Білім берудегі жаңа технология - сапалы білім негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:12, доклад

Краткое описание

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер қоғамдық өмірдің салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан игі шаралар шығаратын даңқыл жол ашты. Білім беру саласында жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас орнап, жаңа оқу кешендеріне көшу, жаңаша ойлау қалыптасты. Осыған орай барлық буындағы оқу орындарында оқыту үрдісін жаңаша технологияландыру мәселесі қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымданасында: Орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдырлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсеткен.

Вложенные файлы: 1 файл

Доклад ФМЛ.doc

— 41.00 Кб (Скачать файл)

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер қоғамдық өмірдің салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан игі шаралар шығаратын даңқыл жол ашты. Білім беру саласында жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас орнап, жаңа оқу кешендеріне көшу, жаңаша ойлау қалыптасты. Осыған орай барлық буындағы оқу орындарында оқыту үрдісін жаңаша технологияландыру мәселесі қойылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымданасында: Орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдырлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсеткен. Осыған байланысты білім беру саласы бойынша басты назар Адамның алған білімін қолдануына қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік біліктіліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы қажет. Кейбір ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде ұстаздардың осы инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педогогикалық негізін еңгеру кезек күттірмейтін қоғамдық мәселе.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімнен тек өзінің пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқумен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.

Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей қазіргі танда оқу мақсатын тек компъютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір "Интернет" жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектеп компьютерлендіріліп жатыр. Ендеше сол компьютерлерде тек балалар ойын ойнап, жазу жазумен шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл уақыт талабы, ғаламдану талабы.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтын алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқу процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл баяндаманың  мақсаты – оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйретеді.

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз компьютерлік желілер технологияларын  қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады.  Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
  • Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
  • Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
  • Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
  • Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салалары ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкілдүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адаммен бүкілдүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпарттық-телекоммуникациялық технологиялар маңызды рол атқарады.

Қазір бүкілдүниежүзі біртұтас денеге айналып ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда әртүрлі байланыс жүйелері сол дененің жүйке, қан тамырларының роліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кеш пе дүниежүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім білім берудің ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.

Интернет  жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік ғылым мен білім жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі –оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны интернет арқылы тарату болып табылады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпарттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интернетті оқыту үрдісінде онтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Егер, күнделікті сабақты – қоғамның білім беру саласына қойып отырған әлеуметтік сұранысы ретінде қарастыратын болсақ, онда біз бүгінгі кезеңде мектеп бітіруші түлектің компьютерлік сауаттылығы «Дербес компьютерді қолданушы» ретінде жұмыс істеу деңгейіне көтерілдік. Бұл қоғамның рухани құндылықтары мен экономиканың даму деңгейінің бүгінгі күнгі талаптар. Білімді дайын күйінде беру кезеңі келмеске кеткені бәрімізге белгілі. Оқытудағы негізгі акцент оқушының жаңа білімді іздену, түйсігімен қабылдау және өңдеуді өздігінен орындауына қойылып отыр.

Ақпараттың бүгінгі қоғамдағы алып отырған рөлі мен орны бізді білім беру мазмұнын басқа қырынан қарастыруға алып келді. Жаңа заман мұғалімі – оқу үрдісін ұйымдастырушы, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне көмекші, жетекші ретінде көрінуі керек. Әрине, Интернетке жаппай қосылу, оны сабақта қолдану салдарынан елімізде білім беру сапасының лезде жоғарылап кетуін де күтуге болмайды. Алайда, жаңа технологияларды білім беру саласында қолдану – қазіргі заман талабы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
  2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
  3. Оқытудың  «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясы Авторлары: Қараев Ж.А. п.ғ.д., профессор Кобдикова Ж.У; п.ғ.д., профессор,  «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру» орталығының директоры

 

 

 


Информация о работе Білім берудегі жаңа технология - сапалы білім негізі