Бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 14:42, реферат

Краткое описание

Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыруда тұлғаға бағдарланған тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді, жобалау және зерттеу іс-әрекетін пайдалану арқылы жүзеге асыру көзделеді.
Бейнелеу іс-әрекетінде жобалау әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:
Бейнелеу іс-әрекетінің тақырыбын таңдау, оны орындаудың тиімді жолдарын ойлану, іздеу және оның маңызы мен мәнін шығармашылық бағытта шешу жолдарының қарастырылуы;
Нәтижеге жетуде бірлескен іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, сурет салу, мүсіндеу немесе жапсыру жұмыстарын орындауға бағыт-бағдар беру;

Вложенные файлы: 1 файл

сурет.docx

— 121.67 Кб (Скачать файл)

«Сынарын  тап».  Мақсаты – ойын барысында балалардың қызығушылығын, ынта ықыласын туғыза отырып, тапсырманы орындауда зейінділікке, ұқыптылыққа баулу. Мұнда аяқ киімдерді барлық балаға бір-бірден таратып беріп, әркім өз аяқ киімінің сынарын тауып, қасына қоюын тлап етеді. Бұл ойынды тәрбиеші басқаша етіп өткізуіне де болады. Тек ескертетін жайт: ойында қозғалыс болуы әрі ол ойлануға мүмкіндік туғызуы қажет.

  Ойын барысында ұлттық  ою-өрнектердің элементтерін түр-түсіне, орналасуына қарай ажырата білу  дағдылары қалыптастырылады. Іс  әрекетте белсенділікке баулиды.

«Түс танда».  Бұл ойынды жаңа тақырыпты бекіту, білім, дағдыларды жетілдіру мақстымен балалардың бос уақыттарында өткізуге болады. Ересек және мектепке даярлық топтарында бағдарлама талаптарына сай әр түрлі тақырыптар тәрбие мазмұнына байланысты алынады. Мысалы, ұлттық ою-өрнек элементтерін қамтитын «қошқар мүйіз», «құс қанаты», «гүл қауызы», «құс тұмсық», т.б. бейнелі суреттерді де пайдаланып сурет салуға жаттықтырады. Егер заттардың бейнесі берілетін болса, дене бөліктері қандай пішінге ұқсайтыны және кеңістікте қалай орналастыру керектігі түсіндіріледі. Мысалы, көлік түрлерін салуда қорабы тік төртбұрыш, терезесі шағын көлемдегі тік төртбұрыш немесе шаршы, доңғалақтары дөңгелек пішінді болатынын айта отырып, бояу түстерін үйлесімді таңдап, бейненің суретін салуды үйренеді. Тапсырма мазмұны балалардың қабілетіне және икемділік дағдыларын қаншалықты меңгергеніне байланысты біртіндеп күрделеніп отырады. Бейнелеу іс-әрекеті кезінде балалардың ой қиялын дамыту, қабілеттілігін жетілдіру, шығармашылық белснділігін арттыру міндеттері тәрбиешінің басты назарына болуы қажет.

«Оюлы сырмақ».    Ойынды ересектер мен даярлық топтарында ұйымдастыра отырып, балаларды қазақ халқынын көркемдік мәдениеті және оның адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін дамытуға, тұтынатын бұйымдар жөніндегі білімдерін жетілдіріп, оларды ойландыруға, дербес әрекет етуге бағыттау қажет.

Айналадағы заттар мен  құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулуда оларға берілетін  көрнекіліктердің тиімді әрі сапалы болуына көңіл бөлу міндеті қойылады. Жұмыс барысында тәрбиеші балаларды  есте сақтауға, көзбен мөлшерлеуге, байқампаздыққа, бояу түстерінің үйлесімін, кеңістікте бағдарлай білуді бейнелеу өнері  жұмыстарында мәнерлі өрнек құрауға  пайдалана білуге үйретеді.

«Өрнекті  кілем». Құрастыру арқылы балалардың кеңістікті бағдарлай білуін, желімдеп жапсырудағы шығармашылық белсенділігін арттыру үшін ою-өрнек элементтерін түр-түсіне, мән-мазмұнына қарай орналастыра білу дағдыларын қалыптастыруда тәрбиеші бірнеше элементтерді: «гүл қауызы», «қызғалдақ», қошқар мүйіз», «құс қанаты», т.б. түзу және көлденең сызықтар жүргізу арқылы немесе басқа түспен ортаңғы бөлігінің ерекшелігін ашып бере білуді үйретеді. Ұлттық тұтыну бұйымдары туралы түсініктерін толықтырады.

«Текемет  өрнегі қандай?».  Бұл ойынды ұйымдастырмас бұрын тәрбиеші дербес көркемөнер бұрышындағы тұтыну бұйымдарын көрсетіп таныстырады. Ата-ана баласы үйге барғанда сырмақ пен текеметті көрсетіп, түр-түсіне, ою-өрнегінің орналасу ретіне мән бере қарап, бақылау жасауын тапсырады (сурет арқылы көрсету). Егер тапсырманы орындау балаларға жеңілдік туғызса, ою-өрнек арасына жіңішке жолақша сызықтар жүргізіп, өрнектің айқындығын аша түсуге бағыт беру қажет. өрнек құрау қиындық туғызса, алдымен қиылған ою-өрнекті сурет дәптер бетіне тігінен қойып, екі бөлігін жеке-жеке құрастырып, бір-біріне жақындастырып қояды. Жұмыс барысында балалардың іс-әрекетке ынта-ықыласын тудыра отырып, ою-өрнек элементтерінің атауларын, түр-түсін, кеңістікте  құрыс орналасуын бақылатады. (25-сурет).

Сәбилердің екінші тобы мен  естиярлар тобында түскиізді  өрнектеу кезінде оны ою-өрнек  түсіне және негізгі түске (фонға)мән  бере отырып құрайды. Ал ересектер мен  даярлық топтарында арнайы берілген астарлық қағазға шеттерін түс үйлесімін  таба отырып құрап, ортасын ұсақ бөлшектермен әшекейлеу ұсынылады. Фланелографта  жапсырып құрау жұмысын ұжымдық  түрде де, әр балаға жеке орындатуға да болады. Мұнда жұмыс тәрбиешінің  алға қойған міндеттері мен балалардың қабілеті және іс-әрекетке бейімділігі  ескеріле отырып ұйымдастырылады.

«Шапан тарту». Ойынның мақсаты: балалардың іс-әрекетте белсенділігін арттыру, ұлттық салт-дәстүр жөніндегі түсініктерін тиянақтау.

  Ойынды күннің бірінші жартысында топ бөлмесінде ұйымдастырған тиімді. Балалардың бейнелеу іс-әрекетіндегі бұрын орындалған жұмыстарын пайдалану олардың өз еңбектерінің нәтижесін көруге деген ынта-ықыласын оятады. Егер ойынды тәрбиеші шебер ұйымдастырса, балалардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, қабілетін дамытуға зор мүмкіндік табады. Ойын барысында балалар өздері жақсы көретін адамдарына: шешесіне, әжесіне, атасына, әкесіне, т.б. қолдан тарту-сыйлықтар әзірлеуге үйренеді. Ұлттық киімдерден: бас киімдерді (сәукеле, тақия, тымақ, т.б.) бешпет, аяқ киім түрлерін, зергерлік бұйымдарды әшекейлеуге дағдыланады.

Ойынды жазғы уақытта  күнқалқаларда (беседка) түстен кейін  ойнау ұсынылады. Қажетті көрнекіліктерді  сыртқа алып шығып, «шапан», «бешпет», т.б. элементтерінің өрнектерін бірлесе  отырып дайындап алып, содан кейін  рөлдік ойынды ойнауға көшіріледі.

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ 
 
БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, жан құбылысын, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру.

«Шығармашылық» білім  беру саласының базалық мазмұны  төмендегідей ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

-сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка. 
 

