейтинг сияқты  саудалық қаржыландыру ала алады;

- жұмыстың кез-келген кезеңінде  уақытты үнемдейді.

«Альянс Банк» АҚ-ы аккредитив ашу үшін клиенттен төменделгілер талап етіледі:

- кәсіпорынның ағымдағы шотында  аккредитивті жабатындай қаражаттың  болуы немесе «Альянс Банкінде»  несие линиясының болуы;

- банктен аккредитив ашуға өтініш  және келісімнің көшірмесі;

- аккредитив ашылатын келісім  бойынша мәміле паспортын рәсімдеу.

Жеке тұлғалар бойынша банктік салымдар қызметі. Банк теңгемен және шетел валютасымен салымдар бойынша операцияларды жүзеге асырады. Жеке тұлға жеке бас куәлігі болған жағдайда банктен шот аша алады. Қазіргі уақытта банкте банктік салымдардың екі түрі қолданылады:

  1. Жедел салымдар. Жедел салымдарды растайтын құжат – 1,3,6 айлық және 1-2 жылдық атаулы депозиттік сертификат. Әр мерзімге әр түрлі пайыздық мөлшерлемелер қарастырылған. Мерзім өткеннен кейін пайызымен бірге есептеліп бір реттік төлем жасалады. Егер депозит мерзімінен бұрын жабылса, онда пайыз талап етілгенге дейінгі салымдар мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Алғашқы салымның ең төменгі мөлшері 100$ құрайды.
  2. Талап етілгенге дейінгі салымдар. Салымның құжаты – депозиттік кітапша. Оның иесі кез-келген уақытта қажет сомасын ала алады. Жыл сайын 20 желтоқсанда талап етілгенге дейінгі салымдар мөлшерлемесі бойынша бір рет пайыз есептеледі. Алғашқы салымның ең төменгі мөлшері – 600$ немесе 70000 теңге. Жинақтау шотындағы соманың қалдығы 10 доллардан кем болмауы керек.

Төмендегі кестеде Альянс-Көшбасшы салымы бойынша пайыз мөлшерлемелері көрсетілген. Бұл депозиттің артықшылықтары:

– жоғары пайыздық мөлшерлеме;

– ақшаны еркін басқару;

– сыйақыны жоғалтпай жартылай шешіп алу;

–  24 айға тұрақты сыйақы мөлшерлемесі;

– әр салымшыға сыйлыққа Visa немесе MasterCard карточкасы беріледі;

– ұтысқа қатысу мүмкіндігі (2000 бірлік тұрмыстық техника, 6 автокөлік, 2 пәтер).

Депозиттің мерзімі 12 айдан 5 жылға дейін.

 

 

Кесте 7

«Альянс-Көшбасшы» депозитінің сыйақы мөлшерлемелері

Депозит валютасы

12 ай, %

13-36 ай, %

36 айдан 60 айға дейін, %

Теңге

9

10,0

11,0

АҚШ доллары

5

6,5

7,5

Евро

5

6,5

7,5


 

Жоғарыдағы кестеде, «Альянс-Көшбасшы» депозитінің сыйақы мөлшерлемелері көрсетілген. Салымдар бойынша әр түрлі уақыт мерзіміне байланысты және депозит валютасына байланысты әр келкі пайыздық мөлшерлеме бекітілген.

Шетелден келіп түскен сомаларды беру қызметі

Соманы банктен алу үшін жеке бас куәлігі және СТРН талап етіледі. Ақша алғаш түскенде клиентке шот ашылады да ақша сол шотқа аударылады. Егер ақшаны теңгемен енгізу қажет болса, онда сома сол күнгі айырбастау курсы бойынша жүзеге асады. Егер клиент ақшаны қолма қол ақшамен теңге немесе доллармен алуды қаласа  ақша алдымен оның шотына аударылады содан кейін барып төлем жасалады. Төлем жасауда банк соманың 1,2% мөлшерінде комиссия ұстайды. Аударымды төлеу мүмкін болмаған жағдайда сұрау жасалып, үш ай мерзім өткеннен кейін кері аудару рәсімделеді. Ақшаны үшінші тұлғаға беру үшін нотариалдық бекітілген сенімхат, ақшаны алушының жеке бас куәлігі талап етіледі.

Жеке тұлғалардың шетел валютасымен шетелге ақша аударуы бойынша қызмет. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мына құжаттар талап етіледі:

- Жеке бас куәлігі

- СТРН

- Егер клиенттің банкте шоты  бар болса, онда жинақтау кітапшасы.

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде