Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылыс және т.б. жұмсаламы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конститутциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныйды, олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды.[2]

Содержание

Кіріспе..............................................................................

І Халықаралық инвестициялардың теориялық аспектілері
1.1 Инвестиция түсінігі және оның мазмұны............................
1.2 Шетелдік инвестициялардың ерекшелігі
1.3 Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі..............

ІІ Қазақстандағы инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау.....
2.1 Қазакстандағы инвестициялық қызметтің бүгінгі тандағы жағдайы.......
2.2. Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттары

ІІІ Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру........

Қорытынды..................................................................
Пайдаланған әдебиеттер..........................

Вложенные файлы: 1 файл

econ_148.doc

— 254.50 Кб (Скачать файл)
    1. Жапон үкіметі мен бизнестің қабылдаған тікелей шетел инвестицияларының төмен көлемі байқауға болады (17831 млн. доллар). Инвестицияларды белсенді ынталандыру нәтижесінде, тікелей инвестициялардың экспорты бойынша бұл ел дүние жүзінде үшінші орынға ие болды.
    2. Ірі импортаушылар қатарына Қытай, Испания, Австралия, Нидерланды, Бельгия, Люксембург кіреді.

 

«Триаданың» өз ішіне капитиалдың интенсивтік қатынастарының өсуі байқалды, яғни өзара сауда, дүниежүзілік саудаға қарағанда тез өсіп жытар. Осы «Триадада» өзінің ерекше халықаралық еңбек бөлінісі және аймақтық, ұлттық деңгейлердегі реттеу механизмдері арқылы дүнижүзілік шарушылық стандартын анықтайтын жаңа саты пайда болды.

Капиталдың халықаралық қозғалысының негізгі қалыптасушылары нарықтық процестері белсенді даму үрдісіндегі елдер болып табылатындығын ескере отырып, тікелей шетел инвестициялары динамикасының себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

    1. Бәсекелестік қысымы;
    2. Жаңа технологиялар;
    3. Жекешелендіру;
    4. Мемлекеттік қолдау;

Қазіргі кездегі шетел инвесторларын ойландырып жүрген бірқатар сұрақтарға, атқарушы органдармен тіркелген заңды актілер арқылы, сондай-ақ іс-тәжрибедесіне және әкімшілік нормаларына сәйкес нақты жауап алуға болады. Ірі инвесторлардың жоспарларын талдау келесідей сипаттаманы береді: инвесторлардың барлығы белсенді шетелдік операцияларды жоспарлайды. Бірақ мұнда кейбір «географиялық нюанстары» бар: американдық фирмалар Батыс Еуропалық нарықты көздейді, бұл әсіресе жаңа технологиялар және тұтынушы тауарларының өндірісінде қатты байқалады; Еуропалық ТҰК өзінің негізгі салымдарын Американдық нарықта жасағысы келеді; ал, жапондық ТҰК  - Азияны басымдылық бағыты ретінде көздеп отыр. Ал дамушы елдерге келетін болсақ, олардың салымдары сол дамушы елдерде орналасады.

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Шетел инвестицияларын  басқарудың шетел тәжрибесі

 

Мемлекеттер экономикасындағы шетел инвестициялары. «Инвестициялар» түсінігі - көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:

  • ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, кұрал- 
    жабдық,   технологиялар   жөнінде   айтылады.   Оларды   енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады;
  • соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу 
    жөнінде сөз болады;

• мұндай  анықтама бірнеше  шектеуші  сипатта  болады, өйткені кең мағынада алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі бір процесс болып табылады;

• осы процестің әлеуметтік^экономикалық салдары бойын- 
ша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір 
механизм ретінде бағалауға болады.

Экономикада "капитал" түсінігі синоним ретінде қолданы-лады. Бұл мағынада, халықаралық экономикалық қатынас-тардың формасы ретінде халықаралық капитал қозғалысы дина-микалық категория қызметін атқарады. Халықаралық капитал өз қозғалысында әр түрлі факторлармен және себептермен байла-нысты, әр түрлі мақсаттарды көздейді. Бұлардың ішінде жоғары пайда алу ерекше орын алады, ол әр алуан формада болуы мүмкін: өнеркәсіптік, банктік, ссудалық займдар бойынша про-центтер, жер өсімі және т.б.

Әлемдік аренада капитал әр түрлі институционалдық инвес-торлар арқылы екі формада болады:

  • кәсіпкерлік капитал;
  • ссудалық капитал.

Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез келген саласына сапынуы мүмкін, ол мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: багалы қагаздарды немесе қор қүндылықтарын сатып алу және сату; шетелдерде өздерінің кәсіпорындарын сату, төл компаниялар мен фшшалдарды құру, аралас типтегі кәсіпорындарды құру және басқалар.

Салу формалары бағалы қағаздарды немесе мүлікті меншіктену құқығының болуына байланысты ерекшеленеді. Барлық жағдайларда инвестицияланған капиталдың қолданы-луына бақылау жүргізудің белгілі дәрежесі айқындалған.

Бақылау қызметін жүзеге асырудың толықтығы дәрежесіне байланысты ол екіге бөлінеді: тікелей немесе жанама (портфельдік) инвестициялар. Тікелей инвестициялар ше-телдік кәсіпорындарды тікелей басқаруға құқық береді және ин-вестор өндірісті басқару процесіне тікелей қатысады.

Екінші жағдайда, шетелдік кәсіпорындарды бақылау құқығы едәуір тарылады және оның айырықша құзыреті -пайданың белгілі бөлігін алумен шектеледі. Тікелей және порт-фельдік шетелдік инвестицияларды шектеудің маңызды әдістемелік мәні бар, алайда олардың арасындағы шекаралар шартты түрде белгіленген.

Дегенмен, маңызды айырмашылық төмендегі белгілерде айқын көрініс тапқан: қолданылу мерзімі бойынша портфельдік инвестициялар уақытша болып есептеледі және алып-сатушылық сипатта болады. Ал тікелей инвестициялар эконо-миканың дамуын қаржыландыруға ұзақ мерзімде әсер етеді.

Табыс алу ауқымы бойынша, портфельдік инвестициялар банктік проценттен артық болатын, капиталдың түрақты табы-сын алу мақсатын көздейді. Тікелей инвестициялар инвесторға табыс алуға мүмкіндік береді. Олар: капиталга кіретін табыс, толық кәсіпкерлік пайда, қызметтердің барлық багыттары бойынша фирманы бақылаумен қамтамасыз етілетін барлық пайдалар (сауда, инвестициялау, қаржыландыру, кооперация, гылыми-техникалық қызмет көрсету және т.б.).

Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвестициялар жанама инвестициялармен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен ерекшеленеді.

Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т.б., сонымен бірге ұлттық экономиканың қүрылымын өзгертеді.

Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттық меншік шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындата-ды. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80-жылдар аяғында болды.

Бұл әлемдегі миграцияланатын капиталдың теңбе-тең күшеюі арқылы жүріп отырды. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 млрд. долларға жетті, ол 1990 жыдцың деңгейімен салы-стырғанда 3 есе көп болды, ал миграцияланатын капитал құрылымында шетелдік тікелей инвестициялар едәуір ұлғайды. Оның деңгейі 1995 жылы 325 млрд. долларға жетті, яғни 80-жылдармен салыстырғанда 3,5 есе өсті.

Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, инвестициялық ресур-стардың ағымын екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің дамуының біркелкі еместігі және индустриалдық елдердің жедел өсуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.

Осылайша, 1990-1995 жылдары әлемдік экспорт 1,5 есеге өсті, өзгеріссіз бағалар бойынша ол ІЖӨ-нің өсу карқынынан 2-3 есе көп болды. Шетелдік тікелей инвестициялардың сомасы-ның ұлғаюы шетелдік капиталдың қатысуымен жасалған өнімнің өтуіне зор ықпал етті, ал тармақгалған жүйесі 250 мың филиалдан тұратын 40 мың трансұлттық корпорациялар әлемдік экспорттың 2/3-і қозғалысын басқарды, олардың жартысы ішкі фирмалық жеткізулерді құрады.

 Дамыған елдердің инвестициялық саясатының ерекшеліктері.

Ғылыми-техникалық революция жагдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне ықпал етуигі факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде. 60 - 80-жылдары өндіріс пен сыртқы саудага қараганда капитал агымы өте жогары қарқынмен дамы-ды.

Мысалы, егер 1960 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 66 млрд.$ болса, онда 80-жылдары олар 8 есеге өсті. Бұл жиырма жылдық кезең дамыған елдер экономикасын инвести-циялауға дамушы елдер экономикасынан шыгатын шетел капи-талының қозғалу векторларын тұбегейлі өзгертгі.

Бұл бәсекелестік күресті қатаң жүргізудін, негізі болып та-былады. Осы мезетте жаңа халықаралық экономикалық жағдайды қалыптастыру бойынша іс-кимылдар белсенді тұрде жүріп жатты. Бұл құбылыс сөзсіз, үйяестіру императивтерін, экономикалық және саяси ынтымактастықтың жаңа мүмкін-діктерін туындатты.

Халықаралық капитал қозғалысының тарихында аталған ке-зең былайда ерекшеленеді, яғни капиталды шетке шығарудағы күштердің өзгерісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Сапы-стыру үшін төмендегідей мысал келтіруге болады:

Екінші дүние жүзілік соғыстық аддында Ұлыбритания ка-питалының ірі экспортеры болды, оның үлесінде жалпы көлемнің 40%-тен астамы болды, ал АҚШ үлесі 20%-тен аз ғана асты. 1960 жылдың басында күштердің арақатынасы сәйкесінше 20% және 55% болды.

АҚШ-тың алдыңгы қатарлы рөлі 60-жылдардың ортасына дейін байқалды, бірақ та осы уақытқа дейін АҚШ-тағы шетел активтерінің барлық түрлері едәуір көп болды.

Сонымен бірге, соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-тың инве-стицияландыруының басты формасы ретінде мемлекетгік және жеке меншік саудалық капитал экспортында АҚШ елеулі үлес алады және олар көп жағдайда дамушы мемлекеттер әлеміне бағытталады. Бұл жердегі мақсат - сол елдерде американдық ықпал ету орбитасын енгізу.

Сөзсіз түрде мынаны атап өту керек, яғни шетелдік жеке меншік инвестициялардың ірі формаларының бірі ретінде тікелей шетел инвестициялары қарастырылды. Бұл кезде стати-стикалық мәліметтер көрсеткендей, кәсіпорындар мен тікелей объектілердің акцияларыньщ басым көпшілігі американдық ка-питалдың толық меншігінде болады.

Бұл американдық корпорацияларға, бәсекелестерге қарағанда өте жоғары көрсеткіштерге ие болуға мүмкіндік бе-реді, ал алынатын пайдалардың басым көпшілігі елдің төлем балансындағы пассивтің белгілі бір үлесінің орнын толтырады және шетел экспансиясын қаржыландыруға арналған ресурстар-ды толықтырады.

Енгізілген американдық капитал дамушы елдердің жұмыс-шылары мен қызметкерлерінің мынандай санын тұтынады, яғни оның шамасы АҚШ-тағы өңдеу салаларының жартысына жуығын құрайды.

АҚШ капиталды шетке шығарудан мынандай экономика-лық тиімділік алады, яғни АҚШ-тан шығатын капитал көлемімен салыстырғанда әлемдік нарықтағы тауарлар қозғалысы 5 есеге көп болады.

Біздің ойымызша, шетелдегі американдық кәсіпорындар кешенін АҚШ-тың екінші экономикасы деп есептеу ете дұрыс. Елдердің қаржылық ресурстарын капиталды тартушы елдер үкіметінің басқару және ынталандыру тәжірибесінің жеткілік-сіздігі ықпал етеді.

Импорттық капиталды қабылдау, сонымен бірге оларды тарту стратегиясына деген мемлекеттердің позитивтік қатынастары мынаған ықпал етті, яғни американдық капитал халық шаруашылығының жетекші салаларының 25%-нен аста-мын құрайды.

Сонымен бірге, Батыс Еуропадағы АҚШ-тың тікелей инве-стицияларының аймақтық кесіндісі барлық инвестициялардың 40%-не жуық болады. Осы кезде олар дамыған өндірістік ин-фрақұрылымы бар, өнеркәсіптік өндірістің жоғары деңгейі бар және қолайлы инвестициялық климаты бар өнімді өткізудің сыйымды нарықтарын іздестіреді.

Американдық капиталды қолдану жүйесінің салалық палит-расы сан қырлы: коммуникация, ауыл шаруашылығы машина-ларын жасау, химия, дәрі-дәрмек, мұнай химиясы, әскери өнеркәсіптік салалары.

Әлемдік аренада 60-жылдардың соңында күштерді орнала-стыру күрт өзгерді, ол төмендегі сәттермен анықталды.

Көптеген дамыған елдерде энергия ресурстары болмады да, белгілі бір шикізаттық тәуелділікте болды. Сонымен бірге 60-жылдары доллар бағамының төмендеуі орын алды, батыс-еуропалық және жапондық кәсіпорындардың мүмкіндігін арт-тыру жеделдетілді, ол әлемдік аренада американдық капиталдың жағдайының нашарлауына әкеліп соқты.

70-жылдардың басына қарай  көптеген американдық өндірістер  Батыс Еуропадағы өз қызметін  тапты және 80-жылдардың ортасына  қарай АҚШ-тың тікелей инвестициялары-ның  өсу қарқыны батыс-еуропалық және  жапондық капиталдар ағымынан  артта қалды.

Сонымен бірге айта кететін жайт, американдық капитал негізінде құрылған көптеген дамушы елдер экономикасы ЖИЕ және мұнайды экспорттаушы мемлекеттер тобын туындатты, олардың өз елдерінен капиталды шығарудың маңызды себептері бар.

Капиталдың күшті экспортерларының бірі ретінде Жапония ерекше орын алады, ол әлемде бүрын болмаған ұзақ мерзімдік салымдар құнын жинақтады. Егер 60-жылдары тікелей инвести-циялардағы Жапонияның үлесі 0,5%-ті құраса, 1985 жылы ол 10-11%-ке жетті.

Соның арасында, Жапонияның өз капиталын орналастыру-дың негізгі аймақтары - бірінші ретте дамушы елдер, соның ішінде ЖИЕ болып табылды. Бірақ, дамыған әлемдегі оның үлесінің кеңейгендігін атап өтпеуге болмайды.

1985 жылы Жапония мен  АҚШ-тың тікелей инвестицияла-ры 10 млрд. доллардан асты, ол жалпы  көлемнің 1/4-не тең, Жа-пон капиталының шетке шығарылуының мұндай қарқыны "АҚШ - Жапония - Батыс Еуропа" үшбұрышында өткір қақтығыстарды туындатты.

70-жылдардың басына қарай  тікелей инвестициялар 725 млрд. $ға  жетті, қазіргі кезде Жапония  капиталдың өте белсенді экспортеры бола отырып, шетел тауарларына "ашық есіктер" саясатын жүргізбей отыр. Өйткені, соғыстан кейінгі Жапония өзінің даму моделіне АҚШ-қа әскери тәуелділігі жағдайында жетті, АҚШ пен Батыс Еуропаның ықпалы әсерінен Жапония капитал импортын ырықтандыруға тырысуда.

1980 жылғы жапондық мысал, ауыл шаруашылығы, мұнай және  газ өнеркәсібіне шетел инвестицияларын  енгізуге толық тьійым салуды  көрсетіп отыр. Экспансия құралдарының  күрделі байланысуында ТҮК өзінің  енгізілу аймағын едәуір кеңейтті. Бұл тікелей американдық инвестициялардың интенсивті өсуін көрсетеді.

Информация о работе Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру