Шарттың жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 20:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 325.00 Кб (Скачать файл)

Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс. Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міңдетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған.                                               

Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, оңда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.

Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген (60-бап).

ҚР АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: шарт жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы бар мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады.

Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың құқықтық мәні түсініксіз. Оларға заңдық күш беруге әрекет те жасалыңды. Ниет туралы хаттамадан аддын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретіңде қаралмасын деген тұжырымға алып келді. Мұндай шартта зандық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).

Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені болмаса, басқадай құқықтық салдарға өкелмейді.

Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міңдетті болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міңдетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).

Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше. Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпішілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету жөне т.б.)

Азаматтық кодексте көрсетілгендей 387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды:

1) оны коммерциялық ұйым жасайды;

2) коммерциялық ұйымның тауарлар  сату, жұмыс орындау немесе қызмет  көрсету жөніндегі міндеттері  белгіленеді;

3)  ұйым, өз қызметінің сипатына  қарай, бұл міндеттерді өзіне  жүгінген өр адамға қатысты  жүзеге асыруға тиіс;

4) коммерциялық ұйым, заңнамада  көзделген жағдайлардан басқа  реттерде, шарт жасасуда бір адамның  алдында екінші адамға артықшылық  беруге құқылы емес.

Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан өзіңде оңдай мүмкіңдік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Оған мысал, бөлшек сауда дүкенінде сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының витринадағы тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.

Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шарт жасасудан бас тартқандағыдай салдар болады.

Тұтынушы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынуға мәжбүрлеу туралы және содан келген зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сатып алатын тауарын алып кетуге дайыңдаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе сондай тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т.б. .

Қазақстан Республикасының Үкіметі, заң актілеріңде белгіленген жағдайларда, жария құқықтардың кейбір түрлері жайында міндетті ережелер шығаруға құқылы (типтік шарттар, ережелер және т.б.)

Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары. Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайыңдайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды.

Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады.

Қосылу шарты экономиканың әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы ретіңде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды атауға болады.

Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса онда ол жай шартқа айналады.

АК-ның 389-бабының 2-тармағы шартқа қосылушы тарапты қорғауға бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды мүдделерін ескеру арқылы анықталады, ақылға қонымды принцип жайында АК-ның 8-бабын негізге алуға болады.

Жалпы қосылу шартыңда қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген.

Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар, ол — қосылған жақтың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа қосылуы. Егер кәсіпкер шарт тараптарының қандай екендігін білмеген болса және білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын қанағаттандыра алады. Бірақ оны дәлелдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.

Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады.

Үшінші адамның пайдасына жасалған шарт, бұл — азаматтық құқықтың дәстүрлі институты, үшінші жақ қатынасқан талаптар көрініс табатын жағдайлардың бірі.

Үшінші жақ өз құқығын пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге дейін тараптар өздері жасасқан шартты бұза да, өзгерте де алады. Ал үшінші жақ ондай ниетін қандай да бір тәсілмен жеткізгеннен кейін борышкер мен несие беруші оның ырқына тәуелді болып қалады, бұдан былай оның келісімінсіз шартты бұза немесе өзгерте алмайды. Бірақ олар үшінші жақтың ырқына байланысты болмайтындығын шартта алдын ала қарастыра алады.

Ондай жағдай заңнамада да бекімін табуы мүмкін АК-ның 391-бабының 2-тармағында белгіленген.

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың заңдылығы ол үшішні жақтың шартта арнайы көрсетілген — көрсетілмегеңдігіне байланысты емес.

Дегенмен, үшінші жақтың міндеттеменің өз пайдасына орындалуын талап ету құқығы мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Тәжірибеде кездестетіндей, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартының орыңдалуын талап етуге құқылы.

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау туралы шарттан ажырату керек, соңғы жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанмен, оны борышкердің орындауын ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар сатып алу-сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар жеткізуде сатып алушы тауарды өз мекен-жайына емес, үшінші ұйымның мекен-жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады).

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттың ерекшелігі сонда — үшінші жақ шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап ол несие берушіні алмастырады.

Сондықтан да АК-ның 391-бабының 3-тармағында борышкер шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы деген ереже көзделген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген жүктің сапасына қатысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк сапасының жүкті тиеп жіберген адамдардың кінәсінен нашарланғанына сілтеме жасай алады.

Бірақ, үшінші жақ, өзіне шарт бойынша берілген құқықтан бас тартса, несие беруші өз орнын қайта алады және, егер бұл заңнамаға және шартқа қайшы келмесе, сол құқықтарды пайдаланады.

АК-ның 815-бабының 7-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам шарт бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса, сақтандыру өтемін алу құқығы сақтандырушыға көшеді.

Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап ету құқығынан бас тартуының өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында пайданы иемденуші сақтаңдыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол өтемнің сақтандырушыға төленбейтіндігі көзделуі мүмкін.

 

 

1.3 Шарт жасасу, өзгерту  және оны бұзу

 

Шарт жасасудың кезеңдері. Азаматтық заңнамада белгіленгендей шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.

ҚР АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс.

Шарт жасасу қандай да бір тараптың міңдеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.

ҚР АК-ның 395-бабы "оференттің байланыстылығы" ұғымын енгізді. Бұл шарт өлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.

"Оферент байланыстылығы" ұғымынан "офертаның қайтарып алынбайтындығы" ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міңдетінің туындауына әкеп соғады.

Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозиттівтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395-баптың 3-тармағы).

АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.

Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға үсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.

Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.

Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: олар 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.

Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе — ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса — ол жария оферта.

Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.

Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғандық болады.

Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.

АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.

Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.

Информация о работе Шарттың жалпы ережелері