"Даму" кәсіпкерліктің даму қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 07:30, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

2 - Курсовой.doc

— 1.40 Мб (Скачать файл)

1. «Банк ЦентрКредит»  АҚ ,

2. «АТФ Банк» АҚ ,

3. «Цеснабанк» АҚ ,

4. «Е уразиялық банк»  АҚ .

МКҰ Бағдарлама аясында кредиттеудің негізгі талаптары: Қаражатты мақсатты пайдалану –МКҰ айналым қаражатын микрокредит беру үшін толтыру ; Жылдық тиімді мөлшерлеме - жылдығы 14,0% көп емес ; Қарыз бойынша кредиттеу мерзімі - 60 айға дейін ; Қарыз валютасы – теңге; Қаржыландыру лимиті - 750 млн. те ң ге ге дейін , соның өзінде сұралып отырған кредит сомасы ағымдағы күнге активті кредит портфелінің көлемінен аспауы тиіс. Егер МКҰ активті несие портфелі кемінде 120 000 АЕК құрайтын болса, онда қарыздың сұралып отырған сомасы сол күнге активті кредит портфелі көлемінің қатынасына 3:1 арасалмақта н а спауы тиіс; жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу жоқ; негізгі борышты айналым қаражатын толықтыруға ұсынылатын Қарыз бойынша өтеуге берілетін деңілдік мерзімі - 12 айға дейін ; МКҰ Бағдарлама қаражаты есебінен әртүрлі банктерден, қаржы ұйымдарынан бір уақытта Қарыз ала алмайды ; Өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді . Бағдарлама бойынша: МКҰ сыртқы және ішкі қарыздарын қайтақаржыландыруға; Әріптес б анк пен өзара байланыстағы МКҰ-ға кредит беруге тыйым салынады. МКҰ қойылатын міндетті талаптар: МКҰ белсенді қызмет ету мерзімі кемінде бір жыл болуы тиіс; Бір қарыз алушының МКҰ несие портфеліндегі тәуекелдік коэффициенті 0,25 -тен аспауы тиіс. Қордың басқада бағдарламалары:

  • «Даму-Көмек» бағдарламасы «Бiр болайық» телехабарлар топтамасы
  • «Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингілік мәмілелерін екінші деңгейдегі банктер және Лизингілік компаниялар арқылы қаржыландыру бағдарламасы
  • Микрокредит беретін субъектілерді қаржыландыру бағдарламасы
  • Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы
  • ШОКС аймақтық қаржыландыру бағдарламасы. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингілік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. жеке кәсіпкерлік субъектіліерін кейіннен қаржыландыру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге және өзге қаржы ұйымдарына келісіп орналастыру Бағдарламасы
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. зардап шеккен ЖКС тікелей қаржыландыру Бағдарламасы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жанындағы «Ұлттық Франчайзингті дамыту орталығы»
  • «Даму -Аймақтар III» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің аймақтық басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасы
  • Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы

2.2 Қордың  жұмыс істеу барысындағы нәтижелеріне баға беру

Бұл қордын атқарған жұмыстарына тоқталып оларға талдау жасап көрелік: Бағдарламаның басты міндеті кезінде ресми қаржыландыру көздеріне қол жеткізе алмаған кәсіпорындарды кредиттеу болып табылады . 1998 ж. мамыр айынан 2007 ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2 216,10 млн. АҚШ долл. құрайтын барлығы 237 000 жобаны қаржыландырды, оның 25,63% – микрокредиттер (568,09 млн. АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37% – шағын кредиттер (1 648,01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба).  Қарайтын болсақ бұл егемендігін енді алған мемлекет үшін үлкен жетістік. 237000 жобаны қаржыландыру, өзімен қашама жұмыспен қамттуды алып келді. Сондықтан бұл жоба тек қана кәсіпкерлікке көмек емес сонымен қоса әр ел сыналған жұмыссыздық мүшкіліне ем болуда.

Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші деңгейдегі 6 банкке 22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды. [3] Қордың бұл іс-әрекеті жүздеген отандық тауарөндірушілерді отанымыздың байлығын дұрыс қолдануға себепкер болды. Расында айтар болсақ еліміз табиғи байлыққа тола, алайда оларды дұрыс қолдана алатын адамдар аз, барының жағдайы келмейді. Ал осы қорды мақсаты сондай қабілетті мамандарды қолдап отандық өнімді нарыққа шығаруына жәрдемдесуде.

Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі жобаларға қолдау көрсетілді. Баршаға мәлім қордың атқарып жақан шаралары, ол өзіне бір немесе екі саланы қамтымайды, бәлкім жүздеген саланы қамтиды. Мейлі ол: трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар отандық тауарөндіру болсын бәрін қамтып жәрдем көрсетеді. Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық тауарөндірушілердің 14 инвестициялық жобасын қаржыландыруды мақұлдады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537 жұмыс орны құрылды.

Осы салаларға  кредиттер көп бөлінді*

01.10.2012г.

 

Креддердің көбіне осы жыл аралығына  беріледі:




Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор тарапынан  жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды.


Бағдарламаны жүзеге асыру 2002 ж. маусым айында басталған, ол 2008 жылы аяқталуы тиіс. 2007 жылғы 1 қазанға шаққанда Қор республикалық бюджеттен жалпы сомасы 793,8 млн. теңгеге 301 жоба (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі бойынша 250,2 млн. теңгеге 97 жоба) қаржыландырды.[8] Осы бағдарлама бойынша 2 000 жуық жұмыс орны құрылып, мақұлданды. Бұл тек таудын шеті, барін жазайн десем уакыт тығыз, сондықтан осымен шектелейк.

 

 

 

 

 

 

 

 

Даму қорының  болашақ жоспары

3.1 Даму  қорының алдағы уақытта іске  асыратын іс-шаралары

Бұл тарауды  өз сөзіммен емес, осы «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың «Айқын» газетіне берген сұқпатынан айтқан сөздерінен бастайн: «ДАМУ» қоры бүгін немен айналысады?

«ДАМУ» қоры - бүгінде шағын және орта бизнес қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік  бағдарламалардың операторы және бастамашысы. Салыстырмалы түрде айтсам, мысалы, біздің елімізде ШОБ түрінде жемісі мол бау-бақша бар. Оны әркім әртүрлі ресурстармен - топырақ, тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, нәрлендіреді. Ал «Даму» қоры сол бақшаға жақсы қарайтын өзіндік мүмкіндігі бар бағбан бола білуі керек. Яғни өңдеу өнеркәсібіндегі несиелерді арзандату үшін ол субсидия бөлуі тиіс. Егер қайбір аймақта жақсы жоба үшін кепілзат жетпей жатса, ол бұған кепілдік беруі керек. Егер банк қаржы көзі бар екенін, бірақ ол аз деп тұрса, ол мұндай жобалар үшін жеткілікті мөлшерде қаржы бөлуі қажет. Осы сияқты шағын және орта бизнестің түрлі қажеттіктерін біз түсініп, өзіміздің стратегиямызда түрлі құралдарды қарастырып отырмыз.  Мұндағы негізгі түйіндердің бірі, ол шағын және орта бизнес - ресурс немесе ақша үшін күрес еместігі. Бұл - құзірет күресі. Кім өзінің білімі мен тәжірибесін ақшаға айналдыра алса, сол табысқа жетеді. Сондықтан да қазір ШОБ құзіретін дамытатын бағдарламаларға бірінші маңыз беріліп отыр. Бүгінгі Кедендік одақ жағдайында бізге Ресей мен Белоруссиядан дайындық деңгейі жоғары кәсіпкерлер келеді. Біз заманауи білім және заманауи басқару технологияларын меңгерген кәсіпкерлер ғана олармен бәсекелесе алатынын көрсеткіміз келеді. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Қайта олардан үлгі алып, солардай болуға ұмтылу қажеттілігін түсіну керек. 

Бүгінгі таңда орта және кіші кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізі болып табылады және халықтың басым бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп, халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпалын беріп, өте ірі салалар мен жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді. Орта және кіші бизнес – жаңа бастау алып келе жатқан кәсіпкерлер арасында капиталды инвестициялау тәсілі ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде маңызға ие бизнес түрі. Аталмыш бағдарламаның ұйғарымы :

- басым салалардағы ШОБ қаржыландыру кезінде нақты шектеу қою;

- кредит берудегі төмен  мөлшерлеме – қайтақаржыландыру мөлшерлемесі деңгейінде (10,5%);

- ресурстың негізгі  бөлігін ШОБ-ң негізгі қаражатын  ұлғайтуға, жетілдіруге және жаңартуға  жіберу .

«Даму-Қолдау» ШОБ  субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын іске асыру нәтижесінде:

- ШОБ субъектілерінің сандық құрылымы сапасының жақсарғанын, яғни шағын бизнес субъектілері санының заңды тұлға түрінде және активтері мен жұмысшылары ұлғаюына байланысты шағын бизнес кәсіпорындарының біразы орта бизнеске өтуі есебінен орта бизнес субъектілері санының өскенін;

- ШОБ субъектілері  өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін  және шетке шығаруға бағдарлануын  арттыру; 

- Қазақстан экономикасын  әртараптандыру үдерісінде ШОБ  рөлін күшейту ;

- жаңадан құрылған  және қолдау тапқан жұмыс орындарын  ұлғайту. 

Қордың ел аймақтарындағы бизнес-орта инфрақұрылымын «Кәсіпкерлікті дамыту орталығын» құру тұжырымдамасын іске асыру арқылы дамытуы. Қор төмендегідей міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:

- Қазақстанның барлық  аймақтарында ШОБ субъектілері үшін бизнесті ұйымдастыру және жүргізу талаптарын жеңілдетуге, сонымен қатар оларға байланысты операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіншілік беретін орталықтандырылған сапалы консалтингтік және ақпараттық-аналитикалық қызмет көрсету кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

- Қазақстанның барлық  аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау  инфрақұрылымын дамытуды және  олар ұсынатын ақпараттық және  консультациялық технологияларды  қолдау инфрақұрылымының барлық  субъектілерінің күшін біріктіру,  олар ұсынатын қызметтерді стандартизациялау, орталықтандырылған алыс-беріс және осы саладағы шетелдік сәтті тәжірибені қабылдау арқылы қамтамасыз ету. [9]

3.2 Алға  қойған мақсатқа жету жолдары

Жету жолдары  алдымен: мемлекет тарапынан көмек, екінші: халықтың атсалысуы. Кім өзінің білімі мен тәжірибесін ақшаға айналдыра алса, сол табысқа жетеді – деген сөз қордың жолы. Өйткені көбіне кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуі жақсы маманның болуына байланысты. Сол себептен алдағы мақсаты 2015 жылға қарай 30000 білікті маман дайындауға бел буды. Қазіргі таңда фонд жас кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті дұрыс жүргүзу дәрістерін өткізуде. Қаржы нарығының банктік емес секторын дамыту мақсатында, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту — мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауын орындау мақсатында Қор ҚР микрокредиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған шаралар Бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда.

Қаржы нарығының банктік  емес секторын дамыту мақсатында, сонымен  қатар Мемлекет басшысының «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту — мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауын орындау мақсатында Қор ҚР микрокредиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған шаралар Бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Бағдарламаның мақсаты елдегі кредит жүйесінің үшінші деңгейі ретіндегі микроқаржы секторының сапалы дамуына микрокредиттік ұйымдарға (одан әрі – МКҚ) қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу. Екіншіден шетел инвесторларының жәрдемімен даму. Қазірде елімізге деген инвестиция тоқтаусыз келіп түсуде. Олардың көбі осы қор арқылы болады. Кредиттеу секілді құрылғылар арқылы. Мысалға: Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕҚҚДБ-мен 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына қарыз туралы келісім жасалды. Осындай операциялар арқылы даму қоры отандық кәсіпкерлерге микрокредиттер беріп, кеңестер беріп жәрдесдемуде. Сол сияқыта алдағы уақытта осы жолынан таймай отандық кәсіпкерлікті қаржыландырады. Ол нәрсе: табыстылықты көбейтумен және жалпы әрі администрациялық шығындарды азайтумен, штаттықтар саның 84 тұлғағадан көбеймеуін қадағалау нәтижеге жетпестен, дивидент тқлеуді тоқтату.

 

Осылайша фонд өзіндік «жедел дамушы фонд» атты атымен арықайрай дамуды жалғастыруда. [9]

 

 

 

Қортынды:

Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. 1997 жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу. Орта және шағын кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет.

Бұл кәсіпкерлік  ортаның бастамашылығын іске асыру  үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы  ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы  өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығында кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!», деп айтқан болатын. [10]

Елбасы ұстанып  отырған стратегияық бағытта  қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын жәе орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру. Мен осы жұмысымда шағын және орта бизнестің біздің еліміздегі даму қарқынын статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсетіп, республикамыздағы кәсіпкерліктің маңызды даму жақтарын және оған кері әсерін тигізіп отырған факторларын көрсеткім келеді.

Экономикалық  дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға ұшырап, иілмелі нарық  жүйесі алдында дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар жұмысқа тартылды. Қысқасы, шағын және орта кәсіпкерлік дағдарыстағы экономикамызға тіреу болды деп айта аламын.

Информация о работе "Даму" кәсіпкерліктің даму қоры