Сурет салу

Бейнелеу өнерінің мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық құзыреттілігінің қалыптастыру міндеттеріне сәйкес бейнелеу өнерінің мазмұнын толықтыру, сурет салудың барлық түрлеріндегі іскерліктерін жетілдіру, бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілеттерін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Бейнелеу өнерінің міндеттері:

- заттар мен қоршаған  ортадағы құбылыстарды түсінуі  мен затқа қарап, пішінін, заттардың  қатынасын, бөліктерінің орналасуы  мен түсін бейнелеу тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;

- қиялын, байқағыштығы мен  әлемді бейнелі қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнерінің техникаларын, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып,  сурет салу барысында дұрыс  отыру, қылқаламмен және қарындашпен  жұмыс істеу дағдыларын бекіту;

- бейнелеу өнерінің материалдары  мен құралдарының қасиеттерімен  таныстыру: гуашь және су бояулар,  жай, түсті, көмір қарындаштары, ақ, түсті және боялған қағаздар;

- іс-әрекет мәдениетіне  тәрбиелеу, ынтымақтастық дағдыларын  қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету;

- балалардың аналитикалық-синтетикалық  қабілеттерін дамыту: қойылған міндеттерге  сәйкес өз жұмысының нәтижесін  бағалай білу іскерлігі.

Бейнелеу өнерінің мазмұны:

Затқа қарап сурет  салу

Балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі  емес ойыншықтар сұлбасын өздеріне тән  ерекшеліктерін сақтай отырып салуға үйрету.

Пішіндер (шеңбер, сопақша, тіктөртбұрыш) туралы білімдеріне сүйене отырып негізгі  пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің  салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне (қызыл, қызылсары, сары, жасыл, көк, күлгін, қоңыр, қара, ақ және олардың реңктері) сүйене отырып заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету. Акварельмен  жұмыс істеу тәртібімен, бояудың  қажетті қоюлығын алу үшін акварель бояуын су тақтайшасында сумен араластыра білуге үйрету, бояуларды араластыруға, колоритті беру үшін бояулардың үйлесімділігі  мен қағаздың түсін таңдаумен  таныстыру, заттардың шынайы түстері  мен бейнелетін затқа өзінің қарым-қатынасын қолдана білуге үйрету.

Бірнеше біркелкі заттардың  мөлшеріндегі ерекшеліктерін (үлкен  және кішкентай үйлер, ағаштар, көкөністер, жануарлар мен олардың төлдері  және т.б.) жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыру.

Түрлі жануарларға тән  ерекшеліктерді байқау және олардың  суреттерін сала білу іскерліктерін  қалыптастыру. Жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білуге үйрету. Балаларға жүн мен қауырсынға тән бейнелерді келесі тәсілдер: түрлі  штрихтар, түрлі басулар, қатты қылқаламмен, тушь арқылы сала білуге үйрету. Қажетті  түсті алу үшін қарындашты әртүрлі  басып қолдануға, қарындашпен жеңіл  контурларды салуға үйрету.

Құстардың сыртқы бейнесі, барлық құстардың сыртқы ерекшеліктеріне  қарамастан құрылымы жағынан ұқсастығы, пішіні мен бөліктерінің шамаларынан  жалпы түсініктерін қалыптастыру. Суретте  түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету.

Суретте адамның қарапайым  қимылдарын, қозғалу барысындағы  қол мен аяқтарының қалыптарын бере білуге үйрету.

Серуен кезінде байқағандары бойынша ағаштарды, үйлерді, трамвай  мен автобустарды және мереке күндерінен, қарапайым табиғат суреттерінен алған әсерлерін салғызу.

Ағаштардың бұтақтары (қызыл  тал, шырша, мимоза, терек), жапырақты  немесе гүлдеген бұталарға, кейбір дала және бақша гүлдеріне (түймедақ, бақбақ, қызғалдақ, лалагүл) қарап сурет салу.

Сәндік сурет  салу

Қарапайым пішіндерде (шеңбер, сопақша, шаршы) өрнектерді құрастыра  білу іскерліктерін бекіту. Дөңгелектерде, розеталарда, үшбұрыштар мен алтыбұрыштарда ортасы мен жиектерін көрсете  отырып сәнді өрнектерді құрастыру. Пішіндері мен түстері әртүрлі 2-3 элементті алмастырып, ақ және түрлі-түсті  фондарды қалауынша қолдану. Геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерінен өрнектерді ырғақпен орналастыруға  үйрету (шеңберлер, үшбұрыштар, ирек сызықтар, жуан және жіңішке сызықтар, жағыстар, нүктелер, гүлдер, жидектер, жапырақтар және т.б.).

Балаларға түрлі материалдар: қарындаштарды (графитті және түсті), бояуларды (гуашь, акварель) қолдануды үйрету.

Қарындаштармен сурет  салу барысында саусақтарға күш  түсірмей, көлбеу ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта  әрі-бері сызу.Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды.

Бояумен сурет салу барысында  қылқаламды бояуға жақсы сіңіру қажет. Қағазға жуан сызықтарды сызарда  қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен  ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта  солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен  қарай, қиғашынан жүргізіледі, қылқаламмен  қағазға басып салу тәсілдерін қолдануда (жапырақтар мен гүлдерді салу), қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.

Түрлі халықтардың қолданбалы өнеріне тән өрнектердің элементтерімен және түстердің үйлесімділіктерімен  таныстыру. Қазақ мәдениетіндегі зергерлік, ағашты ойып, өрнектеу, киімге кестелеп және алтынмен тігу өнерлері туралы түсінік  беру. Табиғат күйлері, гүлдер, қауыздар, төселіп жатқан өркендер мен дәндердің қазақтың әшекей өнеріндегі киіз басу, кілем тоқу, тоқыма заттарында кездесетінін атап өту.

Түзу сызықтардың түрлі  байланыстарымен құрылған қазақтың «Ілгек», «Жұлдыз» өрнектерінің суретін  салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың  ортасы мен шеттеріне орналастыра  білуге үйрету. Қазақтың оюларының  көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тән  элементтерін қолдана отырып құрастыра  білу іскерліктерін дамыту. Қазақ  оюларының элементтерін құрастыру: имек және доға пішіндерінен құрастырылған  «Қызғалдақ гүлі», «Қойдың ізі», «Құстың  қанаты» өрнектерін сұлбаларға орналастыру. Қазақ оюларына тән түрлі түстердің  үйлесіміне құрылған тапсырмаларды  орындау, таныс элементтерден композициялар  құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау.

Орамалдарды, сулықтарды, сүлгілерді ұлттық сәнді маталардың желісімен  суреттерді салу барысында іскерліктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу. Элементтерді кезектестіру арқылы маталарға өрнектер құрастыру (жолақша, торлы өрнек, ірі және кіші пішіндерді 2-3 элементті кезектестіру арқылы бүкіл парақты толықтыру) іскерліктерін дамыту.

Қазақ ою-өрнектерінің сипаты (арқар мүйіз, сонымен қатар, бес  бейнелік пішіндер, қиықтар) мен оның үйлесімділігін бере отырып, жапсырылған  және қатырма қағаздан жасалынған көлемді  пішіндерді (қораптар, бокалдар және т.б.) безендіру. Заттарды балалардың ойынша безендіру.

Гжель ыдыстарымен таныстыру. Гжель суреттеріне тән жиектемелермен, гүлдермен және жапырақтармен шыны аяқтарды, табақтарды, шәйнектерді, қант салғыштарды (жапсырылған заттар немесе қағаздан қиылған сұлбалар) әшекейлеу.

Дымков ойыншықтарымен (аттар, лақтар, шелектер), ағаштағы ас тақтайшалары, панно, сәнді табақтарды городец  көркем суретімен таныстыру. Ұжымда жұмыс істеуге, халық шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сюжетті сурет  салу

Бір мазмұнға біріктіре отырып бірнеше заттардың суреттерін (табиғат  суреттері, қоршаған ортадағы оқиғалар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, әңгіме, өлең, әндер мен мазақтамалардың  сюжеттері) бейнелей білуге үйрету.

Қазақ халқының өмірін, тұрмысын, еңбегін білдіретін қазақтың ертегілері мен аңыздарының желісімен суреттер салу («Қаңбақ шал», «Ақсақ құлан» және т.б.). Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынастарын бейнелеуге үйрету. Кейіпкерлердің әрекеттерін  бейнелеу. Қарапайым психологиялық  сипаттамаларын құру, заттардың кеңістікте бір-біріне жақын, бірге және т.б. орналасуын бере білу.

Информация о работе Бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану