Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 11:07, дипломная работа

Краткое описание

Аталған жоба инвестиялау сомасы бойынша онша үлкен емес, алайда әлеуметтік-экономикалық мәні бойынша ол өз алдына біздің облыстың дамытуда өзінше өте қажетті сатыда тұр:
• Серіктестікте 20-ға жуық жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз етеді, осылайша әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетеді;
• Қазақстан Республикасын импорт ауыстыратын өнімдермен қамтитын басқа мемлекеттерге тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді;
• Сатып алушылардың сұранысын қанағаттандырады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі............................................................................................................................5
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар........................................................................................8
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі.........9

2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты............................16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..............23
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері................................................................31

3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру».......................................................................................34

Қорытынды..............................................................................................................41
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................43

Вложенные файлы: 1 файл

Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару.docx

— 117.50 Кб (Скачать файл)

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың  мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару  есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.  

Соңғы кездері  мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу  бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді.

Бұл еңбектің авторлары  кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың  әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың  маңызды ерекшелігі болып  табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.                    

Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде  және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың  қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.

Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып  табылады.  

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға  оның қызметі  жөнінде көптеген параметрлерді  сырттан  бекітетін  орталықтандырылған әкімшілік  сипатты жояды. Ол, ең алдымен  бәсекелестік нәтижесінде  сарқынды өзгеріп отыратын нарықтық конъюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.                                                                                                            

Қаржылық талдаудың  тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі  ережелерін қалыптастырды. Олардың  ішінен алты негізгі әдісті бөліп  қарастыруға болады: 

1) көлденең талдау;  

2) тікелей талдау;     

3) трендтік талдау;     

4) салыстырмалы  талдау;     

5) факторлық  талдау;     

6) қаржылық коэффициенттер  әдісі.   

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.            

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік  бухгалтер  үлгі құрылымы секілді оның  жеке  көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын  кестелерді жиі  жасайды.

Трендтік  талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.        

Қаржылық талдаудың   нарықтық экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.                                                                                                     

Коэффициенттер  салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.        

3.   Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты  ретіндегі бизнес – жоспар  жасау

3.1 Бизнес –  жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды  ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды  толықтыру»

 

 

Қазіргі кезде  айналысып жатқан тігін цехын  ұйымдастыру біздің қызметіміздің  негізгі түрі болып табылатын. Шығарылатын өнімнің өндірісін ұлғайтудағы өз мүмкіндіктерімізді түсіне келе, біз шығарылатын өнімнің ассортименті мен көлемін ұлғайту мақсатында қажетті шикізаттарды сатып алуға арналған несиелік ресурстарды берілуі туралы ұсынысқа шығамыз.

Жобаның өзгешелендіретін ерекшелігі қаражаттардың тез меңгерілу  мүмкіндігі, қысқаша дайындау кезеңі және қызметінің басталғанынан 3 - 4 ай өткеннен кейінгі өндірістің жоспарланған көлеміне шығу мүмкіндігі болып табылады.

 

 Нағыз жоба  сыртқы киімді, қысқы және жазғы ассортименттегі арнайы жұмыс киімдерін тігуге мамандану мақсатымен және халық тұтынатын тауарларға деген облыстың сұраныстарын қанағаттардыру үшін жасалған.

 

 «Ақанай»  ЖШС бизнес-жоспарын директоры  Кудабаева М.Д. 10 000 000 теңге шамасында айналымдағы қаражаттарды толықтыру үшін несиелік ресурстарды тарту мақсатында ұсынады. Нағыз жоба өзіне жалпы құны 10 000 000 теңге болатын негізгі материалдарды (мата, брезент, киіз, палаткаға арналған мата т.с.с.) сатып алуды қамтиды. Қазіргі кезде қаладағы ұлттық киіз үйлермен лагерге арналған палаткаларды шығарумен айналысатын жалғыз ғана кәсіпорын болып табылады. Несие алғаннан соң кәсіпорын нарықта тұрақтап қалуы үшін шығарылатын өнімді ұлғайтуы қажет, оның кейінгі қызметінің мақсаты болып тұрақтылығы жоғары табыс табуы мен өткізу нарығын кеңейтілу болуы керек.

Батыс Қазақстан  облысымен Қазақстанның басқада  облыстарындағы халықтың аталған өнім түрлерін өспелі түрде қолдану кәсіпорынды  өз алдына жеке өндірісін кеңейту  мәселесін алға қойды.Аталған шараларды іске асыру көрсетілген өнімдермен аймақтың сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі  сипаттамалары:

Жоба атауы  – «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту  үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру».

Қаржыландыруға  қажетті – несие 10 000 000 теңге.

Мерзімі – 1 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  Жобаны мәлімдеуші туралы мәліметтер.

3.1. Кәсіпорын  атауы: «Ақанай» ЖШС

3.2. Заңды статус  – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

3.3. Қайта тіркеудің  тіркеу мерзімі: 12.09.2000 жылғы заңды  тұлғаның мемлекеттік тіркеуі  жөніндегі куәлігі  № 3878-1926-ЖШС.ҚР салық төлеушінің сериясы РНН 271800045740

3.4. Кәсіпорын  жетекшісі – директоры Кудабаева  Тимиргуль  Даулетбаевна.

3.5. Кәсіпорынның  мекен жайы: 417000 Орал қ, Елизаров  к-сі 48.

Тел/факс 51-47-56

3.6. Банк реквизиттері: ЗКФ АО «Қазақстан Халық Банкі»

3.7. Кәсіпорынның  өндірістік қызметін қысқаша  суреттеу:

Аталған серіктестікті  құру жеңіл өндіріс саласындағы  шағын және орта бизнесті, соның  ішінде атап айтқанда тігін өнімдеріндегі  халық сұраныста-рын қамтамасыз ету мақсатында киім тігіп беру секілді қызметтерді ұйымдастыру және оны дамыту мақсатында жүзеге асты.

ЖШС-ның қаржылық және коммерциялық қызметі шаруашылық өнерпаздық негізінде жүзеге асады. ЖШС-ның жарғылық капиталы 72 500 теңгені құрайды.

3.8. Жобаға тікелей  қатысушылар:

1. «Ақанай» ЖШС

2. «Аяз» ЖШС

3. Инвестор

4. Жобаны сипаттау.

4.1. Жоба мақсаты.

Жобаның негізгі  мақсаты болып жергілікті шикізаттарды, еңбек ресурстарын және халық  тұтынатын тауарлар нарығында белгілі  бір бөлігін жаулап алуды максималды түрде қолданып, максималды пайда табу үшін тігін өнімдерін шығару болып табылады.

 

     

1 кесте

 

 

4.2. Жобаны қаржыландыру  құрылымы.

Қаржыландыру  көзі

Сомасы

1

Жеке қаражаттар

 

2

Несие

10 000 мың теңге

3

Басқа да тартылған  қаражаттар

 
 

Жобаның жалпы  бағасы

10 000 мың теңге


 

 

 

 

Қаржыландырудың жеке қаражаттарымен басқа көздерінің жоқ болуы-нан жобаның ұйғарылған қаржыландыруы инвестициялар немесе несиелік займдар есебінен жүзеге асырылады.

Қаражаттар 1 жылға 16%-бен алынады.

2 кесте

 

 

4.3. Жоба бойынша  қорларды тағайындау.

Қаржыландыру  көзі

Сомасы мың  теңге

1

Жеке қаражаттарды пайдалану

 

2

Несие

  1. Құралдарды сатып алуға
  2. Айналым капиталына

Пайдалану

 

 

 

 

 

10 000

3

Басқа да тартылған  қаражаттар

 
 

Жобаның жалпы  бағасы

10 000


 

 

 

 4.4. Жобаның негізі.

Жобаның негізі ретінде тартылған несиелік қаражаттар арқылы Орал қаласындағы «Ақанай» ЖШС базасында өндірілетін өнімді ұлғайту мақсатында техникалық сипаттамалары бойынша замануи талаптармен тұрғындардың күнделікті өмірдегі қажеттіліктеріне сай жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру үшін заемды қаражаттар есебінен өнімдер жасау үшін жалпы құны 10 000 мың теңге болатын негізгі және қосымша материалдарды сатып алу жоспарланған.

 

 

4.5. Кепілді қамтамасыз  етуді суреттеу.

«Ақанай» ЖШС-ның 10 000 мың теңге сомасында берілген займды қайтару кепілі ретінде Елизарова 48 көшесінде орналасқан жалпы ауданы 4157,6 шаршы метр болатын өндірістік корпусын беретін «Аяз» ЖШС шығады.

 

 5. Серіктестікке сипаттама.

5.1. Серіктестіктің  қалыптасуының қысқаша тарихы.

 

 Кәсіпорын жұмыс  істеп жатқан «Аяз» ЖШС цехы базасында  теріден және жүннен тігілген сыртқы киімдерді, жазғы ассортименттегі  арнайы жұмыс тігуге мамандандыру және облыстың жеңіл типтегі демисезонды  жұмыс киімдеріне деген сұраныстарын қамтамасыз ету үшін  құрылған

 

 «Ақанай»  ЖШС жалгерлік шартымен «Аяз»  ЖШС ұсынған тігін цехы ғимаратында  орналасқан. Аренда шарты бойынша  қойма шаруашылығы сонымен қатар  менеджмент және маркетинг, қамсыздандыру,  жарнама, экономикалық қызметтер  кіреді.

Серіктестік сыртқы киімдерді тігумен, кәсіпкерлікпен және сауда-делдалдық қызметпен айналысады сонымен қатар заң жүзінде тыйым салынбаған қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асыра алады.

Информация о работе Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару