Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломная работа лаура (1).doc

— 582.00 Кб (Скачать файл)

К.Д.Ушинский пікірін П.Ф.Каптерев одан өрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл — мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан — оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді.  Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.

Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс — тәсілдеріне:

а) оқыту әдісі — бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;

ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі.».

Дарынды, қабілетті баланың өзіндік пікірі қалыптасуы мен қатар басқаның да пікірін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында бала бойында сенімділік, жауапкершілік, дербестік сияқты өмір дағдыларын меңгерту мақсатында «Өзіңмен бірге өмірді тани біл» немесе т,б тақырыптарда дөңгелек үстелдер пен пікірталастар ұйымдастырып өткізіп отыру қажетті нәрсе. Кәсіби қасиеттерді меңгертуге баулу мен болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, үнемі айтылып та, жүргізіліп те отыратын жұмыстар. Сонымен бірге жеке тұлғаны қалыптастыратын қасиеттер жайында жас ұрпаққа түсінік беріп отыру әркез міндетті іс, осы тұрғыда «Жағымсыз әрекеттерден аулақ болайық», «Дос және достық», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» т.б. тақырыптарда тақырыптық, шығармашылық кештер ұйымдастыру оқушының дамуының үлкен сатысы болмақ. 

Музыкалық тәрбиені беру үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару қажет. Музыка ең алдымен эмоционалдық қанағаттандыруды береді. Екіншіден, музыкалық тәрбиенің негіз - ақыл-ойды ғылымның көмегімен жетілдіру. Үшіншіден - бұл эмоционалдық тәрбие. Ең алдымен балалардың қызығушылықтарын ескеріп, мектепте және оны бітіргеннен кейін толық музыкалық білімді алуды қамтамасыз ету керек. Әрбір әдістің негізін музыканың теориясы емес, практикалық жұмыстары қарайды. Балалар музыкаға қызығып кеткеннен кейін ол туралы көбірек білгісі келеді: музыкалық ноталардың белгілерін жазып үйрену, оларды әнге ауыстыру және тағы басқа. Музыка пәніне қызыққан бала кейін музыкалық теорияны да оқуға  талпынады. Музыкалық практика тек қана өлең айту мен аспапта ойнаумен шектелмейді, сонымен бірге әнді тыңдауда практиканы құрайды. Әндер жеңіл, аспаптар–элементарлы, ал әуендер қарапайым болуы мүмкін бірақ қаншалықты құралдар мен материалдар жеңіл болғанмен, олардың көркемдік сапасы жоғарғы сатыда болуы ықтимал. Әрине дамудың ең бірінші сатысында музыкаға деген сүйіспеншілік фундаменті қаланады. Келесі сатыда балалар меңгерген білімін музыканы тереңдетіп тануға жұмсағылары келеді. Міне, дәл осы уақытта баланы әр түрлі кезеңдердегі музыкамен, оның бағыттарымен, стильдерімен таныстыру қажет. Сондай-ақ классикалық шығармалармен қатар жаңа заман шығармаларын беру қажеттілігін ұмытпау керек.

Қазіргі кезде жалпы білім беру қазақ орта мектептерінде музыкадан жаңа бағдарламалар жасалуына байланысты жаңа оқулық, оқулық құралдар оған қоса нота хрестоматиялар бар. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаларымызға шолу жасауымызға уақыт келді. Ақыл-кеңес, пікір-талас кезеңдерін туғызып әр бағдарламаға тоқтаймыз. Кеңес дәуірінде біздер Бейсенғали Ғизатовтың оқулығымен балаларды музыка өнер саласына тәлім-тәрбие берді. Ол кездегі мақсат балаларды отанымызды, социолизмді, көсемдерімізді мақтау етіп, патриоттық тәрбие болғасын барлық әндер музыкалық шығармалар осы дәуірді мақтап социализмге деген сүйіспеншілікті білдіріп, орысша әндердің мәтінін аударып жүрдік. Музыка сабағын құрғанда кеңестік құрылысты мақтан еттік, сол кезде ежелден қалыптасқан қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрі халқымыздың ән-күйін тіршілік-тұрмысын, әдет-ғұрпын ұмыттық, оған қазіргі уақыт куә. Одан кейін бізге ұсынған академик Д. Кабалевскийдің  музыкалық-эстетикалық бағдарламасы (1973 жылдан бастап ) шықты. Кейін Мұрат Балтабаевтың «Елім-ай» бағдарламасы, Абдулхамит және Сара Райымбергеновтардың  бағдарламасы. Қазіргі кезде Қызылорда университетінің бағдарламасы дүниеге келді. Шығып жатқан жаңа оқулықтар, оқу құралдар, оған қоса хрестоматиялар,  сондықтан сұрақ туады музыка сабағын қалай жүргізіп жатырмыз, бастауыш сынып оқушыларына қандай эстетикалық тәрбие беріп жатырмыз, балалар қазақ өнерінің сан-алуан жанрларын біле ме, бұл: ән, би, күй, марш, сурет, домбырада ойнау, айтысқа қатысу, мақал-мәтелді ұғу, өлең жазу дегенді біле ме, соған үйрене ме, үйрете ме, оның ішінде олардың ақыл-ойы, сана-сезімі, мінез-құлқы ары қарай барсақ ұлттық-намысы оянды ма? Өз мәдениетін, тілін білу ең бірінші міндет. Соған тәрбиелеу, оқыту біздің парызымыз. Сонымен қандай бағдарламамен жұмыс істеп жүрміз, не үйретіп жатырмыз, қандай әндер айтып жүр деген ой келеді. Сонымен «Елімай» бағдарламасы көптеген проблемалар өнер танымдық зерттеу деңгейінде шешілмегендіктен дәстүрлі, көркем мәдениетті, оның ішінде музыкалық мәдениетті де оқыту күрделене түседі. Мұның өзі сайып келгенде метадологиялық тұрғыдан обьективті қиындықтар туғызады. Осы мәселені зерттеу мақсатымен бұрынғы өткен ойшылдарымыз Әлфарабидің, Абайдың, Шоқанның, Ыбырайдың, зерттеушілер Марғұланның, Ақышевтың, Қоңыратбаевтың, Ерзаковичтің, Сарыбаевтың, Бердібаевтың музыка танымдылық еңбектерімен Жарықбаевтың педагогикалық ізденістеріне ден қойдық. Тұтастай алғандағы музыка мәдинетінің негізіне көз жүгірте отырып қазақтың халықтық және кәсіби музыка өнерінің мән-маңызын табиғаттың даму заңдылықтарын жан-жақты зерттеу нәтижесі Қазақстан жағдайында музыка мұғалімін кәсіби даярлау барысындағы бастапқы теориялық пайымдауларды қайтадан ой елегінен өткізуге итермеледі. Бірінщі ұлттық музыка шығармалары өздерін қоршап тұрған этномәдени контекстен тысқары талданады оның шешімін табу өнердің педагогика саласының ғана емес сонымен бірге этнография, фольклор, музыкалық психология және тағы басқа салалар білімдер болуды талап етеді.

Екінші музыкалық терминологияны зерттеу музыка мұғалімінің кәсіби даярлығын арттырудың қажетті бөлімі. Қазақтың музыкалық терминологиясы ықпалдық қуаты зор құрал. Ол поэтикалық образдар мен суреттерді қалыптастыруға қатысады. Образдық-эмоциялдық әлеміне неғұрлым терең бойлауға ықпал етеді. Онсыз музыкалық тізімдік, қисындық компоненттерін және оның дамуының  тарихи процесін түйсіну мүмкін емес.

Үшіншіден музыканы дәстүрлі көркем мәдениеттің ажырамас бір бөлігі ретінде яки оның өнердің күллі салаларымен жүйелі байланысын үзбей оқып үйрену қажет, бұл жерде;

а) мифологияға, ертедегі аңыз материалдарына;

б) халық ақындардың шеберлерінің өнер пір тұтынушылардың жадына арқа сүйеу керек.

Сондай-ақ ұғыну процесін образдық, рәміздік деңгейден көркемдік-эстетикалық деңгейге көтеру үшін оларға идеялардың мән-маңызын түсіндіру керек. Тау-тастағы бейнеленген жануарлардың құстардың, табиғаттың және басқа да рәміздік денелердің сырт пішіндері, дүниенің түзілімі мен реті жөнінде ертедегі адамдардың дүниесі, өз бетімен танып білу үлгісі оның ғарышы туралы дерек беріледі.

Қазақ мектебінің бастауыш сыныпқа арнапмузыка сабақтарына өзінің балама-авторлық бағдарламасын жазды. Тәжірбеден өткен, министрлік көлемінде сарапқа түскен  бағдарламасы дүниеге келді.

Жай ғана бағдарлама жасау емес, оқу-әдістемесін жасауда. Ол деген бағдарлама оқу құрал, оқулық, үнтаспалар т.б. Бұл қазіргі уақытта жаңалық ретінде көрінеді:  амандық болса Ш.Құлманова, А.С.Райымбергеновтар бағдарламасының мемелекет денгейінде тәжірбеде жүрсе, нұр үстіне нұр болады деген үміттемін.

«Елім-ай» бағдарламасында 90-жылдары «Сарыарқа», қазақтың кеңестік туралы астасып жататын дала образы.

1) «Аққу» ұлы өмірдің бастауының мәңгілік басталуы ретінде аққу образымен аталды. Халық аңыздарда, ертегі де күйлер де аққу-құстар патшасы, ғажайып қаһармандардың анасы, сұлулық пен қайырымдылықтың жаршысы төтем;

2) Шығармашылықтың түп-түріндегі дәстүрлердің тұрақтылы тұтастай алғанда қазақтардың мәдениетінің деңгейін сипаттайды. Сондықтан музыка мұғаліміне фольклорды қабылдау ерекшелігін оның коммуникативтік айырмашылықтарын, көп эелементтерін, халық шығармашылықтарының синкреттік формасы ретінде біртұтас екендігін игеруі тиіс;

3) біздің тұғырнамамыздың ең негізгі тұжырымдардың бірі - өнердің интеграциялық принципі болып табылады, яғни дыбыстың тілі, түсі, қозғалыстары, оюлар белгілі бір идеяны нұсқап тұрады. Бұл музыка мұғалімінің жан-жақты болуын талап етеді.

4) Біздің пайымдауымыздағы өте-мөте маңызы ретінде өлкетану аспектісін атап өтеді;

5) музыкалық сайыстың жарыстық түрлері: айтыс –тартыс т.б.

Би қимылдары әр халықтың дәстүрі әдет-ғұрпы салтын, тұрмыс тіршілігін айнытпай таныта алатын өзіндік ерекшеліктері бар. Би өнерін насихаттау, үйрету, жаттықтыру мақсатымен «Елім-ай» бағдарламасына ендіріп отыр. Сабақ процесінде би қымылдарын үйренгенде өнердің барлық түрлерімен байланыстыра отырған жөн. Қазақ халқының ою-өрнектері қандай өрнек болмасын адам баласы өзін қоршаған дүниеде алғаны ежелден мәлім. Сондықтан жалпы өрнек атауларының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болады:

1) қазақтың таңба белгілері;

2) жануарлар әлеміне арналған  ою-өрнектер, яғни малдың денесіне, ізіне байланыстырылады;

3) құстарға байланысты өрнектер және құрт-құмырсқаға байланысты өрнектер;

4) адам анатомиясымен  аталатын өрнектер;

5) жер-су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер;

6) қару-жарақтарға байланысты, үй шаруашылығында кездесетін  түрлі құрал-саймандар атымен аталатын өрнектер.

Қазақтың ауызекі шығармашылығы баланың музкалық-эстетикалық тәрбиесінің қалыптасып дамуында үлкен маңыз атқарады. Халықтың ауызекі шығармашылығының кейбір салалары балалардың жас ерекшеліктеріне тәрбиелік мәніне алынған. Олар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, балалар ойындары, ертегі аңыз-әңгімелер.

«Мұрагер» бағдарламасы

Мақсаты: өзінің дінін, тілін, дәстүрін, әдет-ғұрпын білу халқымыздың асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін туған жерін ата-мекенін сүйетін азаматын тәрбиелеу.

Бағдарлама қандай педагогикалық міндетерді көздейді?

1) домбыра сүйемелдеуімен, ән айтып, күй тартуды үйрету, қазақтың басқа да халық аспаптарын  меңгеріп, айтыс өнерімен таныстыру;

2) қазақтың қолөнер түрлерін  үйретіп, оқушылардың көркемдік  ой жүйесін қалыптастыру;

3)балалардың шығармашылық  ынтаныс, ой-өрісін, фантазиясын, қиялын  дамыту;

4)дәстүрлі өнеріміз арқылы  қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке  тәрбиелеп, мәдениетті жан-жақты  адам етіп шығару.

Бағдарламаның ең негізгі мақсаты: балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Бағдарлама домбыраның, күйдің алуан саз иірімдерін құлақпен түйсіну сияқты нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Ұжымды түрде жаңа нота әдістемесін ұсынған болатын. 

 

 

2.2 Мектеп оқушыларының патриоттық білімін жетілдірудің ерекшеліктері. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау шарасы.

 

 

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі

 

Өтетін орны: М.Жұмабаев  атындағы  №39 гимназиясының (жиын  залы)

(Жиын залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан»   және  «Жас  қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).

Шақырылатын  қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.

 

 

 

 

І-жүргізуші:

Қайырлы  күн  оқушылар  және ұстаздар, мектеп әкімшілігі!  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас  қыран»  балалар мен  жасөспірімдер  ұйымы  қатарына  ұлдар мен қыздарды  қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

 

ІІ-жүргізуші:

Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін   «Бірыңғай «Жас Ұлан»   және  «Жас  қыран»  балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

 

І-жүргізуші:

Патриот болу – бұл өз Отаныңды шынайы сүю. Өзіңе және өз халқыңа сену, қоғамға қызмет жасау. Жас ұрпақ өзгерістерден қорықпауы тиіс, керісінше, өміршең, серпінді жобаларды ұсынулары керек. Біз өз армандарыңды жүзеге асыру үшін, өз жоспарларыңды іске асыру үшін барлық жағдайды жасадық және өз болашағымыздың іргесін қаладық. Мен оған сеніммен барамын және сіздер – жас қазақстандықтар, топтасқан біртұтас команда ретінде менімен бірге жаңа биіктерді бағындырасыздар! Мен сіздерге сенемін! – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

 

      ІІ-жүргізуші: 
Түсініп терең, өмірдің мәнін, 
Жалынды жастар, сендерсің сәнім 
Беретін бойға күш-қуат, жігер 
Шырқалсын  шаттық  әнұран  әнім!

 

І-жүргізуші:

Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Гимні  шырқалсын! 
(Әнұран ойналады).

 

ІІ-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» және  «Жас  қыран»    балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілуге  дайын.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері