Меншік құқығы. Жалпы ережелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:38, реферат

Краткое описание

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттар арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастарын адамның еркі бойынша қалыптасады,оған қатысушылардың санасына және ырқына пайда болады.Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Меншік құқығы.docx

— 16.16 Кб (Скачать файл)

                            Меншік құқығы. Жалпы ережелер

    Меншік құқығы ұғымы.

    Меншік құқығы дегеніміз  субъектінің заң құжаттар арқылы  танылатын және қорғалатын өзіне  тиесілі мүлікті өз қалауынша  иелену,пайдалану және оған билік  ету құқығы.

    Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастарын адамның еркі бойынша қалыптасады,оған қатысушылардың санасына және ырқына пайда болады.Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.

    Меншік қатынастарын  реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен  жүзеге асыруға болады.Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу  тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы.Оны түсінудің екі қырына тоқталайық.Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік (тиесілік) жағдайын бекітеді,реттейді және қорғайды.Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің берлігі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Меншік құқығы мүліктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігмен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.

Меншік құқығы – негізгі заттық құқық.Заттық құқық  құқықтың басқа  да типтерімен тұрақты байланысты болады.Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік  қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл  жағдайда құқықтың екі түрі қатар  жүреді, олар негізінен, әртүрлі субъектілік  байланстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға  берсе, онда оны жалдаушылармен міндеттемелік  қатынас байланыстырады.Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатсты ол -  тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі.Сондықтан да әртүрлі  құқықтарды немесе олардың бірлестігін  аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтан сапс жағынан  өгеше , жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.

Меншік құқытығың міндеттемек  нышандардың бірі – оны заңмен белгілеу қажеттігі.Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188 бабында келтірілген  «заң құжаттары арқылы танылатын  және қорғалатын » элементтер бойынша  байқалады.

Меншік құқығы мемлекет таныйтын шетке  ғана болады. Бұл  дегеніміз меншіктің  абсолюттік құқығы заң құжаттарымен шектелуі мүмкін деген сөз. Бірқатар жағдайларда меншік құқығы шектеуде арнаулы сипат болады, ол меншіктегі мүліктің ерекше құқықтық режимімен байланысты.Мысалы, азаматтық құқықтың кейбір нысандары азаматтық айналымнан толықтай немесе ішінәра алынып тасталуы мүмкін, оны мұндай мүлікке ( мысалы,жерге, орианға, радиоактивтік заттарға,т.б.) құқықты шектеу бар екендігімен түсіндіруге болады. Шетелдік құқық меншік құқығын мойындауы, ал қазақстандық құқық мойындамауы мүмкін. Бұл жағдайда халықаралық жеке құқық нормалары қолданылады, жәнеқазақстандық заңнама юрисдикциясы шегінде меншік құқығы жоқ жағдайлар да болуы мүмкін. Меншік құқығынқорғаушылық нышаны оны азаматтық-құқықтық тәсілдермен қорғау мүмкіндігін білдіреді.

    Меншік құқығы – неғұрлым  толық құқық. Бұл меншік иесінен  жоғары тек заң ырқы мен  оның қоғамдық міндеттерінің  ғана болатындығын туындайды.Меншік  иесі иемдену, пайдалану және  билік ету өкілеттігін тек  өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы “күшті” заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеииігін өзі шектей алады.АК-ның 188-бабының 3-тармағы “өз қалауы бойынша” әрекетке жуықтау анықтама береді. Мысалы, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет жасай алады, яғни ол мүлікті басқа адамның меншігіне береді, меншік иесі бола тұрып өзінің мүлікті иемдену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігін береді, мүлікті кепілге береді және оған басқа тәсілдермен ауыртпалық түсіреді, оған басқадай түрде билік  жасайды.

    Меншік иесінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін бұзбауы тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу басқа формалармен қатар меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін (АК-ның 188бабы 4-тармағының 1-бөлігі). Монополиялық жағдаймен қиянат жасау фактысын анықтауға мүмкіндік беретінкритерийлер монополияға қарсы заңнамада анықталған. Монополияға қарсы заңнама рыноктағы басымдық жағдайға бақылау жүргізетін органдарды және монополияға қарсы заңнаманы бұзушыларға қолданылатын санкцияларды анықтайды.

     Сонымен,меншіккер құқығына  заң пәс міндет артқан,Жоғарыда  айтылғаннан басқа “меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті ”(АК-ның 188-бабы 4- тармағының 2-бөлігі). Меншік иесінің қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін қолданылады шаралары табиғат қорғау заңнамасында анықталған. Онда, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының бұзылғандық критерийлері, оның сақталуына бақылау жүргізетін органдар, табиғат қорғау заңнамасын қамтамасыз ететін басқа да құқықтық тетіктер көзделген.

   ҚР Конституциясы 6-бабының  2- тармағына сәйкес “ меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс”.Келтірілген баптардың барлығы нақтылау заңнамада бекімін таппауы да мүмкін. Сондықтан, меншік иесі өз әрекеттерінде заңнамамен, құқықтармен және басқа адамдар мен мемлекеттің қорғалатын мүдделерімен,қоғам игілігіне қызмет етумен,сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмеумен шектелген деп қорытынды жасауға болады.

   Жалпы алғанда шектеу  қандай да бір шамада кез  келген меншік құқығына ілесіп  жүреді. Оны басқаша да айтуға  болады: меншік құқығы өзі үшін  белгіленген шектеулер шегінде  ғана болады. Оларға байланыссыз-ақ  меншік құқығы кейде өз шектеріне


Информация о работе Меншік құқығы. Жалпы ережелер