Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)
  • келісімшарттың (резидент пен резидент еместің арасындағы келісімшарт) халықаралық бағытталуы;
  • келісімшарттың коммерциялық мінездемесі (төлемдер сомасының болуы/түсімдер);
  • келісімнің объектісі болып технологиялар, техникалық сипаттағы қызметтер көрсету және тиісінше қызметтер табылу керек.

Технологияларды және техникалық сипаттағы қызметтерді экспорттау және импорттау туралы мәліметтер коммерциялық келісімшарт категориялары бойынша ескеріледі. Бұл жерде тиісінше резидент және резидент еместің арасында жасалған техникалық сипаттағы технологияларды және қызметтерді экспорттау мен ипорттау бойынша барлық коммерциялық келісімшарттар ескеріледі. Технологиялар мен оларға байланысты коммерциялық келісімшарттар жеке келісімдер түрінде де, сонымен қатар келісімдер пакеті түрінде де рәсімделуі мүмкін. Бұл пакеттер келісімшарттың шегіндегі коммерциялық келісімдер немесе келісімшарттар кешенінің бірнеше категориясы түрінде болуы мүмкін.

Технологиялармен алмасуға байланысты коммерциялық келісімдер категориясымыналар кіргізілетін келісімдерді қамтиды:

  1. ойлап табуларға патенттер;
  2. патентсіз ойлап шығарулар;
  3. патенттік лицензия;
  4. ноу-хау;
  5. тауарлық белгі;
  6. өндірістік үлгі;
  7. инжинирингтік қызметтер;
  8. ғылыми зерттеулер және әзірлемелер;
  9. басқалар.

Бағытталу аймағы туралы мәліметтер және келісім объектің құндық мінездемелері, келісімнің қызмет атқару мерзімі, келісім бойынша серіктес-елдер туралы ақпараттар жинауға және  есепке алынуға жатады.

Алынған технологиялар саны қабылдау формалары бойынша былайша жіктеледі:

- патентке, изобретенияларды қолдануға  лицензиялар, өнеркәсіптік

үлгілерге құқығы бар;

- зерттеулер және әзірлемелер  нәтижелері;

- ноу-хау, технологияларды беруге  келісімдер;

- құрал-жабдықтарды сатып алу (сату);

- білікті мамандарды жұмысқа  бағытталған түрде алу;

- тағы басқалар.

Ойлап табуларды, ұйымның ғылыми-техникалық әзірлемелерін патенттеу және басқа да қорғау шаралары.

Соңғы 3 жылдың ішінде ұйыммен жасалған және қолданылып жүрген, инновациялармен байланысты ғылыми-техникалық разработкалар, изобретенияларды қорғаудың әр түрлі әдістердің маңыздылығын бағалау жасалады. Бұл жерде қорғаудың келесі әдістері қолданылады:

- пайдалы үлгілерді, өндірістік  үлгілерді, ойлап шығаруларды патенттеу;

- тауарлық белгіні тіркеу;

- авторлық құқықты қорғау;

- коммерциялық құпияны, ноу-хаудың  құпиялығын қамтамасыз ету;

- бұйымдарды жасаудың қиындатылуы;

-бәсекелестермен салыстырғанда  өнімді жасау мен шығаруда  артықшылыққа ие болуды қамтамасыз  ету.

Жоғарыда аталған изобретенияларды қорғау әдістері өнімдік және процестік инновациялар үшін ғылыми-техникалық жетістіктер олардыдың маңыздылығына байланысты бағаланады:

- қолданылмайды;

- маңызды емес немесе маңыздылығы  аз;

- маңызды;

- негізгі немесе шешуші.

Инновациялық қызметке қатысы бар көрсеткіштердің бірі ойлап табуларға, ұйыммен берілген тапсырыс сандары (автормен – ұйым жұмысшысымен немесе құқық берушісі), өндірістік үлгілерге патенттер, пайдалы үлгілерге куәліктер, ЭЕМ үшін бағдарламаларды ресми түрде тіркеу, мәліметтер базасы, интегралды кестелер типологиясы бола алады.

Қазіргі заманғы экономикада инновацияның атқаратын ролі айтарлықтай өсті. Инновацияны қолданбай жоғары деңгейдегі наукоемкость пен жаңашылдыққа ие бәсекеге қабілетті өнімді шығару мүмкін емес. Осылайша нарықтық экономикада инновациялар бәсекелестік күрестің тиімді құралы болып табылады. Себебі олар жаңа қажеттіліктердің пайда болуына, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, инвестициялардың тартылуына, жаңа өнімдерді өндірушілердің имиджінің өсуіне, жаңа нарықтарды ашуына және жаулап алуына өз септігін тигізеді.

Инновация- бұл білім мен идеяларды тұтынушылық құндылығы бар тауарларға немесе қызметтерге айналдыру процесі.

Инновациялармен, жаңашылдықтармен жұмыс істейтін адамды иннаватор дейміз.

Инноватор = Өнертапқыш × Кәсіпкер

Инноватор инновациялық идеяларды ойлап қана қоймай, барлық кедергілерді жеңе отырып, сол идеяларды жүзеге асырады. Инноватор ойлап табуды пайда әкелетін іскерлік қызметке айналдыратын бизнес-үлгі жасайды және оны жүзеге асырады.

Инновацияның көшбасшылары нарықта революция жасап, онда жаңа нишалар құрайды және басқа адамдарды өздерінің соңдарынан ертеді. [18]

Кез келген кәсіпорын қазіргі заманның бәсекелестік көшінен қалып қойғысы келмесе, бір орында тұрып қалуына болмайды.

Инновацияны дамытушы болып ең бірінші кезекте нарықтық бәсеке табылады. Нарық жағдайында өнім немесе қызмет өндірушілер үшін өндіріс шығындарын қысқарту жолдарын және жаңа өткізу нарықтарына шығу жолдарын іздеуге мәжбүр. Сондықтан тиімді инновацияларды бірінші болып игерген кәсіпкерлік фирмалар бәсекелестері алдында үлкен артықшылыққа ие болады.

Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технологияға, процеске) салынған капитал арқылы нарықта жүзеге асқан нәтиже болып табылады. Осыған орай жаңашылдықтардың іс-жүзіне асуының маңызды шартының бірі инновациялық инвестицияларды жеткілікті көлемде жұмылдыру саналады.

Өзінің  өзгешелігіне қарай шағын кәсіпорындарға жылдам переориентацияға икіемділі мен қабілетін пайдаланып, нарықта үлкен белсенділік танытуларына тура келеді. Сондықтан да көп жағдайда түрлі салаларда жаңа өнімдер мен жаңа технологиялардың алғашқы ашушылары болып дәл осы шағын кәсіпорындар табылады. Бұрында айтылып кеткендей, инновациялық қызмет кәсіпорынның бәсекелестік күресте өмір сүргіштігінің жоғарылауына септігін тигізеді. Бұл, әсіресе, шағын кәсіпорыедарға қажет. Сондай-ақ сатуға ұсынылған инновацияның жүзеге асырылуының барысында «ақша-инновация» айырбасы жүреді. Осындай ауысымның нәтижесінде алынған ақша қаражаттары біріншіден, инновацияны құру мен сату бойынша шығындарды жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудан пайда түсіреді; үшіншіден, жаңа инновацияларды жасауға стимул болады; төртіншіден, жаңа инновациялық процесті қаржыландыру көзі болып табылады.

Біздің бүгінгі әлемімізде жаңа технологиялар өте жылдам қарқынмен және өте қысқа мерзім аралығында пайда болуда. Технологиялардың өмірлік циклы бұрындары жылмен және онжылдықтармен өлшеніліп келсе, қазіргі күнде ол мерзім 2-3 айға дейін қысқарған. Сондықтан инновациялар бір реттік құбылыс болмай, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға үздіксіз жауап беруі қажет.

Инновацияны басқарудың тұрақты жүйесі тек кейбір мәселелерді шешуде ғана көмектеспей, сонымен қатар болашақтағы инновацияларға жаңа мүмкіншіліктерді аша отырып, жаңа потенциалды құрайды.

Инновация – бұл білім мен идеялардың жаңа өнімдерге, қызметтерге, процестерге, стратегияларға немесе бизнес-үлгілерге айналуы.

Инновация жаңа өнімдерді жасаумен ғана шектелмеуі қажет. Кәсіпорында барлығы да жаңа идеяларды, жаңа жұмыс тәсілдерін, жаңа құралдар мен жабдықтарды пайдалануға дайын болуы керек. Сонымен бірге олардан барынша көп пайда табуға талпынушылықты талап етіледі.

Инновациялық қарқындандыруға бағытталған саясат қазіргі замандағы кәсіпорындардың жалпы корпоративті стратегиясының негізгі элементі ретінде сабақтасуы қажет. Инновацияда ең бастысы – тәуекелі жоғары істерді қолға алмай немесе болашақты болжауға талпынбай, керісінше қазіргі нақты мүмкіндіктерге көбірек көңіл бөлген дұрыс.

Егер де сізге инновация тек жаңа технологиялар мен өнімдерді жасауға бағытталған десе, бұл ескірген түсінік. Мұндай анықтаманы 20 жыл бұрын берген, ал бүгінгі күнде инновациялар жүйелі болып келеді. Олар көптеген адамдардың, ұйымдардың өзара іс-әрекеттерінің  нәтижесінде пайда болды.

Бәсекелестерден бір қадам алда жүру үшін радикалды инновациялық тауарлар мен қызметтер жеткіліксіз. Потенциалды тұтынушылар сізді байқасын десеңіз, радикалды инновациялық маркетингтік стратегияларды дайындау және жүзеге асыруыңыз қажет.

Кәсіпорынның ұзақ мерзімді табысы оның инновацияны үздіксіз енгізу қабілетімен тікелей байланысты. Инвестиция кәсіпорынға жаңа өнімдер мен процестерді әкеліп қана қоймай, кәсіпорынды жаңа нарықтарға енгізіп, жылдам өсуіне өз септігін тигізеді.

Инновация – бұл кәсіпкердің табысқа жетуінің сенімді құралы. Жаңа заттарды немесе ескі заттарды жаңаша жасай отырып, кәсіпкерлер өзгерулерді жаңа бизнес немесе жаңа қызметтерді жасау үшін пайдаланады.

Инновация инвестицияны көп қажет етпейтін, аздаған адамдардан тұратын және үлкен емес нарыққа бағытталған орташа жобалардан бастаған дұрыс. Бұл инноваторға қателіктерді жөндеу және эксперимент жасау үшін көбірек уақыт пен кеңістік береді. Мақсатты және тиімді инновациялар ең бастысы талдаудың, жүйелі тәсілдің, тәжірибенің және табанды жұмыстың нәтижесі болып табылады.

 

2 «Альянс Банк» АҚ-ның құрылымдық және қаржылық-шаруашылық  жағдайын талдау     

                                                                                        

2.1  «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы

 

 

«Альянс Банк» акционерлік қоғамы 1995-жылы маусым айында ҚР-ның Ұлттық Банкінде «Қазақстан сауда-қаржы банкі» жабық акционерлік қоғамы ретінде тіркелген. Осы жылы банк ҚР ҰБ-нің № 59 Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында қарастырылған ұлттық және шетелдік валюталармен операциялар жүргізу Бас лицензиясын алады. 2001-жылы «Қазақстан сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамы, 2002-жылы маусым айында «Альянс Банк» ашық акционерлік қоғамы тіркеледі. 2003-жылы қазанда «Альянс Банк» акционерлік қоғамы болып қайта тіркеледі.

2009-2010 жылдар аралығындағы банктің негізгі жетістіктерін қарастырайық:

2006-жылы желтоқсанда Германия  мен Голландияның қаржы институттары  «Альянс Банк» АҚ-на 10 млн. доллар  несие берген. Қарыз банкке 5 жыл  уақытқа, 2 жыл жеңілдік мерзіммен  берілген. Осы жылы «Альянс Банк»  АҚ-ы Жарғысына өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп ҚР-ның әділет Министрлігінде тіркелген, ол өзгерістер банктің Жарғылық капиталын 11590761000,00 теңгеге өсіруге қатысты болған. Сонымен қатар қарастырып отырған жылы банк Visa Gold, Visa Business, Visa Classic, Visa Electron карточкаларын ұстаушыларға жаңа қызмет түрін енгізген. Жаңа қызмет карточкалық шотта қалған ақшасы туралы мәліметті карточка ұстаушы шетелде жүрген уақытында да ала алуына мүмкіндік береді. 2006-жылы қазан айында банк Қазақстандық франчайзинг ассоциациясымен бірлесе отырып алғаш рет Қазақстанда жергілікті кәсіпкерлер әлемдік танымал компаниялардың брендін алуын қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен. Осы жылы банктің Алматы қаласында жаңа ғимараты ашылып, Ақтөбе қаласында филиалы ашылған.

2007-жылы қаңтарда «Альянс Банк»  жаңа қызмет түрі енгізілгенін  хабарлайды – «Альянс–Полис»  сақтандыру компаниясы және «ОТАН»  зейнетақы қорларымен бірлесе  отырып «Партнер» бағдарламасын  жүргізеді. Бұл бағдарлама клиенттерге  қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға арналған. Осы жылы Moody׳s рейтингтік агенттігі «Альянс Банктің» депозиттік рейтингін Ва1 деңгейіне дейін көтеріп «тұрақты» деген болжам жасаған. 2007-жылы сәуір айында банк «Отан» зейнетақы қорының негізгі кционерлерінің бірі болды. 14 шілдеде 2007-жылы банк Ұлттық пресс-клубта баспасөз конференциясын өткізген, оның тақырыбы «Альянс Банктің «Энергобанк» ААҚ-ның (Қырғыз Республикасы) 34,4% акциясын сатып алу келісімінің аяқталуы», осының салдарынан Альянс Банктің активтері 1 млрд доллардан асты. Осы кезеңде «Несие бюролары және несие тарихтарының қалыптасуы туралы» заңға сәйкес Қазақстанда алғашқы несие бюросы құрылды, «Альянс Банк» АҚ-ы «Бірінші несие бюросы» ЖШС-нің құрылтайшыларының бірі болып табылды. Сонымен қатар осы жылы банк жалпы көлемі 75 млн доллар синдицияланған қарыз тартқан, 200 млн долларға халықаралық облигация шығарған. 2007-жылы қарашада «Альянс Банк» АҚ-ы басшылығы жаңа фирмалық стильдің презентациясын жасады. Ол: «Альянс Банк – сенімді өркендеу банкі».

2008-жылы қаңтарда «Альянс Банк» АҚ-ы және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында 10 млн долларға несиелік келісім жасалады, оның мақсаты ауыл шаруашылық өндірушілеріне бидай кепілдігімен субнесиелер беру болды.  2008-жылы қазанда Қазақтан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттігі мен Ресей Федерациясының Орталық банкінің рұқсатына сәйкес «Альянс Банк» АҚ-ның Мәскеуде Ресми Өкілеттілігі ашылды. Осы кезеңде қараша айында «EUROMONEY» әлемдік қаржылық басылымы «Альянс Банк» АҚ-ын Қазақстан Республикасының корпоративтік басқаруда көшбасшы қаржылық институттардың бірі және шағын, орта бизнес үшін ең жақсы банк деп таныды.

2009 жылы банк көптеген отандық және шетелдік бағалау ұйымдарының марапаттары мен белгілерін иемденген. 550 млн АҚШ долларына бір қатар халықаралық институттарының синдицияланған қарызы бойынша келісімдер жасаған.

Банктің халықаралық байланыстарына келетін болсақ әлемнің 15-тен аса елдерімен қарым-қатынас жасасады. Шетелдегі негізгі контрагенттері – әлемде желілері кең тармақталған трансұлттық банктер, ол әлемнің кез келген жеріне төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Альянс Банк» бірлесіп жұмыс істейтін корреспонденттік желілер жақын және алыс шетелдердің 170-тен аса банктерін қамтиды, соның ішінде АҚШ-да (Bank of New York, Citibank, American Express Bank), Германияда (Deutsche Bank A.G., Commerzbank A.G., Dresdner Bank), Швейцарияда ( Credit Suisse First Boston, United European Bank, Union Bank of Switzerland), Голландияда (Fortis Bank), сонымен қатар Францияда, Ұлыбританияда, Данияда, Канадада, Австрияда, Сингапурде, ТМД және Балтия елдерінде бар. «Альянс Банк» бұл банктермен мынадай халықаралық операцияларды жүзеге асырады:

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде