"Даму" кәсіпкерліктің даму қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 07:30, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

2 - Курсовой.doc

— 1.40 Мб (Скачать файл)

Микрокредиттеу Бағдарламасын  жүзеге асыру кредит жүйесінің үшінші деңгейін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізуіне, халықтың жұмыс бастылығы мен жеке жұмыс бастылықтың өсуіне және кәсіпкерлік бастамашылық пен белсенділіктің артуына мүмкіндік туғызады.

Қор Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру үшін әр елдегі халықаралық микрокредиттеу тәжірибелерін , Қазақстан жағдайында микроқаржыландыру практикасын пайдалану мүмкіншілігін оқып үйренді, сонымен қатар ПРООН, CGAP (СИГАП) – микроқаржыландыруды дамытуға ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Дүниежүзілік банк жанындағы консультациялық топтың ұсыныстары ескерілді.

Микрокредиттеу Бағдарламасын  жүзеге асыруды Қор екі бағытта  жүзеге асырды.

  1. Қордың үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру

2007 ж. 1 қаңтарға шаққанда, Қордың қатысуымен Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 28 МКҰ құрылды. Жаңа құрылған МКҰ-ң жарғылық капиталына Қор инвестициясының барлық мөлшері 94,9 млн. теңгені құрды.

  1. Жұмыс жасап жатқан микрокредит ұйымдарын кредиттеу

Осы Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде, Қор жұмыс жасап жатқан МКҰ кредит ресурстарын толықтыру үшін жеңілдікпен қаржыландыруды жүзеге асырады. 2007 ж 1 қаңтарға шаққанда, Қазақстанда микрокредиттеу секторын дамыту бағдарламасы бойынша, жалпы сомасы 5 500,0 млн. теңгеден асатын  174 жоба қаржыландырылды..

Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы бойынша Қор серіктестері мен консультанттары

Қазақстандағы БҰҰ даму Бағдарламасы  (Қазақстандағы БҰҰДБ)

Тұрмысы төмен азаматтарды  қолдау жөніндегі консультациялық  топ (CGAP, АҚШ)

Микроқаржы орталығы (МҚО , Варшава)

Орта-Ази ялық микроқаржы альянсы (CAMFA, Өзбекстан)

Ресей микроқаржы орталығы (РМО, Ресей)

«Қазақстан кредиттеу  қоры» КҚ (ҚКҚ, Қазақстан)

«Азия кредит қоры КҚ (АКҚ, Қазақстан)

«Қазақстан микроқаржы ұйымдарының Ассоциациясы» ЗТА (АМФОК)

ШКС екінші деңгейдегі банктерден алатын кредиттеріне кепілдік беру

Қор ШКС екінші деңгейдегі банктерден кредит алған кезде оларға Қор кепілдігін сақтандыруды пайдалана  отырып, кепілдік береді. Бұл Қазақстан  нарығы үшін жаңа өнім болып табылады.

Қордың кепілдік беру механизмі «банк – кәсіпкер –  сақтандыру компаниясы» сияқты қаржы  қатынастарын құру үшін негіз болатын  кредит тәуекелдерін сақтандыруды қарастырады. Қор екінші деңгейдегі банктер беретін  ШКС кредиттері бойынша тәуекелді төмендету үшін, өздері беретін кепілдікті сақтандыру үшін сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру туралы шарт жасасады.

Кепілдік беру бағдарламасын  жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде  кепілдік беру механизмінің Қазақстанда  да барлық ТМД елдеріндегідей іс жүзінде игерілмегені және енгізілмегендігі Қорға біраз қиындықтар туғызды.

Қордың ЕДБ алдында  ШКС кредиттеріне кепілдік беру сияқты өнімі банк желісі мейлінше дамыған  аудандарда ғана қол жеткізілуі мүмкін, себебі Қор кепілдік берген кезде  ШКС жобаларын қаржыландыруға тек ЕДБ қаражаты ғана дереккөз болып табылады. Бұдан бөлек, Қордың беретін кепілдіктері шалғай аудандардағы ШКС тәуекелдерімен әзірше жұмыс істемейтін сақтандыру компанияларында сақтандырылуы қажет. Осылайша, ШКС-ң осындай өнімді пайдалануы шалғай аудандар мен шағын қалалар үшін біраз қолайсыздық туғызады. Қордың кепілдік беру бағдарламасымен Қазақстан Халық банкі «Бизнес-SuperLights», ТұранӘлем банкі – «КРЕДИТПРО» сияқты банктік өнімдерді әзірлеп, жүзеге асырды. Қазіргі кезде ШКС-ң екінші деңгейлі банктердегі 39 кредитіне Қор кепілдігі берілді, Қордың кепілдік сомасы 900,0 млн-ға. жуық теңгені құрды.

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ (2008-2012 жж.)

Қазақстан дамуының 2030 жылға  дейінгі Стратегиясын , Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті  елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды. Қазіргі кезде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік даму институты болып табылады. 10 жылдық даму кезеңін басынан өткізе отырып, Қор жүзеге асырылуы 2008 жылдан басталатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа Концепциясын дайындады.

Жаңа Концепция мен шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты саясаттың басты міндеті Қазақстанда шағын және орта бизнестің бәсекегеқабілеттілігін арттыруға, оның сапалы серпілісіне, осы саладағы өнімділік өсімі мен бәсекегеқабілеттілігіне жәрдемдесу болып табылады. Қазіргі кезде «Даму» қорының алдында мынадай стратегиялық мақсаттар тұр:

Ұлттық қаржыландырудың ШОБ-ң барлық кредит қабілетті субъектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Қор мынадай міндеттерді  шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді  жоспарлап отыр:

- жүйеқұрушы екінші  деңгейлі банктер мен қаржы  ұйымдарының ұйымдастырушылық-техникалық  мүмкіндіктерін кәсіпкерлікті қаржыландыруға тарта отырып, ШОБ субъектілері үшін кредит ресурстарын ұсынудағы қол жетімділік деңгейін және жылдамдығын көтеру;

- ШОБ субъектілері  арасынан әлеуетті қарыз алушыларды  қамтуды ұлғайту және елдің  барлық аумағында кредит ресурстарының  біркелкі үлестірілуінің тиімді деңгейін қамтамасыз ету;

- ШОБ субъектілері  үшін кредит ресурстарының бағасын  төмендету. 

Қор қойылған міндеттемелердің шешімін ШОБ субъектілерін әрі  қарай кредиттеу үшін республикалық, жергілікті бюджет, халықаралық қаржы  ұйымдарының және өзге ұйымдардың қаражатын екінші деңгейлі банктерге және кредит қызметін жүзеге асыруға құқығы бар өзге ұйымдарға келісіп орналастыру арқылы жүзеге асырады.

Экономиканың шағын және орта бизнес саласында әртараптануына жәрдемдесу.

Қор «Даму-Қолдау» ШОБ  субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын әзірледі және ол 2008 жылғы 1 тамызда Директорлар кеңесімен  бекітілді . [6]

«Кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың «Айқын» газетіне берген сұқпатынан үзінді:[5]

Еліміздегі шағын және орта бизнестің құрылымы қандай?

Шағын және орта бизнестің құрылымын ең алдымен ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша қарастырсақ деймін. Бір қызығы, соңғы бес жылда заңды тұлғалар саны еш өзгеріссіз қалып келеді. Белсенді істеп келе жатқан кәсіпорындар шамамен - 66 мың. Ал жеке кәсіпкерлер саласында соңғы 10 жылда күрт өзгерістер болды. Олардың саны 100 мыңнан 430 мыңға дейін өсті. Яғни халықтың осындай ауқымды бір бөлігі ресми түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс жасап табыс тауып отыр. Олар үшін салық төлеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілген. Қазақстанда 170 мың шаруа қожалығы бар. Бұл салада да даму байқалады. Алайда «Елімізде шағын бизнестің неге орта бизнес деңгейіне біртіндеп эволюциялық өсулеріне мүмкіндіктер жоқ» деген сауал алдымызда тұр.

«Даму» қоры және басқа да мемлекеттік құрылымдар осы сауалдың түйінін шешу мақсатында жұмыс істеп жатыр. Екінші мәселе бизнестің салалық құрылымына келіп тіреледі. Соңғы 20 жылда бұл салада айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Шағын және орта бизнес субъектілерінің 40 пайызы сауда саласында қызмет атқаруда, ал өнеркәсіп саласында бар-жоғы 3 пайыз ғана. Бұл жерде басқа да мәселелермен қатар шағын және орта бизнестегі статистиканы жетілдіру төңірегінде түйткілдер көп. Жалпы айтқанда, бизнестің салалық құрылымдары соңғы 10 жылда түбегейлі өзгермеді. Егер біз шағын және орта бизнесті әртараптандыру туралы айтар болсақ, онда ең алғашқы көрсеткіш өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлерді көбейту болып табылады.

Қазір шағын және орта бизнестегілердің көңіл күйі қалай, осы салаға адамдар келіп жатыр ма?

Мұны түрліше  бағалауға болады. Мен бір басылымнан Қазақстан студенттер қауымдастығының  «30 жасыңызда сіз кім болғыңыз келеді?» атты сауалнамасын оқыдым. Ең алдымен мен жастардың осы  сауалды өздері қойып отырғанына қуандым, екіншіден, сауалнамаға қатысқандардың 45 пайызы 30 жасында өздерінің тұрақты бизнесі болғанын қалады. Бұл - жастардың өз таңдауы. Әрі біз «Даму» қоры тарапынан да соңғы екі жылда сауалнама жүргізуге тапсырыс беріп келеміз. Сонда аңғарғанымыз, сұрау салуға қатысқандардың 25 пайызы шағын және орта бизнеске амал жоқтығынан келгенін айтады. Сондықтан да олар мүмкіндігі болса, мемлекеттік қызметке немесе басқа да тұрақты жалақысы бар жұмысқа барғысы келеді. Мұның өзі шағын және орта бизнесте көңілі алаңдардың жеткілікті екенін байқатады. Бизнестің өзі қаржы тұрақтылығымен тікелей байланысты. Шағын бизнестен алған табыстары тек шығындарды жабумен ғана шектелген кәсіпкерлердің көңілдері осындай. Ал бизнестен алған табыстарының тұрақты өсуін қамтамасыз еткен кәсіпкерлер ғана өз келешектеріне сеніммен қарайды.

Еліміздегі шағын және орта бизнесте қандай проблемалар бар деп ойлайсыз?

Бірінші проблема - бұл шағын және орта бизнестің ішкі мүмкінді-гіне байланысты. Соңғы екі жылда арнайы жүргізілген маркетингтік зерттеулер кәсіпкерлердің айтуынша, салық төлемдерімен тікелей байланысты болып отыр. Екінші бір жағдай - лицензиялау мен қадағалау-рұқсат беру жүйесіне қатысты. Шын мәнінде, бұлар - ішкі ортаның мәселелері. Сауалнама көрсетіп отырғанындай, бірде-бір кәсіпкер неге екені белгісіз өз білімінің жетімсіздігін, дамуға тәжірибесінің аздығын мойындағысы келмейді. Айталық, шұжық өнімін өндіретін кәсіпкер өнімді ораудан бастап өткізуге дейінгі жолдар төңірегінде басын қатыра бермейді. Сол себепті бұл мәселені қоғамдық ортада талқылап, әр кәсіпкер өз ісіне тереңдеп үңілетіндей деңгейге көтеру керек. Үшінші бір маңызды мәселе - шағын және орта бизнесті қолдайтын мемлекеттік құралдарды жасау. Оның жалпы принципі - мемлекет тікелей кредитор болмауы керек. Жеке кәсіпкерлікті жеке капитал ғана қолдауы тиіс. Мемлекет бұл үдерісті кепілдендіру, субсидиялау немесе басқа да жолдар арқылы несиелерді арзандату мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

Шағын және орта бизнесті қорғаудағы сіздердің міндетіңіз қандай?

Бұл бағыттағы міндеттерімізді біз «қаржылық емес бағдарламалар» деп аталатын үлкен жобалар жасаумен байланыстырамыз. Негізінде олардың бәрі шағын және орта бизнестің құзіретін ұлғайтатын бағдарламалар. Бұл - оқыту және консалтинг. Қазір, сондай-ақ «Даму» қорының веб-порталындағы қолжетімді материалдарды пайдаланып, қашықтан кеңес беру дамып келеді. Мысалы, «Даму» қорының Сall-орталығына хабарласып, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша алдын ала кеңес алуға болады. Осылай «Даму» қорының бизнесті қорғау бойынша жақын келешекке белгіленген міндеттерінің арқасында әрбір кәсіпкер белгілі бір кәсіби дағдыларды меңгеріп, өзін-өзі қорғай алатындай құзіреттерді өсіру жүріп жатыр.[5]

 

  1. Даму қорының атқарған іс-шараларын талдау
    1. Даму қорының өткен және ағымдағы іс-шаралары

Даму қоры ашылған күнінен бастап өзін өте белсенді, елінің экономикалық ахуалын жақсартуға деген құштарлығы байқалды. Оны біз осы қордын іске асырған әрі қарай асыратын бағдаламалардан байқаймыз. Қазіргі таңда қордың өзіндік электронды сайты бар, сол сайтта қор өз мақсаты әрі бағдаламаларын баяндап жазып көрсетіп қойған. Сол бағдаламаларға тоқталып өтейк:

 

  • Қаражатты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші  кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына  сәйкес, Қор 2008 жылдың басынан бастап, кейіннен шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру Бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатын басқару операторы болып табылады. Қаражатты келісіп орналастыру Бағдарламасы Қазақстан Респуб-ликасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет саясатын іске асырудағы бірден-бір құрал болып табылады. Бағдарлама Қордың қаржы ресурстарын (қорландыру) кейіннен ШОК субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты белгілі бір шарттармен (мақсатты және шектеуші) екінші деңгейдегі банктерге ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Әріптес-банктермен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарының бірі Қордың олардың ішкі рәсімдеріне және кредит үдерісіне араласпау саясаты, сонымен қатар олардың қабылданған шешімдерінің тәуекелдігіне толық жауапкершілігі болып табылады.

  • “Даму-Аймақтар” бағдарламасы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатын кейіннен микрокредиттік ұйымдарға несие беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы

Бағдарлама Қор әзірлеп, бекіткен ҚР микрокредиттік ұйымдарды (одан әрі – МКҰ) 2008-2012 жылдарға дамыту жөніндегі шаралар бағдарламасына сәйкес іске асырылады. Бағдарламаның  мақсаты елдің кредит жүйесінің  үшінші деңгейі ретінде микрокредит секторының сапалы дамуына МКҰ ресурстық қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады. Тіркелген және өз қызметін ҚР заңына сәйкес жүзеге асырып отырған МКҰ Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады. Бағдарлама қаражатының жалпы сомасы 1 800 млн. теңгені құрайды. [7] Бағдарламаға мынадай ЕДБ қатысады :

Информация о работе "Даму" кәсіпкерліктің даму қоры